«Тұрмыстық химия» дегеніміз не

Сабақтың мақсаты:

  • тұрмыстық химия өнімдерінің қолданылу аясын түсіндіруді үйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу үшін:

  • тұрмыстық химия дегеніміз не және оның қандай өнімдері барын білу қажет.

Тұрмыстық химия

      Сен күнделікті қолданып жүрген заттарымыз неден жасалғандығы жайында ойланып көрдің бе? К.И. Чуковскийдің «Таңертең және кешкісін жуыну керек, жуыну, кір-қожалақ балаларға ұят әрі масқара...» деген танымал өлеңін оқымаған адам жоқ шығар. Алайда теріңнің, тісің мен шашыңның тазалығын сақтау үшін жалғыз ғана су жеткіліксіз. Сабын, тіс пастасы, сусабын, шашты шайғыш, ваннаға арналған көпіршік дегендер адам өміріне қажеттінің  толық тізімі емес.

     Ал үйді тазалайтын құралдар, кір жуатын ұнтақтар, ауасергіткіш сияқты құралдарсыз біз өз өмірімізді тіпті елестете алмаймыз. Бұл құралдардың барлығы тұрмыстық химия өнімдері болып табылады.

Тұрмыстық химия – дүние-мүлікке, киім-кешекке, үй-жайға, автокөлікке күтім жасауға арналған құралдар.

Тұрмыстық химияға олардан бөлек  залалсыздандырғыш құралдар мен желім жатады.

Біздің өміріміздегі тұрмыстық химия

Тұрмыстық химия біздің өмірімізде маңызды орынға ие

Кіржуғыш ұнтақ деген не?

Бүгінгі күні кір жуу үдерісін кіржуғыш ұнтақсыз елестету қиын, өйткені ол пайда болған сәттен бері жарты ғасыр уақыт өтті. Шындығында, кіржуғыш ұнтақтың пайдаланылғаны туралы алғашқы деректер XVI ғасырды қамтиды. Үндістер кір жуған кезде суға ерекше ұнтақ қосқаны белгілі, бір өкініштісі, оның әзірлену үлгісі сақталмаған.

Кіржуғыш ұнтақ – кір жууға арналған синтетикалық жуу құралы. Кіржуғыш ұнтақ – киімнен және кез келген заттағы кірді кетіруге арналған су ерітіндісінде қолданылатын үлкен көлемдегі химиялық компоненттер қоспасы.

Фриц Хенкель – неміс химигі, тарихта алғашқы кіржуғыш ұнтақты шығарған адам.

Тұрмыстық химия өнімдерінің топқа бөлінуі

     Тұрмыстық химия өнімдері шартты түрде үш топқа бөлінеді.

      Кез келген тұрмыстық химия өнімін пайдаланар алдында оның қолданылу тәсілімен (ережелерімен) танысу қажет.

  • Тұрмыстық химия өнімін қолданар алдында неліктен нұсқаулығымен танысу қажет? Талқылаңдар. Жауабыңды кластер түрінде сыныпқа ұсын.

      Агрегаттық күйі бойынша тұрмыстық химия 3 топқа бөлінеді.

Үйіңде қандай тұрмыстық химия құралдары бар?
  1. Олар агрегаттық күйіне қарай қандай тұрмыстық химия түріне жататынын анықта.
  2. Олар қандай қызмет атқарады?
  3. Оларды пайдаланғанда қандай қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау керек?
Жүн және жібек бұйымдар зақымданбауы үшін оларды сілтілік ортасы жоқ кіржуғыш ұнтақпен жуған дұрыс.
  • Ойлан. Кіржуғыш ұнтақтың ортасын қалай анықтауға болады?

Бұл қызық!

Сен білесің бе?

Лакты қытайлықтар шамамен 7000 жыл бұрын пайдаланған. Лакпен өңделген ең ежелгі жәдігер – қызыл ағаш тостаған (б.з. д. шамамен 5000–4500 жж.)

     Біз күнделікті өмірімізді тұрмыстық химиясыз елестете алмаймыз. Бұл ғалымдарды жаңаларын ойлап тауып, бұрынғыларын жетілдіре түсуге ынталандырады. Мұның бәрі айтарлықтай дәрежеде өмірімізді жеңілдетеді, сонымен бірге қоршаған ортаға зиянын да тигізеді.

Заттаңбаларды оқы

Өнім құрамындағы ингредиенттер массасының азаюына қарай жазылады. Мысалы: егер: «Құрамы: су, сода, тұз..., жүзім сүйегінің майы» деп жазылған болса, бұл сусабынның 99%-ы судан тұратындығын білдіреді. Жүзім сүйегінің майы мегатонналық бөшкеге үш тамшы тамызғандай ғана мөлшерде болады.

Жетістіктеріңді бағала

«Адам» – өзін-өзі бағалау
  • Егер сен тақырыпты меңгерген болсаң, суреттегі адамды толық боя. Егер ішінара меңгерсең, суреттің жартысын, нашар болса, тек аяқтарын боя.
  • Өз жұмысыңа талдау жаса. Алдағы уақытта үлкен жетістікке жету үшін, үйде нені қайталау керек?
Өтінемін күте тұрыңыз