Демографиялық көрсеткіштер және демографиялық жағдайлар

Cабақтың мақсаты:

  • Демографиялық жағдайларға жасалған талдауға сүйеніп, негізгі демографиялық көрсеткіштерді есептеу: халық саны, бала туылу мен адам өлімі коэффициенті, табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жыныс-жас көрсеткіштері, ұлттық және діни құрамы;
  • Елдің демографиялық көрсеткіштерін түсіндіру және график түрінде көрсету.

Мақсатқа жету үшін:

  • Демографиялық жағдайдың не екенін;
  • Демографиялық көрсеткішті қалай есептеуге болатынын;
  • Демографиялық көрсеткішті график түрінде көрсету жолдарын білуіміз керек.

   Демографиялық жағдай

   Демографиялық жағдай – бұл белгілі бір аумақта өткен демографиялық үдерістердің (бала туылуы, өлім-жітім, көші-қон т.б.) кешенді сандық сипаттамасы және сапалық бағалануы; олардың беталысы, белгілі бір кезеңдегі жиынтығы және нәтижесі.
   ​Демографиялық үдерістерге эндогендік түрткіжайттар немесе сондағы халықтың сипаттамасы әсер етеді: жыныс-жас құрылымы және ұдайы өсу режимі. Экзогендік түрткіжайттарға әлеуметтікэкономикалық ықпал жатады.
   ​Бала туылуы, адам өлімі, халықтың табиғи өсімі – биологиялық үдерістер. Алайда оларға адам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, олардың қоғамдағы және отбасындағы өзара қарым-қатынасы шешуші әсер береді.
   ​Өлім-жітім деңгейі адамның тамақтануы, еңбек пен тұрмыстың санитарлық-гигиеналық жағдайлары, денсаулық сақтау саласының дамуы сияқты жағдайлармен тікелей байланысты.
   ​Бала туылу деңгейі де қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымына, адамдардың өмір сүру жағдайларына тәуелді. Бұл түрткіжайттар 40–41-параграфтарда қарастырылған.
   ​Халық санының ұдайы өсуіне соғыс та әсер етеді, ол тікелей әскери іс-қимылдардың нәтижесінде, сонымен бірге аштық пен таралған аурулардың, отбасылық байланыстардың үзілуі салдарынан үлкен адам шығыны болады.
   ​Қылмыскерлік, өндірістік жарақаттар, табиғи және техногендік апаттар, жазатайым оқиғалар, қоршаған орта сапасының төмендеуі тәрізді жағымсыз оқиғалар да өлім-жітімнің ұлғаюына алып келеді.

   Егер де халықтың құрылымында үлкен жастағы адамдар саны көбірек болса, онда бала туылуы, ал өлім-жітім .

   Егер де халықтың құрылымында жастардың үлесі жоғары болса, онда бала туылуы, ал өлім-жітім .

   Егер де халықтың құрылымында отбасылылардың үлесі жоғары болса, онда бала туылуы .

   Егер де халықтың құрылымында ерлер мен әйелдердің үлесінде күрт сәйкессіздік орын алса, онда.

   Егер де халықтың үлкен бөлігінің табысы жоғары болса, онда бала туылуы, өлім-жітім .

   Егер де халықтың үлкен бөлігінің табысы орташадан төмен болса және ауыр дене еңбегімен айналысатын болса, онда бала туылуы, адам өлімі .

   Демографиялық көрсеткіштерді есептеу

   Барлық демографиялық көрсеткіштер промиллемен өлшенеді, яғни 1 мың адамға шаққандағы көрсеткішпен есептеледі. Промилле (лат. per mille – мыңға) – бір мыңдық үлесі, 1/10 пайыз; ‰-мен белгіленеді; қандай да бір бүтін нәрсенің мыңнан бір үлесінің көлемін көрсету үшін пайдаланылады. Кейде түрлі ақпарат көздерінен пайызбен берілген есептемелерді көруге болады, ол да – дұрыс ақпарат.
   ​Халықтың табиғи қозғалысы – бұл бала туылуы мен өлім-жітімнің нәтижесінде орын алатын халық санындағы өзгерістер.
   ​Бала туылуы – белгілі бір кезең ішінде 1000 тұрғынға шаққандағы бала туылу саны.
   ​Демографиялық коэффициентті есептеген кезде, бөлшектің бөлімі ретінде барлық тұрақты тұратын халықтың жылдық орташа саны алынады.
   ​Бала туылу коэффициенті: 

   Kбт=NS¯1000 

   N – бір жыл ішінде туылғандар саны
​   S – халықтың жылдық орташа саны
   ​Өлім-жітім – белгілі бір кезең ішінде 1000 тұрғынға шаққандағы адам өлімі.
   ​Өлім-жітім коэффициенті 

   Kөж=MS¯1000
   ​M – бір жыл ішінде қайтыс болғандар саны
   ​S – халықтың жылдық орташа саны.
   ​Халықтың табиғи өсімі (ТӨ) – бала туылуының өлім-жітімнен артуы, яғни белгілі бір уақыт кезеңіндегі бала туылу саны мен өлім-жітім санының арасындағы айырмашылық; халық санының өсуінің негізі.
   ​Халықтың табиғи өсімі халықтың табиғи өсімінің 1000 тұрғынға шаққандағы коэффициентімен өлшенеді. Ол жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. Халықтың жағымсыз табиғи өсімі елде бала туылуына қарағанда адам өлімі көбірек екендігін білдіреді (яғни халықтың табиғи кемуі).
   ​Табиғи өсім коэффициенті: 
   ​Ктө=Кбт  Көж

  • Аталған жылдағы халықтың саны – 2690 мың адам
  • дүниеге келгендер саны – 35 мың адам
  • адам өлімі – 21, 5 мың адам
  • келгендер саны – 29,8 мың адам
  • кеткендер саны – 22,3 мың адам 

   Бала туылу коэффициенті  

   Өлім-жітім коэффициенті 

   Табиғи өсім коэффициенті 

   Халықтың көшіп-қонуы

   Халықтың көшіп-қонуы – адамдардың тұрақты тіршілік ететін орнын ауыстыру мақсатында немесе оқуға не еңбек қызметін жүзеге асыру үшін аумаққа уақытша баруына байланысты бір аймақтан (елден) басқасына қоныс аударуы.
   ​Ішкі көші-қон себептері – жұмыс іздеу, тұрмыстық жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін арттыру және өмір сүру салтын өзгерту. Жұмыс күшінің маусымдық көші-қоны – жұмыс күшінің маусымдық және ауылшаруашылық жұмыстарды орындау үшін ауылдық жерге және ауылдық жерден қалаға уақытша маусымдық орын ауыстыруы айтарлықтай орын алады.
   ​Халықаралық көші-қон себептері – дүниежүзінің түрлі елдерінде бірдей жұмыс түріне төленуі мүмкін әртүрлі еңбекақы деңгейлерінің арасындағы айырмашылық. Қазіргі кезеңде жоғары білікті мамандар Шығыс Еуропадан АҚШ-қа, Канада, Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне қоныс аударуға тырысады.
   ​Көші-қонға, бір жағынан, соғыс (Ирактан, Босния мен Ауғанстаннан, Сириядан АҚШ-қа, Еуропаға қоныс аудару), саяси қақтығыстар мен табиғи апаттар себепші болады.
   ​Көші-қонның негізгі заңдары:

  • көші-қон кезінде, көбінесе, жақын жерлерге қоныс аударылады;
  • аумақтық орталық қаншалықты ірі болса, ол соншалықты тартымды әсер береді;
  • ірі қалалардағы адам санының өсуіне көпшілік жағдайда ондағы табиғи өсім емес, халықтың көші-қоны себепші болады;
  • көші-қон көлемі өнеркәсіп пен сауданың, әсіресе, көлік қатынасының дамуына байланысты артады;
  • көші-қонның экономикалық себептерін анықтауға болатын себептер.

   Келу коэффициентікелу) күнтізбелік жыл ішінде осы аймаққа әрбір 1000 адамға шаққанда орташа есеппен қанша адам келетінін көрсетеді:

Ккелу=SкелуS1000

   Кету коэффициентікету) күнтізбелік жыл ішінде осы аймақтан әрбір 1000 адамға шаққанда орташа есеппен қанша адам кеткенін көрсетеді:

Ккету=SкетуS1000

   Көші-қон (механикалық) өсімінің коэффициентімех) бір жыл ішінде аймақ халқының 1000 адамына шаққандағы орташа механикалық өсімінің шамасын сипаттайды:

Кмех = Ккелу  Ккету

   Халықтың жалпы өсімі – нақты бір аумақтың (мемлекет, аймақ, елді мекен) белгілі бір уақыт аралығының басындағы және соңындағы халық саны арасындағы айырмашылық. Жалпы өсім бала туылуы, өлім-жітім және көші-қон параметрлерінің үйлесіміне, нақтырақ айт қанда туылғандар, қайтыс болғандар, келушілер мен кетушілер санына тәуелді, және де жағымды, нөлдік және жағымсыз болуы мүмкін.

  • бала туылды, мың – 35,0
  • қайтыс болды, мың – 21,5
  • келді, мың – 29,8
  • кетті, мың – 22,3

   Көші-қон коэффициентін есепте:

  • келуі – 
  • кетуі –  
  • көші-қон (механикалық) өсімі –

   Халықтың жалпы өсімін анықтаңдар:  

жылдың соңындағы халықтың саны 

   Геосергiту

   «Географиялық сыйлық»

   Әрбір қатысушы тізбек бойынша сыныптасына «виртуалды сыйлық» – «географиялық нысан» сыйлайды. Сыйға берер алдында оны пантомиманың көмегімен, ымдап немесе негізгі сипаттаушы сөздерді қолданбай сипаттауы қажет. Сыныптасы нысанды анықтап, сыйлықты алады.

   Демографиялық көрсеткіштердің график түрінде көрсетілуі

   Жыныс-жас пирамидасы

   Барлық демографиялық көрсеткіштер түрлі графиктерде, диаграммаларда бейнелене алады. Оны құру әдісімен сендер 7-сыныпта және осы оқулықтың 3-параграфында таныстыңдар.
   ​Алдыңғы параграфта сендер халықтың жыныс-жас құрылымымен таныстыңдар. Оны талдау үшін жыныс-жас пирамидасы деп аталатын графиктік тәсілдердің бірі қолданылады (1-диаграмма).
   ​Жыныс-жас пирамидасы

   Бұл пирамида – екі жақты жолақты диаграмма. Ордината (у) осі бойынша еркін масштабта жас ерекшелігі тобының шәкілі, ал абсцисса (х) осі бойынша халықтың белгілі бір жастағы адамдар саны көрсетіледі. Ер адамдар саны ордината осінің сол жағына, ал әйелдер саны оң жағына жазылады. Әрбір жастық топ көлденең жолақ түрінде көрсетіледі, оның ауданы сәйкесінше – жастағы халық санына теңбетең мөлшерде болады.
   ​Ордината осі екі осьтік сызықтар арасына жас ерекшеліктері шәкілін көрсету үшін екіге бөлінеді. Жас пирамидасы жас ерекшелік тері бойынша бесжылдық жеке топтарға бөлініп құрылады.
   ​Халықтың кез келген саны өзгермейтін бір шама ретінде алынады, көбінесе 10 000 және әрбір жыныс-жас топтарындағы адам саны халықтың жалпы санына бөлініп, бірнеше нөлі бар бірлік түріндегі жоғарыда көрсетілген көбейткішке көбейтіледі.
   ​Пирамидада ең бастысы – оның өлшемі емес, кескіндемесі. Жынысжас пирамида нағыз пирамидаға ұқсас, өйткені жас ұлғайған сайын түрлі жас топтарындағы адам саны да азайып, жолақтар қысқарады. Ұзақ уақыт бойы бала туылуы мен өлім-жітім өзгеріссіз қалатын идеалды халықтың жастық пирамидасы тура сызықты жақтау қабырғалары бар тең бүйірлі үшбұрыш түрінде болады (2-диаграмма – жастар пирамидасы тәрізді). Алайда ондай болмайды, өйткені туылғандар мен өлім-жітімнің саны уақыт өте келе өзгереді. Бала туылу санының күрт төмендеуі жастық пирамидада ойық түзеді. Бала туылу санының күрт өсуі пирамидада дөңестік түзеді.

   Жыныс-жас пирамидасының типтері

Жастар
Қартайып келе жатқандар
Қарттар

   Төменде берілген мәліметтер бойынша жыныс-жас пирамидасын сызыңдар, оған талдау жасаңдар және нәтижесін сыныпта талқылауға ұсыныңдар.

1-кесте

Жасы

Ерлер

Әйелдер

0–5

171 006

172 256

6–10

219 068

240 292

11–15

290 190

285 443

16–20

400 116

357 384

21–25

431 936

395 288

26–30

373 021

336 178

31–35

347 500

323 467

36–40

368 910

355 648

41–45

397 500

363 467

46–50

325 922

289 656

51–55

243 303

208 258

56–60

202 685

189 991

61–65

120 813

110 238

66–70

85 980

74 808

70-тен асқан

51 418

49 319

   Геодерек

   Қазақ халқының күнделікті қолданыстағы лексикасында бір нәрсенің жүзден бір және мыңнан бір үлесін білдіретін сөздер, сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер бар. Мысалы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар».

Ойыңды тұжырымда

  1. Тақырыптың мазмұнын интеллект-картада көрсетіңдер және оны түсіндіріңдер.
  2. Microsoft Excel бағдарламасында берілген формула бойынша демографиялық көрсеткіштерді автоматты түрде есептеу тәсілін ұсыныңдар. Параграфтың сәйкесінше тапсырмасында берілген мәліметтерді пайдаланыңдар.
  3. Microsoft Excel бағдарламасында берілген көрсеткіштер бойынша автоматты түрде жыныс-жас пирамидасын сызу тәсілін ұсыныңдар. Параграфтың сәйкесінше тапсырмасында берілген мәліметтерді пайдаланыңдар.
  4. 2-кестеде берілген мәліметтер бойынша microsoft excel бағдарламасында адамзат баласының барлық даму кезеңінде Жер бетіндегі халық саны өзгерісінің графигін құрастырыңдар және күрт өзгеруінің себептерін түсіндіріңдер.
  5. Қазақстан Республикасы халқының жыныс-жас пирамидасына талдау жасаңдар (3-диаграмма) және 2-диаграммамен үйлестіктегі халық типін айқындаңдар.

2-кесте

Халықтың жыныс-жас пирамидасы

2-кесте

Жылы

Жалпы (мың)

Жылы

Жалпы (мың)

б. э. дейінгі 8000

5 000

1960

3 021 475

б. э. дейінгі 4000

7 000

1965

3 334 874

б. э. дейінгі 4000

50 000

1970

3 692 492

б. э. дейінгі 500

100 000

1975

4 068 109

б. э. 1

300 000

1980

4 434 682

1000

400 000

1985

4 830 979

1750

791 000

1990

5 263 593

1800

1 000 000

1995

5 674 380

1850

1 262 000

2000

6 070 581

1900

1 650 000

2005

6 343 628

1950

2 518 629

2013

7 162 119

1955

2 755 823

2030 (болжам)

8 551 000

Өтінемін күте тұрыңыз