МАТЕРИКТЕР МЕН МҰХИТТАР. Материктер мен мұхиттарға жоспар бойынша сипаттама беру

Сабақтың мақсаты:

  • материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтары табиғатының ерекшелігін жоспар бойынша анықтауды;
  • жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшелігін анықтауды үйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • материктер мен мұхиттардың физикалық-географиялық орнын анықтау алгоритмін;
  • материктер мен мұхиттардың негізгі ерекшеліктерін білу қажет.

Жер ғаламшары

Жер ғаламшары – Күннен бастап санағандағы үшінші ғаламшар. Күн жүйесіндегі барлық ғаламшардың ішінде көлемі бойынша бесінші. Шамамен 4,54 миллиард жыл бұрын пайда болған. Ғаламшар бетінің шамамен 70,8 %-ын Дүниежүзілік мұхит алып жатыр, ал қалған бөлігінде континенттер мен аралдар орналасқан.

Жер ғаламшары

Материктер

Шамамен 250 млн жыл бұрын Жер ғаламшарында бір ғана материк – Пангея болған. Оның ауданы шамамен қазіргі барлық материктерді бірге алғандағы көлемге тең болған. Пангея Панталасса деп аталатын мұхитқа ұласқан. Ол мұхит ғаламшардағы қалған кеңістіктің бәрін алып жатқан.

     Жер бетінде материктер мен мұхиттар бар екендігін білесің. Олар көлемдері мен кескіндері бойынша әртүрлі, бұл олардың табиғатындағы ерекшеліктерінен байқалады. Материктер Жер бетінде біркелкі орналаспаған. Солтүстік жартышарда олар 39%- ды, ал Оңтүстік жартышарда тек 19%-ды алып жатыр. Сол себепті Жердің Солтүстік жартышарын материктік (1-сызба), ал Оңтүстік жартышарын – мұхиттық  деп атайды. Материктер түрлі ендікте орналасқандықтан, Күннен келетін жылу мен жарықты да түрлі деңгейде алады. Материк табиғатының қалыптасуында оның ауданы маңызды рөл атқарады, материк үлкен болған сайын, оның мұхиттан қашықтағы ауданы көбірек болады.

     Еуразия – ең үлкен материк. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы осы материкте орналасқан. Еуразия материгінің ауданы – 54,7 млн км². Халқы – 5 млрдтан астам (2016 ж.). Бұл әлем халқының 70%-дан астамын құрайды. Ең үлкен көлі – Каспий – 396 мың км². Ең терең көлі – Байкал – 1642 м. Ең биік тау – Гималай. Ең биік нүктесі – Эверест (Джомолунгма) тауы. Жер бетіндегі ең ылғалды жер – Үндістан, Черапунджи қаласында жылына 12 мың мм жауын-шашын түседі. Еуразияның жануарлар әлемі – өте ерекше.
     ​Бұл жерде барлық климаттық белдеулер мен Солтүстік жартышардың табиғат зоналары кездеседі. Бұл материкке барлық мұхиттар ұласып жатады.

Еуразия S= 54,7 млн км²

Африка – ауданы бойынша Еуразиядан кейінгі екінші, ғаламшардағы ең ыстық материк. Оның ауданы – 30,3 млн км². Африкада әлемдегі ең үлкен Сахара шөлі орналасқан. Африканы дәл ортасынан экватор сызығы кесіп өтеді. Оның үлкендеу бөлігі солтүстік және оңтүстік тропиктердің арасында жатыр. Африка атауы осы материктің солтүстік бөлігінде өмір сүретін халықтардың атауынан шыққан.

Африка S= 30,3 млн км²

     Солтүстік Америка – көлемі бойынша Африка материгінен кейінгі үшінші орында. Оның жалпы ауданы 24,3 млн км2-ді құрайды. Солтүстік Американың өсімдіктер дүниесі ерекше. Өсімдіктер әлемінің ең ежелгі өкілі – секвойя осы материкте өседі. Өсімдік биіктігі 100–150 метрге және диаметрі 20 метрге дейін жетеді. Фаунасының өзгеше өкілі – осы материкте тіршілік ететін қошқарөгіз – бір мезетте қошқарға да, қойға да ұқсайтын жануар. Оның денесінің ұзындығы шамамен 2,5 метрге, ал биіктігі 1 метрге жетеді.

Солт. Америка S= 24,3 млн км²

     Оңтүстік Америка – Жердің Батыс және Оңтүстік жартышарында орналасқан, азғантай бөлігі солтүстікте жатқан үлкен материк. Оны ең ылғалды материк деп атайды. Оңтүстік Американың ең үлкен мемлекеті – Бразилия бізге салтанатты карнавалдарымен танымал. Әлемдегі ең үлкен өзен Амазонка осы материктен ағып өтеді, оның бес жүзден астам саласы бар. Анхель – әлемдегі ең биік сарқырама. Ол оңтүстік-америкалық Венесуэла мемлекетінің жерінде. Су құламасының биіктігі 1054 метрден асады.

Оңт. Америка S= 17,8 млн км²

     Аустралия – жер бетіндегі ең кіші, ең төмен орналасқан және ең құрғақ материк. Теңіз деңгейінен орташа биіктігі – 330 метр. Аустралия – материктің бүкіл аумағын алып жатқан әлемдегі жалғыз мемлекет. Қазіргі уақытқа дейін бұл материкте таңғажайып өсімдіктер мен жануарлар сақталған. Өсімдіктердің 12 мың түрінің 9 мыңнан астамы әлемнің басқа еш жерінде кездеспейді. Материкте осы күнге дейін көне жануарлар – үйректұмсық пен ехидна сақталған. Аустралияда мекендейтін жалғыз жыртқыш – динго иті.

Аустралия S= 7,6 млн км²

     Антарктида – алтыншы материк. Ол барлық жағынан қуатты мәңгілік мұз жабынымен құрсанған жер. 99 пайыз мұздан тұрады. Антарктида Жер бетіндегі тұрақты тұрғыны жоқ жалғыз материк болып табылады.

Антарктида S= 14 млн км

Еуразия

  • Тынық мұхит
  • Атлант мұхиты
  • Үнді мұхиты
  • Солтүстік Мұзды мұхит

Солтүстік Америка

  • Тынық мұхит
  • Атлант мұхиты
  • Үнді мұхиты
  • Солтүстік Мұзды мұхит

Африка

  • Тынық мұхит
  • Атлант мұхиты
  • Үнді мұхиты
  • Солтүстік Мұзды мұхит

Оңтүстік Америка

  • Тынық мұхит
  • Атлант мұхиты
  • Үнді мұхиты
  • Солтүстік Мұзды мұхит

Антарктида

  • Тынық мұхит
  • Атлант мұхиты
  • Үнді мұхиты
  • Солтүстік Мұзды мұхит

Аустралия

  • Тынық мұхит
  • Атлант мұхиты
  • Үнді мұхиты
  • Солтүстік Мұзды мұхит

Евразия  экваторға қатысты  және нөлдік меридианға қатысты   орналасқан. 

Солтүстік Америка   экваторға қатысты  және нөлдік меридианға қатысты   орналасқан. 

Африка экваторға қатысты   және нөлдік меридианға қатысты  орналасқан. 

Оңтүстік Америка  экваторға қатысты   және нөлдік меридианға қатысты   орналасқан. 

Антарктида экваторға қатысты    және нөлдік меридианға қатысты  орналасқан. 

Австралия  экваторға қатысты және нөлдік меридианға қатысты  
 орналасқан. 

Материктің шеткі нүктесі

Әрбір материктің шеткі нүктелері болады. Материктің шеткі нүктесі – бұл материктің құрғақ жері бітіп, мұхит басталатын жер.

Картадан материктің шеткі нүктесін табу алгоритмі

Саған қажет:

  • сызғыш;
  • материктің физикалық картасы.
  1. Сызғышты картада материкке көлденеңінен қой (сурет).
  2. Сызғышты материктің көрініп тұрған бөлігіндегі соңғы нүктеге дейін оңға немесе солға қарай жылжыт.
  3. Осы материктің шеткі солтүстік (оңтүстік) нүктесі. Оның координаттарын анықта.
  4. Шығыс және батыс нүктелерін анықтау үшін де осы алгоритм қолданылады. Онда сызғышты картаға тігінен қою керек.

Материктің шеткі нүктесін табу

Мұхиттар

     Барлық мұхиттар бір-бірімен өзара байланысқан және олардың барлығы біртұтас Дүниежүзілік мұхитты құрайды. Мұхиттардың арасында ең үлкен және ең тереңі – Тынық мұхиты.

     Ауданы бойынша ол бір өзі Жер шарының барлық құрғақ жерінен үлкен. Тынық мұхитындағы ең терең жер – тереңдігі 11 022 м болатын Мариан шұңғымасы. Азияның шығыс жағалауымен Тынық мұхит арқылы Америка мен Аустралия жағалауларына теңіз жолы өтеді.

     Тынық мұхиттың суында балық көп. Ол жерде балық аулау мен теңіз балық өнеркәсібі дамыған: арқанбалық, майшабақ, нәлім, сонымен қатар теңіз шаяндарын аулайды. Беринг теңізінде кит аулау кәсібі дамыған.

Киттер
Тынық мұхит – Жердегі ең үлкен мұхит. Теңіздермен бірге алғандағы ауданы 178,6 млн км², орташа тереңдігі 4280 м.

     Ауданы бойынша екінші орынды Атлант мұхиты алады, ол Тынық мұхиттан екі есе кіші. Бұл мұхит алуан түрлі балықтарымен танымал. Атлант мұхиты дүниежүзілік кеме қатынасында жетекші орындарға ие. Мұндағы жолдардың көпшілік бөлігі Еуропадан Солтүстік Америкаға апарады. Атлант мұхитының негізгі кеме қатынасы Босфор мен Дарданелла, Гибралтар, ЛаМанш, Па-де-Кале бұғаздары арқылы жүзеге асырылады.

Атлант мұхиты – оның ауданы шамамен 91,56 млн км²- ді құрайды, орташа тереңдігі 3600 м. Атауы грек аңы- зындағы Атлас (Атлант) титанның атынан шыққан.
Үнді мұхиты – теңіздермен бірге алғандағы ауданы 74,8 млн км², орташа тереңдігі 3890 м.

     Үнді мұхиты ауданы бойынша үшінші – Дүниежүзілік мұхиттың бар-жоғы 1/5 бөлігі. Үнді мұхиты теңіздерінің, шығанақтары мен бұғаздарының ауданы 11,68 млн км² (мұхиттың жалпы ауданының 15%-ы).

     Солтүстік Мұзды мұхит – Жер бетіндегі ауданы мен тереңдігі бойынша кішісі, толығымен Солтүстік жартышарда, Еуразия мен Солтүстік Американың аралығында орналасқан. Мұхиттың аумағы – 14,75 млн км².

Үнді мұхиты – теңіздермен бірге алғандағы ауданы 74,8 млн км², орташа тереңдігі 3890 м.
Солтүстік Мұзды мұхит – ауданы 14,75 млн км2, орта- ша тереңдігі 1225 м.

Ақпарат дереккөздерімен жұмыс

Материктер мен мұхиттардың физикалық-географиялық жағдайын зерттеуші бол.

Материктің (мұхиттың) физикалық-географиялық жағдайына берілетін сипаттаманың жоспары

Материк 

Салыстыру сызығы

Мұхит  

  

Атауы

  

  

Экватор, тропик, нөлдік 
меридианға қатысты орналасуы. Өлшемдері

 .

Материкке ұласып жатқан 
теңіздер мен мұхиттар

  

Осы мұхитқа ұласатын материктер

 

  ,.

Материктің шеткі нүктелері 
мен олардың координаттары; солтүстіктен оңтүстікке жән ебатыстан шығысқа дейін градуспе нжәне километрмен ұзындығы

 .

Материкті қиып өтетін климаттық 
белдеулер

 

Мұхиттың орташа тереңдігі және 
ең терең жері, маңызды жылы жән есуық ағыстары

 

Мұхитты адамдардың пайдалануы. 
Оны қорғау

 

Өзіңізді тексеріңіз!

4-тапсырма

Оқылған тақырып бойынша сұрақтар жоспарын жаса.

Сұрақтар жоспары

Мәтінге қойылатын сұрақтар түрінде жазылады; мәтіннің әрбір үзіндісіне бір сұрақ сәйкес келеді. Сұрақтар жоспарын құрған кезде «емес пе» сөзін алмай, сұраулы сөздерді қолданған дұрыс. Қоюға болады: қалай.., неше.., қашан.., неліктен… және т.б. Қолданбаған дұрыс: бар ма екен…, келді ме екен… және т.б.

  1. Африка  жартышарда орналасқан.Оның жағалауы   ұласып жатыр. Африканы ең ыстық құрлық деп атауға болады, өйткен і . Африкада   мекендейді.
  2. Солтүстік Мұзды мұхит   орналасқан. Бұл ең   мұхит. Ол   материктерімен шектеседі.
  3. – біздің ғаламшардағы ең үлкен материк. Оның ауданы шамамен . Материк толығымен   жартышарда орналасқан. Еуразия – жағалауымен барлық  мұхит шектесіп жатқан жалғыз материк. Оңтүстік-батысында материк  Африкамен жалғасады.

«Жеңіл» сұрақтар

«Күрделі» сұрақтар

Бір сөзбен жауап беруді талап ететін сұрақтар.

Кім?

Не?

Қашан?

... қалай атауға болады?

... болды ма?

Ойлануды, қосымша білімді, талқылау жасау білігін қажет ететін сұрақтар.

Үш түсініктеме бер, неге ...?

Неге ...? Түсіндір.

Неліктен сен ... ойлайсың?

Неге сен ... санайсың?

... айырмашылығы неде?

Егер ... болса, не болады?

Егер ..., онда ...?

... мүмкін бе?

... бола ма?

... болар еді?

Сен ... келісесің бе?

... дұрыс па?

«Жеңіл» сұрақтар



«Күрделі» сұрақтар


Өтінемін күте тұрыңыз