2-бөлімге шолу

   «Картография және географиялық деректер базасы» бөлімінің сабақтары бойынша

   Сендердің білгендерің:

  • Тақырыптық карталар нақты тақырыпқа арналған, жалпыгеографиялық карталарда көрсетілмейтін кейбір элементтерді толық көлемде ұсынады. Тақырыптық карталар табиғи және қоғамдық құбылыстардың ерекшеліктерін бейнелейді.
  • Тақырыптық картаның қосымша сипаттау элементтері карта үшін міндетті емес, бірақ оның мазмұнымен тақырыптық байланысы бар мәліметтер түрінде берілген. Олар картаның мазмұнын байытады, нақтылайды, толықтырады, карта тақырыбын тереңірек меңгеруге көмектеседі. Оларға картаның тақырыбына қатысты графиктер, профильдер және диаграммалар, блок-диаграммалар, ойым-карталар, аэрофотосуреттер, кестелер, суреттер, тізімдер және анықтамалық мәліметтер жатады.
  • Деректер базасы бір-бірімен өзара байланысты үлкен көлемді ақпаратты сақтауға, өзгертуге және өңдеуге арналған. Деректер базасын құру қазіргі кезде АКТ көмегімен жүзеге асуда. Оның құрамына енгізілетін ақпарат белгілі бір ретпен жүйелендірілуі тиіс. Көптеген компьютерлердің операциялық жүйелері деректер базасын құруға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламаларды және қосымшаларды қамтиды.
  • Геоақпараттық жүйелер (ГаЖ) деректерді алудың, сақтаудың, өңдеудің, іріктеудің және географиялық ақпаратты берудің өзара байланысты кешенін ұсынады. Ол пайдаланушының сұрауы бойынша көбінесе картографиялық формада, сонымен қатар кестелер, графиктер, мәтіндер түрінде деректерді жинауға, деректер базасын құруға, оларды компьютер жүйелеріне кіргізуге, сақтауға, өңдеуге, өзгертуге және беруге мүмкіндік жасайды. ГАЖ ғылыми-зерттеу құралы ретінде де, ГАЖ индустриясының технологиясы және өнімі ретінде де қарастырылуы мүмкін.

   Сендер:

  • тақырыптық карталардың қосымша сипаттау элементтерін құрастыруды;
  • деректерді қағаз тасымалдағыштан электрондық тасымалдағышқа аударуды;
  • ақпаратты өз компьютерлеріңде ұйымдастыруды;
  • деректер базасы элементтерінің атауларын сәйкестендіруді;
  • кеңейтілуі әртүрлі файлдарда құжаттар жасауды;
  • метадеректер құрастыруды;
  • гиперсілтемелерді қолдану арқылы каталогтер құрастыруды;
  • географияны оқуда бұлттық технологияларды қолдануды;
  • онлайн картографиялық қызмет түрлерінің мүмкіндіктерін пайдалануды үйрендіңдер.
Тектоникалық карта
Орталық Азия халықтарының тығыздығы картасы
Климатическая карта
Өтінемін күте тұрыңыз