ДЕРЕКТЕРДI ТАЛДАУ, ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ. Тәжірибе нәтижелерін қалай көрсетуге болады?

Сабақтың мақсаты:

  • алынған деректерді графика түрінде таныстыруды;
  • алынған қорытындыны әртүрлі тәсiлмен таныстыруды үйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу үшін:

  • зереттеу қорытындыларын рәсімдеуде қандай тәсілдер қолданылатынын;
  • графикалық кескіндерді оқуды және оларды кескіндеуді білу қажет.

Зерттеу нәтижелерін жазып алу

1-тапсырма

Төмендегі суретке қара. Әрбір бейне нені білдіретінін түсіндір. Саған бұл суреттерді түсінуге қандай символдар, шартты белгілер көмектесті?

     Кез келген зерттеумен жұмыс істей отырып, сен ол жұмыстың соңында белгілі бір нәтижеге қол жеткізесің. Ол ереже бойынша жазып алынады. Зерттеу нәтижелерін жазып алудың бірнеше түрі пайдаланылады. Олар жеке де, кешенді түрде де қолданылуы мүмкін.

Зерттеу қорытындысын ресімдеу түрлері

     Мәтін түрінде баяндау – ақпаратты берудің ең кең таралған тәсілі. Ол белгілі бір ереже бойынша реттелген. Мәтіндер екі түрге бөлінеді: қарапайым (кәдімгі) және ғылыми. Мәтінге қойылатын басты талап – баяндаудағы жүйелілік және ойға қонымдылық. Мүмкіндігінше мәтінді артық ақпаратпен ауырлатпау қажет. Мәтіндік қорытындыда артық әсірелеу сөздер, ақпараттық емес ауытқулар жазылмауы керек.

Ақпараттық графика

     Таңбалық және графикалық ақпарат шартты түрде бір топқа біріктіріледі. Көбіне ақпаратты кодтаудың мұндай түрі мәтінді (қорытындыны) толықтыруға және түсіндіруге, көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Материалды графикалық түрде берудің барлық тәсілдеріне қойылатын талаптар:

  • графикалық материал мен мәтін бір-бірін толықтырып тұруы тиіс;
  • графикалық материал бір қарағаннан түсінікті болып тұруы және барлық қажетті белгілерді қамтуы тиіс;
  • әрбір графика, кесте және басқалары қол қойылған (ұсынылғандығы жөнінде) және нөмірленген болуы тиіс.

Ақпараттық графика – ақпарат, дерек және мағлұмат берудің графикалық тәсілі. Оның мақсаты күрделі ақпаратты жылдам әрі нақты жеткізу болып табылады.

28-беттегі №1 ақпараттық графикада еліміздің түрлі қала- ларында 2017 жылдың 20 наурызындағы 1 кг нанның бағасы көрсетілген.

№ 1 ақпараттық графика
​Қазақстанның түрлі қалаларындағы 1 кг нанның бағасы

Бидай ұнынан әзірленген нанның бағасы Қазақстанның қай қаласында (қалаларында) ең қымбат? 

Ең арзаны ше? 

Қазақстан Республикасында қарабидай, бидай ұнынан әзірленген 1 кг нанның орташа бағасын есептеп жаз. 

Өз аймағыңдағы жоғары сұрыпты бидай ұнынан әзірленген 1 кг нанның орташа бағасын анықта және.

Қазақстан бойынша нанның орташа бағасынан қаншалықты жоғары/төмен екендігін көрсет.

Қорытынды жазу үшін сен ақпарат берудің қандай түрін қолдандың, ойланып жаз.

Затты-бейнелі ақпарат

Затты-бейнелі ақпарат зерттеуші анықтағандай қажеттілік туындаған жағдайда ғана ұсынылады. Мысалы, ең маңызды және қызықты фотосуреттер, түпнұсқалық және ақпараттық суреттер және басқалары беріледі.

Келесі берілген №2 ақпараттық графикамен таныс. Сұрақтарға ауызша жауап бер.

  1. Берілген ақпараттық графика қалай аталады?
  2. Берілген ақпараттық графикада бейнеленген негізгі мазмұнын ата. Оны түсінуге саған қандай символдар көмектескенін айт.
№ 2 ақпараттық графика

3-тапсырма

Дәптерге орында.

  • №2 ақпараттық графиканың деректерін қолдана отырып, дәптеріңе бағаналық диаграмма түрінде мұнай баррелінің бағасындағы өзгерістерді бейнеле.
          ​Баррельдің өлшем бірлігі ретінде бір торкөзді ал, ол 10 долларға тең.

Теледидар бағдарламасында жүргізуші төмендегі диаграмманы көрсетіп: «1-диаграмма 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы жол-көлік оқиғалары саны шұғыл өскенін көрсетеді» деді. Жүргізуші осы 1-диаграмманың негізінде дұрыс қорытынды жасады деп ойлайсың ба?

  • Өз жауабыңның түсіндірмесін жаз.

1-диаграмма

Өзіңді тексер

«Экспорт» тапсырмасы. Төмендегі 2 және 3-диаграммаларда ақша бірлігі ретінде зед қолданылатын Зедландия* экспорты туралы ақпарат келтірілген.

 

 

«Чад көлі» тапсырмасы.

Сахара шөлінің солтүстік-африкалық бөлігіндегі Чад көлінің тереңдігінің өзгеруі көрсетілген. Чад көлі соңғы Мұз дәуірінде,  шамамен біздің заманымызға дейінгі 20 000 жыл бұрын толық жойылып кеткен. Біздің заманымызға дейінгі 11 000 жыл бұрын ол қайтадан пайда болды. Қазіргі күні оның тереңдік деңгейі біздің заманымыздағы 1000 жылдағымен бірдей.

Чад көлі деңгейінің өзгеруі

Чад көлінің қазіргі кездегі тереңдігі қандай? 

Суреттегі графиктің бастапқы нүктесіне қай уақыт кезеңі (шамамен қай жыл) сәйкес келетіндігін анықта.

 

Қалай ойлайсың, автор графиктегі бастапқы нүкте ретінде неліктен дәл сол жылды таңдап алған?

 

Жетістіктеріңді бағала

«Жетістік баспалдағы» рефлексиясы

«Жетістік баспалдағында» білім шыңына ұмтылған адамдар көрсетілген. Әрбір баспалдақтың белгіленуімен таныс және бүгінгі күні өзің қай баспалдаққа тоқтағаныңды ойлан. Бір баспалдақ жоғары көтерілу үшін саған қандай қадамдар жасау қажет?

Өтінемін күте тұрыңыз