А

  • Автотрофтар – бейорганикалық заттар – көмірқышқыл газы, су, минералды тұздардан органикалық заттар түзуге бейім организмдер.
  • Адам қаңқасы – сүйектердің жиынтығы, тірек-қозғалыс аппаратының пассив бөлігі болып табылады.
  • Азықтық тізбек – бұл организмдердің реттілігі, мұнда олардың әрқайсысы екіншісін қорек етеді немесе ыдыратады.
  • Айнымалы – бұл өзгеретін, уақыт өте келе немесе белгілі бір жағдайда ұлғаюға немесе кішіреюге бейім тұратын нәрсе.
  • Ақпараттық графика – бұл ақпарат, дерек және мағлұмат берудің графикалық тәсілі. Оның мақсаты күрделі ақпаратты жылдам әрі нақты жеткізу болып табылады.
  • Антитеза – қарама-қарсы белгінің сипаттамасы.
  • Артериялық қысым – қантамырларда (артерияда) өлшенетін қан қысымы.
  • Атаулы масштаб – бұл сөзбен берілген масштаб, мысалы, 1 см – 75 км. Бұл картаның, планның немесе сызбаның 1 сантиметріне нақты 75 км жер аумағы орналастырылғанын білдіреді.
  • Атмосфералық қысым – атмосфераның ондағы барлық заттарға және Жер бетіне түсіретін қысымы.
  • Атомдар – өте ұсақ, көзге көрінбейтін, бөлінбейтін бөлшектер.

Б

  • Балқу – заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы.
  • Балқу – заттың қатты күйден сұйық күйге өту үдерісі. Бұл ретте дене энергия алады, ал оны қоршап тұрғандар энергия береді.
  • Балқу температурасы – заттың балқуы жүзеге асатын температура.
  • Барометр – атмосфералық қысымды өлшеуге арналған аспап.
  • Бейтараптандыру – нәтижесінде бейтарап орта түзе отырып, қышқылдар сілтілермен әрекеттесетін үдеріс.
  • Бөліп шығару – организмді зат алмасудың соңғы өнімдерінен, тамақпен бірге организмге түскен немесе организмде түзілген артық судан, тұздан, бөгде және улы заттардан тазарту.
  • Булану – заттың сұйық күйден буға айналу үдерісі. Бұл ретте дене энергия береді, ал айналасында қоршап тұрған денелер энергия алады.

Г

  • Географиялық координаттар – нүктенің экваторға және нөлдік меридианға қатысты орнын анықтайды.
  • Географиялық қабық – бұл Жердің біртұтас, үзіліссіз қабаты, адам іс-әрекет жасайтын орта, оның шегінде литосфераның беткі қабаты, атмосфераның төменгі қабаты, толықтай биосфера мен гидросфера бір-бірімен түйіседі, өзара біріне-бірі өтеді, өзара бір-бірімен әрекеттеседі.
  • Географиялық құбылыстар – жердің қабықтарында (атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера) болатын табиғи құбылыстар.
  • Географиялық үдерістер – Жердің қабықтарында (литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера) үздіксіз, кезегімен өтіп жататын ұзақ мерзімді үдерістер.
  • Гетеротрофтар – басқа организмдердің дайын органикалық заттарымен немесе олардың қалдықтарымен қоректенетін организмдер.
  • Градустык тор – глобус пен географиялық картадағы меридиандар мен параллель сызықтар.

Ғ

  • Ғылымды біріктіру – ескі ғылымдардың түйісуінде жаңа ғылымның пайда болуы, ғылыми білімдерді біріктіру дерісі.
  • Ғылымды жіктеу – бұл қандай да бір ғылымның шінде әлдеқайда шағын, дербес зерттеу саласын бөліп алу, ларды өз бетінше дербес ғылымға йналдыру.

Д

  • Даму – организмдегі сапалы өзгерістер.
  • Дата ауысу сызығы – полюстен полюске дейін созылатын жер бетіндегі шартты сызық. Оның екі жағындағы жергілікті уақытта бір тәулікке айырмашылық болады.
  • Демография – халықтың қоныстану заңдылығы туралы ғылым.

Ә

  • Әмбебап индикатор – қышқылдық ерітіндіде де, сілтілік ерітіндіде де өзінің түсін өзгертетін қарапайым индикаторлардың қоспасы.

Ж

  • Жаңғырмайтын (дәстүрлі) энергия көздері – адам баласы қайтадан жасай алмайтын энергия көздері.
  • Жаңғырмалы (баламалы) энергия көздері – жаңғырмалы (баламалы) энергия көздері толықтыры-лады.
  • Жасанды талшық – табиғи полимерлерден, ең алдымен ағаштан және сабаннан алынған целлюлозадан жасалған талшықтар.
  • Жасуша – өсімдіктер мен жануарлар организмінің ең кішкентай құрылымдық бірлігі.
  • Жіктеу – бұл тірі, сонымен қатар өлі организмдерді де сипаттаумен және жіктеумен айналысатын ғылым.
  • Жол (L) – бақылау жүргізілген уақытта жүріп өткен траектория ұзындығы.

З

  • Заттардың тасымалдануы – қажетті заттардың организмде жасушаларға және жасушалардың ішіне жеткізілу үдерісі, сонымен қатар пайдаланылған заттардың организмнен шығарылуы.
  • Зерттеу жоспары – өзекті іс-шараны (іс-әрекет, кциялар т.б.) өткізудің айланысы мен реттілігі көрсетілген, ағдарламаның толық рындалуына және проблемалардың шешілуіне жеткізетін көрсеткіштер кешені.

И

  • Индикатор – ерітіндінің ортасына байланысты өзінің түсін өзгертетін зат.

К

  • Кен орны – пайдалы қазбалардың табиғи шоғырланған жері.
  • Күрделі заттар – бірнеше түрлі атомдардан құралатын заттар.

Қ

  • Қадағаланатын айнымалы – бұл тәжірибе жасау барысында өзгермеуі тиіс шарттар.
  • Қайнау – заттың сұйық күйден газтәрізді күйге өтуі.
  • Қайнау температурасы – қайнау жүзеге асатын температура.
  • Қарапайым заттар – бір түрлі ғана атомдардан құралатын заттар.
  • Қозғалыстың қатыстылығы – есептеудің түрлі денелеріне қатысты дененің орын ауыстыруы, траекториясы және жылдамдығы.
  • Қоректену – тағам арқылы организмнің энергия мен заттар алу үдерісі.
  • Қызу – дене энергия алатын үдеріс.
  • Қысым – дененің бетіне әсер етуші күштің осы дене бетінің ауданы қатынасына тең шама.

М

  • Макроәлем – макронысандар әлемі. Оның өлшем бірлігі адам тәжірибесінің өлшемімен өзара қатынаста.
  • Масштаб – сызбада, планда немесе картада бейнелеген кезде заттың нақты өлшемі неше есе кішірейтілгенін немесе ұлғайтылғанын білдіретін сан.
  • Материктің шеткі нүктесі – бұл материктің құрғақ жері бітіп, мұхит басталатын жер.
  • Меридиан – глобуста немесе картада бір полюстен екінші полюске шартты түрде жүргізілетін сызық.
  • Микроәлем – бұл молекулалар, атомдар, қарапайым бөлшектер – көзге ілінбейтін тым кішкентай микронысандар әлемі.
  • Модель – бұл таным үде рісінде және тәжірибелік жұмыста түпнұсқаның құрылымы мен әрекетін қайталайтын үлгі.
  • Модельдеу – нақты бір нысандардың модельдерін құру мен зерттеуден тұратын қоршаған әлемді тану тәсілі.
  • Морфология – организмнің сыртқы құрылысы туралы ғылым.

О

  • Озон – иісінен таза ауа сезілетін, найзағайдан кейін пайда болатын газ. Озон зиянды әсірекүлгін сәулелерден біздің ғаламшарды қорғайтын қорғаныс қабатын түзеді.
  • Орын ауыстыру (S) – дененің бастапқы жағдайынан оның ең соңғы жағдайына дейін жүргізілген бағытталған бөлік.

Ө

  • Өзгергіштік – тұқымқуалаушылыққа қарама-қарсы құбылыс. Оның мәні – тірі организмдер өзіне тән жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеттілігі.
  • Өлшеу – бұл арнайы техникалық ұралдардың көмегімен, әжірибелік жолмен физикалық аманың мәнін табу.
  • Өсу – организмнің массасы мен көлемінің артуы.

П

  • Пайдалы қазбалар – шаруашылықта пайдаланылуы мүмкін жер қойнауындағы минералдық түзілімдер (құм, көмір, мұнай, газ, гранит).
  • Параллель – лобуста немесе картада экваторға параллель жүргізілген шартты сызықтар.
  • Полюс – жорамалданған жер осінің Жер бетімен қиылысу нүктелері.

Р

  • Рацион – тамақтың тәуліктік мөлшері.
  • Редуценттер (ыдыратушылар) – жануарлар мен өсімдік-тердің органикалық қалдықтарымен қоректенетін организмдер (әдетте бактериялар мен саңырауқұлақтар).
  • Рефлекс – Организмнің жүйке жүйесінің қатысуымен жүзеге асырылатын тітіркенуге жауап реакциясы рефлекс деп аталады.

С

  • Сандық масштаб – бөлшек түрінде бейнеленеді, оның алымы бірлікке тең, ал бөлімі – жердегі сызыққа қатысты картадағы (пландағы) сызық неше есе кішірейтілгенін көрсететін сан.
  • Сейсмология – жер сілкінісі және онымен байланысты құбылыстарды зерттейтін ғылым.
  • Синтетикалық талшық – табиғи қосылыстардан синтездеу жолымен өндірілген, табиғатта кездеспейтін полимерлерден алынған талшықтар.
  • Суыну – дене энергия бөлетін үдеріс.
  • Сұйық күйге айналу – заттың газтәрізді күйден сұйық күйге өту үдерісі. Бұл ретте дене энергия алады, ал оны қоршаған денелер энергия береді.
  • Сызықтық масштаб – бірдей бөліктерге бөлінген түзу сызықтан тұрады. Бұл бөліктер бейнеленген жердегі белгілі бір қашықтыққа сәйкес келеді; бөліктер цифрлармен белгіленеді.

Т

  • Таза (табиғи) талшық – сімдік текті (зығыр, мақта), жануар текті (жүн, таза жібек) және минерал (асбест талшық) текті талшықтар.
  • Таксон – белгілі бір туысқандық дәрежеде бір-бірімен байланысқан және де басқа таксономиялық топтан жет- кілікті түрде оқшауланған организмдер тобы.
  • Теза – қандай да бір белгінің сипаттамасы.
  • Тәуелсіз айнымалы – әуелсіз айнымалыны енгізгенде, оған жауап ретінде өзгеретін фактор, яғни тәуелсіз айнымалыны немесе айнымалыларды өзгертудің нәтижесі оның мәні болады.
  • Тітіркенгіштік – организмнің сыртқы әсерлерге жауап қайтаруға қабілет тілігі тітіркенгіштік деп аталады.
  • Тонометр – Адамның артериялық қысымын өлшейтін құрылғы тонометр деп аталадыO
  • Траектория – оны бойлай дене қозғалатын сызық.
  • Түр – құрылымы, тіршілік әрекетінің үдерістері бойынша ұқсас, будандасуға және өсімтал тұқым беруге қабілетті дарақтар жиынтығы
  • Тұқымқуалаушылық – дегеніміз организмнің бірнеше ұрпақ бойында қайталанатын сыртқы пішіні, физиологиялық, жеке басы дамуындағы ерекшеліктер.
  • Тұрмыстық химия – үние-мүлікке, киім-кешекке, үй-жайға, автокөлікке күтім жасауға арналған құралдар.
  • Тыныс алу – барлық тірі организмнің қасиеті және тіршілік белгісі№

Ф

  • Фотосинтез – табиғаттағы жүзеге асатын ең алғашқы химиялық айналым.

Ш

  • Шартбелгі (легенда) – осы картада қолданылған барлық шартты белгілердің мағынасына түсіндірме беретін белгілер жиынтығы.

Э

  • Экватор – Жерді теңдей екі – Солтүстік және Оңтүстік жартышарларға бөлетін жорамал сызық.
  • Экожүйе – бұл экологиядағы негізгі функционалдық бірлік, оған тірі организмдер де, жансыз орта да – өзара бір-бірінің қасиеттеріне әсер етуші және Жер бетіндегі тіршілікті қазіргі қалпында ұстап тұру үшін қажетті екі компонент кіреді.
  • Экологиялық пирамида – экожүйедегі барлық деңгейдегі (өсімдік қоректі, жыртқыштар, жыртқыштармен қоректенетін түрлер) продуценттер мен консументтер арасындағы арақатынастың графикалық бейнеленуі.
  • Электр энергиясын есептегіш – электр энергиясы қуатының шығынын есептеуге арналған құрал.
  • Энергия және зат алмасу – бұл тыныс алу, қоректену, бөліп шығару үдерістерінің жиынтығы
  • Энергия көзі – адамзат баласына тіршілік үшін қажетті энергия алуға мүмкіндік беретін заттар немесе табиғи үдеріс.
Өтінемін күте тұрыңыз