Тыныс алған кезде ауаның құрамы қалай өзгереді?

Сабақтын мақсаты:

  • тыныс алатын және тыныс алғанан кейін қайта шығарылатын ауаның айырмашалығын зерттеуді үйренесің.

Мақсатка қол жеткiзу ушiн:

  • тыныс алудың мәні неде екенін;
  • тірі организмде ауа қандай күйге ұшырайтынын білу қажет.

Тыныс алу

Ойлан!

Тамақ пен сусыз адам бірнеше күн өмір сүреді, ал ауасыз бір минут те өмір сүре алмайды.

  • Адам неге ауасыз, тыныс алмай өмір сүре алмайды?
  • Сен тыныс алу​ туралы не білесің?

Білемін

Білгім келеді

Білдім

Тыныс алу – барлық тірі организмнің қасиеті және тіршілік белгісі.

Өсімдіктің тыныс алу үдерісі барлық организмдегі сияқты өмір бойы күндіз де, түнде де үзіліссіз жүзеге асып отырады.

Өсімдіктің тыныс алу үдерісі

     Өсімдіктің тамырлары да, сабақтары мен жапы- рақтары да, гүлдері мен әлі пісе қоймаған жемістері де тыныс алады. Тыныс алу кезінде өсімдіктер ауадан оттегіні (О2) жұтып, көмірқышқыл газын (СО2) бөліп шығарады.

Өсімдіктегі газ алмасу

     Олардың арнайы тыныс алу мүшелері жоқ. Газ алмасу жапырақ қабықшасындағы айрықша түзіліс – сабақтың қабығында орналасқан саңылау мен жасымықша арқылы жүзеге асырылады.

Жануарлардың тыныс алу жүйесі

     Жануарларда тыныс алу жүйесі бар, ол организм мен қоршаған орта арасында газ алмасуды қамтамасыз етеді. Суқоймада тіршілік ететіндердің көпшілігінде желбезек, ал жер бетінде тіршілік ететіндерде – өкпе тыныс алу мүшесі болып табылады. Буынаяқтыларда тыныс алу мүшесінің қыз метін денесіндегі сыртқы жабынның тереңдеу жерінде орналасқан кеңірдек, алқым, жапырақ тәрізді өкпе атқарады.

Жануарлардың тыныс алу жүйесі

Адамның тыныс алу ағзасы

     Біржасушалы жануарлар, сужылан, жауынқұрт, паразит құрттарда тыныс алу мүшесі болмайды. Олар бүкіл денесімен тыныс алады.

     Адамдардың тыныс алу ағзасы – өкпе. Оған ауа жүйелі түрде бір-бірімен қуыстар мен түтікшелер арқылы жалғастырылған жеткізуші жолдар арқылы түседі. Өкпе – қантамырлармен шырмалған көптеген өкпе көпіршігінен (альвеол) тұрады.

Адамның тыныс алу ағзасы
     Өкпе – күрделі құрылым. Оттек қанға микроскопиялық өсінді – альвеолдың көмегімен түседі. Әрбір өкпеде 300 млннан астам альвеол болады. Олар шар тәрізді пішінде болады, бұл оған келіп түскен ауаның үлкен көлемін өңдеуге мүмкіндік береді. Олардың жалпы ауданы 70–90 м2.      Өкпе үлкен көлемде жұмыс атқарады. Адам күніне шамамен 20–25 мың рет тыныс алатыны және тыныс шығаратыны анықталған. Сонымен бірге өкпе арқылы орташа алғанда 10 мың литрдей ауа өтеді.

     Диффузия құбылысының арқасында оттек өкпе көпіршіктерінен қанға түсіп, бүкіл денеге таралады. Ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе көпіршіктеріне түседі.

     Оттек жасушаларға түскеннен кейін, тағаммен бірге қабылдайтын органикалық заттармен өзара әрекеттесіп, энергия түзіледі. Бұл энергия тіршіліктегі іс-әрекеттердің барлық үдерісіне қажет.

     Адам газдар қоспасы болып саналатын атмосфералық ауамен тыныс алады.

Өзіңді тексер!

О2 (оттек)

N2 (азот)

2 (көмірқышқыл газ)

Жұтылатын ауа

20,94%

79 %

0,03%

Шығарылатын ауа

16,3%

79 %

4%

Берілген ақпараттың талдауы негізінде қандай тұжырымдар жасауға болады?

Салыстыру нәтижесін сараптамалық тексеру үшін тәжірибе жүргізу.

Тәжірибе
"Жұтылатын және шығарылатын ауаның құрамы"

Тәжірибе мақсаты: тыныс алғаннан кейін шығарылатын ауаның құрамын зерттеу.

Саған қажет:

  • сынауық
  • әктасты су
  • шыны түтікше
  • залалсыздандырғыш ерітінді мен тампон

Теория

Ерітіндіде көмірқышқыл газының болуы лакмус индикаторымен өзара әрекеттесуі болып табылады. Бұл кезде ерітіндінің қышқылдық ортасынан лакмустың түсі күлгіннен қызғылт түске өзгереді.

Жұмыс барысы:

  1. Шыны түтікшеге әктасты су құй. Оның түсін сипатта.
  2. Сынауықты залалсыздандырғыш ерітіндіге малынған тампонмен жақсылап сүрт.
  3. Шыны түтікшені пайдаланып, лакмус индикаторы арқылы ауаны үрлеп өткіз.
  4. Байқағаныңды жаз.
  5. Қорытынды жаса.

а) Өсімдіктер СО2 қолданып, тек күндіз ғана тыныс алады.

ә) Көптеген жануарда тыныс алу мүшесі кеңірдек болып табылады.

б) Адам таза оттегімен тыныс алады.

          • қоңыз
          • жауынқұрт
          • балықтар
          • бақа
          • ит
          • сужылан
          • Олардың ойы дұрыс па? Дұрыс жауап нұсқасын таңда.
          • Атмосфералық ауа «өздігінен» өкпеге кіреді де, оларды күшпен үрлеп, өкпе жасушаларын кеңейтеді.
          • Кеуде қуысындағы өкпе кеңейгендіктен, атмосфералық ауаны ішке тартады, ал жиырылған кезде өкпе ауаны күшпен итеріп шығарады.
          • Адам саналы түрде, өз қалауы бойынша ауа жұтады.

          Адам мұрын арқылы тыныс алады, ауаны біркелкі, қалыпты түрде терең ішке тартып, қайта шығарады. Дене еңбегімен шұғылдану кеуде жасушаларын дамытады. Дұрыс тыныс алу, дамыған өкпе жасушалары өкпедегі газ алмасудың толық түрде атқарылуын қамтамасыз етеді.

          Жетістіктеріңді бағала

          Организмнің күйі

          1 минутта өкпедегі ауа алмасу көлемі

          1 минутта жұтылатын О2

          1 минутта шығарылатын СО2

          Тыныштық күйінде

          4-5 л/мин

          250 см3

          250 см3

          Жүйелі дене жаттығуы кезінде

          90-150 л/мин

          5000 см3

          5000 см3

          Сұрақтар

          1. Бұлшық ет белсенділігінің өкпе белсенділігіне әсері бар ма?

          2. Газ алмасу неліктен күшейеді?

          3. Белсенді дене жаттығулары адам денсаулығына қалай әсер етеді?

          • Сабақтағы жұмысыңа қорытынды жаса. Кестенің «Білдім» бағанын толтыр.
          Өтінемін күте тұрыңыз