Неліктен түрлі мемлекеттерде тәулік уақытында айырмашылық болады?

Сабақтың мақсаты:

  • сағаттық белдеу картасын пайдаланып, уақытты анықтауды уйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • уақыт туралы қандай тусініктер барын;
  • карта бойынша белдеулік уақытты қалай анықтайтынын білу қажет.

Әлемнің әр қаласындағы уақыт

Жұпта немесе топта талқыла, орында

Теледидар жаңалықтарында өзің тұратын елді мекендегі уақыт пен жаңалықта айтылған елді мекен уақытының арасында айырмашылық бар екенін байқаған боларсың.
  • Неліктен уақыт өлшемі әр елде әртүрлі?
Әлемнің әр қаласындағы уақыт

Жергілікті уақыт

     Жердің көлемі үлкен болғандықтан, жер бетінің түрлі нүктелерінде өзінің жергілікті күн уақыты болады (сурет). «Сағат қанша?» деген мәселені айқындау барысында түсінбестік болмас үшін стандартты уақыт жүйесі қабылданған. Жерді шартты түрде 24 сағаттық белдеуге бөлді, ол тәуліктегі 24 сағатқа тең (Жердің өз осінен толық бір айналым (360о) жасауы). Яғни, 1 сағатта Жер 15о-қа бұрылады, өйткені 360о: 24 = 15о. Меридианда 15о қашықтықта орналасқан мекендердің арасындағы уақыт айырмашылығы 1 сағатты құрайды. Бір меридианның Солтүстіктен Оңтүстік полюске дейінгі әрбір нүктесінде уақыт бірдей. Бұл жергілікті уақыт деп аталады.

Қазіргі сәтте меридианда орналасқан нүктелердегі күн уақыты жергілікті уақыт деп аталады.

Жергілікті уақытты анықтау алгоритмі

  1. 34-суретте берілген мекендердің географиялық бойлығын анықта.
  2. Елді мекендер арасындағы айырмашылықты градуспен есепте.
  3. 15о – 1 сағатты құрайтынын есепке алып, мекендер арасындағы уақыт айырмашылығын есепте.
  4. Жергілікті уақытты анықта.

Ескерту:

0,1 сағат – 6 минут

0,2 сағат – 12 минут

0,3 сағат – 18 минут т.б.

Белдеулік уақыт

     Алайда Жерде меридиандар сағат санындағы 24-тен әлдеқайда көп. Бұл жерде төмендегідей есептеулер жүргізу қажет: 1 сағат – 60 минутқа тең. 60 минутта ғаламшар 15о-қа бұрылады. 60 мин : 15о = 4 минут. Осылайша, 4 минут ішінде Жер 1о-қа бұрылады екен. Яғни, егер бір елді мекен екіншісінен 1о қашықтықта орналасқан болса, ондағы уақыт та 4 минутқа өзгеруі тиіс. Бұл өте ыңғайсыз. Мысалы, Алматы мен Талғар қалалары түрлі меридианда орналасқан. Бірақ жергілікті уақыт айырмашылығы азғантай ғана (бірнеше секунд). Бұл адамдардың тіршілік әрекетінде белгілі бір қиындықтар туындатады, сондықтан 1884 жылы Халықаралық астрономиялық конгресте белдеулік уақыт енгізілген.

Бір сағаттық белдеудің шегіндегі уақыт белдеулік уақыт деп аталады.

Сонымен бірге белдеудің шегінде уақытты ортасынан өтетін меридиан бойынша санау келісілген.

Белдеулердің шегарасы

     24 сағаттық белдеудің әрқайсысының 0-ден бастап 23-ке дейінгі өзіндік нөмірі (сан) бар. Санауды бастау нүктесі ретінде нөлдік (Гринвич) меридианы (ол 24-інші) алынды. Одан бастап шығысқа қарай +1, +2, +3 және т.б., ал батысқа қарай: –1, –2, –3 және т.б. сағаттық белдеу жүреді. Әрбір меридиан сағаттық белдеудің ортасында орналасқан.

     Белдеулер картасында белдеулер шегі тек меридиан бойынша ғана емес, кейде облыстар арасындағы шегара бойынша да өтеді. Кейде ол мемлекеттік шегаралармен сәйкес келеді. Бұл бүкіл облыс өзінің елді мекендерімен бір сағаттық белдеуде орналасуы үшін – уақытты есептеу ыңғайлы болу үшін жасалған.

Қазақстандағы сағаттық белдеулер картасы

      Егер сен сағаттық белдеулер картасын мұқият қарайтын болсаң, біздің мемлекеттің аумағы төрт сағаттық белдеуде (3-інші, 4-інші, 5-інші, 6-ыншы) орналасқанын көресің. Бірақ 2004 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» №775 Қаулысы қабылданды. Оған сәйкес сағаттық белдеулер саны екіге қысқарды – 4-інші және 5-інші (35-сурет). Қазақстан Республикасында көлік, байланыс, радио және теледидар жүйесінде қазақстандық (Астана) уақыты қолданылады. Нақты уақыт белгісі Астанадан радио бойынша беріледі.

  1. Қазақстан қандай сағаттық белдеулерде орналасқан?
  2. 3 және 4, 5 және 6 сағаттық белдеулер неліктен біріктірілді деп ойлайсың?
  3. Белдеулердің шегарасы неге меридиандар бойынша өтпейді?

Белдеулік уақытты анықтау алгоритмі

  1. Картада берілген елді мекендер қандай сағаттық белдеуде орналасқанын анықта.
  2. Елді мекендер арасындағы уақыт айырмашылығын анықта.
  3. Белдеулік уақытты есепте (қай ел шығыста, қайсысы батыста екендігін анықта).

Дата ауысу сызығы

      Шығыста уақыт ұзағырақ болады. 12-ші белдеудің ортасында, шамамен 1800 меридианды бойлай дата ауысу сызығы (37-сурет) өтеді. Бұл – Жер бетіндегі шартты сызық, оның екі жағындағы уақыт (сағат пен минут) бір-біріне сәйкес келеді, ал күнтізбелік дата бойынша бір тәулік айырмашылық болады. Мысалы, Жаңа жылда, 00 сағат 00 минутта, осы сызықтан батысқа қарай 1 қаңтар, ал шығысқа қарай ескі жылдың 31 желтоқсаны болып тұрады.

Дата ауысу сызығы

Дата ауысу сызығы – полюстен полюске дейін созылатын жер бетіндегі шартты сызық. Оның екі жағындағы жергілікті уақытта бір тәулікке айырмашылық болады.

Есіңде сақта! Дата ауысу сызығынан батысқа қарай Жер шарында күнтізбенің жаңа датасы, яғни жаңа күні басталады. Ал батыстан шығысқа қарай жүргенде күнтізбені 1 күнге шегереді.

Өзіңді тексер!

Пекин .

Токио .

  

 

а) Каирдан Нью-Йоркке:    

ә) Лондоннан Пекинге:    

б) Рио-де-Жанейродан Мумбайға:    

в) Токиодан Парижге:    

г) Джакартадан Торонтоға:    

  • сағат 11-де
  • сағат 12-де
  • сағат 13-те
  • Тынық мұхитта
  • Үнді мұхитта
  • Атлант мұхитында
  • Каир
  • Париж
  • Токио
  • Пекин
  • Мәскеу

«Судағы шеңберлер» техникасы

Бағанда кілт сөз жазылған. Төменде жауап беруге тиіс сұрақ берілген. Бағандағы әрбір әріпке сабақтың тақырыбына байланысты сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем табу керек. Бағандағы әрбір әріп таңдап алынған сөздің ішінде болуы тиіс.

  • Жер ғаламшарында уақытты үлестірудің мәні неде?
Дүниежүзіндегі сағаттық белдеулер картасы
Өтінемін күте тұрыңыз