ЗАТТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН АЛЫНУЫ. Табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктері неде?

Сабақтың мақсаты:

  • табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауды үйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • жасанды материалдарға табиғи материалдардың артықшылығы қандай екенін;
  • табиғи материалдардың кемшілігі қандай екенін  білу қажет.

Сен күнделікті пайдаланып жүрген заттар неден жасалған?

     Өзің күнделікті қолданып жүрген заттардың неден жа- салғандығы жөнінде ойланып көрдің бе?

     Айналаңа қарасаң, жан-жағыңдағы заттардың әртүрлі материалдан жасалғанын көресің.

Табиғи заттардан жасалған денелер: 

Жасанды заттардан жасалған денелер: 

     Ең көп таралған материалдар – ағаш, әйнек, металл. Алайда бұдан басқалары да бар. Бізге соншама түрлі материалдың қажеті не, аздаған түрі де жеткілікті ғой деген ой тууы мүмкін.

     Бірақ бәрі біз ойлағандай оңай емес. Түрлі материалдың мүлде әртүрлі қасиеттері болады. Мысалы, ағаштан жиһаз жасауға болады, алайда одан автокөліктің қосалқы бөлшектерін жасай алмаймыз. Біз қанша тырыссақ та,   қаншалықты шеберлікпен жасалса да, мәшине мұндай бөлшекпен ешқайда бара алмайды. Оны әзірлеу үшін бізге мырышпен қапталған болат қажет, сол  ғана мәшинеге нағыз қажетті бөлшек болады.

     Түрлі өндіріс салаларында алуан түрлі материалдарды пайдаланудың мұндай мысалын өте көп келтіруге болады. Бұл барлық табиғи материалдар біздің күнделікті өмірімізде өте маңызды екендігін білдіреді. Ғалымдар ойлап тапқан жасанды материалдар да бізге өте көп пайдалы заттар өндіруге көмектеседі. Жасанды материалдардың тағы бір артықшылығы-олар арнайы заттардан өндіріледі және оларға қажетті қасиеттерді бірден қосып отырады.

     Бірдей мақсатта қолданылатын кейбір нәрселер түрлі материалдан жасалған болуы мүмкін. Ыдыстар, мысалы, керамикадан, пластиктен, металдан, әйнектен жасалады, ағаштан ойып жасағандары да болады. Әзірлеуге арналған материалдардың әралуандығы олардың әрқайсысының қазіргі әлемдегі маңыздылығын көрсетеді. Керамикалық және әйнек ыдыстар экологиялық жағынан әлдеқайда таза, ал металл ыдыстар сынбайды және ұзағырақ қолданылады, пластик ыдыстар жеңілдеу әрі иілгіш болып келеді.

     Біздің өмірімізді түрлі орама материалдарынсыз елестету мүмкін емес. Сүт, йогурт, шоколад, қаймақ қаптамасы қандай материалдан әзірленгенін есіңе түсір.

Таза талшық. Жасанды талшық

     Жүздеген жылдар бойы адамдар мата өндірген кезде табиғат берген талшықтарды – жабайы өсімдік талшықтарын, жануарлардың жүнін, зығыр мен кендір талшықтарын қолданған. Егіншаруашылығы дамығаннан кейін адамдар өте жақсы және мықты талшық беретін мақта өсіре бастады.

     Алайда табиғи шикізаттың да өз кемшіліктері бар. Табиғи талшықтар, мысалы, қысқа, аса берік емес болады, өте күрделі технологиялық өңдеуді талап етеді. Сондықтан адамдар жүн тәрізді жылы, жібек тәрізді жеңіл әрі әдемі, мақта тәрізді арзан әрі тиімді мата алуға болатын шикізат іздей бастады.

      Ғылымның жетістіктері табиғи материалдардан, ең алдымен ағаштан, сабаннан алынған целлюлозадан химиялық талшықтар жасауға мүмкіндік туғызды. Мұндай талшықтар жасанды, ал синтетикалық полимерлерден алынғаны – синтетикалық талшық деп аталады.

Назар аудар, сенің оқулығыңның қабы, спорт киімдеріңді салатын қалта неден жасалған?

Көбіне олар полимерлерден – адамның өз қолымен жасаған жасанды заттардан әзірленген

Таза (табиғи) талшық – өсімдік текті (зығыр, мақта), жануар текті (жүн, таза жібек) және минерал (асбест талшық) текті талшықтар.

Жасанды талшық – табиғи полимерлерден, ең алдымен ағаштан және сабаннан алынған целлюлозадан жасалған талшықтар.

     Мата өндірісінде қолданылатын химиялық талшықтардың көптігі соншалық, ешкім де оны тізіп айтып бере алмайды. Ал зертханаларда олардың әлдеқайда жаңа түрлері синтезделіп жатыр.

     Қазіргі кездегі адам киімдерінің ішінен табиғи талшықтан әзірленгендерін өте сирек кездестіресің. Бүгінгі күні барлық табиғи маталардың құрамында олардың қасиеттерін жақсартатын қоспалар бар. Киімге дұрыс күтім жасау үшін оның шикізат құрамын және сол материалдың қасиеттерін білу өте маңызды.

     Табиғи талшықтардан әзірленген мата тәрізді жасанды талшықтан әзірленген маталар да гигиеналық және басқа да жоғары сапаларға ие.

Синтетикалық талшық. Асбест

Синтетикалық талшық – табиғи қосылыстардан синтездеу жолымен өндірілген, табиғатта кездеспейтін полимерлерден алынған талшықтар.

     Барлық табиғи материалдың ішінде тек асбест қана жұмсақ, отқа жанбайтын, жеңіл және төмен жылу өткізгіштік қасиеттерге ие.

     Асбест – талшығынан мата тоқылатын жалғыз минерал.

Сен білесің бе?

      Өрт сөндірушілердің киімін неден жасайды?

     Адамдарға мыңдаған жылдардан бері асбест минералы белгілі. Оны ерекше талшықтылығы үшін тау зығыры деп те атайды.

     Елімізде ең ірі асбест кен орындары Қостанай (Жітіқара) және Қарағанды (Жезқазған) облыстарында орналасқан. Айтарлықтай қоры Мұғалжар тауларының оңтүстігіндегі Бөгетсай және Іле Алатауындағы Хантау кен орындарында бар.

Киімді неден жасайды?

Жұпта немесе топта талқыла, орында

Суреттегі киім заттаңбаларына мұқият қара.
  1. Әр үлгі қандай талшықтардан тұрады: табиғи ма әлде жасанды ма?
  2. Әр заттаңба қандай киімге сәйкес келеді, қалай ойлайсың?
  3. Матаға неліктен синтетикалық немесе жасанды талшықтар қосады?
  4. Жасанды немесе синтетикалық талшықтарды қосу матаның сапасын қалай өзгертеді?
  5. Жасанды талшықтардың табиғи талшықтардан артықшылығы неде?
Киім заттаңбалары
  • Өз киімдеріңнің заттаңбасына қарап, оның матасының құрамын анықта.

6-сарамандық жұмыс

Табиғи және жасанды талшықтардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Саған қажет:

  • мата түрлері (мақта, зығыр, жүн, ацетат жібегі, вискоза),
  • кішкентай қысқыш,
  • стақандағы су,
  • сіріңке.


1-тәжірибе.​

Матаның беткі жағын зертте, оның қандай қасиеттері бар.

Ойлан, оны қалай істеуге болады? Мата үлгісінің бетін мұқият қара. Қай матаның беті жылтырап тұр, қайсысы жылтыр емес?

2-тәжірибе

Матаның беткі жағының тағы да қандай қасиеттері бар, сипап көріп, анықта: тегіс пе әлде кедір-бұдыр ма?


3-тәжірибе​

Өзіміз киіп жүрген киімнің қатты қыртыстанғанына наразылық білдіріп жатамыз. Өздігіңнен анықтап көруге тырыс, мата үлгілері қыртыстана ма?
  • Оны қалай анықтадың?

     Матаның қыртысталу қасиеті де үш дәрежеге бөлінеді:

  1. Мата қыртыстанбайды,
  2. Қыртыстанады,
  3. Өте қатты қыртыстанады.

     Мата үлгісін қолыңа ал. Оны алақаныңа қыс. Ол қандай күйге түсті? Осылай тәжірибе жасау арқылы сен олардың қыртыстану дәрежесін анықтадың.


4-тәжірибе.​

Кез келген мата үшін ылғалтартқыштық, яғни матаның ылғалды сіңіре алуы маңызды қасиет болып табылады. Қазір біз мата үлгісінің сулану дәрежесін анықтауға мүм- кіндік беретін тәжірибе жүргіземіз.
  1. Қысқышпен мата үлгісін алып, оны су құйылған ыдысқа сал.
  2. Оны судан шығарып, матадан су ағып тұр ма немесе тамшылап тұр ма, жоқ па, соған көңіл аудар.
  3. мата біркелкі суланған ба әлде кей жерлері ғана ма?
  4. Осылайша басқа үлгілерді де сынап көр.



5-тәжірибе.​

Мата үлгісі қалай жанатынын тексерейік.
  1. Мата үлгісінен жіп суырып алып, қысқышпен ұста да, жағып көр.
  2. Жанған жіп қандай болып көрінетінін қара.
  3. Жіп жанған кезде қандай иіс пайда болды, иіске.

Мата қасиеттері

мақта

жүн

зығыр

ацетат жібегі

вискоза

1. Жылтырлығы

2. Тегістігі

3. Қыртыстануы

4. Ылғал тартуы

5. Жануы

Табиғи талшықтардың жасанды талшықтардан артықшылығы мен кемшілігі неде? Қорытынды жаса.

Сұрақтарға жауап бер:

  1. Табиғи талшықтарды неден әзірлейді?
  2. Қазіргі ғылым қандай мақсатта жаңа синтетикалық талшықтар шығарады?
  3. Сенің мектепке киетін киімің қандай талшықтардан тұрады? Заттаңбасын қара.
Өтінемін күте тұрыңыз