Жасуша неден тұрады?

Сабақтын мақсаты:

  • жасушаның негiзгі компоненттерiн анықтауды үйренесiң.

Мақсатқа қол жеткiзу ушiн:

  • жасушалар қандай органоидтардан тұратынын;
  • органоидтар қандай мiндет актқаратынын бiлу қажет.

Жасуша

Материяның өте ұсақ бөлшегімін–

Мені ешкім көрмейді, өте кішкентаймын.

Алайда мен денелерін құраймын

Өсімдік, адам, аң мен құстың!

Тапшы, мен кіммін?

2-тапсырма

Апельсин мен қарбыздың суреттерін мұқият қара. Олар неден тұрады?
Апельсиннің жұмсағы
Қарбыздың жұмсағы

3-тапсырма

Пияздың суретіне қара. Жай көзбен одан жекелеген жасушаларды көре аламыз ба?
  • Жасушаларды көру үшін не істеу қажет?

Жасуша – өсімдіктер мен жануарлар организмінің ең кішкентай құрылымдық бірлігі. Жасуша грек тілінен аударғанда «hitos» – қуыс дегенді білдіреді.

     Жасуша – әрбір организмде, адамда, өсімдіктерде, жануарларда бар. Организм біржасушалы және көпжасушалы болады. Жасуша – құралсыз көзге көрінбейтін, өте кішкентай құрылымдық бірлік. Алайда өсімдіктер әлемінің жеке леген өкілдерінің жасушалары әлдеқайда анық көрінеді.

Жасушаның ашылу тарихы

     Жасушаларды алғаш көрген адам ағылшын
 жаратылыстанушысы әрі өнертапқыш Роберт Гук (1635–1703) болды.

     «Micrographia» (1665) кітабында Гук өзінің жасушаны ашу тарихын былайша сипаттайды. «Мен ашық түсті жақсы бір тығынды алып, өткір шаппалы пышақпен оның бір кішкентай бөлігін кесіп алдым, ол теп-тегіс жылтыр бет еді... Дәл сол шаппалы пышақпен мен тығынның тегіс бетінен өте жұқа тілімін кесіп алдым. Бұл аппақ тығынды мен қара түсті шынының үстіне қойдым. Сосын оның үстінен жазықтау дөңес шыны линзаның көмегімен жарық түсіре отырып, оның араның балауызы тәрізді саңылаулар мен тесіктерге толы екендігін анық көрдім... Мен әртүрлі қатарлардағы тесіктерді санап ем, шамамен 50–60 қатар болды. Бұл ұсақ жасушалардың 1/18 дюйм аралықта немесе 1 текше дюйм да 1259 миллионы орналасқанын анықтадым. Егер микроскоп дәлелдеп бермегенде, бұған сену мүмкін емес еді. Мен кез келген ағаш өзегінің, басқа да түрлі өсімдіктердің, мысалы, аскөктің, сәбіздің, шалқанның және т.б. қуыс сабағының ішкі тіні немесе өзегінің көбінесе дәл осыған ұқсас, тығыннан көрсеткендей тіні болатынын анықтадым».

Роберт Гук

Ол осы ұяшықтарды жасуша деп атады (ағылшынша «cell» – «ұяшық, жасуша» дегенді білдіреді).

Егер жасушаларды микроскоппен қарайтын болсақ, олардың құрылымы күрделі екендігін көруге болады.

     Өсімдіктегі жасушалардың саны шамадан тыс, өте көп. Ағаштың бір жапырағының өзінде 100 миллионнан астам жасуша бар.

     Өсімдіктің көптеген жасушаларының өлшемі 0,01-0,1 мм шегінде өзгеріп тұрады, бірақ кейбір жасушаның өлшемі үлкен болады. Мысалы, апельсиннің ішкі жұмсақ бөлігінің жасушалары құралсыз көзге көрініп тұрады.

Цитология – жасушаның құрылымын зерттейтін ғылым.

Бақылау жүргіз

Цитология – жасушаның құрылымын зерттейтін ғылым.

Өсімдік жасушасының құрылымы

Саған:

  • микроскоп;
  • пиязқабығының микропрепараттары қажет.
                  • Айна арқылы жарықты зат қоятын үстелдің саңылауына бағыттаймыз.
                  • Микропрепаратты зат қоятын үстелге қой.
                  • Окулярға қарап отырып, заттың бейнесі анық көрінгенше тубусты баяу көтер.
                  • Микропрепаратты қысқыштармен бекіт.
                  • Бұранданы пайдаланып, объективтің төменгі шеті препараттан 1-2 мм қашықтықта болатындай етіп, тубусты баяу түсіреміз.
                  • Микроскопты штативпен үстел шетінен 5-8 см қашықтықта өзіңе жақындатып қой.

                  Жұмыс барысы

                  1. Микроскоппен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін қайтала.
                  2. Жұмысты орындау үшін микроскопты дайында.
                  3. Пияз қабығының микропрепаратын тексеріп, суретпен салыстыр. Суретте көрсетілген органоидтарды тап.
                  4. Жасуша құрылымының суретін сал, органоидтарды көрсет.
                  5. Препаратты йод ерітіндісімен боя. Ол үшін зат қоятын үстелге йодтың бір тамшысын тамыз. Сүзгіш қағазбен екінші жағынан артық ерітіндіні сорып ал. Жасушаның қай бөлігі саған көрінетін болды?
                  6. Препаратты үлкейтіп қара. Ондағы жасушаны қоршап тұрған қошқыл жолақты, қабықшаны тап, оның ішіндегі сары зат – цитоплазма (ол бүкіл жасушаны алып жатуы немесе шет жағында тұруы мүмкін). Цитоплазмадағы ядро жақсы көрінеді. Жасуша сөлі бар вакуольді тап (ол цитоплазмадан түсі арқылы ажыратылады).
                  7. Жапырақтың жұмсақ жері жасушасының суретін қара. Органоидтарды тап: қабықшаны, цитоплазманы, ядроны, вакуольды, хлоропластарды суретте белгіле.
                  8. Пияз қабығы мен жапырақтың жұмсақ жері жасушаларын салыстыр. Айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тап.
                  9. Венн диаграммасын толтыр. Айырмашылықтардың болу себебін қалай түсіндірер едің?
                  10. Жасалған жұмыс бойынша қорытынды жаса.
                  Жасушаның құрылымы
                  Жапырақтың жұм- сақ жеріндегі жасуша
                  Венн диаграммасын

                  Жасушаның құрылымы

                       Әрбір жасушаның ең негізгі үш бөлігі болады:

                  1. Жасушаны жауып тұратын қабықша;
                  2. Жасушаның негізгі құрамын құрайтын жартылай сұйық зат – цитоплазма;
                  3. Цитоплазмада орналасқан кішігірім тығыз дене – ядро.

                       Қабықша, ядро, цитоплазмадан басқа жасушада органоидтар: митохондрия, лизосома, пластидтер және басқалар бар. Ол туралы толығырақ сен жоғары сыныптарда білетін боласың. Органоидтар органдар тәрізді жасушада белгілі бір жұмысты немесе міндетті орындайды.

                  Ең-ең...
                  • Ең суға бай тамыр қарағайдікі - 90,2% су, қарбыз бен қиярда - 92,1% су болады.
                  • Жасушасында суы ең аз тұқым жержаңғақтікі - 5,2%.

                                  Өзіңді тексер!

                                  Қателерін тап

                                  Оқушы зерттеу үшін ағаштан жапырақты жұлып алып, оны микроскоппен қарай бастады. Бірақ ол қошқыл-жасыл түстен басқа ешнәрсе көрмеді. Оның қателігі неде?

                                  Тест тапсырмаларын орында.

                                  • цитоплазма
                                  • қабықша
                                  • тесіктер
                                  • вакуоль
                                  • пластидтер
                                  • қабықша
                                  • тесіктер
                                  • вакуоль
                                  • пластидтер
                                  • хлоропласттар
                                  • хромопласттар
                                  • лейкопласттар
                                  • цитоплазма
                                  • қабықша
                                  • пластидтер
                                  • ядро
                                  • тесіктер
                                  • хромопласттар
                                  • цитоплазма
                                  • вакуоль
                                  • қабықша
                                  • лейкопласттар
                                  • лейкопласт
                                  • хромопласт
                                  • хлоропласт
                                  • вакуоль
                                  • ядро
                                  • цитоплазма
                                  • пластид
                                  • вакуоль
                                  • қабықша
                                  • ядро

                                  «Жеңіл» сұрақтар

                                  «Күрделі» сұрақтар

                                  «Жеңіл» сұрақтар

                                  «Күрделі» сұрақтар

                                  Бір сөзбен жауап беруді талап ететін сұрақтар.

                                  • Кім?
                                  • Не?
                                  • Қашан?
                                  • ... қалай атауға болады?
                                  • ... болды ма?

                                  Ойлануды, қосымша мағлұматтарды, талқылау жасау білігін талап ететін сұрақтар.

                                  • Үш түсініктеме бер, неге ...?
                                  • Түсіндір, неге ...?
                                  • Неліктен сен ... ойлайсың?
                                  • Неге сен ... санайсың?
                                  • ... айырмашылығы неде?
                                  • Егер ... болса, не болады?
                                  • Егер ..., онда ...?
                                  • ... мүмкін бе?
                                  • ... бола ма?
                                  • ... болуы мүмкін бе?
                                  • ... келісесің бе?
                                  • ... дұрыс па?
                                  Өтінемін күте тұрыңыз