ЖЕР ШАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ. Жер қабықтары өзара қалай әрекеттеседі?

Сабақтың мақсаты:

  • жер қабықтарының өзара қалай әрекеттесетінін түсіндіруді үйренесін.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • жер қабықтарының арасында қандай байланыс барын білу қажет.

Жердің қабықтары

Шеңберді тиісті суретке апарып қой.

                 Біздің ғаламшардың бірегей ерекшеліктері – оның беткі жағын өзара бір-бірімен әрекеттесетін бірнеше қабық: қатты, ауа, су және тіршілік қабықтары белдеулеп жатады. Жердің барлық қабықтары өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады. Осы өзара байланыстың нәтижесінде литосфераның беткі қабаты, атмосфераның төменгі қабаты, биосфера мен гидросфера айрықша орта – географиялық қабық түзеді.

            Географиялық қабық – бұл Жердің біртұтас, үзіліссіз қабаты, адам іс-әрекет жасайтын орта, оның шегінде литосфераның беткі қабаты, атмосфераның төменгі қабаты, толықтай биосфера мен гидросфера бір-бірімен түйіседі, өзара біріне-бірі өтеді, өзара бір-бірімен әрекеттеседі.

            Жердің географиялық қабығы

            Географиялық қабықтың қасиеттері

                      Географиялық сфералар мен олардың компоненттері

                      Географиялық сфералар
                      • Өз мысалдарыңмен толықтыр.

                      • Осы компоненттер өзара қалай әрекеттесетіндігін түсіндір.
                      • Сфералардың бір-бірімен өзара әрекеттестігі туралы қорытынды жаса.

                      Қабықтардың бір бірімен әрекеттесуі

                           Литосферадағы жер қыртысы, атмосферадағы ауа, гидросферадағы су, биосферадағы өсімдік пен жануарлар, топырақ үнемі өзара зат және энергиясымен алмасып отырады. Ол туралы көптеген мысал келтіруге болады:

                      • су минералдар мен тау жыныстарын ерітеді;
                      • гидросфераның суы биосфераның тірі организмдерінің бір бөлігі болып табылады;
                      • Жер атмосферасының төменгі қабатында су үнемі бу түрінде кездеседі;
                      • литосфераның минералдары мен тау жыныстары тірі организмдерде, атмосферада (шаң, құм), суда үнемі кездеседі;
                      • ауаның көмірқышқыл газы суда ериді;
                      • биосфераның организмдері көмірқышқыл газды сіңіріп, оттек шығарады;
                      • биосфера организмдерінің қалдығы теңіз түбіне жинақталып, литосфераның шөгінді жыныстары қабатын түзеді;
                      • атмосфера мен гидросферадағы оттек биосфера организмдерінің басты тіршілік көзі болып табылады.
                      • Осы өзара әрекеттесуге қандай сфералар қатысатынын анықта.

                      • Сызбаны толтыр. Өз мысалдарыңмен толықтыр.

                      Көрнекті табиғат зерттеушісі В.В. Докучаев Географиялық зоналылық заңын ашқан. Ол: «Әрбір табиғи зона, жанды және жансыз табиғат бір-бірімен тығыз байланысты табиғи кешен» деген ой айтты. Докучаев кез келген табиғи кешен алты табиғи компоненттің өзара үйлесімді әрекеттесуінен шығатынын айтқан.

                      Қабаттардың өзара әрекеттесуі

                      Табиғи компоненттердің арасындағы тепе-теңдік

                            Жердегі барлық үдерістер Күн энергиясы мен Жердің ішкі энергиясының арқасында жүзеге асады. Назар аудар: қарастырылған мысалдардың әрқайсысында зат алмасу энергия алмасуды да қажет етеді. Жануарлар тұтынған биосфера өсімдіктерінің энергиясы жануарлар әлемінің энергиясын туындатады. Гидросфераның мәңгілік мұздары атмосфера мен гидросфераны салқындатып тұрады. Осы үдерістердің көмегімен табиғи кешенде барлық табиғи компоненттер арасында белгілі бір тепе-теңдік сақталады. Сонымен бірге осы үдерістер негізінде табиғатта өздігінен қалыпқа келу, өздігінен тазару, өздігінен реттелу мүмкіндіктері бар.

                           Егер табиғатта қандай да бір компонент өзгерсе, онда басқалары да өзгереді, сонымен бірге өзінің табиғи тепе-теңдігін қалпына келтіруге тырысады. Табиғаттағы су айналымы Жер қабықтарының өзара әрекеттесуі мен өзара кірігуінің айқын мысалы болып табылады.

                      Табиғаттағы су айналымы

                      Өзіңді тексер!

                      Шығармашылық жұмыс

                      Табиғаттағы су айналымының сызбасын дәптеріңе сыз (сурет).
                      • Қабықтардың өзара байланысы туралы нұсқаны раста немесе жоққа шығар.
                      • Қабықтарды жазып қой.
                      • Өз мысалдарыңды келтір, сыныбыңа тұсаукесер ретінде ұсын.

                      «Мен – саған, сен – маған» ойыны

                      Өзіңнің сыныптастарыңа сабақ тақырыбы бойынша сұрақ ойлап тауып қой. Сұрақтарың: Түсіндір... Салыстыр... Сен қалай түсінесің... Себептері... және т.б. сөздерден басталатын болсын. Өзің сыныптастарыңның сұрақтарына жауап бер. Кім сұрақтарға көбірек дұрыс жауап берсе, сол жеңімпаз болады.

                      Өтінемін күте тұрыңыз