Экологиялық пирамиданың ішінде энергия алмасу қалай жузеге асады

Сабақтың мақсаты:

  • экологиялық пирамидадағы энергия мен заттар алмасуын түсіндіруді үіренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • экологиялық пирамидада энергия мен заттар алмасуы қандай тәсілмен жүзеге асатынын білу қажет.

Азықтық тізбек

Ойлан!
  • Суреттегі реттілікті мұқият қара.
  • Сен оны қалай түсіндіресің? Қандай заңдылықты анықтай аласың?
  • Есіңе түсір, мына түсініктер нені білдіреді: «автотрофтар», «гетеротрофтар», «продуценттер (түзуші)», «редуценттер (ыдыратушы)».
  • Тізбекте берілгендердің қайсысын осы аталған ұғымдарға жатқызар едің?
Азықтық тізбек

     Жер бетіндегі энергияның жалғыз көзі – Күн. Автотрофтар (негізінен жасыл шөптер, көкжасыл балдырлар) фотосинтез арқылы Күн энергиясын химиялық байланыстар энергиясына айналдырады. Олар басқа организмдер үшін органикалық заттар көзі болып табылады және гетеротрофтарды: I реттік консументтерді (өсімдікқоректі жануарлар) «қоректендіреді», олар II реттік консументтер (жыртқыштар) үшін азық болады және т.б. Кез келген организм тіршілігін тоқтатқаннан кейін саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің (ыдыратушылар) әрекетінің арқасында ыдырауға ұшырайды.

Ойлан!
  • Редуценттер (ыдыратушылар) мен продуценттер (түзушілер) арасындағы нұсқар нені білдіретінін анықта (сызба).
  • Энергияның тұйықталған айналымы бойынша берілуі мүмкін бе?
  • Егер Күн жоғалатын болса, қандай жағдай орын алады?

     Организмдердің арасындағы заттар мен энергия алмасуын азықтық (қоректік) тізбектің көмегімен көрсетуге болады.

Азықтық тізбек – бұл организмдердің реттілігі, мұнда олардың әрқайсысы екіншісін қорек етеді немесе ыдыратады.

Азықтық тізбектің әрбір буынын қоректік деңгей деп атайды.

Экологиялық пирамида

  • Суретте берілген азықтық тізбекке мұқият қара.
Энергия мен органикалық заттардың ауысуы

     Бұл тізбекте энергия мен органикалық заттардың көзі өсімдік болып табылады. Қоян өсімдіктермен қоректеніп, өзінің тіршілігіне қажетті мөлшерде органикалық заттар мен энергия көлемін алады. Өз кезегінде түлкі қоянды қорек етеді де, өзінің тіршілігіне қажетті мөлшерде органикалық заттар мен энергия көлеміне қол жеткізеді. Дәл осылайша кез келген экологиялық пирамидада органикалық заттар мен энергия алмасу жүзеге асырылады.

Экологиялық пирамида – экожүйедегі барлық деңгейдегі (өсімдік қоректі, жыртқыштар, жыртқыштармен қоректенетін түрлер) продуценттер мен консументтер арасындағы арақатынастың графикалық бейнеленуі.

Экологиялық пирамида

     Орташа алғанда, биомасса мен онымен байланысты энергияның тек 10%-ы ғана әрбір қоректік деңгейден келесісіне өтеді деп есептеледі. Әрбір келесі қоректік деңгей-ге жататын организмдердің өнімдері әрқашанда алдыңғы деңгейдің өнімдерінен орташа есеппен 10 есеге дейін азырақ болады.

     Мысалы, 1000 кг өсімдіктен орташа есеппен 100 кг өсімдікқоректі жануарлар (I реттік консументтер) биомассасы пайда болады.

     Өсімдікқоректілерді азық ететін етқоректі жануарлар (II ретті консументтер) осы көлемнен өзінің 10 кг биомассасын синтездей алады. Ал етқоректі жануарлармен қоректенетін жыртқыштар өз биомассасының тек 1 килограмын ғана синтездейді.

Өзіңізді тексеріңіз!

  1. Суқоймада салмағы 8 кг болатын шортан балық өсуі үшін қанша килограмм планктон қажет? Ол үшін шортан, планктон, торта балықтан тұратын азықтық тізбек құр.
  2. Экологиялық пирамиданың ережесі негізінде анықта: салмағы 400 кг болатын бір дельфин Қара теңізде өсіп, тіршілік етуі үшін қанша планктон (балдырлар мен бактериялар) қажет?

    ​Азықтық тізбек: планктон → моллюскілер → ұсақ жыртқыш балық → дельфин.

Жетістіктеріңді бағала

Жетістіктер шыңына

  • Сөз тіркестерін аяқта. Шынайы бол.

Бүгін сабақта мен … .
​Менің қолымнан ... келді.
​Мен ... мақтана аламын.
​Менде ... жеткілікті емес.
​Мен ... тырыстым.

Өтінемін күте тұрыңыз