Адамның тірек-қозғалыс жүйесі

Сабақтың мақсаты:

  • адам қаңқасының құрылымын және бұлшық еттердің кұрылымын сипаттауды үйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • қаңқаның кұрылымын:
  • бұлшық еттеің кұрылымын;
  • адам қозғалысын ұйымдатыруды білу қажет.

Адам қаңқасы

«Адам қаңқасы» графикалық моделін мұқият зертте.
  • Жұбыңмен жұмыс істе. 13-сызбаны пайдаланып, адам қаңқасының негізгі бөліктерін атап бер. Жұбыңның материалды қаншалықты меңгергенін тексер.

Адам қаңқасы – сүйектердің жиынтығы, тірек-қозғалыс аппаратының пассив бөлігі болып табылады.

Адам қаңқасы

     Ежелгі грек философы Демокрит зерттеу үшін бұзылған көне зираттан адам сүйектерін жинаған. Ол кезде жалғыз адам қаңқасы Александрия қаласында болғандықтан, Рим медицинасының қайраткері Клавдий Галлен сонда саяхаттап барыпты.

Қаңқаның негізгі міндеттері

     Қаңқа жұмсақ тіндерге тірек, бұлшық еттердің бекіну нүктесі (иінтірек жүйесі). Ол ми, жұлын, жүрек және өкпені қорғайды. Қаңқа өзара бір-бірімен байланысқан сүйектерден тұрады (сызба). Адам организмінде олардың саны 200-ден асады.

Тірек. Қаңқа дененің берік әрі орнықты тірегі болып табылады. Ол барлық түсетін салмаққа тірек бола отырып, денеге пішінін сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар денені жер бетінде тік көтере отырып, ауырлық күшін жеңуге көмектеседі.

Қорғаныс. Қаңқа адамның ішкі ағзаларын қорғайды. Бассүйек миды және сезім органдарын (көру, иіс сезу, тепе-теңдік сақтау және есту) қорғайды. Омыртқа жұлынды қорғайды, ал қабырғалар – ішкі ағзалардың (жүрек, өкпе және қантамырлар) зақымдануының алдын алады.

Қозғалыс. Қаңқа бұлшық еттердің бекуіне арналған қатты сүйекті материалдан тұрады.

     Бұлшық еттер жұмыс істеген кезде қаңқаның бөліктері иінтірек қызметін атқарады. Бұл алуан түрлі қозғалыс түрлерін жасауға мүмкіндік береді. Адамның қозғалыс аппараты сүйектен, олардың бұлшық етпен арасын жалғастырушыдан тұрады. Қозғалыс сүйектердің біріккен жерінде жүзеге асырылады.

  • движение
  • физические нагрузки
  • опора
  • защита
  • грудная клетка
  • позвоночник
  • череп
  • кости нижних и верхних конечностей
  • костный материал
  • мышцы
  • позвоночник
  • соединения костей

Адам бұлшық еті

Сүйектер мен олардың қосылыстары қоз ғалыс аппаратының пас сив бөлігіне, ал бұлшық ет тер – оның белсенді бөлігіне жатады.

     Бұлшық ет бұлшық ет тіні мен сіңірге ажыратылады. Бұлшық ет бөлігі жиырылу және босаңсу қабілетіне ие. Сіңір жиырылмайды, тек бұлшық еттің әрекетін жеткізеді.

     Сіңірдің көмегімен бұл шық еттер сүйекке бекиді, алайда кейбір бұлшық ет түрлі ағзаларға да беки алады. Мысалы, беттің кейбір бұлшық еттері теріге бекиді.

     Негізгі қасиеті жиырыла алу қабілеті болып табылатын бұлшық ет тіні сүйек иінтіректерін қозғалысқа келтіреді.

Адам бұлшық еті
Ойлан!
  1. Бұлшық еттердің міндеті не?
  2. Қаңқада сіңірдің атқаратын қызметі қандай?
  3. Бұлшық еттердің негізгі қабілеті қандай? 

Основой движения человека являются рычаги

  1. Күш дегеніміз не? Өткен сыныпта күштің қандай түрлерін оқыпүйренгеніңді есіңе түсір.
  2. Адам пайдаланатын иінтіректерге мысал келтір.

Иінтірек – қозғалмайтын нүктенің айналасында айналу мүмкіндігі бар кез келген қатты дене.

     Иінтіректе тірек нүктесі екі бөлікке бөлінеді, оларды иық деп атайды. Иінтіректе міндетті түрде кем дегенде екі күш болады.

     Адам қозғалысының негізі иінтіректер болып табылады. Қаңқаның сүйектері – иінтірек-тер (сурет), буындар – тірек нүктелері, ал бұлшық еттер – иінтіректерге салынған күш. Біздің денеміздің кез келген қозғалысы – бұлшық еттердің жұмысы. Сен бұлшық еттерге энергия беру үшін тамақ ішесің, ал бұлшық еттер жұмыс істей отырып, оларды жұмсайды.

Иінтірек

     Адамның қаңқасында бірнеше иінтірек тобын ажыратуға болады.

1. Тепе-теңдік иінтірегі.      ​

     Онда екі күш иінтіректің шеттерінде орналасқан және бір бағытқа бағытталған. Бұл күштер бірінбірі тепе-теңдікте сақтауы тиіс. Адамның бассүйегі тепе-теңдік иінтірегіне мысал бола алады. Қарапайым тетіктің бұл түрі түрлі жағдайда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

Адамның бассүйегі – тепе-теңдік иінтірегі

2. Күш иінтірегі.

Оған түсірілген күш қарама-қарсы бағытта таралады. Қозғалыс күші иінтіректің ұзын иініне, ал қарсыласу күші – қысқа иініне түсіріледі. Күш иінтірегіне табан буыны мысал бола алады. Онда бір күш жоғары бағытталса, екіншісі төменге қарай бағытталады. Осы тұста бұлшық еттердің мықты дамығандығы соншалық, өз күшінен жүз есе асып кететін нәрсені көтере алады. Қаңқаның мұндай қозғалыс түріне жеңіл атлеттер баса көңіл аударады. Қаңқа құрылымының ерекшелігін және жылдар бойы жаттыға отырып, олар өз бойынан бірнеше есе биікке қарғып секіре алады.

Күш иінтірегі

3. Жылдамдық иінтірегі

     Жылдамдық иінтірегінің күш иінтірегінен ерекшелігі – қарсыласу нүктесіне жақын жерге түсірілген бұлшық еттің тарту күші ұшында ауырлық күші әрекет ететін екінші иінмен салыстырғанда кішірек иін түзеді.

     Жылдамдық иінтірегіне шынтақ буыны мысал бола алады. Шынтақ буынын бүгу кезінде білек-тің бұдырмағынан шынтақ буынына дейін созылған күштің қысқа иініне қарағанда күштің ұзын иіні – жілін-шік көбірек қозғалыс жасайды. Осы-лайша, қысқа иінді қозғалту кезінде бұлшық еттер жылдамдық пен аралықтан ұтқанымен, күш жағынан ұтылады. Бұл тетік түріне ауыр атлетикаспортшылары айрықша көңіл бөледі. Олар қол мен аяқтың бүгу бұлшық еттерін үздіксіз жаттығумен дамыта отырып, өз салмағынан бірнеше есе артық салмақты көтере алады.

Жылдамдық иінтірегі

Ольга Рыпакова (1984 ж. 30 қарашада туған) – ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру және жетісайыс бойынша қазақстандық жеңіл атлет. Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы (2012) және Пекиндегі Олимпиада ойындарының екі мәрте қола жүлдегері (2008), Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының үш қарғып секіруден қола жүлдегері (2016). 2010 жылы ғимарат ішінде үш қарғып секіруден әлем чемпионы болды. Үш қарғып секіруден 15.25 м нәтиже көрсетіп, Азия рекордын жаңартты.

Өзіңізді тексеріңіз!

Шығармашылық жұмыс

  • Параграф мәтінін (қаңқа мен бұлшық ет сызбасын), қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, адам денесіндегі тепе-теңдік, күш және жылдамдық иінтіректерін тап.
  • Жануарлар әлемінің қандай өкілдері өз қаңқасының құрылымында күш иінтірегін және жылдамдық иінтірегін ең көп пайдаланады? Өз жұмысыңды лэпбук түрінде ұсын.

«Жеңіл» сұрақтар

«Күрделі» сұрақтар

Бір жауапты талап ететін сұрақтар.

  • Кім?
  • Не?
  • Қашан?
  • ... болды ма?

Ойлануды, қосымша білімді, талдау жасау білігін талап ететін сұрақтар.

  • Үш түсініктеме бер, неліктен...? 
  • Түсіндір, неліктен...?
  • Неге сен ... деп ойлайсың? 
  •  Неге сен ... санайсың?
  •  айырмашылығы неде?
  • Егер ... болса, не болады? 
  • Егер ..., онда ...? 
  • Мүмкін ...?
  • ... бола ма?
  • Сен ... келісесің бе?
  • ... дұрыс па?

Мои вопросы

«Жеңіл» сұрақтар

«Күрделі» сұрақтар

1) 

2) 

3) 

1) 

2) 

Өтінемін күте тұрыңыз