Зерттеу нәтижелерін ұсыну формалары

   Сабақтың мақсаты:

  • зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсыну.

Мақсатқа жету үшін:

  • ғылыми басылымдардың қызметін;
  • ғылыми басылымдардың формаларын;
  • басылымдарды дайындау тәсілдерін  білу қажет.

   Басылымдардың қызметі (функциялары) және түрлері

   Зерттеушілер географиялық нысандарды, құбылыстарды және үдерістерді зерделеуді аяқтағаннан кейін мүдделі тұлғаларды өз іс-әрекеттерінің нәтижелерімен таныстыруға тырысады. Баспасөз көмегімен, түрлі басылымдарда (журналдарда, жинақтарда, құралдарда) жариялау, ғылыми шараларда сөз сөйлеу арқылы ақпаратты жұртшылыққа жеткізу басылым деп аталады.
   ​Ғылыми жарияламалардың түрлері өте көп. Осы параграфта мектеп өмірінде жиі қолданылатын түрлері қарастырылатын болады. Олар: есеп, баяндама, тезис, аннотация, мақала, стендтік баяндама, инфографика, тұсаукесер.

   Басылымның негізгі міндеттері:

  • ғылыми зерттеу нәтижелерін елге жариялау;
  • автор шығармаларының ұқсас ғылыми мақалалардың мазмұнынан айырмашылықтарын көрсету;
  • зерттеушінің ғылыми проблемаларды зерттеуге қосқан жеке үлесінің айғағы;
  • ғылыми жұмыстың негізгі нәтижелерінің және қорытындыларының дұрыстығын, оның жаңалығын және ғылыми деңгейін дәлелдеу;
  • жүргізілген зерттеудің нәтижелері мен шешімдерін апробациялау және енгізу фактісін дәлелдеу;
  • зерттеудің негізгі мазмұнын, ғылыми деңгейін және жаңалығын бейнелеу;
  • жаңа ғылыми білімнің пайда болғаны туралы хабарлау, оны жалпы пайдалануға беру;
  • шығарманы қалың ғылыми жұртшылықтың зерделеуі және бағалауы.

   Белгілеңдер

  • газеттегі мақала
  • баяндама
  • ғылыми мақала
  • аннотация
  • стендтік баяндама
  • презентация

   Есеп

   Есептің құрылымы:

  1. Ғылыми жұмыстың аяқталған кезеңдері жоспарының және бағдарламасының қысқаша мазмұны.
  2. Жүргізілген жұмыстың маңыздылығы, оның зерттеу құндылығы және тәжірибелік маңызы.
  3. Қолданылған зерттеу әдістерінің сипаттамалары.
  4. Зерттеу нәтижелерінің сипаттамасы.
  5. Зерттеудің қорытындысы және шешілмеген мәселелерді көрсететін тұжырымы.
  6. Болашақта зерттеу жұмысын жүргізу бойынша шешімдер мен ұсыныстар.

   Зерттеу толық аяқталғаннан кейін есеп жазылады. Бұл құжат зерттеудің әдісі мен жүргізілуі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу немесе тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекет үдерісінде алынған нәтижелер туралы жан-жақты сипаттаманы қамтиды. Есептің міндеті – белгілі уақыт аралығында орындалған жұмысты жан-жақты көрсету.
   ​Құрылымнан көрінгендей есептің көлемі жеткілікті мөлшерде үлкен болуы мүмкін. Адамдардың көпшілігі уақыттың тапшылығына байланысты зерттеу нәтижесі бойынша ұсынылған есептің мазмұнымен толық таныспайды. Сондай-ақ есептердің көлемі журнал көлемінен әлдеқайда үлкен болғандықтан, ғылыми басылымдарда олардың толық нұсқасын жариялау мүмкін емес. Сол себепті автор немесе  авторлар тобы аудиторияға зерттеу барысы және оның нәтижелерін суреттейтін қысқаша құжаттар дайындайды. Бұл құжаттарға баяндама, мақала, тезис, аңдатпа жатады.
   ​Есептің мағынасын қысқаша мазмұндау баяндама және мақала, ал баяндама мен мақаланың мағынасын ықшамды мазмұндау – тезис және аннотация түрінде берілуі мүмкін.

   Баяндама

   Баяндама – басылымда жарияланған немесе көпшілік алдында оқылған ғылыми-зерттеу жұмысының толық мағынасын қамтитын ғылыми құжат. Өздерінің нәтижелерін ғылыми конференцияда, ғылыми семинарда және басқа шараларда көрсету үшін зерттеушілер әзірлейді.
   ​Бұндай баяндаманың жалпы құрылымы келесідей болуы мүмкін:

   1. Зерттеу тақырыбының тұжырымдамасы атауы

ол өзекті болуымен қатар, бірегей және мазмұны бойынша қызықты болуы тиіс

   2. Зерттеудің өзектілігі

зерттеу бағыты несімен қызықты, оның маңыздылығы неде, бұл салада қандай ғалымдар жұмыс істеген, бұл тақырыптың қандай мәселелеріне көңіл бөлінбеген, тақырыптың таңдалуының басты себептері

   3. Жұмыстың мақсаты

зерттеу тақырыбының атауына сәйкес келеді және оны нақтылауы мүмкін

   4. Зерттеудің міндеттері

жұмысты құраушы бөлімдерге «бөлшектеп», мақсатын нақтылайды

   5. Гипотеза (болжам)

зерттеу жұмысының мүмкін нәтижелері туралы ғылыми негізделген көзқарас

   6. Зерттеуді жүргізу әдістері

нәтиже алуға байланысты барлық іс-әрекеттердің жан-жақты сипаттамасы

   7. Зерттеу нәтижелері

бақылау немесе эксперимент кезінде зерттеушінің алған жаңа ақпаратының қысқаша сипаттамасы. Нәтижелерді баяндау барысында жаңа фактілерге нақты және қысқаша (көп сөзді емес) түсіндірме беру қажет. Негізгі сандық көрсеткіштерді мысалға келтіру және оларды баяндама барысында қолданылатын графиктер мен диаграммаларда көрсету пайдалы

   8. Зерттеудің қорытындылары

жалпыланған конспект түрінде құрастырылған ой тұжырымдары. Олар алынған негізгі нәтижелер және анықталған үдерістерді қысқаша сипаттайды. Шешімдерді нөмірлеген дұрыс: олардың саны әдетте 4 немесе 5-тен аспайды

    – басылымда жарияланған немесе көпшілік алдында оқылған ғылыми-зерттеу жұмысының толық мағынасын қамтитын ғылыми құжат.

  • Гипотеза (болжам)
  • Зерттеудің қорытындылары
  • Зерттеу нәтижелері
  • Зерттеудің өзектілігі
  • Зерттеу тақырыбының тұжырымдамасы атауы
  • Зерттеудің міндеттері
  • Зерттеуді жүргізу әдістері
  • Жұмыстың мақсаты

   Мақала

   Мақала – ғылыми-зерттеу жұмысының жағдайы туралы материалдар берілетін журналда немесе еңбектер жинағында жарияланатын, көлемі аз ғылыми хабарлама (баспа мәтінінде 8–10 бет көлемінде). Ол ғылымдағы жаңа білім және нақты саланың жетістіктерін, яғни зерттеу нәтижелерін сипаттайды. Мақала – дүниежүзілік ғылым қорына қосылған бірегей үлес. Ғылыми мақалада проблема және оны шешудің белгілі жолдары көрсетілуі тиіс.Оның құрамына келесі элементтер кіреді:

  • аннотация;
  • автордың (авторлардың) тегі және аты мен әкесінің атының бірінші әріптері;
  • зерттеудің негізгі идеясын бейнелейтін атауы қысқа болуы және аталған мақаланы деректер базасынан жылдам табуға арналған негізгі сөздерді қамтуы тиіс;
  • кіріспе проблеманың және мақаланың теория мен тәжірибе үшін өзектілігін сипаттаудан тұрады;
  • негізгі бөлім зерттеу әдісі туралы қысқаша деректерді, өзінің ғылыми нәтижелерінің талдауын және олардың қорытындысын суреттейді. Ол графиктерді және басқа да көрнекі материалдарды (бар болған жағдайда) қамтуы мүмкін;
  • қорытынды – келешекте зерттеу іс-әрекеттерін жүргізу бойынша шешімдер және ұсыныстар;
  • цитата алынған әдебиеттерге сілтеме;
  • алынған цитата көздерінің тізімі;
  • қолданылған белгілер мен қысқартулардың (бар болған жағдайда) тізбесі.

   Мақала – ғылыми-зерттеу жұмысының туралы материалдар берілетін журналда немесе еңбектер жинағында , көлемі аз ғылыми  .

   Тезис

   Зерттеушінің таңдаған тақырыбы бойынша қысқаша түрде баяндалған бірегей ғылыми идеялар – баяндамалар мен сөз сөйлеулердің тезистері, яғни басылымдардың кең тараған түрі. Олар ғылыми іс-шараның басталуына дейін жарық көреді және оқыр манды жарияланатын мақаланың мазмұнымен алдын ала таныстырады.   
   ​Тезистерге қойылатын басты талап – қысқалық. Жариялауға ұсынылатын тезистердің көлемі, әдетте баспа мәтінінің 2–5 бетін құрайды. Екінші талап – ақпараттылық. Көрнекі болуы үшін тезистерді цифрлік материалдар, графиктер, кестелермен толықтыруға болады. Зерттеудің негізгі ережелері анық және қысқа баяндалуы тиіс. Тезистерде кіріспе бөлім, зерттеу жұмысының әдістерін сипаттау, әдебиеттер тізімі болмайды,  алайда мәтінде әдебиеттерге сілтеме болуы мүмкін. Жұмыстың тек негізгі нәтижелері ғана (екінші кезектегі емес) көрсетіледі.

  • ғылыми жұмыстың қысқаша сипаттамасы
  • таңдаған тақырып бойынша қысқаша түрде баяндалған бірегей ғылыми идеялар
  • зерттеу жүргізу туралы ұсыныстар

   Аннотация

   Аннотация – ғылыми мақаланың мақсаты, мазмұны, түрі, формасы және басқа ерекшеліктері тұрғысынан қысқаша сипаттамасы. Ол келесі функцияларды орындайды:

  • ғылыми мақаланың негізгі мазмұнын белгілеуге, оның нақты тақырыпқа сәйкестігін анықтауға және мақаланың толық мәтініне анықтама береді;
  • ақпаратты іздеу үшін ақпараттық, сонымен бірге автоматтандырылған жүйелерде қолданылады.

   Аннотация негізгі тақырыптың сипаттамасын, ғылыми мақаланың проблемаларын, жұмыстың мақсатын және оның нәтижелерін қамтуы тиіс. Аннотацияда басқа, тақырыбы және нысаналы мақсаты жағынан ұқсас мақалалармен салыстырғанда, осы мақалада қандай жаңашылықтар болатыны көрсетіледі. Аннотацияның ұсынылатын орташа көлемі – 500 баспа белгісі (9-сурет).

   Бұл мақалада проблемасы қарастырылады.
   Зерттеуді талдау – мақаланың мақсаты.
   Бағалау әрекеті авторлардың зерттеушілік мақсаты ретінде анықталған болатын  
    туралы идея негізделеді.
   Сәйкес ерекшеліктері анықталады және сипатталады  
   Мақалада  ерекшеліктері анықталды.
   Салыстыру жасалады  
   Жұмыста автор негізінен көңіл аударады.
   Мақалада талданады.
   Мақалада негізгі кезеңдер қарастырылады  
   Мақалада үдерістер толығымен ашылады.
   Мақалада тұжырымдамаларға талдау жасалған  
   Аталған мақалада негізгі себептерді ашу әрекеті болған  
   Автор жалпылама сипаттама береді  
   Зерттеу барысында анықталды.
   Автор шешімге келген.
   Негізгі дәлелдеме ретінде қолданылады. 
   Аталған мәселе аз зерттелген және болашақта қосымша зерттеуді талап етеді.
   Автор ұсынады.
   Бұндай көзқарас саласының мамандары үшін қызықты.
   Қорытындыда  ашылады.
    туралы сұрақ талқылауды қажет етеді.

Н. К. Мұқитанов

   Қазақтың көрнекті ғалымы Н.К. Мұқитановтың «Страбоннан біздің күнге дейін. Географиялық көзқарастар мен идеялар эволюциясы» атты кітабына аннотация. «Мысль» баспасы, Мəскеу, 1985 ж.

   Көне заманнан осы күнге дейін географиялық ой қалай қалыптасты? Қазіргі география экологиямен жəне басқа ғылымдармен қалайша өзара қатынаста болады? Қазіргі  заман ғылымдары жүйесінде география қандай орынға ие? Оқырман бұл кітаптан осы жəне басқа сұрақтарға жауап табады. Ол жақсы көркемделген, бұрынғы жəне қазіргі заманның атақты ғалымдарының географияға қосқан ғылыми үлестері туралы анықтамалық материалдармен жабдықталған.

 – басылымда жарияланған немесе көпшілік алдында оқылған ғылыми-зерттеу жұмысының толық мағынасын қамтитын ғылыми құжат. 

 – ғылыми-зерттеу жұмысының жағдайы туралы материалдар берілетін, журналда немесе еңбектер  жинағында жарияланатын, көлемі аз ғылыми хабарлама. 

 – ғылыми мақаланың мақсаты, мазмұны, түрі, формасы тұрғысынан қысқаша сипаттамасы. 

 – таңдаған тақырып бойынша қысқаша түрде баяндалған бірегей ғылыми идеялар.

   Геосергiту

   Бір сыныптастарың сендерге өзінің қалауы бойынша нысанды, құбылысты немесе үдерісті білдіретін сөздерді айтады. Егер нысан аталса, сендер қолдарыңды көтеріп-түсіріп, құбылыс аталған кезде отырып-тұруларың керек. Ойынды басқарушы үдерісті айтса, оңға және солға қисаюларың керек. Нысан – физикалық дене, құбылыс – оқиға, үдеріс – уақыттағы өзгеріс. Сендердің әрқайсысың әр бөлім бойынша өзіңнің бірегей тізіміңді құра аласыңдар (мысалы, 6 нысан, 6 құбылыс және 6 үдеріс).

   Стендтік баяндама

   Көпшіліктің алдында сөз сөйлеген кезде зерттеушілер ұсынылған мәліметтердің көрнекі болуын қамтамасыз етуге тырысады. Бұндай мақсаттар үшін стендтік баяндама, инфографика және тұсаукесер – ең кең таралған формалар.
   ​Баяндаманың бұл формасы қазіргі халықаралық тәжірибеде анағұрлым сәтті, конференциялар және басқа да іс-шараларда мазмұнды жеңіл беруді қамтамасыз етеді. Стендтік баяндаманың материалдары ватман парағында ресімделіп, стендке жапсырылуы мүмкін. Қазіргі кезде оларды баннер түрінде де көркемдейді (10-сурет).

   10-сурет. Стендтік баяндамалар

   Стендтік баяндамаға қойылатын талаптар:

  • Көрнекілік. Стендті қарап шығу барысында көрермен орындалған жұмыстың тақырыбы және сипаты туралы түсінік алуы тиіс. Көрнекі материал мен мәтіндік материалдың арақатынасы шамамен 1:1 болып белгіленеді. Мәтіннің шрифті 0,5 метр қашықтықтан еркін оқылатын шамада орындалуы тиіс.
  • Тиімділігі. Ақпараттың көлемі стендпен 1–2 минут ішінде толығымен танысуға мүмкіндік беруі керек.
  • Түсініктілігі. Ақпарат қолжетімді формада берілуі тиіс.

   Стендтік баяндаманың құрылымы:

  • жұмыстың мақсаттары мен міндеттері;
  • зерттеу үдерісінде орындалған жұмыстың сипаттамасы;
  • зерттеушілік іс-әрекет барысында қолданылған әдістер;
  • негізгі нәтижелер және қорытындылар;
  • жұмысты орындау барысында көмек көрсеткен ұйымдар мен мамандарға алғыс;
  • зерттеудің әдістері мен нәтижелерін графикалық немесе көрнекі түрде ұсынған жөн.

   Инфографика

   Стендтік баяндамалар мен тұсаукесерлерге балама ретінде, ақпаратты графика және мәтіннің көмегімен бір суретте беру тәсілі – инфографика жиі пайдаланылып жүр (11-сурет). Ақпарат суреттің көмегімен беріледі, олар ақпаратпен байланысты болады. Графика цифрлармен байланысты мәтінмен толықтырылуы мүмкін. Инфографика баннер түрінде басып шығаруға және стендтік баяндамаларда қолдануға болатындығымен ыңғайлы. АКТ-ның қажетті құралдары болған жағдайда, оны интерактивті тақтаға шығарып немесе проектордың көмегімен көрсетуге болады.

Ақпаратты беру формасы біртұтас және жеке-жеке болуы мүмкін. Біртұтас беру барысында барлық ақпарат бір бөлімде жинақталады және өзара байланысты болады. Жеке-жеке беру барысында, бір-бірімен байланыспаған бөлімдер болуы мүмкін.

Инфографика құрастыру саласының мамандары: «Мәтін мен цифрларды ойша алып тастағанда, суреттер өздігінен ақпаратты толығымен жеткізе алатын инфографикалар – сапасы жағынан ең жақсысы», – деп санайды.

11-сурет. Инфографика

Инфографиканың сәттілік критерийлері

  • Қызықты, түсінікті тақырып
  • Ұсыну тұжырымдамасы
  • Тиімді дизайн
  • Мақсатты аудиторияны ескеру
  • Цифрлар мен суреттер өздері үшін сөйлей алады
  • Ішкі тұтастық
  • Әсерлі түстер және олардың үйлесімділігі
  • Сапалы графика
  • Масштабты таңдау
  • Қызықты фактілерді таңдау
  • Визуалдау
  • Жеңілдету
  • Уақыт желісін қолдану
  • Дереккөздердің нақтылығы және сенімділігі

   Тұсаукесер (презентация)

   Тұсаукесер – жиналған көпшілікті зерттеу нәтижесімен таныстыруға бағытталған іс-шара. Деректерді ұсыну формасы ретінде бір ортаға ұйымдастырылған мәтін, гипермәтіндік сілтемелер, компьютерлік анимациялар, графиктер, бейнематериалдар, музыканың және дыбыстық қатардың үйлесімділігі (барлығының болуы шарт емес) ескеріледі. Ақпаратты қабылдаудың ыңғайлылығы үшін ұйымдастырылған желісі, сценарийі және құрылымы болады. Тұсаукесердің интерактивтілігі, яғни басқару элементтері арқылы өзара әрекеттесу мүмкіндігі – оның айрықша ерекшелігі.
   ​Microsoft Office PowerPoint (power point ағылшын тілінен – дәлелді баяндама) – тұсаукесер жасау бойынша ерекше танымал бағдарлама. Сендер онымен информатика сабақтарынан таныссыңдар. PowerPoint-тың көмегімен әзірленген материалдар проектор арқылы үлкен экранда көрсетуге арналған.
   ​Тұсаукесер слайдтардан тұрады. Бір слайд бір ойды көрсетуі тиіс. Бір слайдта тезис және оның бірнеше дәлелдемесін көрсеткен жөн. Слайдта отыздан аспайтын сөз және тізімнің бес тармағын қолданған дұрыс. Слайдтағы тізімдер бір-біріне параллель, әр жолдың басындағы бірінші сөздер бір формада (септік, жіктік және т.б.) болуы тиіс. Мақсатты тақырыптары нақты және мазмұнына сәйкес болуы тиіс. Шрифтің ұсынбалы көлемі – 18 тармақтан кем емес.

   Тұсаукесердің құрылымы:

  1. Титул беті. Тұсаукесердің атауы және авторы жазылады.
  2. Мазмұны. Тұсаукесердің жоспарын, негізгі бөлімдерді немесе сұрақтарды қамтиды.
  3. Бөлімнің атауы
  4. Қысқаша ақпарат. 3 және 4-тармақтар қажеттілікке қарай: тезис – дәлел – қорытынды тұжырымдамасына сәйкес қайталануы мүмкін.
  5. Түйіндеме, қорытынды. Қорытынды жеке слайдта түсінікті және қысқа берілуі тиіс.
  6. Алғыс.

   Геодерек

   Қазақстан, Ресей және Түркия дүниенің екі бөлігі Еуропа мен Азияда орналасқан. Мысыр дүниенің екі бөлігінде орналасқан, себебі Суэц каналы Азия мен Африканы бөледі. Осындай мемлекеттерге Данияны да кіргізуге болады, өйткені елдің құрамындағы Гренландия аралы Америкаға жатады. Испания, Португалия және Йемен де осындай елдер тізіміне қосылуға ұмтылады, себебі олардың Мадейра, Сокотра және Канар аралдары Африка құрлығына жатады.

   Негізгі түсініктер

  • Баяндама – басылымда жарияланған немесе көпшілік алдында оқылған ғылыми-зерттеу жұмысының толық мағынасын қамтитын ғылыми құжат.
  • Мақала – ғылыми-зерттеу жұмысының жағдайы туралы материалдар берілетін журналда немесе еңбектер жинағында жарияланатын, көлемі аз ғылыми хабарлама.
  • Аннотация – ғылыми мақаланың мақсаты, мазмұны, түрі, формасы және басқа ерекшеліктері тұрғысынан қысқаша сипаттамасы.
  • Тұсаукесер – жиналған көпшілікті зерттеу нәтижесімен таныстыруға бағытталған іс-шара.

   Ойыңды тұжырымда

   Инфографиканың өзін қоса алғанда, зерттеу нәтижелерін ұсынудың инфографикадағы барлық қарастырылған формалардың ерекше өзгешеліктерін көрсетіңдер.

Өтінемін күте тұрыңыз