Географиялық карталар. Тақырыптық карталар және оларды қосымша сипаттайтын элементтер

Сабақтың мақсаттары:

  • тақырыптық карталардың қосымша сипаттайтын элементтерін құру: кескіні (профилі), диаграммалар, графиктер, кестелер;
  • қосымша элементтер және шартты белгілер негізінде жасалған тақырыптық карталарды оқу;
  • географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсету.

Мақсатқа жету үшін:

  • тақырыптық карталардың мазмұны мен қолданылуын;
  • тақырыптық карталардың қосымша сипаттайтын элементтерін білуіміз керек.

   Тақырыптық карталар

   Табиғи және қоғамдық (әлеуметтік және экономикалық) құбылыстарға, нақты зерттеу пәніне арналған карталарды тақырыптық деп атайды. Олар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін қандай да бір элементті (элементтерді) толығымен (мысалы, өсімдік жамылғысын) немесе жалпы географиялық карталарда көрсетілмейтін құбылыстарды (мысалы, тектоникалық құрылым, климат) көрсетеді.

   Тақырыптық карталардың ерекшеліктерімен сендер 6-сыныпта таныстыңдар. 7-сыныпта тақырыптық картасызбалар құрастыруды үйрендіңдер.

Тақырыптық карталардың бөлінуі

3-кесте

Физикалық-географиялық карталар

Қоғамдық-географиялық карталар

Геологиялық

Жер беті және Дүниежүзілік мұхит түбі картасы

Климаттық

Мұхиттану

Гидрологиялық

Топырақ

Пайдалы қазбалар картасы

Физикалық-географиялық аудандастыру карталары

Халықтар

Экономиялық

Саяси

Тарихи

Әлеуметтік-географиялық карталар

Әкімшілік

Көліктік

Табиғат ресурстары

Инфрақұрылым

  • Жердің негізгі элементтері, мысалы, рельефі, өсімдік жамылғысы, елді мекендер және жолдар көрсетілген картаның түрі.
  • Пайдалы қазбалардың кен орындары немесе климатқа арналған, тек белгілі бір тақырыпты қамтитын картаның түрі.
  • жалпыгеографиялық және физикалық
  • жалпыгеографиялық және тақырыптық
  • физикалық-географиялық және қоғамдық географиялық

   Физикалық және қоғамдық-географиялық карталар

   Физикалық-географиялық карталар:

   Геологиялық карталар

геологиялық нысандарды көрсетеді. Стратиграфиялық, тектоникалық, гидрогеологиялық, металлогениялық, инженерлік-геологиялық және тағы басқаларға бөлінеді.

   Еуропаның тектоникалық картасы

   Гидрологиялық карталар

аумақтың су ресурстарын бағалау, қауіпті гидрологиялық құбылыстарды болжау, өзен режімінің аңғарлық зерттеулері, су ағынының эрозиялық үдерістерге әсерін зерделеу үшін қолданады.

   Әлемдік сейсмикалық белсенділік картасы

   Жер беті рельефі карталары

гипсометриялық, геоморфологиялық және палеогеоморфологиялық болып бөлінеді. Олар құрлық және теңіз түбі рельефінің құрылысын, пайда болуын, жасын және өзгеруін зерделеу, пайдалы қазбаларды іздеу, аумақтың игерілуін бағалау, табиғатты қорғау шараларын жоспарлау және өткізу үшін қызмет етеді.

   Топырақ карталары

жазықты және таулы аумақтардың топырақ типтерінің зоналық орналасуын бейнелейді. Құмдар және мұздықтар жеке көрсетілген.

   Топырақ картасы

   Пайдалы қазбалардың

кен орындары карталары пайдалы қазбалардың маңызды кен орындарының пайда болу жағдайларын және орналасуын көрсетеді.

   Минералдар картасы

   Климаттық карталар

климаттық белдеулер, ауаның жылдық орташа температурасы, қаңтардың және шілденің (жер шарының көптеген пункттеріндегі жылдың ең суық және ең жылы айлары) айлық орташа температуралары, жылдық орташа жауын-шашын мөлшері және басқа карталарға бөлінеді. Климаттық карталар жеке елдер және аумақтар үшін құрастырылады. Дүниежүзінің климатын сипаттау үшін тек: радиациялық баланс, жылдық булану, жауын-шашынның маусымдық түсуі, булану, климаттық белдеулер карталары құрастырылады.

   Мұхиттану немесе океанологиялық карталар

Дүниежүзілік мұхитты және оның жеке бөліктерін: теңіздерді, шығанақтарды және бұғаздарды зерттеу үшін құрастырылады. Олардың көмегімен мұхиттың литосферамен, атмосферамен және биосферамен өзара әрекеттесуі, сонымен қатар минералдық және биологиялық ресурстарды игеру мүмкіндігі зерделенеді.

   Теңіз түбінің картасы

   Физикалық-географиялық

аудандастыру карталары географиялық белдеулер мен табиғат зоналарының жер бетінде таралуын графикалық бейнелеу үшін қажет.

   Жердің табиғи аймақтарының картасы

   Бұл карталар аумақтың су ресурстарын бағалау, қауіпті гидрологиялық құбылыстарды болжау, өзен режімінің аңғарлық зерттеулері, су ағынының эрозиялық үдерістерге әсерін зерделеу үшін қолданады.

   Бұл карталар гипсометриялық, геоморфологиялық және палеогеоморфологиялық болып бөлінеді. Олар құрлық және теңіз түбі рельефінің құрылысын, пайда болуын, жасын және өзгеруін зерделеу, пайдалы қазбаларды іздеу, аумақтың игерілуін бағалау, табиғатты қорғау шараларын жоспарлау және өткізу үшін қызмет етеді.
 
 

   Бұл карталар геоботаникалық және ормандардың флористикалық картасы болып бөлінеді.  Түрлі өсімдіктердің зоналық орналасуын көрсетеді. Өсімдіктер әлемінің ресурстарын бағалау мен өңірді шаруашылық мақсатында игеру  тұрғысынан зерттеуде қолданылады. Қоршаған ортаны қорғау кешенді шаралары аясында да пайдаланылады. 

   Бұл карталар зоогеографиялық аймақтар мен түрлі жануарлардың өмір сүретін жерлерін  белгілеуге арналған. Жануарлар әлемінің өкілдерін есепке алуға, олардың орналасуы мен көшіп-қонуын бақылауда ұстауға, қоршаған ортасымен қарым қатынасын зерттеу үшін қолданылады. Жан-жануарларды қорғау шараларын жүзеге асырғанда пайдаланылады. 

   Қоғамдық-географиялық карталар:

   Экономикалық карталар

өнеркәсіпті және оның жеке салаларын сипаттау, көліктің дамуын және нақты аумақтың байланыстарын көрсету үшін қажет.

   Дүниежүзінің экономикалық картасы 

   Саяси карталар

дүниежүзінің, елдердің және түрлі деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің саяси бөлінуін көрсетеді.

   Әлеуметтік-географиялық карталар

көліктердің бағытын, әлеуметтік маңызды нысандардың орналасуын бейнелеп көрсетеді.

   Халықтар картасы

географиялық, демографиялық, этнография лық және әлеуметтік-экономикалық болып бөлінеді. Халықтың орналасуын, ұдайы өсуін, тұрғындардың аумақтық және ұлттық құрамын, ішкі және сыртқы көші-қонды графикалық түрде бейнелейді.

   Халық тығыздығының картасы

   Тарихи карталарды

тарихи құбылыстарды, оқиғаларды және олардың географиялық түрткіжайттармен өзара байланысын көрсету үшін қолданамыз.

Homo sapiens сайттары мен қоныс аудару маршруттарының картасы

   Бұл карталар  дүниежүзінің, елдердің және түрлі деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің саяси бөлінуін көрсетеді.

   Бұл карталар транспорттың жүру маршрутын және ірі қоғамдық нысандардың орналасқан жерлерін белгілейді. 

Ойлан!

  • Тақырыптық карталарда арнайы бейнелеп көрсетілетін элементтер жалпы географиялық карталарда неліктен көрсетілмеген? Барлық карталарға қойылатын қандай талап мұны істеуге жол бермейді?

   Геосергiту

   Бір оқушы сендерге таныс географиялық нысандарды әртүрлі ретпен айтады (2 минутқа). Сендер қол қимылымен олардың формаларын көрсетулерің керек. Әрқайсысыларың әртүрлі пішіндегі нысандардың өздеріңе тиесілі бірегей тізімін құруларыңа болады (мысалы 3-еуден үшбұрышты, тікбұрышты, дөңгелек және т.б.).

   Тақырыптық карталарды қосымша сипаттау элементтері

   Бұл элементтер арнайы әдебиетте қосымша мазмұн деп аталуы мүмкін. Олар картада мазмұнымен тақырыптық байланысы бар мәліметтер түрінде берілген. Картаны пайдалану барысында оларсыз жұмыс істеуге болады, алайда олар картаның мазмұнын байытады, айқындайды, толықтырады, тақырыбын жақсырақ түсінуге немесе қабылдауға көмектеседі. Картаның тақырыбына қатысты түрлі графиктер (мысалы, халық санының динамикасы), профильдер мен диаграммалар (өнеркәсіп құрылымы, ауылшаруашылық алқаптары және басқалар), блок-диаграммалар, ойым-карталар, аэрофотосуреттер, кестелер, суреттер (ландшафт немесе жергілікті жердің жекелеген нысандарының элементтері және басқалар), тізімдер және анықтамалық деректер карталардың қосымша мазмұнының мысалы бола алады (13-сурет). Қосымша сипаттаудың барлық элементтері карта жолдарында немесе оның жақтауының ішіндегі бос жерлерге орналастырылады.

   Картаны толықтыруға болатын графикалық және мәтіндік материалдарды құрастырумен сендер 7-сыныпта және 8-сыныптың өткен сабақтарында таныстыңдар.
   ​Географиялық номенклатура нысандарын көрсетуді сендер 7-сыныпта үйрендіңдер. 8-сыныпта былтырғы оқу жылында қалыптасқан дағдыларды қолдануды жалғастырасыңдар.

13-сурет. Карталарды қосымша сипаттау элементтері

   Ойлан!

  • Тақырыптық карталардың бірін өздеріңнің қалауларың бойынша қосымша сипаттау элементтерімен толықтырыңдар.
  • Сыныптастарыңа өз жұмыстарыңды бағалауды және сындарлы ұсыныстар жасауды ұсыныңдар.

Геодерек

   Халықтың ең жоғары тығыздығы еуропалық мемлекет Монакода байқалған. Халық саны 37 863 адам (2016 ж.), ауданы 2,02 км2, халық тығыздығы 18 744 км2/адамды құрайды.

   Негізгі түсініктер

  • Табиғи және қоғамдық (әлеуметтік және экономикалық) құбылыстарға, нақты зерттеу пәніне арналған карталарды тақырыптық деп атайды.

   Ойыңды тұжырымда

  1. Параграфта айтылған барлық тақырыптық немесе қолда бар карталарды қолдану негізінде, өздерің өмір сүретін облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың (Нұр-Сұлтан және Алматы) географиялық кешенді сипаттамасын (300–500 сөз) құраңдар.
  2. Өздерің таңдаған бір тақырып бойынша ақпараттың басқа көздерін қолданумен, облыс картасын қосымша сипаттау элементтерімен толықтырыңдар. Қайталамау үшін сыныптастарыңмен карта тақырыбын алдын ала келісіңдер.
Өтінемін күте тұрыңыз