Біз қалай энергия алмасамыз?

Сабақтың мақсаты:

  • энергия шығара және ала отырып атқарылатын үдерістерді атап айту және мысал келтіруді үйренесін.

Мақсатқа қол жеткізу ушін:

  • денелердәң энергия алмасу үдерісі қалай өтетінін білу қажет.

Қызу және суыну  

  • 5.1-параграф материалын есіңе түсіріп, энергия көзі дегеніміз не екенін айт.
  • Қандай энергия көздерін білесің?

Егер энергия көзі бар болса, онда энергия қабылдайтын нысан да болуы тиіс.

Суреттегі заттарды қарап, сұрақтарға жауап бер.
Энергия көзі және энергия қабылдағыш
  1. Қайсысы энергия көзі, ал қайсысы энергия қабылдағыш?
  2. Энергия көзі қандай күйге ұшырауда? Энергия қабылдайтын нысандарда қандай өзгеріс байқалады?

     Келтірілген табиғи үдерістердің әрқайсысында энергия берілу кезінде өзара әрекет ететін денелердің температурасы өзгереді. Сондықтан жылу берген кезде дененің энергиясы өзгереді деген тұжырым жасауға болады. Жылу бергенде денелердің энергиясы өзгеретін үдерістерді қара.

     Қызу және суыну үдерістерін сен күнде көресің. Ыстық шай ішу үшін шәйнекті қыздыру қажет. Қыздыру кезінде шәйнек пен оның ішіндегі су энергия алады, яғни қызады. Шыныға құйғаннан кейін, шайдың өте ыстық екенін сезсең, аздап суыту, яғни салқындау үшін сен оны біршама уақытқа үстел үстіне қалдырасың. Сол кезде ыстық су қоршаған ауаға энергия бөліп шығарады.

Қызу – дене энергия алатын үдеріс.

Суыну – дене энергия бөлетін үдеріс.

Қыздыру немесе суыту үдерістері әр затта әртүрлі жүреді.

Тәжірибе жаса

1-тәжірибе.

Саған:

  • – суық су және ыстық су құйылған стақандар;
  • шыны таяқша және металл қасық;
  • орамал қажет.

Жұмыс барысы

  1. Ыстық су құйылған стақанға бір мезетте шыны таяқша мен металл қасықты сал.
  2. 5–10 секундтан кейін оларды алып, орамалмен сүрт. Сосын қолыңа қысып ұста да, қайсысы көбірек қызғанын анықта. Денелердің қайсысы жылдамырақ энергия алатынын дәптеріңе жаз.
  3. Суық су құйылған стақанға да бір мезетте шыны таяқша мен металл қасықты сал.
  4. 5–10 секундтан кейін оларды алып, суын сүрт. Қолыңа қысып ұстап, денелердің қайсысы көбірек суығанын анықта.

1-тәжірибе

Қызу

Суыну

Металл қасық

Шыны таяқша

Қорытынды жаса.

  1. Берілген материалдардың қайсысы жылдамырақ энергия алады және береді?
  2. Өзіңнің айналаңдағы әр алуан материалдардың энергия алу және беру қасиеттерінің (қызу және суыну) пайдаланылуына мысал келтір.

Балқу және қатаю 

Балқу – заттың қатты күйден сұйық күйге өту үдерісі. Бұл ретте дене энергия алады, ал оны қоршап тұрғандар энергия береді.

Қатаю – заттың сұйық күйден қатты күйге өту үдерісі. Бұл ретте дене энергия береді, ал оны қоршап тұрғандар энергия алады.

2-тәжірибе.

Саған:

  • жылы су құйылған стақан;
  • термометр;
  • қасық және бір кесек мұз қажет.

Термометрді қолыңа алып, оның бөліктерінің өлшемі мен температураны өлшеу бірлігін анықта.

Жұмыс барысы:

  1. Термометрді абайлап суға сал да, 3–4 минут күт. Термометрдің көрсеткішін дәптеріңе жаз.
  2. Мұз кесегін суға сал. Салған кезде су стақаннан асып кетпейтін болсын.
  3. Мұз кесегін бақылай отырып, бірнеше минут күт. Мұз көлемінің өзгере бастағанын байқаған сәтте қасықпен оны судан шығарып ал. Термометрдің көрсеткішін дәптеріңе жаз.
  4. Судың мұз салғанға дейінгі және мұз салғаннан кейінгі температураларын салыстыр.

2-тәжірибе

Мұз салғанға дейін

Мұз салғаннан кейін

Су температурасы

Қорытынды жаса.

  1. Мұз ери бастағанда (энергия алғанда) судың температурасы қалай өзгерді?
  2. Өзің өмірде байқаған, балқу немесе қатаю кезіндегі энергияның өзгеруіне мысалдар келтір.

Булану және сұйық күйге айналу 

Булану – заттың сұйық күйден буға айналу үдерісі. Бұл ретте дене энергия береді, ал айналасында қоршап тұрған денелер энергия алады.

Сұйық күйге айналу – заттың газтәрізді күйден сұйық күйге өту үдерісі. Бұл ретте дене энергия алады, ал оны қоршаған денелер энергия береді.

     Жаздың ыстық күнінде жаңбырдан кейін сен булану үдерісін бақылаған боларсың. Шалшықтағы су сұйық күйден буға айналып, өзінің энергия сын береді, қоршаған ауа осы энергияны қабылдайды.

Булану

      Сұйық күйге айналу – булануға кері үдеріс. Ғаламшарда булану мен сұ йық күйге айналу үдерістері қатысатын қандай әлемдік үдеріс орын алатынын есіңе түсіріп айт.

Сұйық күйге айналу

3-тәжірибе.

Саған :

  • термометр;
  • мақта немесе мата қиындысы;
  • тез буланатын сұйықтық (әтір, жылы су) қажет

Жұмыс барысы:

  1. Мақта немесе матаны ал да, онымен термометрдің басын ора.
  2. Термометрдің көрсеткішін дәптеріңе жаз.
  3. Мақтаға немесе матаға жылдам буланатын сұйықтықты құй.
  4. Сұйықтық буға айнала бастағанша бірнеше минут күт. Булану үдерісін жылдамдату үшін мақтаны немесе матаны үрлеуіңе болады.
  5. Сұйықтық буланған кездегі термометрдің көрсеткішін дәптеріңе жаз.
  6. Сұйықтықтың бір тамшысын қолыңның сыртына тамыз. Не сездің?

Энергия алмасу үдерістерінің мысалы

Жауап

Жіпке жайылған киім кебеді

 Ыстық сорпаға салынған қасық

Таңертең ерте шөпке шық түсу

Күзде ағашта қыраудың пайда болуы

Қағазды желімдегенде желімнің кебуі

Өзіңді тексер!

Берілген әдеби шығармалардың үзіндісін оқы.
  1. Энергия алмасу үдерісін анықта.
  2. Әдеби үзінділерде үдерісті сипаттау барысында жіберілген қателікті тап.
1. «Ол әйнектің бойымен ақты,
Кенет оны аяз қапты,
Тамшы қозғалмайтын мұзға айналып,​
​Осылайша жылулық азайыпты».
2. «Балалар түнеуге өзен жағасына жайғасты. Кешке қарай күн салқындап кетті. Бірақ балалар суға түскеннен кейін бойлары бірден жылынды. «Жылынып алған» олар бірден ұйықтап кетті...»

Жетістіктеріңді бағала

Сабақтағы жетістігі бойынша өзін-өзі бағалау «Соңында мен айтайын»

Сұраққа жауап бер:
  1. Сенің үмітің қаншалықты ақталды және ол үшін кімге алғыс айтасың (мұғалімді қоспағанда)?
  2. Не орындалмады және неліктен?
  3. Менің және біздің болашағымыз қандай?
Парталас көршің үшін бір сөйлемді таңда:
  • Сен жарайсың!
  • Сенің сабақтағы жұмысыңа ризамын.
  • Сен бұдан да жақсы жұмыс істей алатын едің.
Өз жұмысыңа талдау жаса.

Болашақта көбірек жетістікке жету үшін, саған үйде нені қайталау қажет?

Өтінемін күте тұрыңыз