Республикамыздың жер қойнауындағы байлық қоры қандай (1)?

Сабақтың мақсаты:

  • Казақстандағы пайдалы қазбалар кен орнын және олардың қолданылу аймағын анықтауды үйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • пайдалы қазбалар дегеніміз не екенін білу қажет.

Пайдалы қазбалар дегеніміз не?

«Егер сен өз еліңнің перзенті болсаң, егер де сенің жүрегің оның қуанышымен және қайғысымен өмір сүрсе, егер де саған азаматтың ар-намысы қымбат болса, елің мықты, мәртебелі және әдемі болсын десең, елің үшін аянбай еңбек ет. Есіңде болсын, жердің де, елдің де қожайыны тек сенсің!»Н.Ә. Назарбаев
  • Суретке мұқият қара. Қалай ойлайсың, бұл суреттерге не нәрсе ортақ?
Көмір
Бор
Мыс сым

Пайдалы қазбалар – шаруашылықта пайдаланылуы мүмкін жер қойнауындағы минералдық түзілімдер (құм, көмір, мұнай, газ, гранит).

Сөз

Сөздің мағынасы

пайдалы

қазбалар

  • Мағынасы бойынша бұл сөздер қалай байланысуы мүмкін?
  • Қазбаларды неліктен «пайдалы» деп атайтынын талқылаңдар.

     Пайдалы қазбалар терең жер астында орналасады, оларды алу оңайға түспейді. Пайдалы қазбаларды табу және өндірумен геологтер айналысады. Олар табиғат байлықтарын жер бетіне шығарудың көптеген тәсілін біледі. Мысалы, мұнай өндіру үшін жер бетінде бұрғылау ұңғымаларын орнатады, гранитті бульдозер мен экскаватордың көмегімен карьерде, ал көмірді шахтада өндіреді.

     Пайдалы қазбалар адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Оларсыз техникалық және ғылыми жаңалықтар болмас еді. Оларды өндіру мен өңдеу нәтижесі айналамызда жетерлік: ғимараттар, көлік, дәрі-дәрмек, жолдар, ыдыс-аяқ, тыңайтқыш, табиғи газ т.б.

Кен орны

Кен орны – пайдалы қазбалардың табиғи шоғырланған жері.

Қойнауы толған қазына, Жерімізден асқан байлық жоқ.С. Щипачев

     Қазақстанның басты байлығының бірі – оның пайдалы қазбалары. Ғалымдардың бағалауы бойынша, Қазақстан пайдалы қазбалар қоры бойынша дүниежүзінде алтыншы орынды иемденеді. Егер суреттегі картаны мұқият қарайтын болсақ, Солтүстік Қазақстанның жері темір (Соколов-Сарыбай және Лисаков), алюминий (Краснооктябрь кен орны), алтын (Васильков) кендеріне бай екендігі байқалады. Сонымен қатар мырыш кен орны игеріліп жатыр және асбесттің қоры бар.

     Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбаларын бірінші кезекте түсті металдар – мыс, мырыш, қорғасын құрайды. Сонымен қатар бағалы металдар өндіріледі.

     Батыс Қазақстан аумағы мұнай мен газға бай (сурет). Алғашқы мұнай бұрқағы 1899 жылы Ембі кен орнындағы Қарашүңгіл ұңғымасынан атқылаған болатын. Одан кейін Доссорда (1911) және Мақатта (1915) мұнай кен орны игерілді. Бұлар қазіргі кезде де еліміздегі ірі кен орындары болып есептеледі. Қазақстанның негізгі газ кен орындары – Қарашығанақ, Жаңажол, Қызылой. Батыс Қазақстан сонымен қатар тұз қорына бай. Әсіресе тұз Каспий маңы ойпатында мол. Тұзды күмбездердің биіктігі кейде 2 км-ге дейін жетеді.

Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы
Каспий теңізінде мұнай өндіру
Алтын өндіретін карьер

     Орталық Қазақстан көмір бассейндерімен танымал. Қазақстанның басты көмір базасы – Қарағанды көмір бассейні, оның көмірінің сапасы өте жоғары.

     Оңтүстік Қазақстанның пайдалы қазбалар кен орны ерекше, Қазақстанның басқа өңірлеріне ұқсамайды. Мұнда уран кенінің үлкен шоғыры орналасқан. Уран өндіру бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші ел болып табылады. Уран кенінен басқа Қазақстанның оңтүстігінде фосфор кені шоғырланған.

3-тапсырма

  • Шартты белгілерді қолданып, Қазақстанның кескін картасына мәтінде көрсетілген пайдалы қазбаларды енгіз.
  • Кен орындарының атауын жаз.
  • Өзің тұратын елді мекеннің пайдалы қазбаларын оқып біл.

     Адам баласы үшін маңызы жоғары табиғи кен орындары өте көп. Әрбір пайдалы қазба адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Мысалы, көмір, мұнай мен газ негізгі отын ретінде қолданылады. Дәл осы үш ресурс Жер бетінің барлық тұрғынын энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызып отыр. Түсті металдар өте сапалы қоспаның құрамына кіреді, олар микросызба, электроника, радиотехника үшін қажет. Мұнайды қайта өңдеп, жаңа өнімдер алумен химия өнеркәсібі айналысады (мысалы, пластмасса, фармацевтика). Құм, балшық, әктас, гранит, мәрмәр құрылыста қолданылады.

Пайдалы қазба атауы

Выбери ответ

Сазбалшық

Әктас

Мұнай

Құм

Табиғи газ

Таскөмір

Өзіңді тексер!

  1. (мұнай) ?
  2. (құм) ?
  3. (мырыш) ?
  4. (әктас) ?
  5. (пайдалы) ?
  6. (газ) ?
  7. (қоңыр көмір ) ?
  8. (мұнай) ?
  9. (көмір) ?
Өтінемін күте тұрыңыз