Тірі организмдерде нәрлендіргіш заттардың тасымалдануы қалай жүзеге асырылады

Сабақтын мақсаты:

  • азық-түлiк өнiмдерiнде органикалық заттардың бар-жоғын тестiлеудi;
  • тiрi организмдерде нәрлендiргiш заттарды тасымалдау жолдарын  зерттеудi үйренесiң.

Мақсатқа қол жеткiзу ушiн:

  • организмге қандай заттар тағаммен бiрге түсетiнiн;
  • нәрлендiргiш заттардың тасымалдануын қандай жүйелер қамтамасыз ететiнiн бiлу қажет.

Заттардың тасымалдануы

  • Мына әртүрлі нысандарды қандай ортақ белгі  біріктіруі мүмкін? Ойлан. Суреттерді сабақ тақырыбымен байланыстырып көр.
Әртүрлі нысандар

     Организмге өзінің тіршілік әрекетін жалғастыру үшін үнемі нәрлендіргіш заттар ағыны, жинақталған қалдықтардың жойылуы, тыныс алу үшін оттегі қажет.
     ​Біржасушалы организмдерде заттарды тасымалдау және жою цитоплазма қозғалысының нәтижесінде жүзеге асырылады. Көпжасушалыларда бұл қызметті қантамыр жүйесі атқарады.

Заттардың тасымалдануы – қажетті заттардың организмде жасушаларға және жасушалардың ішіне жеткізілу үдерісі. Сонымен қатар пайдаланылған заттардың организмнен шығарылуы.

     Өсімдіктерде заттардың қозғалуы (тасымалдануы) өткізу жүйесінің көмегімен жүзеге асады. Су мен минералды заттар түтікше бойымен қозғалады, түтікше тамырдан басталып, сабақ арқылы жапыраққа жетеді де, оның әрбір жасушасына дейін таралады.

     Қарапайым тәжірибе жасап. Көруге болады. Алма бұтағын немесе басқа кез келген бір ағашты алдын ала сия қосылған суға салып қоялық. Бұтақты судан бір күннен кейін алып, ортасынан кесіп қарасаңыз, ағаш сүрегінің қабаты түсін өзгерткенін байқауға болады. Қабығы мен өзегі өзгеріссіз қалады

     Осылайша, тамырынан жапырақтарға баратын тұзды ерітіндісі бар су ағаш сүрегінің бойымен барады деген тұжырым жасауға болады. Сүректің құрамына өсімдіктің түтікшесі деп аталатын түтік түріндегі ұзын қуыстар кіреді. Сабақ бойымен су мен минералды тұздарды тарататындар – дәл осылар.

     Жапырақтан басқа мүшелерге ұсақ саңылаулы түтікше арқылы органикалық заттар қозғалады. Ұсақ саңылаулы түтікшелер қабықтың ішкі жағында орналасады. Олар ішкі көлденең қуысы елекке ұқсас саңылауға толы жанды ұзын жасушалар түрінде болады.

Қантамыры жүйесі

     Өсімдіктің өткізу жүйесі бойынша заттардың тасымалдануы сияқты қантамыр жүйесі жануарлардың, адамдардың барлық мүшелері мен ұлпаларына оттек пен нәрлендіргіш заттардың тасымалдануын қамтамасыз етеді. Ұлпалардан көмірқышқыл газ бен зиянды заттар шығарылады. Қанның көмірқышқыл газдан тазартылуы тыныс алу мүшелерінде, ал зиянды заттардың бөлінуі – бөлу мүшелерінде жүзеге асады.

Тірі организмдерде негізгі тасымал жүйесі қанайналым жүйесі болып табылады: оның ірі және ұсақ тамырлары (артериялар, күретамырлар, қылтамырлар), бұлшық ет сорғысы – жүрек (сурет), лимфа жүйесі және «сұйық тін» – қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы.

Адамның қанайналымы жүйесі

     Жүрек қанның өкпелер мен тыныс алу мүшелеріне және басқа тіндерге ағуын қамтамасыз етеді.

     Қанды жүректен дене тіндеріне апаратын тамыр – артериялар, ал жүрекке қайтаратын тамыр – күретамырлар; артерия мен күретамырларды жалғайтын – қылтамырлар, сұйықтықтың тіндерден ағып шығуын қамтамасыз ететін тамырлар – лимфа жолдары деп аталады.

Адам денесінде 100-160 миллиард жіңішке қантамыр бар екен. Егер оларды біз сызықтың бойына қойып, өлшеуге болса, оның ұзындығы 60-80 мың километрге жетер еді. Бұл Жер экваторынан екі есе ұзын.

Адамның денсаулығы

Неміс философы Фейербах былай деген: «Адамның қалай тамақтанатыны өзінен-ақ көрініп тұрады».

  • Сен мұны қалай түсінесің?
  • Бұл сөз сабақтың тақырыбына қалай байланысты болуы мүмкін?

     Қазіргі уақытта ең өзекті мәселе адамның денсаулығы. Бұл мәселенің шешімі адамның өзіне, өз-өзіне үнемі күтім жасап, қадағалап жүруіне байланысты.  ​

     Адам организмін энергиямен және нәрлендіргіш заттармен қамтамасыз ету үшін түрлі азық-түлік өнімдерін тұтынады.      ​

     Барлық азық-түлік өнімдерінде нәрлендіргіш заттар болады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар, минералдық заттар, дәрумендер мен су адамның организмін нәрлендіреді. Ақуыздар бой өсіреді, организмнің тозған жасушаларын қалпына келтіріп, алмастыру үшін қажет. Олар жануарлардан алынған өнімдерде: етте, балықта, жұмыртқада, сүт пен ірімшікте болады. Көмірсулар – глюкоза мен крахмал, олардың басты қызметі – адам организмін энергиямен қамтамасыз ету. Майлар – энергияның басты көздерінің бірі, организмнің қалпына келтіру үдерісіне белсене қатысады. Су әрбір жасушада болады, адамның организмінде жүріп жатқан барлық үдеріске қатысады. Минералдық заттар зат алмасуына қатысады.

     Өкінішке орай, қазіргі күні дүкендерде құрамындағы нәрлі заттар нормадан әлдеқайда өзгешеленетін азық-түлік өнімдері жиі кездеседі.

Сүзбенің үш түрінің құрамындағы крахмалды анықтау

Тәжірибелік зертхананың сарапшысы бол.

     Дүкеннен әртүрлі өндіруші өндірген 3 сүзбе сатып ал. Табиғи сүзбенің құрамында крахмал болмайды. Оның құрамында тек аздаған мөлшерде галактоза мен лактоза болады. Алайда бұл – оның кемшілігі емес, құндылығы. Өйткені науқастарға арналған емдік диетада, мысалы, қант диабетіне шалдыққандар үшін ол бірінші қажетті тағам болып табылады.

Тәжірибе
​"Сүзбенің үш түрінің құрамындағы крахмалды анықтау"

Саған қажет:

  • йод ерітіндісі
  • дәрі тамызғыш
  • картоп түйнегінің кесіндісі
  • түрлі өндірушіден үш түрлі сүзбе

Тәжірибе барысы

  1. Крахмалға сапалы реакцияны іске асыр. Егер өнімнің құрамында крахмал бар болса, онда йодтың түсі өзгеріп, қошқыл-күлгін түс пайда болатынын білесің. Сенің көз алдыңда бақылау үлгісі: картоп. Картопқа йод ерітіндісінің тамшысын тамыз – түсі өзгереді, сосын қасына йодтың өзін тамызып көр – сең йодтың шынайы түсін көресің.
  2. Йод ерітіндісінің бір тамшысын сүзбенің әр түріне тамызып көр. Йодтың түсі қалай өзгеретінін байқа.
  3. Оның түсін сипатта. Қорытынды жаса.

Өзіңді тексер!

  1. Организмдегі зат тасымалының ең басты мақсаты қандай?
  2. Жануарларда нәрлендіргіш заттарды тасымалдауға не көмектеседі?
  3. Адам организмі үшін азық-түліктің рөлі қандай?

Жетістіктеріңді бағала

«Жетістіктер жолағы» сабақтағы жұмысыңды өздігінен бағалау

Сабақ қорытындысы бойынша өз білімің мен дағдыларыңның деңгейін анықта

Өз жұмысыңа талдау жаса.
​Алдағы уақытта көбірек жетістікке жету үшін үйде саған нені қайталау қажет?

Өтінемін күте тұрыңыз