Пайдалы қазбаларды өндіру қоршаған ортаға қалай әсер етеді?

Сабақтың мақсаты:

  • пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіруді үйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • пайдалы қазбаларды өндірудің Жер өрісіне  әсерінің салдары қандай екенін білу қажет.

Пайдалы қазбаларды өндірудің зиянды әсері

     Пайдалы қазбалардың түзілуі – өте ұзаққа созылатын геологиялық үдеріс. Ол геологиялық айналым нәтижесінде жүзеге асады. Пайдалы қазбаларды өндіре отырып, адамдар осы айналымды бұзады (сурет). Соның салдарынан өндіріс аймағының экологиялық жағдайына айтарлықтай әсер етіп, соңы келеңсіз зардаптарға әкеліп соқтырады. Пайдалы қазбаларды өндіру көлемі өте ауқымды. Жер бетінің бір тұрғынына есептегенде, жылына 20 тонна шикізат өндіріледі, оның 10%-дайы ғана нақты өнімге өтеді, ал қалған 90%-ы – қалдық. Сонымен қатар өндіру кезінде шамамен 30–50%-ға дейін шикізат жоғалады. Бұл өндірудің кейбір түрлерінің, әсіресе ашық әдіспен өндірудің үнемсіздігін білдіреді.

     Қазақстан Республикасы кен өндіру саласы кеңінен дамыған ел екенін білесің. Біздің елімізде 100-ден астам шикізат қорының кен орындары бар. Сондықтан пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің жағымсыз әсері – өте өзекті мәселе. Өйткені бұл үдеріс Жердің бүкіл өрісіне: атмосфераға, литосфераға, гидросфераға, өсімдік және жануарлар әлеміне кері әсерін тигізеді.

Литосфераның ластануы

  • атмосфера
  • гидросфера
  • биосфера
  • литосфера

                 Пайдалы қазбаларды өндірудің кез келген тәсілінің нәтижесінде жер қыртысынан кен қазып алынады. Нәтижесінде қуыстар пайда болып, Жер қыртысының біртұтастығы бұзылады.

                 Жер бедерінің мұндай жасанды пішіндерінің көлемі көбінесе үлкен болады. Олардың биіктігі 300 м-ге, ұзындығы 50 км-ге жетуі мүмкін. Үймелер өңделген шикізат қалдықтарынан түзіледі. Оларға ағаш пен өсімдіктер өспейді, бұл – жай ғана бірнеше километрге созылған, пайдалануға жарамсыз аумақтар.

                 Бүгінгі күні көптеген ғалымдар пайдалы қазбаларды қазып алғаннан кейін пайда болатын қуыстарға қатысты мәселелерді қалай шешуге болатынын ойластыру үстінде. Мұндай шешімдердің бірі – кен өндіру нәтижесінде түзілген жер қыртысындағы жыралар мен қуыстарды қалдықтармен және өңделген шикізаттармен толтыру.

            Өзіңді жер қуыстары, карьерлер мен үйінділерді қайталама пайдалану мәселесін зерттеумен айналысып жүрген ғылыми қызметкермін деп есепте.
            • Экологиялық мақала жазып, пайдалы қазбаларды қазып алғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды қайталама пайдалану туралы ұсыныстарыңды жаса.

            Пайдалы қазбаларды өндіру

            Пайдалы қазбаларды қазып алу жер қыртысын қатты бүл-діреді, жыл өткен сайын пайдалы кен қоры азаяды, құнары нашарлайды. Осыдан келіп пайдалы қазбаларды қазып алу және өңдеу көлемін арттырады, осыдан қалдық көлемі де өседі. Бұл мәселені шешу үшін табиғи заттарды тиімді пайдалану, оларды жасанды түрлерімен алмастыру қажет болуы мүмкін.

            Жер бетіндегі ауасы ең лас қалалар

            1. Чернобыль (Украина) – радиациядан 5 500 000 адам зардап шеккен.
            2. Линьфынь (Қытай) – автокөлік және өнеркәсіп қал-дықтарынан 3 000 000 адам зардап шегеді.
            3. Сукинда (Үндістан) – 2 600 000 адам әрдайым хро-миттерді өнеркәсіптік өндірудің жағымсыз салдарын бастарынан өткізеді.
            4. Дзержинск (Ресей) – 300 000 адам әскери саланың зи-янды химиялық ластауына ұшыраған.
            5. Сумгаит (Әзірбайжан) – көмірсутек өндірудің жағым-сыз салдарынан 275 000 адам зардап шегеді.

            Биосфера мен атмосфераның ластануы

            Ойлан!
            • «Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану деңгейі» (2016 жыл) ақпараттық графикасын мұқият қара.
            • Пайдалы қазбаларды өндіру нәтижесінде литосфераның өзгеруімен ол қалай байланысқан? Ойланып, жауап бер.

                 Пайдалы қазбаларды ауаға шығара отырып өндіру нәтижесінде өте ауыр экологиялық зардаптар туындайды. Қазып алынған кендерді ауаға өңдеу нәтижесінде күкірт, ауыр металдар, метан және басқа да зиянды заттардың үлкен көлемі шығарылады. Жер бетіне көтерілген литосфера қабаты үйінділерде радиация деңгейін арттырады. Бұл да климаттың өзгеруіне әкелуі мүмкін.

            Ойлан!
            • Ойлан, адамның қоршаған ортаға осылай жауапсыз қарауы қандай зардаптарға әкелуі мүмкін?
            • Осы сұрақты өздігіңнен зертте. Пайдалы қазба- ларды өндіру нәтижесінің атмосфераға әсерін төмендету үшін ғалымдар қандай қадамдар қабылдағаны жөнінде ақпарат тап.
            • Осы тақырыпта постер жасап, сыныпқа ұсын.

                 Пайдалы қазбаларды өндіру кезінде ауаға өте көп мөлшерде шаң-тозаң шығарылады. Күн сайын карьерге ұласып жатқан аумақтарға екі килограмға жуық шаң-тозаң түседі. Салдарынан топырақ ұзақ жылдар бойы, кейде мәңгілік жарты метрлік шаң-тозаң жамылып жатады, сосын, әрине, топырақ өзінің құнарлылығын жоғалтады. Ірі шикізат кен орындарын белсенді түрде қазу кезінде жақын жердегі топырақ 40 км-ге дейін ластануы мүмкін. Өңделген заттардың зияндылығына байланысты топырақ түрлі химиялық өзгерістерге ұшырайды. Егер жерге уытты заттардың үлкен көлемі шығарылатын болса, ондағы ағаштар мен бұталар, тіптен өсімдіктер жойылады да, олар қайтадан өспейді. Соның салдарынан жануарлар да не жойылады, не жаңа тіршілік ортасын іздеп, басқа жерге қоныс аударады.

            Загрязнение гидросферы

                 Пайдалы қазбаларды өндіру гидросфераға да өте үлкен әсер етеді. Көмір өндіру барысында кен орнының төңірегіндегі жерасты суларын тартып шығару жүзеге асырылады. Көмірдің әрбір тоннасына 20 м3 қабаты су, ал темір кенін өндіргенде 8 м3-ге дейін су жұмсалады. Бұл бұлақ көздерінің жоғалуы, кіші-гірім өзендердің кеуіп қалуы, жылғалардың тартылуы тәрізді экологиялық қиындықтардың туындауына әкеліп соқтырады.

            Пайдалы қазбаларды өндірудің гидросфераға әсерінің қиындығы туралы тұжырым жаса.

                 Өзен, көл, теңіз бен мұхиттар да кен өндіру және оны өңдеу нәтижесінде туындаған ластанудан зардап шегеді. Атмосфера тәрізді, суға да көптеген мөлшерде тұздар, металдар, уытты заттар мен қалдықтар түседі. Жерүсті сулары ластануының басты көзі мұнай және мұнай өнімдері болып табылады. Жыл сайын Дүнежүзілік мұхитқа 10 000 000 тоннадан астам мұнай төгіледі, оның ауданының 20%-дайын мұнай қабығы жауып жатыр.

                 Мұның салдарынан суда тіршілік ететін микроорганизмдер, балықтар мен басқа да тіршілік иелері жойылуда. Адамдар ластанған суды шаруашылық қажеттіліктеріне ғана емес, тағамға да қолданады. Ағын сулардың қосылуын азайту, пайдалы қазбаларды өндіру кезінде су шығынын төмендету, пайда болған бос жерлерді сумен толтыру жолымен гидросфераның ластануына байланысты экологиялық қиындықтардың алдын алуға болады.

            Жерүсті суларының ластануы
            Ойлан!
            • Дүниежүзілік мұхитқа мұнайдың төгілуі және мұнай қабығының түзілуі қандай зардаптарға соқтыруы мүмкін?
            Дүниежүзілік мұхиттың мұнайдан ластануы

            Өзіңді тексер!

            Сұрақтарға жауап бер.
            1. Пайдалы қазбаларды өндіру Жердің қай қабаттарына әсер етеді?
            2. Пайдалы қазбаларды өндіру салдарынан литосфераға (басқа қабаттарға) қандай зиян келеді?
            3. Пайдалы қазбаларды өндіру салдарынан литосферада (басқа қабаттарда) туындаған экологиялық мәселелерді қандай тәсілдермен шешуге болады?

            Жетістіктеріңді бағала

            • «П» – «пайдасы» бағанына сабақта өзіңе ұнағандардың барлығын – жағымды эмоция туындатқан не болмаса қандай да бір мақсатқа қол жеткізу үшін пайдалы болуы мүм-кін ақпаратты, жұмыс жасау түрін жаз.
            • «Ұ» – «ұнамағаны» бағанына сабақта ұнамағандарды, көңілсіз көрінген, түсініксіз болып қалған немесе тіршілік жағдайларын шешу тұрғысынан қажетсіз, пайдасыз көрінген ақпаратты жаз.
            • «Қ» – «қызықты» бағанына сабақ барысында мәлім болған, қызығушылық туындатқан деректерді және де осы мәселе бойынша тағы да не білгің келетінін, мұғалімге қоятын сұрақтарыңды жаз.

            «П»

            «Ұ»

            «Қ»

            Өтінемін күте тұрыңыз