Заттар қай кезде қайнайды және балқиды?

Сабақтың мақсаты:

  • заттардың қасиеттерін: қайнау және балқу температураларын сипаттауды үйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • қайнау және балқу температуралары дегеніміз не және оларды қалай анықтауға болатынын ;
  • түрлі заттардың балқу және қайнау температураларын адамдар қайда пайдаланатынын білу қажет.

Қайнау және балқу температуралары 

     Әрбір заттың тек өзіне ғана тән қасиеті бар, ол қасиеті басқа заттардың әсерінен тәуелсіз болады. Көптеген қасиеттері – түсі, дәмі, иісі, созылымдылығы, тығыздығы саған таныс.

     Заттардың өте маңызды қасиеттері – қайнау және балқу температуралары адам баласы үшін аса қажетті болып табылады.

     Су қайнайды, металл балқиды. Мұндай көрініс бізге бала кезден таныс. Бірақ су да балқып, металл да қайнайды екен, бір сөзбен айтқанда, бұл ұғымдарды кез келген затқа қолдануға болады. Барлық заттар түрлі агрегаттық жағдайда бола алады. Бұл жағдай бөлшектердің өз арасындағы емес, зат бөлшектерінің орналасуына және қозғалысына байланысты ерекшеленеді. Белгілі бір жағдайда заттар бір агрегаттық жағдайдан екіншісіне ауыса алады. Заттардың агрегаттық ауысуы жүзеге асатын бірнеше үдеріс болады.

Балқу. Балқу температурасы 

Заттардың қасиеттерін қарап, олардың қандай жағдайда қайнайтынын, ал қандай жағдайда балқитынын анықта

Парафин майшамды жақ. Отқа жақындағанда парафин қандай күйге түсетінін бақыла. Заттың қандай қасиетін байқадың?

Парафин майшамды жаққан кезде   .

Майшам жаққан кездегі парафиннің агрегаттық күйі   .

Заттың байқалған қасиеті   .

Қорытынды жаса.

Жылу артқан кезде затта   өзгереді, яғни балқиды. Қатты жағдайдан сұйықтыққа айналу   деп аталады.

Затты балқыта алдың ба?  

Қалай ойлайсың, неліктен? 

Балқу – заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы.

Балқу температурасы – заттың балқуы жүзеге асатын температура.

Қайнау. Қайнау температурасы

Заттардың қасиеттерін зерттеп, олардың қандай жағдайда қайнайтынын анықта.

Нені байқадың?  

Қыздырмауға да болар ма еді, қалай ойлайсың? 

  • Нені байқадың? Қыздырмауға да болар ма еді, қалай ойлайсың?

Қыздырған кезде су   .

Заттың байқалған қасиеті   .

Барлық заттардың қайнау температурасы  .

Қайнау балқудан   ерекшеленеді.

Нені байқадың? 

Қыздыруды жалғастыратын болсақ, одан әрі қандай жағдай болуы мүмкін? 

Қайнау – заттың сұйық күйден газтәрізді күйге өтуі.

Қайнау температурасы – қайнау жүзеге асатын температура.

Сен білесің бе?

  • Қайнатуды электрстансыларында электр қуатын өндіру үшін қолданады.
  • Қайнатуды ғимараттарды жылыту үшін қазандықта  және бу қондырғысында қолданады.
  • Қайнатуды медицинада құралдарды залалсыздандыру үшін қолданады.
  • Қайнатуды тағам әзірлеу үшін қолданады.
  • Кейде аяқжолдағы қарды тезірек еріту үшін оған тұз себеді. Суда тұз ерітіндісі түзілетіндіктен, мұз ериді. Судың қату температурасы ауа температурасынан төмен болады.

Өзіңді тексер!


1а-тапсырма​

  • Сызбада қандай жағдайда температура артатынын, ал қай кезде төмендейтінін анықта.
  • Қандай жағдайда қайнау үдерісі, ал қай кезде балқу жүзеге асады?

1ә-тапсырма

Ойланып, жауап бер. Қалай ойлайсың?
  1. Қайнау кезінде сұйықтықтың температурасы өзгере ме?
  2. Сұйықтық қайнаған кезде неліктен көпіршіктер көбейіп, судың бетіне көтеріледі?
  3. Булануды қайнауға жатқызуға бола ма? Неліктен?

Егер адамның ашудан зығырданы қайнайтын болса, ол адамның өзіне және айналасындағыларға қалай әсер ететініне талдау жаса.

2-тапсырма

«Ашудан зығырданы қайнау» деген сөз бар. Ол нені білдіреді?
  • Ашудан зығырданы қайнау – жақсы, жаман немесе бейтарап нәрсе, сенің ойыңша қалай?
Мен ... кезде орын алады деп ойлаймын.

Жетістіктеріңді бағала

«Өсу ағашы» – өзін-өзі бағалау

      Осы сабақ қорытындысы бойынша өзіңе сай келетін адамды боя.

     Осы сабақта білімнің шыңына жеткеніңді байқасаң, ағаштың басындағы адамды боя. Сабақ тақырыбы бойынша әлі де сұрақтарың болса, жоғарыға ұмтылған адамды боя.

     Егер сен материалды игере алмасаң, онда жердегі адамды боя.

     Өз жұмысыңа талдау жаса – ағаштың басына жету үшін саған үйде нені қайталау қажет?

Өтінемін күте тұрыңыз