Оқулықпен жұмыс ерекшеліктері

   Оқулықпен сәтті жұмыс жасау үшін ондағы материалдың берілу ерекшеліктерін білулерің қажет.
   ​Әр тақырып бойынша негізгі мақсаттар мен мақсатқа жету үшін қандай білім болу қажеттігі параграф «басында» көрсетілген. Оқулықтың әр параграфы осыдан басталады.
   ​Оқулық сендерге мәліметті оқып қана қоймай, оны жан-жақты қарас­тырып, терең түсінуді ұсынады. Ол үшін әрбір дайын мәлімет блогынан кейін тапсырмалар мен сұрақтар беріледі. Сұрақтардың жартысының жауабы оқулықта қамтылмаған. Оларды табу үшін сендер барлық сұрақты сыныптастарыңмен талқылаңдар,

идеялар ұсынып, баға беріңдер және жеке тәжірибе-леріңді еске түсіріңдер. Жауаптар басқа география-лық ақпарат көздерінде: веб-сайттар, фотосуреттер, суреттер, газет-журнал беттерінде қамтылған болуы мүмкін. Олармен жұмыс жүргізу географиялық ақпарат көздерімен жұмыс деп аталады.
   ​Кейбір жағдайда оқулық географиялық нысандар мен кеңістіктердің жекелеген қасиетін қалай білуге болатыны туралы тек нұсқаулар ұсынады. Сендер бұл қасиеттерді тәжірибе немесе зерттеулер жүргізу арқылы өздерің анықтайтын боласыңдар. ​Кейбір тапсырма мен сұрақтардың жауабын тек географиялық картадан табуға болады.

  Сонымен қатар көптеген жауаптарды да­йын кескін карталарға және өздерің құрастырған карталарға жүктеу­лерің керек. Сондықтан картамен жұмыс бүкіл оқу жылы бойына жүргізіледі.
   ​Географиялық зерттеулердің бәрін бірдей мәтін немесе карта түрінде бере алмайсың. Оларды графиктер мен диаграммаларда, инфографикаларда, фотоколлаждар мен суреттерде, постерлерде, құрас­тырылған кестелерде де көрсетуге болады. Кейде шартты белгілер немесе пиктограммалар жүйесін пайдалануға болады. Осы жұмыс­тың барлығы географиялық тілмен географиялық деректерді ви­зуалдау түрінде ұсыну деп аталады.


   ​Кейде өте көлемді мәліметті бір сөзбен білдіруге болады. Географиялық білімдерді жоғары деңгейде меңгеру үшін оның терминдері мен түсініктерін білу қажет.
   ​Әрбір тақырыпқа қатысты барлық географиялық нысандарды карта мен атластардан тауып, оларды өз карталарыңда көрсету керек. Мұны география-лық номенклатурамен жұмыс деп атайды.
​​Оқығаныңды жақсы түсіну үшін білімің мен қолжет-кізген нәтижелеріңнің деңгейін тексеріп отыру қажет. Жұмыстың бұл түрі жетістікті бағалау деп аталады.


   ​Тарау бойынша алған білім мен дағдыларды жинақтап қорыту үшін «Бөлімге шолу» мазмұнымен салыстыруға болады.
   ​Қандай оқу жұмысын орындау керегін анықтау үшін «Оқулықты бағдарлау аппаратын» мұқият зерттеңдер.
   ​География сабағы пайдалы және қызықты болу үшін «Геосергіту» және «Геодерек» айдарлары қосылды.

Авторлар​

Өтінемін күте тұрыңыз