ӨСІМДІК НЕМЕСЕ ЖАНУАР. Түрлерін қалай анықтауға болады

Сабақтың мақсаты:

  • өсімдік пен жануар түрлерін анықтау үшін организмдердің өзіне тән ерекшеліктерін пайдалануды уйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • түр дегеніміз не, ол қандай белгілермен сипатталатынын;
  • өсімдік немесе жануарлар түрлерін анықтау үшін арнайы анықтағыштарды қалай пайдалануға болатынын білу қажет.

Жіктеу

Сұрақтарға жауап бер
  • Жануарлар басқа тірі организмдерден тәуелсіз тіршілік етуі мүмкін бе, қалай ойлайсың?
  • Есіңе түсір, қандай жанды табиғат патшалықтары бар? Осы патшалық өкілдеріне мысал келтір.

     Қазіргі уақытта өсімдіктің шамамен 500 мың түрі, жануарлардың 1,5 млн түрі, саңырауқұлақтың жүздеген мың түрі, бактерияның 3 мыңнан астам түрі және 1 мыңдай вирустар анықталып, оларға сипаттама берілген (кесте).

     Тіршіліктің осындай шексіз алуантүрлілігін зерттеп, танумен жіктеу айналысады.

Жіктеу – бұл тірі, сонымен қатар өлі организмдерді де сипаттаумен және жіктеумен айналысатын ғылым.

Карл Линней (1707–1778) – швед табиғат зерттеушісі.

Ол өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бірыңғай жіктелім жүйесін жасаған.

Оның басты сіңірген еңбектері мыналар:

  • биологиялық терминологияны жеңілдетті; 
  • өсімдіктер мен жануарларды топқа бөлу жү йесін әзірледі; 
  • қосарлы атаутізім енгізді;
  • латынша атаулар енгізді.

Жанды табиғат патшалығы. Таксон

Жүйелеудің басты түсінігі – таксон ұғымы.

Таксон – белгілі бір туысқандық дәрежеде бір-бірімен байланысқан және де басқа таксономиялық топтан жет- кілікті түрде оқшауланған организмдер тобы.

Примеры систематизации

Көктемгі әйкен өсімдігін мысалға келтіре отырып, осы жіктелімді қарастырайық.

Патшалығы →

Өсімдіктер

Типі →

Жабықтұқымдылар

Класы →

Қосжарнақтылар

Отряды →

Бұршақ тұқымдастар

Тұқымдасы →

Бұршақ тұқымдастар

Туысы →

Әйкен

Түрі →

Көктемгі әйкен

Көктемгі әйкен

Зоологиялық номенклатура ережелеріне сәйкес, негізгі таксономиялық санат мыналар: түрі, туысы, тұқымдасы, отряды, класы, типі, патшалығы.

Патшалығы →

Жануарлар

Типі →

Буынаяқтылар

Класы →

Жәндіктер

Отряды →

Қабыршаққанаттылар

Тұқымдасы →

Желкенді көбелектер

Туысы →

Желкенді көбелектер

Түрі →

Махаон алексанор

Махаон
Ойлан!
  • Жүйелеудің берілген мысалдарын мұқият қара. Олардың ұқсастық-тары мен айырмашылықтары неде екендігін анықта.

Түр

Түр – құрылымы, тіршілік әрекетінің үдерістері бойынша ұқсас, будандасуға және өсімтал тұқым беруге қабілетті дарақтар жиынтығы.

     ҚР БжҒМ Зоология институтының мәліметі бойынша, Қазақстан аумағында омыртқалы жануарлардың 850-ден астам түрі мекендейді. Оның ішінде сүтқоректілердің – 180, құстардың – 500, бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12, балықтардың – 104, дөңгелек ауыздылардың – 3 түрі бар. Омыртқасыздар фаунасында 100 мың түр бар, олардың шамамен 50 мың түрі жәндіктер.

      Жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктердің 6 мыңнан астам түрі, 5 мыңдай саңырауқұлақ, 485 қына, 2 мыңнан астам балдыр, шамамен 500-дей мүктәрізділер тіркелген. Жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасының құрамында дәрілік, малазықтық, техникалық, тағамдық, сәндік, сонымен қатар ағаштыбұталы өсімдіктер көп.

     Түрлерді анықтау үшін арнайы кестелер, сызбалар, каталогтар әзірленген. Олар өсімдік немесе жануардың суретінен, тірек кестеден және суреттің қысқаша сипаттамасынан тұрады.

     Кейбір түрлерді, мысалы, көбелектің әлдеқайда ашық түстілерін, әсіресе желкенді көбелек тәрізді тұқымдасқа жататындарды (махаон, аполлон) түрлі түсті суреті бойынша анықтауға болады. Алайда суреті бойынша өсімдіктерді немесе жануар түрін нақты анықтау әрқашанда мүмкін бола бермейді. Қызығушылық тудырған тіршілік иесі нақты қай түрге жататынын білу үшін, арнайы құрал – анықтағыштарды пайдалануды үйрену қажет.

Өсімдіктер, жануарлар, омыртқасыздар әлемінің атластары

     Анықтағыштардың көпшілігі «теза» және «антитеза» терминдерін пайдаланып, зерттеліп отырған түрдің морфологиялық белгілерінің ерекшеліктеріне қарай құрылады.

Теза. Антитеза 

Теза – қандай да бір белгінің сипаттамасы.

Антитеза – қарама-қарсы белгінің сипаттамасы.

      Тезаның әдетте ауыспайтын нөмірі болады, зерттеліп отырған нысанның жекелеген белгілерінің сипатын кезекпен суреттейді. Антитезалар 0 цифрымен немесе «+», «–» таңбаларымен белгіленген. Түрді анықтау біртіндеп бір тезадан екіншісіне немесе антитезаға өту жолымен жүргізіледі. Әрбір теза және антитеза баспалдақ құрайды.

     Анықтама ең бірінші қадамнан – анықтағыш кестедегі тезаның 1-тармағынан басталады. Әрбір келесі қадамда екі нұсқаның бірі таңдалады (теза немесе антитеза – кестенің мәтінін-де көрсетілгендерге зерттеліп отырған нысанның сәйкестік белгісіне байланысты). Тезада жазылғандарға нысан белгілерінің сәйкестігін анықтағаннан кейін, теза нөмірінің жанын-да жақшамен берілген белгі сипаттамасының келесі тармағына ауысады.

Өсімдікті (жануарды) анықтау тәртібі

  1. 1-сатының тезасы мен антитезасын оқы да, анықтайтын өсімдіктің (жануардың) белгілеріне қайсысы көбірек сәйкес келетінін тап.
  2. Таңдап алынған тезаның немесе антитезаның соңында өту қажет жаңа сатының цифры тұрады.
  3. Жаңа сатыда анықталатын өсімдіктің (жануардың) белгілері бар тезаға немесе антитезаға дәл сондай салыстыру жасауды жалғастыр.
  4. Бір сатыда сен таңдап алған теза немесе антитеза цифрмен емес, анықталған өсімдіктің (жануардың) атауымен аяқталады.
  5. Өсімдіктің (жануардың) атауы екі сөзден тұрады. Бірінші сөз – туыстық атауы, екінші сөзбен бірігіп ол осы түрдің атауын береді.

Өзіңізді тексеріңіз!

Ойлан, тапсырманы орында
  1. Қазтамақ туысының үш өсімдігі берілген: ақ қазтамақ, қызыл қазтамақ, қызғылт қазтамақ. Бұл өсімдіктер бір түрге жата ма, әлде түрлері басқа ма, соны анықта. Өз жауабыңа дәлел келтір.
  2. Түр дегеніміз не? Сен тұратын жерде кездесетін өсімдіктердің, жануарлардың және өзің білетін саңырауқұлақ түрлерін ата.
Нұсқаулық негізінде анықтағыш карточкада көрсетілген өсімдік түрін анықта.

1. Гүлдері ірі (2–6 см) ... _______________2.
​0. Гүлдері ұсақ (1,5 см-ге дейін) …_______5.
​2. Гүлтәжі ақ … ______________________3.
​0. Гүлтәжінің түсі басқаша … __________4.
​3. Жапырақтары сағақсыз, жапырақ тақтасының жиектері бүтін.

Хош иісті темекі.
​0. Жапырақтары сағақты, ірі.

Сасық меңдуана.
​4. Гүлтәжінің түсі әркелкі, гүлі дара.

Шырайгүл.
​0. Гүлтәжі бұлыңғыр ақ түсті, күлгін түсті жолақтары бар. Гүлдері ұшында шоғырлана орналасқан.

Қара меңдуана.

Ойлан, тапсырманы орында
  • «Балық қаңқасы» сызбасын толтыр.
Өтінемін күте тұрыңыз