Өзіңді тексер! «Жанды және жансыз табиғаттағы үдерістер» бөлімі бойынша қорытынды тапсырмалар

Өзіңді тексер!

Анықтамасы

Организмнің қабілеті

Организмнің массасы мен көлемінің артуы.

Сыртқы тітіркендіргіштерге әсер ету қабілеті.

Организмнің сапалы өзгерістері оның күрделі ұйымдастырылуынан тұрады.

Организмдер ұрпағының белгілер кешенін қайталау қасиеті (сыртқы құрылымының, физиологиясының, химиялық құрамының, зат алмасу сипатының, жеке дамуының т.б. ерекшеліктері). 

Өзінен-өзі көбеюге бейімділік.

2-тапсырма

Табиғи экожүйе сипаттамасын оқып, дала жануарларын қоректену тәсіліне қарай топтарға бөл.
  • Осы экожүйеге тән екі қорек тізбегін жаса, оларды мәтінде көрсетілген өкілдермен толықтыр.

     Далада ағаш атаулы өте сирек. Оның есесіне шөптектес өсімдіктер мен бұталар мол өседі. Дала өсімдіктері құрғақшылық пен аптап ыстыққа төзімді келеді. Қазақстанның далалық өсімдіктерінде жусан мен ақселеу басым. Қиыршық тасты далада жебір, көктікен және басқа өсімдіктер өседі. Далада дәрілік және балды өсімдіктер де кездеседі.

Қазақ даласында ақбөкен, түз суыры, түлкі, қарсақ және шақылдақ тәрізді сүтқоректілер, сондай-ақ дала бүркіті, боз-торғай және ақбас тыр на секілді құстар мекендейді. Дуадақ, безгелдек сияқты дала өкілдері толығымен жойылып кетті. Дала кеміргіштері арасында ұсақ жертесерлер көзге түседі. Үл-кен саршұнақ, кәдімгі сұр тышқан т.б. зиянкес кеміргіштер бар. Оларды қанатты жыртқыштар: дала және шалғын ителгісі, күйкентай, бөктергілер аулайды. Қаратопырақты аймақтарда дала бозторғайы, бөдене жиі кездеседі. Бұл аталған түрлер басқа жерлерде де кездеседі, бірақ негізінен Қазақстан далаларын мекендейді.

  • Өсімдіктерде заттардың қозғалуы (тасымалдануы) өт-кізуші жүйенің көмегімен жүзеге асады.
  • Су мен минералдық заттар елек тәрізді түтікше бойымен жылжиды.
  • Жапырақтардан басқа мүшелерге түтікше бойымен орга-никалық заттар жеткізіледі.
  • Барлық жануарларда оттегі мен құнарлы заттар, сонымен қатар зат алмасу үдерісі өнімдерінің тасымалдануын жүрек пен тамырлардан тұратын қантамырлар жүйесі атқарады.

4-тапсырма

Тыныс алу үдерісінің сызбасын жаса.
  • Сызбаны пайдаланып, тыныс алу үдерісіне анықтама бер.
  • Шығарған демнің құрамында көмірқышқыл газы бар екендігін қандай тәжірибенің көмегімен анықтауға болады?

5-тапсырма

Қоршаған ортаның әсеріне қарапайымдылардың жауап реакциясының негізіне тірі организмдердің қандай қасиеті жататынын түсіндір: суға кесек тұз қосқан кезде амеба жалғанаяқтарын жинап алады да, шар тәрізді пішінге енеді.

  • Қоршаған ортаның әсеріне жауынқұрттың жауап реакциясының амебанікімен салыстырғанда қандай айырмашылығы бар?
  • Ол қалай аталады?
Өтінемін күте тұрыңыз