Бейтараптандыру дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты:

  • бейтараптандыру үдерісін түсіндіруді үйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • бейтараптандыру деген не екенін ;
  • бейтараптандыру үдерісі қандай жағдайда орын алатынын білу қажет.

Бейтараптандыру

     Сен «қыжыл» деген сөзді естіген боларсың. Осы қолайсыздықпен күресуге арналған түрлі препарат бар. Бұл не нәрсе және қыжылмен күресуде түрлі дәрілік құралдар қалай көмектесетіні жайында ойлап көрдің бе?

     Орта қышқылдық, сілтілік және бейтарап орта деп бөлінетінін сен білесің. Ерітіндінің ортасын өзгертуге бола ма және қалай өзгертеміз? Бұл сұраққа жауап алуға тәжірибе көмектеседі.

Тәжірибе:

  1. Стақанға су құйып, оған лимон шырынын қос.
  2. Әмбебап индикатордың көмегімен ортаның реакциясын анықта. Қағаз қандай түске боялды?
  3. Осы ерітіндіге бір шымшым ас содасын қос. Қандай өзгеріс байқалды?
  4. Ал енді индикатормен ерітіндінің ортасын анықта. Қандай жағдай байқалды?
  5. Индикатор қағаздың түсі неге өзгерді?

Сен жасаған тәжірибе нәтижесінде бейтараптандыру үдерісі жүзеге асты.

Бейтараптандыру  нәтижесінде бейтарап орта түзе отырып, қышқылдар сілтілермен әрекеттесетін үдеріс.

     Сен  қатты дуылдатып ашытатын қасиеті бар қалақай деген өсімдікті білетін шығарсың?

Ал сол қалақай неге дуылдатып ашытады? Одан қалай құтылуға болады?

      Қалақайдың дуылдатып ашытатын түктерінің жасушалық шырынының құрамында құмырсқа қышқылы болады екен. Міне, дуылдатып күйдіретін осы құмырсқа қышқылы. Енді алдымен оның әсерін бейтараптандыру қажет. Ең жақсы құрал кәдімгі ас содасы болып табылады. Ауырсыну сезімін жою үшін су мен ас содасынан сұйық ботқа түрінде қоспа әзірлеп, зақымданған жерге жағу керек.

     Біршама уақыт өткеннен кейін салқын сумен жуу немесе таза матамен сүртіп алу керек. Балама ретінде кір сабын немесе кәдімгі сұйық сабынды қолдануға болады, оларда да әлсіз сілтілік орта бар.

4-сарамандық жұмыс

Мақсаты: ерітінді ортасының сипатын анықтау.

Саған қажет:

  • су,
  • тәтті газдалған сусын,
  • әмбебап индикатор,
  • шыны стақандар.

Жұмыс барысы:

  1. Шыны стақандарға су мен газдалған сусынды құй.
  2. Индикатор көмегімен ph –  ерітінділер ортасын анықта.
  3. Ерітінділерді бейтараптандыру тәсілін ұсын.

pН ортасы 
санды көрсеткішпен

Орта атауы 
(қышқылдық , сілтілік, бейтарап)

Бейтараптандыру тәсілі

Су

Газдалған сусын

Өзіңді тексер!

«Жеңіл» сұрақтар

Бір жауапты талап ететін сұрақтар.

Кім?

Не?

Қашан?

... болды ма?

«Күрделі» сұрақтар

Ойлануды, қосымша білімді, талдау жасау білігін талап ететін сұрақтар

Үш түсініктеме бер, неліктен...?

Түсіндір, неліктен ...?

Неге сен ... деп ойлайсың?

Неге сен ... санайсың?

... айырмашылығы неде?

Егер ... болса, не болады?

Егер ..., онда ...?

Мүмкін ...?

... бола ма?

Сен ... келісесің бе?

... дұрыс па?

Өтінемін күте тұрыңыз