C

  • Cаба – жерасты сумен қоректену басым болған кезде, өзендегі су тұруы ең төмен болады. Суық климат жағдайында кішігірім өзендер қыста кейде түбіне дейін қатып қалуы мүмкін. Құрғақ климат жағда- йында кішігірім өзендер жазғы сабада құрғап қалуы мүмкін.
  • Cу тасу – бұл жыл сайын бір маусымда қайталанатын біршама ұзаққа созылатын және өзендегі су мөлшерінің айтарлықтай көбеюі. Су тасу еріген қар және жаңбыр суларынан пайда болады. Жазық жердегі қардың еруі көктемгі су тасуды, биік таудағы қар мен мұздықтардың еруі, сонымен қатар ұзақ уақыт және қатты жазғы жаңбыр (мысалы, муссондық климаты жағдайында) – жылдың жылы кезіндегі су тасуды (яғни көктемгі-жазғы немесе жаздағы су тасу) туындатады.

А

  • Ағымдағы жағдайға талдау – бұл дәл қазіргі сәттегі демографиялық коэффициенттерді есептеу, оларды бағалау шәкілдерімен салыстыру, туындаған қиындықтарды анықтау. Мысалы, «өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға қайтыс болғандардың 7,38-ін құрады және төмен көрсеткіш ретінде сипатталады. Бірақ осы көрсеткішті «өте төмен көрсеткішке дейін», яғни «7‰-ға дейін» төмендетуге мүмкіндіктер бар.
  • АӨК инфрақұрылымы – АӨК-тің барлық бөлімдерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін салалар мен ұйымдар. Бұлар – жолұйымдары, қаржылық және банктік желі, делдалдық, инвестициялық компаниялар және басқалары.
  • Атмосфераның циркуляциясы – бұл жер беті үстінен өтетін ауа ағындарының жиынтығы.
  • Ауа массасы – тропосферадағы ауаның ірі көлемі, оның белгілі бір ортақ қасиеттері (ауа массасы қалыптасатын ауданмен байланысты) бар және атмосфераның жалпы айналымы ағындарының бірінде бір бүтін ретінде қозғалады.
  • Аукциондар – бұл алдын ала белгіленген уақытта және арнайы тағайындалған орында жария сауда жолымен аукциондық тауарларды сатуды іске асыратын арнайы компаниялар.
  • Аумақтың табиғи-ресурстық әлеуеті – бұл белгілі бір аумақтың бірге алынған барлық табиғи ресурстары. Олар ғылыми-техникалық өрлеудің жетістіктерін есепке ала отырып, шаруашылықта пайдаланылуы мүмкін.

Ә

  • Әлеует – бұл халықтың жоғары материалдық және мәдени өмір деңгейіне қол жеткізуі үшін мемлекет қолдануы мүмкін түпнұсқаларды, мүмкіндіктерді, құралдар мен қорларды білдіреді.
  • Әскери-саяси одақ – мұнда мемлекеттер ортақ саяси, экономикалық, әскери және басқа да мәселелерді шешу үшін бірлесе әрекет ету мақсатында келісімге қол қояды.

Б

  • Бала туылуы – белгілі бір кезең ішінде 1000 тұрғынға шаққандағы бала туылу саны.
  • Банктік емес мекемелер – ақшалай қаражатпен жұмыс істейтін, алайда банк мәртебесі жоқ ұйымдар. Оларға сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар, несие ұйымдары, ломбардтар және т.б. жатады.
  • Биржа – бұл ұйымдастырылған және тұрақты түрде әрекет ететін ұйым, онда тауарлардың, валютаның және т.б. ірі көлемде сатылымы жүзеге асырылады.
  • Биіктік белдеулігі – бұл теңіз деңгейінен биіктігі артқан сайын таудағы табиғи ландшафттар мен жағдайлардың алмасуы.
  • Бұлар – нарықтық экономиканың барлық қатысушыларының арасында ақша айналымын қамтамасыз ететін ұйымдар.

В

  • Валюта биржасы – бұл ұлттық валюталарды еркін сатып алу-сату жүзеге асырылатын орын. Валюта биржасының тікелей мақсаты – шетел валютасының құнын білдіретін валюта курсын анықтау.
  • Валюталық одақ – мұнда ортақ нарық пен бірыңғай саясаттан басқа бірыңғай банк жүйесі құрылып, кейбір жағдайларда – бірыңғай валюта алынады.

Г

  • Географиялық деректер – табиғи немесе жасанды жолмен құрылған нысандардың, сонымен қатар олардың жердегі шегараларының географиялық орнына және қасиеттеріне қатысты ақпаратты қамтиды.
  • Географиялық деректерді өңдеу дегеніміз – оларды болашақта қолдану үшін ыңғайлы формаға келтіру шаралары.
  • Географиялық қабық – Жердің қабығы, оның шегінде атмосфераның төменгі қабаттары, литосфераның жоғарғы бөлігі, бүкіл гидросфера мен биосфера бір-біріне өзара еніп және бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынаста болады.
  • геосинклиналь – Ондаған, жүздеген және мыңдаған километрге созылған, жер қыртысының енсіз, тектоникалық қозғалмалы бөліктері.

Д

  • Демогеография – әлеуметтік-экономикалық география құрамында тұрғындар географиясы мен демография тоғысындағы ғылыми зерттеулердің бағыты. Белгілі бір аумақта тарихи тұрғыда қалыптасқан демографиялық үдерістер мен әлеуметтік-экономикалық жағдайлар арасындағы қарым-қатынасты зерттейді.
  • Демографиялық дағдарыс – халық құрылымындағы жағымсыз сандық және сапалық өзгерістермен байланысты жағдай. Сандық өзгерістер – бұл халық санының өсуінің кемуі, табиғи күрт кемуі. Сандық өзгерістерге халық денсаулығының нашарлауы да жатады. Бұл осы халықтың жоғалып кетуіне әкелуі мүмкін.
  • Демографиялық жағдай – бұл белгілі бір аумақта өткен демографиялық үдерістердің (бала туылуы, өлім-жітім, көші-қон т.б.) кешенді сандық сипаттамасы және сапалық бағалануы; олардың беталысы, белгілі бір кезеңдегі жиынтығы және нәтижесі.
  • Демографиялық мәселе – халық санының күрт өзгеруі.
  • Демографиялық саясат – экономикалық, әкімшілік, насихаттық іс-шаралар кешені, олардың көмегімен мемлекет өзі қалаған бағытта тұрғындар санының өсуіне, құрылымына, қоныстануы мен сапасына әсер етеді.
  • Дүниежүзінің саяси картасы – арнайы географиялық карта. Онда жалпы гео графиялық ақпараттармен (материктер мен мұхиттардың, теңіздер мен өзендердің кескінделуі) қатар мемлекеттер, олардың шегаралары, астаналары, сонымен қатар тәуелді аумақтар көрсетілген.

Е

  • Еңбек биржасы – бұл жұмыс күшін жалдау кезінде жұмысшылар мен кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынаста делдал рөлін атқаратын ұйым (еңбекпен қамту орталығы, жұмысқа орналастыру жөніндегі орталық). Еңбек биржасының негізгі міндеттері: жұмыссыздар немесе жұмысын ауыстырғысы келетіндер үшін жұмыс іздеу, жұмыс күшіне және нақты бір мамандыққа сұранысты және ұсынысты зерттеу, жұмыс берушілерде сұранысқа ие жаңа мамандықтарды қайта оқыту және меңгеру.
  • Еркін сауда аймағы – мұнда қатысушы-елдер өзара саудада тек кедендік кедергілерді алып тастайды.

К

  • Кеден одағы – мұнда елдер тек топтасушы елдердің ішінде тауар мен көрсетілетін қызмет жолындағы шектеулерді алып қана қоймайды, сонымен бірге үшінші тарапқа қатысты бірыңғай кедендік тариф енгізеді.
  • Климаттық белдеулер – бұл ендік бағытта орналасатын және бір-бірінен: күннің қыздыру деңгейімен; ауа массасының режимімен; атмосфера айналымының ерек шелігімен айтарлықтай ерекшеленетін жер шарының климаты бір текті аймақтары.
  • Комбинат – түрлі салаларда өндірілетін өнімдерді шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорын.
  • Көрсетілетін қызмет – бұл тұтынушылар үшін белгілі бір құндылығы мен бағасы бар іс-әрекеттер.
  • Күрделі отбасы – бір отбасы басқа туысқан отбасымен (ата-аналарының отбасы, балаларының отбасы немесе ағалары мен апайларының отбасы) бірге тұратын отбасылар.

Қ

  • Қазіргі заман географиясы – тікелей қазіргі уақыттағы жағдайды зерттейді. Оның өткені осы уақыттағы географиялық нысандардың, құбылыстар мен үдерістердің жағдайына әсері тұрғысынан қарастырылады.
  • Қор биржасы – бұл бағалы қағаздарды сатып алу-сату, олардың нарықтық бағасын анықтау және олар туралы ақпарат тарату жүзеге асырылатын ұйым.
  • Құрамдастыру – бір кәсіпорында бір-бірімен тығыз байланысқан түрлі бағыт пен сала өндірістерін біріктіру.
  • Құрылымдық элемент – Көршілес жер телімдерінен қосылыстарының құрамы, орналасу жағдайы және параметрлеріне қарай ерекшеленетін жер қыртысының оқшауланған бөлігі құрылымдық элемент (тектоникалық құрылым) деп аталады.

Л

  • Ландшафт – бұл біркелкі, бірыңғай жер бедері, ортақ климаты бар, гидротермиялық шарттарының, топырақтары мен биоценоздарының үйлесімі бірдей болатын нақты бір аумақты алып жатқан табиғи кешен.

М

  • Мәртебесі анықталмаған аумақтар – бұл сол немесе басқа мемлекетке тиесілілігі әлі толық белгіленбеген аумақтар.
  • Мәселе – мұқият зерттеуді және шешуді талап ететін қиын жағдай. Шешілмеген мәселелер қалыпты тіршілік ету және даму үдерісіне кедергі келтіруі мүмкін.
  • Мәшине жасау – бүкіл ұлттық шаруашылықтағы ғылыми-техникалық өрлеудің (ҒТӨ) деңгейін анықтайтын айрықша ірі кешенді сала, өйткені ол барлық салаларды мәшинемен, жабдықтармен, аспаптармен, ал тұрғындарды – тұтыну заттарымен қамтамасыз етеді.
  • Мәшине жасау – мәшинелердің және олардың бөлшектерінің үлкен көлемін, кесуші және басқа да құралдардың, бақылау-өлшеу аспаптарының өндірісін қамтитын өнеркәсіп саласы.
  • Мәшинелер – адамға түсетін жүктемені азайту үшін немесе оны толықтай алмастыру үшін белгілі бір жұмыстарды орындайтын техникалық құрылғылар.
  • Мемлекет – бұл ортақ әлеуметтік, мәдени мүдделері біріктірілген, белгілі бір аумақта орналасқан, өзінің жеке басқару жүйесі, қорғаныс жүйесі мен ішкі және сыртқы егемендігі бар қоғамның айрықша ұйымы.
  • Мемлекеттік егемендік – бұл халықаралық құқық нормасы, оған сәйкес мемлекет өзінің ішкі өмірі мен сыртқы саясатына қатысты мәселелерді өзі шешуге құқылы.
  • Мемлекеттік құрылым формасы – мемлекеттердің әкімшілікаумақтық құрылымы.
  • Мемлекеттік режим – мемлекеттің билік жүргізуді жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
  • Мемлекеттің саяси-географиялық жағдайы – бұл оның басқа мемлекеттерге және олардың тобына, халықаралық одақтарға, әскери шиеленістерге қатысты, сонымен қатар экономикалық-географиялық нысандарға, аймақтық шиеленістер аудандарына, әскери базаларға қатысты дүниежүзінің саяси картасындағы орны.
  • Метадеректер – бұл деректер туралы мәліметтер.
  • Металлургия – құрастырмалы материалдар мен химия өнеркәсібі үшін шикізат өндіретін өнеркәсіптің кешенді саласы.
  • Мұнайды екінші қайтара өңдеу – бұл кейбір фракциялардың құрамына кіретін заттардың молекулаларын белгілі бір сипаттағы мұнай өнімдерін, сонымен қатар мұнай-химия өндірісі үшін шикізат алу мақсатында химиялық түрлендіру. Мұндай шикізаттан: синтетикалық каучуктер мен резеңкелер; синтетикалық маталар; пластмассалар; полимерлік жұқа қабықшалар (полиэтилен, полипропилен); жуу заттары; еріткіштер, бояулар мен лактар; бояғыштар; тыңайтқыштар; улы химикаттар; балауыз және басқа да көптеген заттар алынады.
  • Міндеттері – бұл әрбір демографиялық көрсеткіш бойынша нақты қалаулы көрсеткіштерді белгілеу, мысалы, «бала туылуы 24‰-дан төмен болмауын, өлім-жітімнің «7‰-ға дейін» төмендеуін қамтамасыз ету.

Н

  • Неке (жұбайлық) – отбасын құру мақсатында заңда белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық келісімімен бекітілген, ер мен әйел арасындағы тең құқылы одақ. Демография үшін неке – отбасын құру мен бала туылуының, сонымен қатар туылу мен өлім-жітім үдерістерінің түрткіжайттары.
  • Нуклеарлық отбасылар – балалары бар, некедегі отбасылар.

О

  • Ортақ нарық – мұнда кедергілер өзара саудада ғана емес, сонымен қатар жұмыс күші мен капиталдың жылжуынан да алынып тасталады; яғни тауар, қызмет, капитал, жұмыс күшінің нақты ортақ нарығы қалыптасады.
  • Отарсыздандыру – отарлық тәуелділіктен босату.
  • Отбасы – некеден (жұбайлық өмірден), туыстықтан, жегжаттықтан, асырап алудан шығатын қарым-қатынастармен байланысқан және отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға мүмкіндік туғызуға тартылған тұлғалар ортасы. Отбасы – негізгі демографиялық ұяшық.

Ө

  • Өлім-жітім – белгілі бір кезең ішінде 1000 тұрғынға шаққандағы адам өлімі.
  • Өндірісті ұйымдастыру – бұл қолда бар ресурстарды, жағдай мен түркіжайттарды есепке ала отырып, нақты бір жерде және белгілі уақыт ішінде өнім шығаруға бағытталған еңбек түрі мен тәртібі.
  • Өңдеуші өнеркәсіп – бұл шикізатты және шикізаттан алынған жартылай дайын өнімдерді өңдеумен немесе қайта өңдеумен айналысатын барлық салалар. Ол материалдарды немесе олардың компоненттерін жаңа өнімге қайта өңдеуге (механикалық, физикалық немесе химиялық тұрғыдан өзгеруі) қатысты қызмет түрлерін қамтиды.

П

  • Палеогеография – өткен геологиялық дәуірлердегі физикалық-гео- графиялық жағдайлар туралы ғылым.

С

  • Саяси география – қоғамның саяси өмірінің кеңістіктік ұйымдастырылуын және саяси күштердің аумақтық үйлесімін зерттейтін ғылыми бағыт.

Т

  • Табиғат зоналары – ландшафттары, жануарлар мен өсімдіктер әлемі ұқсас өте ірі табиғат кешендері.
  • Табиғи кешен – бұл табиғи жағдайлары: климаты, жер бедері, топырақтары, сулары, өсімдіктер мен жануарлар әлемі біршама біркелкі болатын жер бетінің бір бөлігі.
  • Тарихи география – географиялық ортаның адамзат қоғамының дамуына ықпалын зерттейді.
  • Тасқын – қарқынды, әдетте судың шығыны мен деңгейінің қысқамерзімді көтерілуі, жаңбыр немесе еріген қар суынан туындайды. Бір реттік тасқын және өзенде тасқындар легі орын алғанда тасқын кезеңі болып бөлінеді.
  • Тауар биржасы – бұл биржа тауарларын сатып алу-сату жүзеге асырылатын орын.
  • Түрткіжайттар – бұл сәйкесінше мәселелерді зерттеу немесе шешу кезінде назарда ұстау қажет маңызды жағдайлар.

Х

  • Халық – жер шарындағы немесе қандай да бір елде, облыста және т.б. тіршілік ететін адамдардың жиынтығы халық санымен, динамикасымен, ұдайы өсу қарқындылығымен, қоныстануымен, көші-қонымен, қалалануымен, жастық-жыныстық құрамымен, білім деңгейімен, расалық, тілдік, этникалық және діни құрамымен сипатталады. Халықтың әлеуметтік-экономикалық құрылымын экономикалық тұрғыдан белсенді халық, оның кәсіби және сыныптық құрамы, жұмыспен қамтылуы көрсетеді. Халықтың әлеуметтік және экономикалық сипаттамасы картада – халықтың тығыздығын, демографиялық, этнографиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да сипаттамаларын көрсетеді.
  • Халық санағы – белгілі бір уақыт ішінде елдің әрбір тұрғынын сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау және тарату үдерісінен тұратын жалпымемлекеттік іс-шара.
  • Халық санағы бағдарламасы – нақты тұжырымдалған сұрақтардың тізімі. Сұрақтар адамдар бірдей мағынада түсінетіндей етіп құрастырылған. Барлық сұрақтар санақ жүргізу мақсатына сәйкес келуі тиіс.
  • Халық саны – белгілі бір аумақта тіршілік ететін адамдардың саны. Бала туылу, өлім-жітім, қоныс аудару нәтижелері үнемі өзгеріп отырады, белгілі бір уақыт сәтіндегі жағдай бойынша есептеледі және бағаланады.
  • Халықаралық аумақтар мен акваториялар – бұл мемлекеттік шегарадан тыс жерде жатқан аумақтар; оларды пайдалану құқығы барлық халықаралық қауымдастыққа тиесілі: ешбір мемлекеттің оларды иемденуге құқы жоқ, бұл аумақтар ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ашық.
  • Халықтың жалпы өсімі – нақты бір аумақтың (мемлекет, аймақ, елді мекен) белгілі бір уақыт аралығының басындағы және соңындағы халық саны арасындағы айырмашылық. Жалпы өсім бала туылуы, өлім-жітім және көші-қон параметрлерінің үйлесіміне, нақтырақ айт қанда туылғандар, қайтыс болғандар, келушілер мен кетушілер санына тәуелді, және де жағымды, нөлдік және жағымсыз болуы мүмкін.
  • Халықтың көшіп-қонуы – адамдардың тұрақты тіршілік ететін орнын ауыстыру мақсатында немесе оқуға не еңбек қызметін жүзеге асыру үшін аумаққа уақытша баруына байланысты бір аймақтан (елден) басқасына қоныс аударуы.
  • Халықтың некелік құрылымы – бұл халықты некелік жағдайына қарай, әдетте жынысы және жасымен үйлестіре отырып бөлу.
  • Халықтың т абиғи қозғалысы – бұл бала туылуы мен өлім-жітімнің нәтижесінде орын алатын халық санындағы өзгерістер.
  • Халықтың табиғи өсімі (ТӨ) – бала туылуының өлім-жітімнен артуы, яғни белгілі бір уақыт кезеңіндегі бала туылу саны мен өлім-жітім санының арасындағы айырмашылық; халық санының өсуінің негізі.
  • Халықтың ұдайы өсуі – бала туылуы және адам өлімі (халықтың шынайы қозғалысы) негізінде ұрпақтардың алмасуы барысында халық саны мен құрылымының тұрақты түрде жаңарып отыруы. Кең мағынасында, шынайы қозғалыс, көші-қон, адамдардың бір әлеуметтік топтан екіншісіне ауысуы негізінде халықтың үнемі жаңарып отыруы алынады.
  • Химия өнеркәсібі – мәшине жасаумен қатар шаруашылықтың барлық салаларын химиялық технологиялармен және материалдармен қамтамасыз ететін ҒТӨ деңгейін айқындайтын, сонымен қатар жаңа, үдемелі және жаппай тұтыну тауарын өндіретін кешенді сала.

Э

  • Экономикалық инфрақұрылым – бұл тауарлар мен қызмет түрлерінің, ақша, бағалы қағаздар, жұмыс күшінің қозғалысын қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен мекемелер жүйесі. Оларға биржалар, банктер, дилерлік және брокерлік кеңселер, жұмыспен қамту қызметтері, ақпараттық-коммерциялық, көтерме сауда және жабдықтауөткізу ұйымдары, прокат және лизинг орындары жатады.
  • Экономикалық одақ – мұнда елдер тек ортақ нарық қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге бірыңғай экономикалық саясат жүргізеді, ортақ аймақта өтетін әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу жүйесін құрады.
  • Энергетика – өндіру, беру, трансформация және электр энергиясын тұтынудың барлық үдерістерін біріктіретін кешенді базалық сала. Саланың құрамына ЖЭС, ГЭС, АЭС кіреді.
Өтінемін күте тұрыңыз