Әр алуан экожүйенің құрамына қандай организмдер кіреді

Сабақтың мақсаты:

  • әртүрлі экожүйедегі тірі организмдердің алуантүрлілігін зерттеуді үйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • экожүйенің түрлері туралы, бірлестіктегі түрді организмдер арасындағы байланыс типтері туралы  білу қажет.

Экология

Ойлан!

Суретті пайдаланып, жануарлар атауындағы белгіленген әріптер арқылы осы сабақтағы тірек сөзді анықта. Ол нені білдіретінін есіңе түсір.

      Біздің ғаламшарды мекендейтін тіршілік иелері үшін алуан түрлі тіршілік ету ортасы бар. Полярлық мұзды суықтан сусыз шөл даланың аптап ыстығына дейін, ауа қысымы төмен биік таулы үстірттен күн сәулесі өте алмайтын көптеген километрге жететін теңіз түбіне дейін тіршілік кездеседі. Табиғи ортаның осыншама бай түрткіжайттары арқасында түрлі аймақтарда, географиялық және климаттық жағдайларда тіршілік ететін тірі организмнің көптеген түрі пайда болды.

      Тірі организмдер бір-бірімен өзара және жансыз табиғатпен әрекеттеседі. Тіршілік иелерінің өзара әрекеттесуі түрішілік және түраралық болуы мүмкін. Тірі организмдердің өзара бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым – экология деп аталады.

Системы и уровни организации живой материи

      Өзара әрекеттесу оны ұйымдастыру жүйесінің құрылуына және ұйымдастырылу деңгейіне алып келеді. Келесі деңгейлерді бөліп қарауға болады.

Понятие

Определение

 

Тығыз әрекеттесетін организмдер мен олардың популяциялары жүйесі.

 

Бір түр өкілдерінің салыстырмалы түрде оқ- шауланған тобы. Оқшаулануына байланысты олардың дамуы әрқайсы- сында басқалардан тәуелсіз жүзеге асады.

 

Жердің барлық экожүйелерінің жиынтығы.

 

Биоценоз бен қоршаған ортаның (жансыз табиғат) жиынтығы.

  • экожүйе
  • биосфера
  • популяция
  • биоценоз

Разнообразие экосистем

     Көлемі әртүрлі көптеген экожүйе: тоған, мұхит, шалғын, тайга, дала, тропик орманы бар. Экожүйенің әртүрлілігі ең алдымен тіршілік ету ортасының ерекшелігіне байланысты. Дәл осы ерекшелік экожүйе құрамындағы алуантүрлілікті анықтайды.

     Ондағы түрлердің әр алуан байланысы бай (тропик орманы, өзен аңғары, маржан кедертастары) және жұтаң (шөл дала, тундра, ластанған суқойма) экожүйелерге бөлінеді. Басты шектеуші түрткіжайттар – температура, ылғалдылық және қоректің жетіспеуі. Жер бетінің түрлі бұрышындағы климаттың айтарлықтай айырмашылығы болатыны белгілі. Сонымен қатар жылдық жауын-шашын мөлшері де әртүрлі түседі. Ол 0-ден бастап 250 және одан да көп миллиметр шегінде болуы мүмкін. Сонымен қатар жауын-шашын барлық маусым ішінде біркелкі, не болмаса оның көп мөлшері белгілі бір ылғалды кезеңге сәйкес келеді. Біздің ғаламшарда жылдық орташа температурада да айырмашылық бар. Ол төмен мәнді температурадан отыз сегіз градус жылы температураға дейін жетуі мүмкін. Ауа массасының қызу тұрақтылығы да әр алуан. Онда жыл бойы айтарлықтай айырмашылық болмауы да мүмкін. Мысалы, экватордағы сияқты немесе үнемі ауысып тұруы да мүмкін. Осыған орай түрлі экожүйенің бірегейлігі қалыптасады.

Ойлан!
  • Экожүйе туралы мәтінде не айтылған?
  • Мәтіндік ақпаратты графикалық немесе қандай да басқа түрге түрлендіру тәсілдерін көрсет.

Сравниваем экосистемы тропического леса и степи

Ойлан!
  • Мәтінді оқы. Дала мен тропик орманның экожүйелерін өзара бір-бірімен салыстыр.
  • Қандай түрткіжайт экожүйенің бірегейлігін қалыптастыруда үлкен рөл атқарғанын анықта. Бұл түрткіжайт түр жағынан алуан түрлі болуында, олардың ерекшеліктерінде қалай көрініс тапты?

      Тропик орман жыл бойы өзгермейтін ыстық климаттың әсерінен пайда болды. Жауын-шашын жыл бойы көп түседі. Көлемді ағаштардың түбінде қараңғы, ылғалды және таңғаларлық тұрақты микроклимат түзіледі. Өсімдік жабыны өте бай. Ағаш, бұта, лианалар өте алуан түрлі. Жануар түрінің құрамы да әр алуан. Сүтқоректі, құстар, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің тұяғы мықты, аяқ-қолдары мен құйрықтары жабысқыш болғандықтан ағашта жүретін түрінің саны өте көп; кейбір түрінің ұшатын жарғақ қанаттары бар. Омыртқасыздың түрі өте көп, олар жеткілікті мөлшерде ірі, пішіні мен түсі алуан түрлілігімен ерекшеленеді, олардың ішінде құ- мырсқа, аққұмырсқа, көпаяқтылар, көбелектер т.б. бар.

Тропик орман тұрғындары (1)
Тропик орман тұрғындары (2)

      Далалық жердің ерекшелігі – жауын-шашынның белгілі бір маусымға тұстас келуі және жылдың басқа кезеңінде құрғақшылықтың басым болуы. Бұл ағаш сияқты өсімдіктердің дамуына кедергі келтіреді. Далалық жерде температура аса құбылмалы. Даланың өзіне тән қасиеті – орманы жоқ, шөптесін өсімдік жамылғысы бай ауқымды жазық жердің молдығы. Бетеге, селеу, қоңырбас, қоңырот, сұлыбас және басқа шөптесіннің тығыз өсуі. Өсімдік үшін далалық жерде жылдың ең қолайлы уақыты – көктем мезгілі. Бұл кезде топырақта еріген қардан қалған ылғал әлі жеткілікті болады. Сол кезде даланың түрлі шөптесіндері: сары қазжуа, ақшыл көк түсті қоңыраугүл, сәл беннің күлгін түсті гүлдері, нәзік көкшіл түсті сүмбіл, ашық түсті қызғалдақтар қаулап шығады. Дала әдемі бояулы кілемдей жайнап тұрады. Алайда жаздың ортасынан бастап құрғақшылықтан шөптер күйіп, жерді аңызақ жел кептіріп жібереді.

Дала (1)
Дала (2)

      Жергілікті жануарлар далалық жерде тіршілік етуге бейімделген.

     Тұяқтылар өткір көзді және жылдам әрі ұзақ жүгіруге бейімділігімен ерекшеленеді (мысалы, бөкен). Кеміргіштен күрделі ін қазатындар (сарышұнақ, суыр, көртышқан) бар. Жыртқыштан қасқыр, түлкі, қарсақ кездеседі. Далалық жердің құстарына бүркіт, ителгі, күйкентай, бозторғай жатады. Құстың көпшілігі қыста жылы жаққа ұшып кетеді. Бауырымен жорғалаушылар мен жәндік түрлері өте көп кездеседі.

«Тұжырым кестесін»

Өз қорытындыңның негізінде дәптеріңе «Тұжырым кестесін» жаса.

Кесте жасағанда: көлденеңінен салыстырылатындар, ал тігінен осы салыстыру жасалатын қырлары мен қасиеттері орналастырылады.

  1. Экожүйе түрлері мен түрлік құрамы (биоәртүрлілік) бойынша ажыратылады. Әртүрлі экожүйеде әртүрліліктің негізгі себебі не?
  2. Қандай экожүйенің құрамы түрге бай? Мысал келтір.
  3. «Табиғи-климаттық зоналар» картасын пайдаланып, әртүрлі экожүйеге мысал келтір. Олардың қайсысы алуан түрлерге бай, қайсысында түрлер аз деп ойлайсың? Жауабыңды дәлелде.
• Қазақстан аумағының төрттен бірінен көбін далалық жер, жартысын шөлдер мен шөлейттер, қалған төрттен бірін таулар, көлдер, теңіздер мен өзендер алып жатыр. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай: орманды дала, дала, шөлейт, шөл, сосын тауалды және таулы зона сияқты табиғи-климаттық белдемдерге бөлінген.• Жаңбырлы тропик ормандарда 5 мыңнан астам өсімдік түрі бар. Салыстыру үшін: тайгада тек 200-ден асатын түр болады.• Орталық Еуропаның шамшат ормандарында жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктің 215 түрі және мүктің 190 түрі, 3055 түрлі саңырауқұлақ өседі.

Биом – белгілі бір климаттық жағдайы, өсімдік және жануарлар түрі бар табиғат зонасы немесе аймақ.

Табиғи-климаттық зоналар картасы

Өсімдіктер типі бойынша жіктелген жерүсті биомдары

Экосистемы "Водоём" и "Лес"

Зерттеу жүргіз.

1. Суреттерде берілген «Орман» және «Суқойма» экожүйелерінің түр құрамын зертте.

«Орман» экожүйесі
«Суқойма» экожүйесі

2. Берілген экожүйелердегі түрлерді анықта.

3. Продуцент, консумент және редуценттерге жататын түрлерді ата. Олардың экологиялық рөлін көрсет.

4. Зерттелген экожүйенің қоректік тізбегіне мысал келтір.

5. Қорытынды жаса.

Жетістіктеріңді бағала

«Плюс-минус-қызықты» рефлексиялық экраны

«П» – «плюс» бағанына сабақта ұнағанның бәрін жаз, жағымды эмоция тудырған ақпарат және жұмыс түрі; неме- се басқа пайдалы бірдеңе білген шығарсың.

«М» – «минус» бағанына сабақта не ұнамады, не нәрсе көңіліңді түсірді, түсініксіз болды, пайдасы жоқ деген ақпаратты енгіз.

«Қ» – «қызықты» бағанына сабақта өзің білген барлық қызықты нәрселер туралы, осы мәселе туралы тағы не білгің келеді, мұғалімге сұрақтарыңды жаз.

«П»

«М»

«Қ»

Өтінемін күте тұрыңыз