Қандай зат алмасу өнімдері бар және олар өсімдіктер мен жануарлар организмінен қалай шығарылады

Сабақтын мақсаты:

  • организмнен шығарылатын өнімдерді сипаттауды үйренесің.

Мақсатқа қол жеткiзу үшiн:

  • зат алмасу үдерісінде қандай ақырғы өнімдер түзілетінін;
  • олар организмнен қалай шығарылатынын білу қажет. 

"Өсімдіктердегі зат алмасу" сызбасы

1-тапсырма

Сызбадағы сөздерді пайдаланып, «Өсімдіктердегі зат алмасу» сызбасын жаса.
Жұмыс нәтижесін жұпта талқылаңдар.
  • Қорытынды жаса.
  • Тірі организмге қандай заттар түседі және қандай заттар бөлініп шығады?
  • Тірі организмнен керексіз заттарды шығару үдерісінің мәні неде?

Тірі организмнен керексіз заттарды шығару үдерісінің мәні неде?

Мәтін ақпаратын  әртүрлі түстегі қаріппен белгілей  отырып оқы:

        мен мұны білемін;

  • мен мұны білмедім (жаңа ақпарат);
  • мен басқаша ойлаған ем (менің білгенімнен басқаша ақпарат); 
  • түсініксіз әрі жеткіліксіз ақпарат (түсіндіруді қажет ететін ақпарпат).

Бөліп шығару – организмді зат алмасудың соңғы өнімдерінен, тамақпен бірге организмге түскен немесе организмде түзілген артық судан, тұздан, бөгде және улы заттардан тазарту.

     Организмнен бөліп шығарылатын өнімдер газтәрізді, сұйық. Және қатты болады. Органикалық зат алмасудың соңғы өнімі аммиак, несепнәр, несеп қышқылы және басқа да қосылыстар болып табылады.

    Өсімдіктердің арнайы бөліп шығару жүйесі жоқ. Сондықтан​ бөліп шығаруды барлық тірі жасушалары (көбінесе жапырақ мен тамырдың), сонымен қатар арнайы бөліп шығарушы тіндердің жасушалары (безді түкше, сүтқұлақ, шірнелік, т.б.) атқарады.    

     Көмірқышқыл газының артық мөлшері диффузия арқылы​ жасушалардан жасушааралық кеңістікке түседі де, саңылау, жасымықша немесе қабықшадағы тесіктер арқылы сыртқы ортаға шығарылады.

Өсімдіктерде көптеген зиянды минералдық заттар, органикалық қышқылдың кристалдары жапырағына жинақталады. Жапырақтың түсуі – тазарудың басты тетігі болып табылады. Зиянды заттар өсімдіктен гүлдегеннен кейін түсетін күлте, жеміс, тұқымдармен де шығарылады.

Адамның алаңдаушылығы жасанды екендігін, өтірік уайымдап тұрғанын  сипаттағысы келгенде «Қолтырауынның жасын төкті» деген сөз айтылады. Расында да, қолтырауынның көзінен үнемі жас ағып тұрады. Адамды жегенде қолтырауынның еңіреп жылайтындығы туралы көне аңыз бар. Іс жүзінде қолтырауын мүлде өз құрбандығына жаны ашығаннан және ұялғаннан жыламайды екен. Бұл құбылыстың ғылыми түсіндірмесі мынадай: қолтырауынның бүйрегі жетілмеген, сондықтан оның организмдегі артық тұзды шығаруға арналған айрықша бездері бар, ол бездер көзінің жанында орналасқан. Осы бездер жұмыс істегенде, жыртқыш жылап тұрғандай әсер қалдырады.

     Жануарлардың артық заттарды организмнен бөліп шығару үдерісі олардың зат алмасуының белсенді болуымен, сонымен қатар күрделі тіршілік әрекеті үдерістерімен байланысты.

     Омыртқалыларда көмірқышқыл газын бөліп шығару өкпе немесе желбезек арқылы жүзеге асырылады. Су, тұздар және азотты алмасу өнімдері негізінен бөліп шығару мүшесі – бүйректер арқылы сыртқа шығарылады.

     Сүтқоректілерде су және кейбір тұздар тер шығару бездері арқылы сыртқы шығарылады.

     Жер бетіндегі жануарлар судан шектелген: тіндерде және денедегі сұйықтықта аммиактың жинақталып қалуын болдырмау үшін олар аммиакты организм үшін улы емес соңғы өнімдерге түрлендіруі тиіс. Сондықтан жер бетіндегі кірпікшелі құрттар, қосмекенділер, сүтқоректілер несепнәр бөліп шығарады.

     Жер бетінде, соның ішінде құрғақшылық ортаға бейімдел-ген жануарларда (жер бетінде тіршілік ететін жәндіктер, қабыршақты бауырымен жорғалаушылар, құстар) бөліп шығару өнімі несеп қышқылы болып табылады. Оны организмнен бөліп шығару үшін іс жүзінде судың мүлде қажеті жоқ.

     Адам өз өмірінде ондаған тонна тамақ жеп, сонша мөлшерде сусын ішеді. Организмге түскеннің барлығы ұсақтау мен өзгертуге байланысты күрделі циклден өтеді. Оларды адамның шығару жүйесі бөліп шығарады. Адамның организмінде осы жұмыстармен айналысатын бүйректер, өкпе, тікішек, бауыр және тері сияқты мүшелер бар. Адамның шығару жүйесі өзара үйлесімді жұмыс жасайды, егер бір мүше зақымданса, оның жұмысын басқалары бөліп атқарады. Мысалы, ақуыз алмасу өнімдерін бауыр мен бүйректерден басқа өкпе мен тері де шығара алады.

Тәжірибе

Саған  полиэтилен үлдір қажет.

  1. Қолыңды полиэтилен үлдірмен қатты қыспай, тығыздап ора.
  2. Қолың терлей бастағанша бірнеше минут тоса тұр.
  3. Полиэтиленді алып таста.
  4. Полиэтилен үлдірде не пайда болғанын қара.
  • Бұл тәжірибе арқылы нені дәлелдедің?
  • Терімізден тер арқылы қандай заттар шығарылады? Ойлан.
  • Терімізге күтім жасау үшін қандай тазалық ережелерін сақтау қажет?
Өтінемін күте тұрыңыз