Есеп құрастыру және шығару

117-сабақ 

Қалдықты жинау және өңдеу мәселелері

Жаңаны оқып-үйрену

Сен кері есеп құрастыруды және шығаруды үйренесің.

Мәтінді есептер

a) Еріктілер отрядында 450 адам бар. Олардың 35-і – оқушылар. Топта қанша оқушы бар?

Жауабы: Топта  оқушы бар?.

ә) Еріктілер тобында 270 оқушы бар, бұл топтың барлық мүшелерінің 35бөлігін құрайды. Топта барлығы қанша адам бар?

Жауабы: Топта барлығы  адам бар.

236 · 57 – 19 502 : 98 = 

(7 306 – 5 987) · 101 + 911 · 301 = 

Жұптық жұмыс

   a) Қоқыс жинауға арналған қалталарды сатып алуға еріктілер 10 000 теңге бөлді. Бұл ақшаның 34 бөлігі жұмсалды. ақша жұмсалды?

   ә) Кері есеп құрастыр және шығар.

   Бөлшектерді сан сәулесінде белгіле. Теңсіздіктер жаз.

a) 15; 35; 45.

ә) 37; 57; 67.

   Екі айлақтан бір уақытта бірінен-бірі қарама-қарсы бағытқа екі кеме жүзіп шық­ты. Біреуінің жылдамдығы – 43 миль/сағ, екіншісінікі – 36 миль/сағ. Екі айлақтың арақашықтығы – 440 миль. 4 сағаттан кейін кемелердің ара­қашықтығы қандай болады?

Математика күнделікті өмірде

   Қоқысты өңдейтін престің массасы 62100 тоннаға, ал оның қорабының массасы 2100 тоннаға тең. Престің қораппен бірге алғандағы массасы қаншаға тең? 

   Болаттың жинақ сандықшасында 6 000 теңге бар. Ол бұл ақшаға сағат сатып алуды жоспарлады. Дүкенде сағаттың кейбір үлгілеріне жеңілдіктер жарияланған. Болат қай сағатты сатып ала алады? Ол қанша ақша үнемдейді? Оның қанша ақшасы қалады?

   Қалада 2 т 700 кг темір сынықтары жиналды. Оның 59 бөлігін студенттер, ал 19 бөлігін оқушылар жинады. Студенттердің жинаған темір сынықтарының массасы оқушылар жинағаннан нешеге артық? Есепті әртүрлі тәсілмен шығарып көр.

Сен зерттеушісің

   Кітап пен бетбелгі бірге 1 000 теңге тұрады. Кітап бетбелгіге қарағанда 700 теңгеге қымбат. Кітап пен бетбелгінің әрқайсысы неше теңге тұрады?

Қорытынды

   a) 600 теңгеге сауда жасалды, бұл бастапқы ақша сомасының 23 бөлігін құрайды. Бастапқы соманы тап.

   ә) Кері есеп құрастыр және оны шығар.

Өтінемін күте тұрыңыз