Түсімділік

82-сабақ

Сен түсімділікке берілген есептерді шығаруды үйренесің.

Түсімділік, аудан, түсімнің массасы

  • 3 569 ∙ 5 м
  • 7 598 ∙ 5 с
  • 8 560 ∙ 5 ү
  • 5 698 ∙ 5 і
  • 9 063 ∙ 5 т
  • 17845 м
  • 37990 с
  • 42800 ү
  • 28490 і
  • 45315 т

2. Есепте

Есіңде сақта!

   Өнімділік (m) – (S) аудан бірлігінен жинап алынған егіннің массасы (М).

Өсірілетін
дақыл

Түсімділік (m)

Егістік ауданы
(S)

Түсімнің массасы 
(M)

Бидай

6 ц/га

100 га

 ц

Мақта

15 ц/га

 га

1500 ц

Картоп

 ц/га

50 га

500 ц

Жұптық жұмыс

   4. Есептерді шығар.

   а) Көктемде жалпы ауданы 50 м2 болатын екі гүлзарға қызғалдақ баданасы отырғызылды. Әрбір квадрат метрге отырғызылған бадана саны бірдей. Бір гүлзарда 400 бадана, ал екіншісінде 600 бадана бар. Әр гүлзардың ауданын тап.

   1-тәсіл дана.
   2-тәсіл  см2
   3-тәсіл см2
   4-тәсіл см2

   ә) Бір фермер құлпынайды қарапа­йым тәсілмен өсірді, сондықтан оның түсімділігі 10 кг/м2-ді құрады. Екін­ші фермер жаңа тәсілді қолда­нып, әрбір квадрат метрден 3 есе артық құлпынай теріп алды. Егер екі фермердің әр­қай­сысы құлпынайды 900 м2 жерге отырғызған болса, онда олардың әрқайсысы қанша түсім жинады? Екін­ші фермер қанша құлпынай артық жинады?

 Жұптық жұмыс

 5. Белгісіз шаманы тап. Бос орынды толтыр.

   Жұмыс

Жұмыс

өнімділігі (v)

Жұмыс

уақыты (t)

Барлық жұ мыс-

тың кө лемі (A)

v = A : t

t = A : v

A = v · t

Шебер

6 бөлшек/сағ

6 сағ

 бөлшек

Оқушы

3 бөлшек/сағ

 сағ

15 бөлек

Станок

 бөлшек/сағ

2 сағ

180 бөлшек

Математика күнделікті өмірде

Математика күнделікті өмірде

   6. Түсімділік өлшем бірліктерін қалай өрнектеуге болатынын ойлан және түсіндір. Сен 1 арды «сотық» деп атайтынын білесің бе?

  50 т/га = ц/га 500 ц/га = кг/м2 5 кг/м2 = кг/сотық

   7. Есепте және тексеруді орында. Достарыңмен бірге кім шапшаң және дұрыс шығаратынына жарыс ұйымдастыр.

45 689 + 392 816 

500 001 – 13 295 

236 800 – 49 879 

89 358 : 281 

91 653 : 223 

215 292 : 132 

456 ∙ 721

1996 ∙ 145

5647 ∙ 102

Сен зерттеушісің

8. Тапсырманы мұқият оқы. Түсімділікті салыс­тыру үшін, алдымен не істеу керек?
   ​Қияр ашық жерде және жылыжайда өсіріледі. Ашық жерде өсірілген қиярдың түсімділігі – 140 т/га, ал жылыжайда – 30 кг/м2. Ашық жерде және жылыжайда өсірілген қиярдың түсімділігін салыстыр.

Қорытынды

   Екі жер теліміне қызғалдақтың баданалары отырғызыл­ды. Бірінші жер телімі екіншісінен 30 м2 артық, сондықтан оған 10 160 бадана, ал екіншісіне 6 350 бадана отыр­ғызылды. Егер әрбір квадрат метрге отырғызылған бадана саны бірдей болса, онда әр жер телімінің ауданы қанша?

Өтінемін күте тұрыңыз