5.3-бөлімге шолу

   5.3-бөлім. «Дүниежүзі шаруашылығының салалық жəне аумақтық құрылымы» сабақтары бойынша

   Сендер білесіңдер:

  • Өндіруші өнеркәсіп табиғи ортадан шикізат пен отын өндіреді және таукен өндірісін, аңшылықты, балық аулау кәсіпшілігін, ағаш дайындауды қамтиды.
  • Өңдеу өнеркәсібі дайын өнімдер (өндіріс құралдары мен тұтыну заттары) шығарады, металлургияны, электр энергетикасын, мәшине жасауды, химия өндірісін қамтиды.
  • Инфрақұрылым кәсіпорындары өндірістік және бейөндірістік қызметтер көрсетеді.
  • Өнімді шығаруға бағытталған еңбек мамандану, кооперативтендіру және құрамдастыру тәрізді формалармен ұйымдастырылады.
  • Өнеркәсіптік өндірісте зауыт, фабрика және комбинат тәрізді кәсіпорын түрлері, ал ауылшаруашылығында фермалар мен кооперативтер құрылады.
  • Ауылшаруашылығының мамандану, кооперативтендіру және құрамдастыру негізінде орын алған ауқымды байланыс агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) қалыптасуына әкелді.
  • Қызмет көрсету саласының кәсіпорындары көлемінің шағын бол уымен ерекшеленеді, цехтық және цехсыз құрылымы болуы мүмкін.
  • Барлық саланың кәсіпорындарын орналастырған кезде шикізаттық, отын, энергетикалық, еңбек, тұтыну, көлік, экологиялық түрткіжайттарға, ғылымды қажетсіну түрткіжайттарына сүйенеді.
  • Дүниежүзі өнеркәсібінің «авангардтық үштігінің» салалық құрамы және жетекші орталықтары;
  • Дүниежүзілік шаруашылық салаларына сипаттама беру жоспары.

Сендердің қолдарыңнан келеді:

  • Қазақстан картасы бойынша өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп салаларын анықтау, өздерің тұратын аймақтың қызмет көрсету кәсіпорындарын жіктеу;
  • Өндіру, өңдеу салалары мен қызмет көрсету кәсіпорындары арасындағы өзара байланысты анықтау; осы салалардың кәсіпорындарын жіктеу;
  • Өзің тұратын аймақтың өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарын, қызмет көрсететін компанияларын атау, мамандану, кооперативтендіру және құрамдастыруға мысалдар келтіру, кәсіпорын түрлері арасындағы айырмашылықты анықтау;
  • Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және қызмет көрсету кәсіпорындарын орналастыру түрткіжайттарын анықтау;
  • Дүниежүзі шаруашылықтарының салаларына жоспар бойынша сипаттама беру.
Өтінемін күте тұрыңыз