Сыртқы түрткіжайттардың әсеріне организм қалай жауап қайтарады

Сабақтың мақсаты:

  • организмнін тітіркендіргіштерге реакциясын зерттеуді үйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • тітіркену деген не;
  • тітіркенуге организм қалай жауап қайтаратынын білу қажет.

Тітіркенгіштік

Ойлан!

Тәжірибе жүргізу барысында: жасыл эвглена суқойманың күңгірттеу жағынан ашықтау жағына қарай жүзетіні, ал кірпікшелі кебісше таза су тамшысынан бактериясы бар тамшыға қарай жүзетіні байқалды.

  • Осы құбылыстардың арасында қандай байланыс бар?

     Тірі организмдер өзін қоршаған ортамен үздіксіз байланыста болады. Қоршаған ортада орын алған кез келген өзгерістер тірі организмдерге әсер етеді, олар бұған қандай да бір іс-әрекетпен жауап қайтарады.

Организмнің сыртқы әсерлерге жауап қайтаруға қабілеттілігі тітіркенгіштік деп аталады.

     Тітіркенгіштік – барлық тіршілік иелеріне, өсімдіктер-ге де, жануарларға да ортақ қасиет. Ол қоршаған ортаның өзгерген жағ дайына бейімделуге және өмір сүруге көмектеседі.

     Егер мимоза бұтасының жапырағына қол тигізсең, олар механикалық тітіркендіруге жауап ретінде бүктеліп, жиырыла бастайды. Міне, осы қозғалыс реакциясы тітіркенуді білдіру болып табылады.

Мимоза

     Өсімдік тітіркенгіштігінің тағы бір мысалы жарыққа бұрылу деп аталады.

Өсімдіктің жарыққа бұрылуы
Ойлан!
  • Сұраққа ойланып жауап бер. Үй өсімдігін жарықтан кері қарай бұрсақ, не болады?

     Қарапайымдылар тұз шоғырының өз-геруіне әсерін білдіреді. Егер амебалар бар тамшыға тұз кесегін салатын болсақ, онда олар жиырылып алады, ал кірпікшелі кебісше тұз шоғыры аз жаққа жүзіп кетеді. 

Қарапайымдылардың тұз шоғырының өзгеруіне әсері

     Организмнің жүйке жүйесі бүкіл жүйесінің іс-әрекетін реттейді және ішкі, сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне жауап береді. Жүйке жүйесі ұйымдасуының бірнеше типі бар. Ең қарапайымы – ішекқуыстылардың диффузиялық жүйке жүйесі. Оларға тұйық суда мекендейтін гидра жатады.

Рефлекс

Суретті қара. Себеп-салдарлық байланыс орнат. Қорытынды жаса.
Гидраның жүйке жүйесі

Организмнің жүйке жүйесінің қатысуымен жүзеге асырылатын тітіркенуге жауап реакциясы рефлекс деп аталады.

     Жауынқұрттың жүйке жүйесі күрделірек. Оның жүйке жасушалары түйін түзеді. Мұндай жүйке жүйесі түйінді типті деп аталады. Ол жұтқыншақ жанындағы жүйке сақинасынан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.

Тәжірибе жаса

Жауынқұрттың тітіркендіргіштерге реакциясын анықтау.

Саған қажет:

  • жауынқұрт;
  • ағаш таяқша;
  • пияз.

Тәжірибе барысы:

  1. Таяқшаны жауынқұрт денесінің түрлі бөлігіне абайлап тигізіп көр. Бұл тітіркендіруге ол қалай жауап қайтарды?
  2. Жауынқұрттың алдына пияздың тілігін қой. Оның не істейтінін бақыла. Не болды? Қорытынды жаса.

Түйсік. Шартты рефлекстер

     Көптеген жануарда туғаннан бастап күрделі мінез-құлықтық реакциялар жүйесі – түйсік қалыптасады. Бұл – ұрпағына қамқорлық жасау, құстардың жылы жаққа қайтуы, қоныс аудару, аралардың балауыз салуы т.б.

     Шартты рефлекстер – жүре пайда болған рефлекстер, олар жеке өзінде ғана болады, тұқым қуаламайды. Шартты рефлекстер қоршаған орта жағдайына оңай бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекске жануарлардың қожайыны берген түрлі бұйрықты орындауын жатқызуға болады.

     Осылайша, барлық тіршілік иелерінің тітіркендіргіштерге жауап реакциясы олардың өмір сүру, қорғану шарттарын және бейімделу негізін қамтамасыз етеді.

Хамелеон – орташа ұзындығы 30 сантиметр болатын кішкентай кесіртке. Хамелеонның таңғажайып бір қабілеті – өзінің түсін ашық жасыл түстен сұрғылт қара немесе сары түске дейін өзгерте алады. Негізі оның терісі мөлдір түсті, оның астында қызыл, қара және сары түсті жасушалар орналасқан. Хамелеон ашуланғанда немесе қорыққанда, оның жүйке жүйесі осы жасуша-ларға белгі береді де, олар жиырылады, кеңейеді. Осыдан тері өзінің түсін өзгертіп тұрғандай көрінеді. Тыныштық күйінде кесірткенің түсі қызғылт қоңыр, кей-де аздап байқалатын көлденең жолақтары болады. Хамелеон ашуланса, оның терісі қошқыл түске енеді, қызынған немесе қорыққан кезде ашық жасыл түсті реңк пайда болады. Ыстық күнде терінің астындағы жасушалары қара реңкке айналады. Ал қараңғы кезде хамелеонның терісі ақшыл сары түсті болады.

Кірпібалық – орташа ұзындығы 30–90 см, баяу қозғалатын ба-лық. Тыныштық күйінде оның қорғаныш тікенектері денесіне тығыз жабысып тұрады. Ал оған қандай да бір қауіп төнсе, балық лезде футбол добының көлемін-дей шар тәрізді үрленіп шыға келеді. Жайраның инесіндей 5 сантиметрлік тікендері кірпібалықты жұтқан жыртқыштың асқазанын жаралайды. Бұл – улы балық.

Өзіңді тексер!

Сыныптастарыңмен өтілген тақырыпты талқыла. Өз өміріңнен мысал келтір. Тірі организмдердің түрлі тітіркендіргіштерге әсеріне мысал келтір.

Өтінемін күте тұрыңыз