«Қысым» дегеніміз не

Сабақтың мақсаты:

  • қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қысымын ажырата білуге үіренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • қатты денелер ұысымының ерекшеліктерін;
  • сұйық денелер мен газдар арқылы қысым қвлай жүзеге асырылатынын білу қажет.

Қысым

5-сыныптағы «Денелердің қозғалысына себеп кер болатын не?» материалын есіңе түсір.
  • Суреттегі «Қыс» көрінісіне мұқият қара. Балалар қардың бетінде неліктен әртүрлі тұрғанын ойлан.
Қыс

1-тәжірибе.

  1. Ыдыс жуатын ысқыш пен кез келген тіктөртбұрыш ты қатты зат, мысалы, сабын ал.
  2. Сабынды жалпақ жағымен ысқыштың үстіне қой. Ысқыш пішінінің өзгеруіне назар аудар.
  3. Ал енді сабынды бір қырына аудар. Не өзгерді?
  4. Қорытынды жаса.

     Келтірілген мысалдарды талдай отырып, күштің әсер ету нәтижесі күштің өзіне және оның әсер ететін аумағына тәуелді екендігін көресің. Демек, екі осы түрткіжайтты да есепке алатын физикалық шама қажет.

Қысым – дененің бетіне әсер етуші күштің осы дене бетінің ауданы қатынасына тең шама.

Қысым [P] = күшҒаудан S.

     Қысымды арттыру үшін не күшті ұлғайту, не ауданды кішірейту қажет. Керісінше, қысымды төмендету үшін, не күшті азайту, не ауданды ұлғайту қажет.

Тәжірибе

Өзіңнің еденге түсіретін қысымыңды өлшеу
  1. Өзіңнің салмағыңды өлше, оны 9,8-ге көбейт (9,8 – бұл тыныштық жағдайдағы дененің салмағын анықтау ға қажетті тұрақты шама).
  2. Торкөз парақтың үстіне тұрып, табаныңды қарындашпен айналдыра сыз.
  3. Табан ізіндегі толық шаршылардың санын анықта.
  4. Толық емес шаршыларды санап, оны екіге бөл.
  5. Толық және толық емес шаршылардың санын қосып, қосындыны 2-ге бөл. Сен аяқ тіренішінің ауданын (S) аласың.
  6. Сен түсіретін қысым [P] = салмақ ·10аудан 8 кПа.
  7. Барлық нәтижелер мен есептеулерді дәптерге жаз.
  8. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, басқа денелер мен жануарлардың қысымымен салыстыр.

Единицы измерения давления. Давление в жидкостях

     Жазғы жаңбыр астында резеңке етікпен қыдырып жүріп, сен шалшық суға кіргенде, резеңке аяғыңа тығыздала жабысатынын байқайсың. Мұны сұйықтықтың да қысымы болатындығымен түсіндіруге болады. Сұйықтықтың ішінде, оның кез келген нүктесінде қысым бар. Бұл қысымды сұйықтықтың беткі қабаты астыңғы қабаттарын қысатындығымен түсіндіруге болады. Су қаншалықты терең болса, қысым соншалықты көбірек болады. Бірдей тереңдікте барлық бағыттағы қысым, оның ішінде жоғар  қарай бағытталатын қысым да біркелкі болады.

     Сұйықтық пен газдардағы қысымды алғаш Блез Паскаль түсіндірген.

Блез Паскаль (1632–1662) – француз өнертапқышы, физик, математик. Математикалық талдау, ықтималдық теориясының негізін салушылардың бірі, алғашқы есептеуіш техниканы жасаған.

Блез Паскаль

Қысым паскальмен (Па) өлшенеді. Алайда бір паскаль азғантай шама болғандықтан, өлшеу ыңғайлылығы үшін килопаскаль (кПа) қолданылады: 1кПа = 1000 Па.

Сұйықтықта қысым тереңдеген сайын ұлғаяды. Әрбір 10 м тереңдікте қысым 100 кПа немесе = 100 000 па ұлғаяды.

Суретті қара. Бірдей тереңдіктегі түрлі жердегі сүңгуірлерге түсіретін судың қысымы қалай ажыратылады?

Тереңдеген сайын су қысымы артады. Онда сүңгуірді су бағаны қалайша жаншып тастамайды? Терең су түбіне түскен кезде сүңгуірге су қысымы мен скафандрдың ішіндегі қысым арасында тепе-теңдік болу үшін, дәл сондай ауа қысымы құбыршек арқылы беріледі.

     Мұны балықтардан байқауға болады. Балықтың көбінде газға толы торсылдақ болады. Осы торсылдақ қысымды теңестіреді. Терең суда жүзетін балықтар сыртқы қысым жаншып тастамауы үшін, торсылдақты үнемі газға толтырып алады. Демек, газдар да қысады.

     Газдағы қысым да сұйықтықтағы қысым тәрізді бірдей деңгейде және барлық бағытта өзгеріссіз беріледі. Ол газдың температурасына тәуелді: газдың температурасы қаншалықты төмен болса, соншалықты қысымды аз түсіреді.

Тереңдіктегі балықтардың қысымды реттеуі
Адам түскен су түбінің ең терең жері:
  • меруерт жинаушылар – 30 м;
  • адамның арнайы жабдықсыз түскен рекордты тереңдігі – 105 м;
  • аквалангпен түсу – 143 м;
  • жұмсақ скафандрмен – 180 м;
  • қатты скафандрмен – 250 м;
  • батискафпен – 10 919 м.

Атмосфералық қысым

Атмосфералық қысым – атмосфераның ондағы барлық заттарға және Жер бетіне түсіретін қысымы. Қалыпты атмосфералық қысым деп 760 мм сын. бағ. (101 325 Па) = 100 кПа саналады.

1643 жылы италиялық ғалым Эванджелиста Торричелли ауаның да салмағы болатындығын дәлелдеді. Ол атмосфералық қысымды өлшеу бойынша алғаш тәжірибе жасады. Ішінде ауа жоқ шыны түтікті алып, оған сынап құйды. Мұндай түтікте сынап шамамен 760 мм биіктікке көтеріледі.

     Биіктеген сайын атмосфералық қысым төмендейді . Оның екі себебі бар. Біріншіден, сен қанша- лықты биікте тұрсаң, сенің үстіңдегі ауа бағанының биіктігі соншалықты төмен болады. Демек, сені азырақ салмақ қысады. Екіншіден, жоғарылаған сайын температура төмендейді. Газ молекулалары азырақ қозғалады, яғни, атмосфераның жоғары бөлігінде молекула аздау және ауа массасы төмендеу болады. Сондықтан ол аз қысым түсіреді. Жер бетіне жақын жерде әрбір километр жоғарылаған сайын қысым шамамен 12 кПа-ға азаяды.

Атмосфералық қысым

     Алматының жанындағы биік таулы Медеу мұзайдыны теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Мұз айдынының үлкендігі конькимен жүгіруден, хоккейден және мәнерлеп сырғанаудан жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Мұздың тазалығы мен атмосфералық қысымның төмендігі арқасында мұзайдында 200-ден астам әлемдік рекорд орнатылған.

Артериялық қысым

Артериялық қысым – қантамырларда (артерияда) өлшенетін қан қысымы. Оны арнайы аспаптың көмегімен өлшейді

     Атмосфералық қысым қоршаған орта температурасымен байланысты. Температураның кез келген өзгерісінде атмосфералық қысым да өзгереді. Температураның кенет ауытқуы адам организмінің қантамырларында қысымның өзгеруіне әкеліп соғады.

      Егер қандай болса да күн райы тұрақты болса, онда артериялық қысым да теңеседі. Жылы және суық күндер бір-бірін алмастырған кезде қолайсыздық туындайды. Қысым көтерілгенде, қантамырлар тарылады, ал қысым төмендесе, қантамырлар кеңейеді. Осылайша артериялық қысым өзгереді де, адамда әлсіздік пен шаршау пайда болады. Артериялық қысым тонусын сақтау үшін спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, көбірек жеміс мен көгөніс жеу, сонымен қатар күн тәртібін сақтау қажет.

Артериялық қысымды өлшейтін аспап

Өзіңізді тексеріңіз!

Cуреттегі құбылыстарды түсіндір.

Кішкене шам жанған оттан биікке қарай ұшады.

Үстіне суық су құйғанда шардың көлемі неліктен кішірейді?

Піл мінген шар неліктен жарылмайтындығын түсіндір.

Жұпта немесе топта талқыла, орында
  • Топта талқыла. Өз үйіңде қысымның қандай мысалдарын байқадың? Оларды бір суреттің ішінде бейнелеп көр.

Жетістіктеріңді бағала

«Жеделхат» іс-әрекетіңе талдау жасау

Өзіңнің сабақтағы іс-әрекетіңе жылдам әрі қысқаша талдау жаса. Мысалы: «... үйрендім. Бәрін түсіндім. Қызықты болды».

Өтінемін күте тұрыңыз