Разрядтан бір рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі (1)

Сен жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолданатын боласың.

Ғарышты бағындырушылар

Қайталау

Алғаш рет адам баласы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарышқа ұшқаны саған белгілі болар.

Юрий Гагарин
Герман Титов
Андриян Николаев

Юрий Гагарин

Герман Титов

Андриян Николаев

Восток-1

Восток-2

Восток-3

1 сағ 48 мин

1 тәул. 1 сағ

3 тәул. 22 сағ

1 айналым

17 айналым

64 айналым

а) Г. С. Титов пен А. Г. Николаевтың ұшу ұзақтығын сағатпен өрнекте.

 Г.С. Титовтың ұшу ұзақтығы

 сағ

А.Г. Николаевтың ұшу ұзақтығы

 сағ

ә) Әр ұшқан сайын ұшу ұзақтығы қанша сағатқа артқан?

Титовтың ұшу ұзақтығы Гагариннің ұшу уақытына қарағанда  сағ  мин ұзақ.

Николаевтың ұшу уақыты Титовқа қарағанда  сағ ұзақ.

Жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі

Көбейту қалай орындалғанына қара.

Жазамын: бірінші көбейткіш – 23, екінші көбейткіш – 4.
Бірліктерді көбейтемін: 3 ∙ 4 = 12, бұл – 1 ондық және 2 бірлік. 2 саны бірліктердің астына жазылады, ал 1 ондықты ойымда сақтаймын.
Ондықтарды көбейтемін: 4 ∙ 2 = 8, ойдағы 1 ондықты қосамын, сонда 9 болады. Ондықтардың астына 9 санын жазамын.
Жауабын оқимын: 92.

Бөлу қалай орындалғанына қара.

Бөлуді жоғары разрядтардан (жүздіктерден, ондықтардан) бастайды.

Жазамын: бөлінгіш – 92, бөлгіш – 4. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 9 ондық. Бөліндіде екі цифр (ондық, бірлік) болады.
Ондықтарды бөлемін: 9 : 4 = 2 (1 қалд.), бөліндіге 2 санын, ал қалдықты ондықтың астына жазамын. Бірлікті қасына түсіремін. 1 ондық және 2 бірлік – бұл 12 бірлік.
Бірліктерді бөлемін: 12 : 4 = 3, бөліндіге 3 санын жазамын. Қалдық 0-ге тең, демек толық бөлінді.
Жауабын оқимын: 23.

36 · 2 = 
 : 2 = 

28 · 3 = 
 : 3 = 

84 : 7 = 
 · 7 = 

94 : 2 = 
 · 2 = 

25 · 3 = 
 : 3 = 

38 · 2 = 
 : 2 = 

75 : 3 = 
 · 3 = 

29 · 2 = 
 : 2 = 

85 : 5 = 
 · 5 = 

27 · 3 = 
 : 3 = 

96 : 6 = 
 · 6 = 

26 · 2 = 
 : 2 = 

Мәтіндік есеп

Ғарышкерлер ұшу сапарына әрқайсысында 32 түбекшеден 3 қорап сорпа және бірнеше түбекше ет алды. Олар барлығы 200 түбекше тамақ дайындаған болса, онда ұшу сапарына қанша түбекше ет алған?

1. Сорпасы бар түбекшенің саны:
   = 

2. Еті бар түбекшенің саны:
   = 

Жауабы: Ғарышкерлерге  түбекше ет алынды.

Өтінемін күте тұрыңыз