Электр энергиясына төлем жасауда қалай үнемдеуге болады

Сабақтың мақсаты:

  • Электр энергиясың бағасын есептеуді уйрену.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • тұтынған электр энергиясының бағасын есептеу тәсілдерін білу қажет.

 9-сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмыс жүргізу үшін саған:

  • алуан түрлі жарықтандыру шамдары (қыздыру шамы, энергияүнемдегіш шам, жарықдиодты шам) қажет.
а)
​Қыздыру шамдарына арналған қуаттылық
ә)
​Жарықдиодты шамдарға арналған қуаттылық
б)
​Энергияүнемдегіш шамдарға арналған қуаттылық
Есіңе түсір!
  1. Электр энергиясы немен өлшенеді?
  2. Тұтынылған электр энергиясы қалай есептеледі?
  3. Тұтынылған электр энергиясы үшін төленетін баға қалай есептеледі?

Жұмыстың тапсырмасын мұқият оқы және оларды дұрыс ретімен орында. Жұмыстың нәтижесін дәптеріңе жаз. Тапсырманы жазудың ұсынылған үлгісін пайдалан.

Жұмыс барысы

  1. Өз аймағыңдағы электр энергиясының тарифін анықтап, оны дәп теріңдегі «Берілгені» бөлігіне жаз.
  2. Шамды қолыңа алып, оның тұтынылатын қуатын тап. Әдетте ол шамның әйнегінде немесе түбінде жазылады. Ол сан түрінде және өндіруші елге байланысты Вт немесе W өлшем бірлігімен көрсетіледі.
  3. Барлық үш шамның қуаттылығын «Берілгені» бөліміне жаз.
  4. Қанша уақытта тұтынылған энергияны есептейтініңді дәптеріңе жаз: 45 минут.
  5. Аспаптардың энергиясы қалай есептелетінін есіңе түсір. Оны әрбір шам үшін жеке есепте. Өзіңнің есептеп шығарғаныңды «Шешуі» бөліміне жаз.
  6. Тұтынған энергияның бағасы қалай есептелетінін есіңе түсір. Оны әрбір шам үшін жеке есепте. Өзіңнің есептеп шығарғаныңды «Шешуі» бөліміне жаз.
  7. Әрбір шам үшін тұтынған энергияның бағасын «Жауа-бы» бөліміне жаз.
  8. Қорытынды жаса. Қай жарықтандыру көзі әлдеқайда үнемді болып табылады? Неліктен?

Электр энергиясын үнемдейік!

Ойлан, тапсырманы орында

Сыныпта жұмыс істеп тұрған жарық аспаптары жұмсаған электр энергиясының бағасын есепте.

  1. Бір шамның қуаттылығын ұстазыңнан біл.
  2. Бір шамның 45 минут ішінде тұтынған энергиясын анықта.
  3. Бір шамның тұтынған энергиясының бағасын анықта.
  4. Сыныптағы барлық жарық аспаптарының тұтынған энергиясының бағасын есепте.
  5. Сабақ кезінде сыныпта тұтынылған энергия туралы қорытынды жаса.
  6. Сыныпта электр энергиясын үнемдеу бойынша өз нұсқаңды ұсын.

Электр энергиясын үнемдейік!

Қарапайым әрекеттер электр энергиясын үнемдеуге және ғаламшарымызды сақтауға жәрдемдеседі!

Тоңазытқышты тамақ пісіретін пеш, радиатор мен басқа да жылу көздерінің қасына қоймау керек.

Үштармақ пен ұзартқыштарды қолдану желінің қарсыласуын арттырып, энергияның шығынын көбейтеді.

Ыдыс-аяқты ыдысжуғыш мәшинеге салмас бұрын тамақ қалдығынан тазартып алу керек. Егер мәшинеде жартылай жүктеу режімі болса, азғана ыдысты жуғанда соны қолданған жөн.

Жетістіктеріңді бағала

«Өсу ағашы» – өзін-өзі бағалау

      Осы сабақтың нәтижесі бо йынша саған бәрінен де лайық ты болатын адамды таңда.

      Осы сабақта білімнің шыңына шыққан болсаң, онда ағаштың басында тұрған адамды таңда. Егер сабақтың тақырыбы бойынша әлі де сұрақтарың бар болса, онда жоғарыға ұмтылған адамды таңда. Егер сен бұл сабақты меңгере алмаған болсаң, онда жерде тұрған адамды таңда.

Өз жұмысыңа талдау жаса.
​Білімнің шыңына шығу үшін саған үйде нені қайталау қажет?

Өтінемін күте тұрыңыз