Қысым жануарлар әлеміне қалай әсер етеді

Сабақтың мақсаты:

  • тірі организмдер үшін қысымның маңызына мысал келтіруді үйренесің.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • жануарлар топыраққа қандай қысым түсіретінін;
  • қысым судағы тірі организмге қалай әсер ететінін;
  • жануарлар әлеміне атмосфералық қысым қандай артықшылықтар беретінін білу қажет.

Какое давление оказывают животные на почву

Өткен материалды есіңе түсіріп, сұрақтарға жауап бер.
  1. Қатты денелер қалай қысады?
  2. Сұйықтықтар мен газдарда қысым қалай өзгереді?
  3. Сұйықтықтар мен газдарда қысымның берілуі қалай жүзеге асырылады?
Ұсынылған материалды мұқият оқы.
  • Дәптерге қандай жануарлар табиғатта қысымды қалай пайдаланатынын белгіле.

     Қысым денеге әсер ететін күш пен сол беттің ауданына байланысты болады. Күшті немесе ауданды өзгерте отырып, оны арттыруға немесе төмендетуге болады. Адам өз пайдасы үшін қысымды өзгертуді үйренді, алайда мұндай өзгерту жасау табиғатта бұрыннан бар болатын.

     Даму үдерісінде қоршаған ортаға жақсы бейімделе алған түрлер ғана тіршілігін жалғас тырады. Жүргізілген бақылаудың нәтижесіне қарағанда, аудан кіші болған сайын, қысым көбірек болады. Оған кірпі айқын мысал бола алады. Оның үстін ұсақ тікен басқан, бұл тікенектерді ол қорғану үшін ғана емес, алма мен саңырауқұлақ сияқты тамағын тасу үшін де пайдаланады. Кірпі алма немесе саңырауқұлақ бар алаң қайға шалқасынан жатып, тікендеріне олардың бірнешеуі жабысқанша сырғанайды. Кірпінің салмағы аз болса да, тікендерінің азғантай көлемі үлкен қысымды көтеруге мүмкіндік береді. Жырт қыштардың өткір тіс тері мен азуы, құстардың тырнақтары да дәл осындай қағидамен жаратылған.

Кірпі

     Ұсақ жәндіктер осы қысымды ұлғайту тәсілін тамаша пайдаланады. Сона мен ара жіңішке мұртшасымен теріні тесіп, үлкен қысым тудырады. Өзінің мұртшасымен ең үлкен қысым тудыратын жәндік – маса. Ол теріні тес кен кездегі қысым атмосфералық қысымнан миллиард есе көп.

Маса

     Алайда кейде қысымның жоғары болуы зиянды. Мысалы, жабысқақ жерді басу. «Шөл даланың кемесі» аталатын түйе оған бейімделіп алған. Оның аяқтары жалпақ табанды болып келеді, осылайша беттің ауданын ұлғайтып, қысымды азайтады. Бұл тү йеге сусыма құмның үстінде үлкен жылдамдықпен жүруге мүмкіндік береді.

Түйе

     Жылдам жүгіретін түйеқұстың аяғы да шамамен осындай құрылымға ие. Оның аяқтары құмға түсетін қысымды азайтуға және сонымен бірге жылдамдықты 20 м/с дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Түйеқұс

     Жер бетіндегі ең ірі жануар – піл, ол табандарының айрықша құрылымы арқасында қысымды азайта алады. Пілдің табан терісінің астында иілгіш талшықтары бар желе тәрізді қаба- ты болады. Піл аяғын басқан кезде, бұл желе тәрізді серіппелі масса бүкіл денені өзі көтеріп, жайылады да, көлемі ұлғаяды, сонда топыраққа түсетін қысым азаяды.

      Жыртқыштардың ішінде ең аз қысым түсіретіні – құну. Оның табанының аяқ-басы түкті және жалпақ, осы арқылы қысымды азайтып, жұмсақ қардың үстінде жылдам қозғала алады (кесте).

Піл
Құну

Қысымның болжалды мәні (кПа)

Жануарлар

Қысым

Қоян

1,2

Құну

2,1

Қасқыр

12

Адам

20

Бұлан

50

Африка пілі

70

Ірі қара мал

150

Динозавр (апатозавр)

290

Сона

33 млн

Маса

100 млрд

Оқылған материалдарды сыныпта талқыла және сұрақтарға толық жауап бер.
  1. Қазіргі шөл далада динозаврлар жүре алар ма еді?
  2. Неліктен сонаның шаққаны масаның шаққанына қарағанда көбірек ауыртады?
  3. Организм құрылымының қандай ерекшеліктері қабыланға талға оңай өрмелеп шығуға көмектеседі?

Жизнь в морских глубинах

     Қысым үлкен болатындығы на қарамастан, теңіздің түбінде тіршілік қайнап жатады. Түрлі тереңдіктегі қысымда айырмашылықтың болуы кері итеруші күштің туындауына себепші болады. Ол ауырлық күшіне кері әсерін тигізеді, сондықтан ең ірі жануарлар суда өмір сүреді. Көк кит ең ірі жануар, ұзындығы 30 м-ге, ал салмағы 160 тоннаға дейін жетеді (ол құрлықтағы ең алып тіршілік иесі африка пілінен 25 есе үлкен).

     Су жануарлары қорек табу үшін сүңгуге мәжбүр. Сонымен қатар қысымның су бетіндегіге қарағанда 300 есе жоғары ауытқуына төзімді болуы тиіс. 3 км-ге дейін су түбіне сүңгитін киттер қысымға қалай шыдайды? Кит өкпемен тыныс алады, демек, терең суға сүңгу үшін ауа «қорын» жинап алуы тиіс. Адамның өкпесін-дей емес, киттің өкпесі шеміршекпен жарақталған, сондықтан олар қысымға беріле қоймайды. Сүңгуге дайындалғанда, кит алдымен оттегі қорын жинап, ішке тарта терең тыныс алады. Сүңгіген кезде жүректің соғысы екі есеге дерлік баяулайды, бұл да оттегіні үнемдейді. Жүзу сондай-ақ іс жүзінде сығылмайтын майымен қамтамасыз етіледі. Үлкен қысым болған жағдайда ол өте жақсы көмектеседі!

Көк кит

     Ал судың өте терең – айналасындағы қысым өте жоғары жерінде торсылдағы жоқ балықтар тіршілік етеді. Олар да қысымның ауданға тәуелділігін пайдаланады: балықтың көлемі қаншалықты кіші болса, әсер ететін күш те азырақ болады. Сондықтан бұл балықтардың орташа ұзындығы шамамен 12 см, кәдімгі балықтардан он есе кіші. Олардың көбі – қарапайым ергежейлілер. Денесінің көп бөлігін араны (аузы) алып жатады. 3 км-ге дейінгі өте тереңдікте тіршілік ететін акуланың өзі өте кішкентай болады. Оларды ергежейлі акула немесе акула-пигмей деп атайды.

Тереңде жүзетін балық
Топта оқылған материалды талқыла.
  • Балықтар мен теңіз түбінде тіршілік ететіндердің суреті салынған постер жаса.
  • Қосымша дереккөздерді, соның ішінде ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалан.
  • Постерді өз мысалыңмен толықтыр.
  1. Судың терең жерінде тіршілік ететін балықтардың барлығы неліктен жалпақ болатынын талқылаңдар.
  2. Акуланың ұсақ, сүйір тісті болып келетінін қалай түсіндіруге болады?
  3. Шаянтәрізділер мен моллюскаларға мықты сауыт не үшін қажет?

Как животные используют давление атмосферы

     Атмосфераның қысымын жануарлар да табиғатта тіршілігін жалғастыру үшін пайдаланады. Шыбындар төбеде өрмелеп жүре алады, өйткені аяқтарында жабысқыштары бар. Жабысқыштар мен төбе бетінің ортасында вакуум түзіледі. Ауа қысымы оның жабысқыштарына тек сыртынан әсер етеді, ал шыбын төбеге жабысып алып, құламай тұра береді. Сондай-ақ сегізаяқ, сүліктер де жабысқыштарын пайдаланады, олар жабысқыштың көмегімен кез келген затқа жабыса алады. Жабысқыштарының көлемі ұлғаяды да, олардың ішінде шын мәнінде ауасыз кеңістік түзіледі, сосын сыртқы ауаның қысымы оларды қандай да бір заттың бетіне жабыстырып қысып тастайды.

     Ал пілдің мойны қысқа болғандықтан, ол тіпті су ішу үшін де еңкейе алмайды. Ол тек тұмсығын төмен түсіріп, ауаны өзіне қарай сорады. Атмосфералық қысымның әсерінен тұмсығы суға толады, сосын піл тұмсығын бүгіп, жиналған суды аузына құяды.

Шыбын

     Жылы күндері далада өте биікте қалықтап жүрген үлкен құсты көруге болады. Қанатын созғандағы ұзындығы 2 метрге дейін жететін дала бүркіті тым биікке көтеріліп, аспандағы нүкте тәрізді көрінеді. Атмосфераның сиретілуінен, ол жерде ешқандай сүтқоректі бола алмайды. Бүркіт мұндай биіктікке жылдам көтеріліп, одан да үлкен жылдамдықпен төмендей алады. Демек, олар қысымы жоғары аймақтан қысымы төмен аймаққа және керісінше жылдам ауыса алады. Атмосфера қысымының жылдам және үлкен көлемде ауысуына төзімділік қабілеті құстардың дене құрылымының айрықша болуымен түсіндіріледі. Ол өкпемен байланысатын ауа қабымен өтеді, ал өкпе сыртқы ортамен – ауамен байланысады. Осылайша олар өз ішіндегі қысымды жылдам өзгерте алады. Жылдамдығы соншалық, өзінің қорегіне 200 км/сағ жылдамдықпен құлдырап түсе алады.

Дала бүркіті

Өзіңізді тексеріңіз!

Ойлан, тапсырманы орында
  1. Оқылған материалдан атмосфералық қысымның жануарлар әлемінде пайдаланылуы тәсілдерін бөліп көрсет.
  2. Осы тәсілдің қайсысын тұрмыста және сабақ кезінде пайдалана аласың?
Ақпарат дереккөздерімен жұмыс

Қосымша материалдар мен ғаламтор желісінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қандай жануар су бетінде және батпақты жерлерде қалай жүре алатынын көрсет.

Жетістіктеріңді бағала

«Қысым» сөзіне синквейн жаз.
Өтінемін күте тұрыңыз