Географиялық білім мен дағдылардың Қазақстанның дамуындағы рөлі

   Қазақстан Республикасы дамуының негізіне жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясы алынған. Мемлекет, қоғам, барлық қазақстандықтар өз еліміздің тіршілікке қабілеттілігін қамтамасыз етуге ұмтылуы тиіс. Біз Қазақстан мемлекеттілігінің атрибуттарын сақтауымыз және тұрақты дамуын қамтамасыз етуіміз, болашақта олардың бар болуына және тиімділігіне кепілдік беруіміз қажет.

   Оқу жылы ішінде барлық бөлімдерді оқып үйрену барысында алынған білімдерің мен дағдыларыңа сүйеніп, елімізді дамытудың сандық және сапалық көрсеткіштерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының тіршілікке қабілеттілігін қамтамасыз ететін идеяларыңды ұсыныңдар.

Түрткіжайт

Құраушы

Идея

Географиялық

Аумақтың өлшемі, орналасқан жері, жер бедері, шегарасының ұзындығы және кескіндемесі т.б.

Геофизикалық

Климат, табиғи ресурстардың бар болуы, су ресурстарының бар болуы және басқалар.

Саяси

Саяси режим, басқару мен мемлекеттік құрылымның ерекшеліктері және т. б.

Әлеуметтік

Өмір сүру деңгейі, әлеуметтік құрылымның ерекшеліктері, халықтың урбандалу дәрежесі және т. б.

Экономикалық

Экономиканың дамығандық дәрежесі, экономикалық өсудің қарқыны мен болашағы, инфрақұрылым, стратегиялық қордың бар болуы және басқалары.

Әскери

Қарулы күштердің жауынгерлік қабілеттілігі, заманауи қарулану, әскер саны, ядролық қарудың бар болуы және т.б.

Мәдени-діни

Конфессионалдық және ұлттық дәстүрлер, ғылымның, білімнің, денсаулық және т.б. даму деңгейі.

Демографиялық

Халық саны, оның құрамы, орналасу тығыздығы, бала туылу және адам өлімі деңгейі және басқалары.

Экологиялық

Қоршаған ортаның жағдайы және т.б.

Өтінемін күте тұрыңыз