Географиялық қабықтың заңдылықтары

Сабақтың мақсаты:

  • Географиялық қабық заңдылықтарының мәнін түсіндіру.

Мақсатқа жету үшін:

  • Заңдылық дегеннің не екенін;
  • Географиялық қабықтардың негізгі заңдылықтарын;
  • Жер бетінің географиялық қабықтарының заңдылықтары қалай көрініс беретінін білуіміз керек.

Географиялық қабық заңдылықтары

Географиялық қабық қызметінің жалпы заңдылықтары

   Географиялық қабық қызметінің жалпы заңдылық-тары – географиялық сфералардың (литосфера, атмосфера, гидросфера және т.б.) өзара кірігуі мен өзара әсерлесуінің салдары. Заңдылықтарды білу Жердің жекелеген аудандарының аумақтық ерекшеліктерін түсіндіруге, сонымен қатар табиғатты, халықты, шаруа-шылықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жалпы географиялық заңдылықтарға табиғи құбылыстардың зоналылық пен бейзоналылық, географиялық қабықтың бүтінділгі, заттардың айналымы, ырғақтылық жатады.

 ​  Географиялық зоналылық экватордан полюске қарай географиялық белдеулердің заңды ауысуынан және осы белдеулердің шегінде географиялық зоналардың орналасуынан байқалады.
   ​Географиялық қабықтың ең ірі ендік-зоналылық бірлігі – географиялық белдеу. Ол радиациялық теңгерім мен атмосфераның жалпы айналымының ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Белдеудің шеңберінде климаттың салыстырмалы біркелкілігі тән, ол табиғаттың басқа да компоненттерінде (топырақта, өсімдіктерінде, жануарлар әлемінде және т.б.) бар.

   Ерекшеліктері бар заңдар заңдылықтар деп аталады.

   Географиялық белдеу

   Жерде жалпы саны 13 география-лық белдеу байқалады: экваторлық, екі субэкваторлық, екі тропиктік, екі субтропиктік, екі қоңыржай, екі суб-полярлық, арктикалық және антарк-тикалық. Географиялық белдеулер-дің дұрыс домалақ пішіні жоқ, олар кеңейеді, кішірейеді, материктер мен мұхиттардың, теңіз ағыстарының, жер бедерінің әсерінен иіледі.

  ​Географиялық белдеулер география-лық (табиғи) зоналарға бөлінеді. Олардың бөлінуі Жер бетіндегі жылу мен ылғалдың біркелкі таралмауына байланысты. Олар көбінесе ендік бағытта (Еуразия) созылады, алайда жер бедерінің немесе материктердің конфигурациясының әсерінен мери-дионалды бағыттары (Солтүстік Америка) болады.

Географиялық зоналылық заңы

   1956 жылы географ-ғалымдар А.А.Григорьев пен М.И.Будыко географиялық зоналылық заңын жасады. Оған сәйкес, әрбір белдеуде басқа белдеулердегі зона-лармен ұқсастығы бар белдеулер болады. Бұл мұндай ұқсас зоналарда жылу мен ылғалдың арақатынасы бір-дей болуына байланысты. Жылу мен ылғалдың мөлшері әртүрлі болса да, арақатынастары (бір көрсеткішті екін-шісіне бөлгенде шығатын мәні) бірдей мәнге ие болуы мүмкін. Мысалы, екі бөлмелі пәтерде екі адам, ал бір бөлмеліде бір адам тұрады. Бірақ екі жағдайда да тұра-тын адамдар мен бөлме санының арақатынасы 1-ге тең.

​   Жылу мен ылғалдың арақатынасын көрсету үшін құрғақтықтың радиациялық индексіне r есептеу формуласы пайдаланылады:

r = R / Lx,

мұнда R – төсеніш беттің жылдық радиациялық балансы (ккал/см2), х – жылдық жауын-шашын мөлшері, L – буланудың жасырын жылуы.
​   ​Буланудың жасырын жылуы L – бұл 1 кг судың буға айналуына жұмсалатын энергия мөлшері, ол t 0°С су үшін 597 ккал/кг немесе 2258,5 кДж/кг.

   ​Мысалы, Африканың экваторлық белдеуіндегі жылдық радиациялық баланс 80 ккал/см2-ге тең, жылдық жауын-шашын мөлшері х – 2000 мм, буланудың жасырын жылуы L – 597 ккал/кг (0° болғандағы су үшін тұрақты мағынасы). Осы мәндерді есептеу үшін формулаға қоямыз. Радиациялық баланс см2-мен, ал жауын-шашын – м2-мен белгіленетіндіктен, соңғысын см2 көрсеткішіне айналдыру қажет. 1 м2 – 10 000 см2 бар. Сондықтан 2000:10 000=0,2.

80(597×0,2)=0,67

  Құрғақтықтың радиациялық индексі жауын-шашын-ның жылдық мөлшерін буландару үшін қанша жылу қажеттігін көрсетеді.
   ​Құрғақтықтың радиациялық индексінің мәні 1-ден төмен болғанда (артық ылғалдану) – ылғалды орман зоналары, орманды тундра және тундра, 1-ден жоғары болғанда (жеткіліксіз ылғалдану) – далалық құрғақ зона, шөлейт немесе шөл, ал 1-ге жақын мәнінде (тиімді ылғалдылық) – орманды дала, жапырақты және ашық ормандар мен ылғалды саванналар басым болады (3-сурет).

   ​Зерттеу көрсеткендей, индекстің мәні 1-ге жақындаған сайын, өсімдіктері көп түрлі және аумақтың биоөнімді-лігі жоғары болады.
   ​Түрлі климаттық белдеулердегі екі түрлі аумақтардың индекстері бірдей болса, онда жылдық радиациялық баланс жоғары болатын зонада өсімдіктері алуан түрлі болады. Мысалы, орманды дала мен саванналардың құрғақтық индексі бірдей, бірақ жылу мөлшерінің жоғары болуына байланысты саванна табиғаты алуан түрлі болады.

(×)=

(×)=

   3-сурет. Географиялық зоналылықтың кезеңділік заңының моделі (дөңгелектердің диаметрлері ландшафттардың биологиялық өнімділігіне тепе-тең).

Секторлылық

   Картамен жұмыс

  • Картасызбада Еуразия қоңыржай белдеуі шеңберіндегі секторларды көрсетіңдер және олардың қалыптасуын түсіндіріңдер.

   Материктердегі мұхит маңы және континентішілік аудандарда ылғалдылықтағы айырмашылықтар секторлылықтың қалыптасуына әкеледі.
   ​Секторлылық – бұл өсімдіктер қауымдастығының, топырақ типтерінің, жер бедерін түзуші үдерістердің материкке ішкерілей ену мөлшері бойынша заңды алмасуы. Батыстан шығысқа қарай материкке ішкерілей ену кезінде қоңыржай белдеуде мұхиттардың әсері аза-йып, арктикалық немесе тропиктік ауа массаларының әсері артады, ылғалдылық коэффициенті төмендейді. Мұның бәрі бір климаттық белдеу шегінде түрлі табиғи зоналардың (жалпақ жапырақты орман, аралас орман, тайга, орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қалыптасуына әкеліп соқтырады.

Биіктік белдеулігі

   Тауларда биіктік белдеулігі байқалады.
   ​Биіктік белдеулігі жоғары көтерілген кезде климаттық көрсеткіштердің алмасуымен қамтамасыз етіледі. Биіктік белдеулігіне, сонымен қатар тау баурайларының экспозициясы мен тік беткейлігі, теңіздер мен мұхиттардан қашықтығы, жергілікті жердің енділігі әсер етеді. Биіктік белдеулігі тауға көтерілген кезде төменнен жоғары қарай тау массивінің орналасқан орнынан солтүстікке қарай жылжыған кездегі ендік зоналардың алмасуына ұқсастау ретпен алмасып отырады. 

Алайда мұндай ұқсастықтан ауытқу да болады. Мыса-лы, мұндай биіктік белдеулерінің, альпілік шалғындар мен биік таулы шөлдер тәрізді ендік зоналар арасында аналогтері жоқ.
​   ​Бейзоналылық дегеніміз – қандай да бір география-лық құбылысының таралуы зоналылық заңына бағын-бауы. Бейзоналылықтың негізгі себептері – геология-лық құрылым, тектоникалық ерекшелік, жер бедерінің сипаты және т.б. Бейзоналылық тауларда және тау етегінде жиі байқалады.

   Биіктік белдеулігі – тауларда төменнен жоғары қарай көтеріле отырып, табиғи жағдайлар мен табиғи кешендердің заңды алмасуы.

   Ойлан!

  • Тау жүйелерінің табиғаты бейзоналық және өзі орналасқан табиғи зонаның ерекшеліктері байқалмайды. Бірақ тауда географиялық зоналылық заңдылығы қалай байқалады?

   «Географиялық слоган/ұран»

   Әр жұп алдын ала қандай да бір географиялық нысан, құбылыс және үдеріс туралы «жарнама» үшін дайындап келген слоган/ұранын оқиды.

   Географиялық қабықтың тұтастығы 

Заттардың айналымы

   Маңызды географилық заңдылық – географиялық қабықтың тұтастығы. Оның мәні табиғи үдерістер, құбылыстар мен компоненттер (су, өсімдік, топырақ және т.б.) өзара тығыз байланыста болатындығын да және біреуінің өзгеруі басқаларының да өзгеруіне әкелетіндігінде. Мысалы, батпақты құрғатқаннан кейін ыза сулардың деңгейі сол батпақтың өзінде ғана емес, сонымен қатар іргелес жатқан аумақтарда да төмендейді. Нәтижесінде топырақ, өсімдіктердің түрлілігінің құрамы өзгереді. Тау баурайларында эрозия үдерісі белсенді жүреді, микроклимат өзгереді және т.б.

​   Ғаламдық өзгерістердің тағы бір мысалы – жамылғы мұздықтардың еруі. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуін туындатады. Бірақ бұл құбылыс өзен суларының жұмысын күшейтіп, соның салдарынан материктерде өзгерістердің орын алуына әкеледі.
   ​Зат айналымы көбінесе энергияның айналымына ұласады (мысалы, су буының сұйықтыққа айналуы кезінде жылудың бөлінуі және булану кезінде жылудың жұтылуы).

   1. 

   2. 

   3. 

   Барлық табиғи кешенге зат алмасу қабілеті тән және ол зат айналымы деген географиялық заңдылықта көрсетілген. Оған топырақ пен өсімдіктердің өсуі және қурауы арасындағы химиялық элементтердің айна-лымы, табиғаттағы су айналымы, атмосферадағы ауа массасының айналымы (экватор мен тропик арасында) және т.б. мысал бола алады.
   ​Мұхиттан буланған су ауа арқылы желдің күшімен құрлыққа жауын-шашын түрінде түседі және жерасты суларына қосылады. Бұл құбылыс – табиғаттағы су айналымына мысал. Осылайша табиғаттағы су айналымы тұйықталады.
   ​Заттардың айналымы – өте маңызды заңдылық, өйткені оның нәтижесінде жанды және жансыз табиғаттың бірлігіне қолдау көрсетіледі, тіршілік бар болса, азық-түлік өнімдері алынады және т.б.
​   ​Табиғи үдерістердің ырғақтылығы заңдылығы олар-дың тәулік (күн мен түннің алмасуы), жыл (жыл маусым-дарының ауысуы) ішінде қайталануынан байқалады. 

Сонымен қатар климаттың, жерүсті және жерасты суларының ауытқуының жаһандық заңдылықтары анықталған.
​  ​Тәуліктік ырғақ Жердің өз осін айналуына байланысты. Тәуліктік ырғақ температура, қысым және ылғалдылық, бұлттылық, желдің күші өзгергенде; теңіз, мұхиттардағы судың көтерілуі мен қайтуы кезінде, өсімдіктердің фото-синтез үдерісі, жануарлар мен адамның тәуліктік биоритмі кезінде өзгереді.
​   ​Жылдық ырғақ – Жердің орбита бойынша Күнді айналып шығуының нәтижесі. Бұлар: жыл мезгілдерінің ауысуы, топырақ түзілуінің қарқынды өзгерісі және тау жыныстарының бұзылуы, адамның өсімдік өсіру және шаруашылық әрекеттерінің дамуы. Ғаламшардың әртүрлі ланшафттарының тәуліктік және жылдық ырғағы әртүрлі. Жылдық ырғақ қоңыржай ендікте қатты, ал экваторлық белдеуде баяу білінеді.

Тапсырма

   Айналымдардың бірінің география-лық моделін жасап, оны бүкіл сыныпқа таныстыр.

   Түрлі географиялық белдеулерде тұратын екі халықты салыстырыңдар. Осы халықтардың тіршілік етуінің табиғи-климаттық жағдайларын түсіндіріңдер. Табиғи (жылдық, тәуліктік және басқа да) ритмдерін белгілеңдер және осы ритмдер себепші болған әдет-ғұрыптарға қысқаша сипаттама бере отырып, тізіп айтыңдар.

Геодерек

   Төлқұжаттың қуаттылығы оның иесінің визасыз бара алатын елдерінің саны бойынша бағаланады. 2017 жылы төлқұжаттар рейтингісінде алғашқы орында Германия мен Сингапур тұр. Бұл елдердің тұрғындары визасыз 150-ден астам елге бара алады. Passport index рейтингісінде біздің еліміз 56-орында тұр. Қазақстандықтар визасыз 69 елге бара алады.

Қорытынды

Негізгі түсініктер

  • Секторлылық – бұл өсімдіктер қауымдастығының, топырақ типтерінің, жер бедерін түзуші үдерістердің материкке ішкерілей ену мөлшері бойынша заңды алмасуы.
  • Биіктік белдеулігі – тауларда төменнен жоғары қарай көтеріле отырып, табиғи жағдайлар мен табиғи кешендердің заңды алмасуы.

Ойыңды тұжырымда

   Ақпараттық графикте географиялық қабықтың барлық заңдылығын көрсет. Ақпараттық графикті қажетті жерінде келесі тапсырмалардың жауаптарымен толықтыр.

  1. Қазақстан аумағы қандай географиялық белдеулерде орналасқан? Қазақстан аумағы қандай табиғи зоналарда орналасқан? Қазақстан аумағы қандай секторларда орналасқан? Қазақстанның қай жерінде биіктік белдеулігі мен бейзоналылық байқалады?
  2. Табиғи құбылыстардың, зат және энергия айналымының, өзің тұратын өлкенің табиғи ерекшеліктерін мысалға келтіре отырып, оның тұтастығы мен ырғақтылығының көрініс беруіне мысал келтір.
  3. Егер де географиялық қабықтардың заңдылықтары болса, онда параграфта суреттелгендердің қайсысы жер шарында байқалмас еді?
Өтінемін күте тұрыңыз