Географиялық қабықтың құрылымы мен құрамы

Сабақтың мақсаты:

  • Географиялық қабықтың құрамы мен құрылымын график түрінде түсіндіру және көрсету.

Мақсатқа жету үшін:

  • Географиялық қабықтың неден тұратынын;
  • Географиялық қабықтың шегарасын білуіміз керек.

   Географиялық қабықтың құрылымы

   Географиялық қабық – Жердің қабығы, оның шегінде атмосфераның төменгі қабаттары, литосфераның жоғарғы бөлігі, бүкіл гидросфера мен биосфера бір-біріне өзара еніп және бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынаста болады (1-сурет).
   ​Жер бетінде тіршілік кейіннен пайда болған, сондықтан алғашында географиялық қабық тек үш қабықтан тұратын: гидросфера, атмосфера және литосфера.
   ​Қазіргі уақытта ол «озон экранына» дейін, яғни 25 км биіктікке де йін төселіп жатады. Гидросфера географиялық қабыққа түгелдей кіреді, ал географиялық қабықтың төменгі шегін Мохоровичич деңгейі бойынша, яғни жер қыртысының табаны болып табылатын астеносфера бойынша жүргізеді (1-сурет).
   ​Айрықша табиғи түзіліс ретіндегі географиялық қабық туралы түсінікті 20-ғасырдың басында А. А. Григорьев пен С. В. Калесник қалыптастырған болатын.

1-сурет. Географиялық қабықтың шегаралары

   Географиялық қабық дегеніміз  .

   Геосергiту

   «Географиялық эстафета»

   Оқушылардың әрқайсысы қандай да бір географиялық нысан, құбылыс немесе үдеріс туралы ақпарат айтады. Бұл ақпаратты қалғандары қайталамауы тиіс.

   Географиялық қабықтың ерекшеліктері

  • құрамының күрделілігі мен заттардың күйлерінің алуан түрлілігі;
  • барлық физикалық-географиялық үдерістердің күн және жел энергиясы есебінен өтуі;
  • оған келіп түсетін энергияның барлық түрлерінің тасымалдануы және ішінара консервациялануы;
  • тіршіліктің шоғырлануы және адамзат қоғамының бар болуы;
  • үш агрегат күйдегі заттардың бар болуы.

   Тропосфера, жер қыртысы, гидросфера, биосфера – географиялық қабықтың құрылымдық бөліктері, ал оған біріктірілген заттар – оның компоненттері.
   ​Географиялық қабықтың компоненттері – бұл тау жыныстары, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар мен топырақ. Олар физикалық күйі (қатты, сұйық, газ тәрізді), қалыптасу деңгейі (тірі, өлі, биосірескен), химиялық құрамы, белсенділігі (инертті – жынысы, топырағы, мобильді – су, ауа, белсенді – тірі зат) бойынша ерекшеленеді.

  • тропосфера
  • жер қыртысы
  • атмосфера
  • гидросфера
  • стратосфера
  • биосфера

   «Радиалды тізім» диаграммасында географиялық қабықтың құрылымдық бөліктерінің барлық компоненттерін тізіп шығыңдар. Сол жақ үлкен шеңберге географиялық қабықтың құрылымдық бөліктерінің атауын, ортаңғы шеңберге маңызды компоненттерін (заттарды), «мәтін» қосымшасында олардың физикалық күйінің, қалыптасу деңгейінің, белсенділік сипаттамасының ерекшеліктерін жазыңдар.

Географиялық қабықтың ерекшеліктері

Мысалдар

Құрамының күрделілігі және заттар күйінің алуан түрлілігі

Күн және ішкі энергия есебінен барлық физикалық-географиялық үдерістердің өтуі

Оған келіп түсетін барлық энергия түрлерінің ауысуы және ішінара консервациялануы

Тіршіліктің шоғырлануы және адамзат қоғамының бар болуы

Үш агрегаттық күйдегі заттардың бар болуы

   Ландшафтар мен табиғи кешендер туралы түсінік

   Географиялық қабық бүкіл жерде біркелкі емес және жекелеген табиғи кешендерден (ландшафтардан) тұрады. Табиғи кешен – бұл табиғи жағдайлары: климаты, жер бедері, топырақтары, сулары, өсімдіктер мен жануарлар әлемі біршама біркелкі болатын жер бетінің бір бөлігі. Мұндай кешендердің әрқайсысы көршілес кешендерден географиялық шегарасы арқылы бөлінеді.
   ​Ең ірі табиғи кешен – географиялық қабық. Табиғи кешендерге, сонымен қатар материктер мен мұхиттар, табиғи зоналар жатады. Кішігірім табиғи кешендер жекелеген төбелерге, олардың бөктеріне, өзендердің аңғарлары мен олардың жекелеген бөліктеріне (арнасына, жайылмасына, жайылма бетіндегі террасаларға) орайластырылған. Табиғи кешен қаншалықты кіші болса, оның шегіндегі табиғи жағдайлар да соншалықты біркелкі болады. Осылайша барлық географиялық қабықтың күрделі құрылымы өрнекті болып келеді, олар түрлі дәрежедегі табиғи кешендерден тұрады. Құрлықта пайда болған табиғи кешендерді аумақтық, ал мұхиттағы немесе басқа суқоймаларындағыны – аквалды деп атайды.

   Ландшафт

   Ландшафт – бұл біркелкі, бірыңғай жер бедері, ортақ климаты бар, гидротермиялық шарттарының, топырақтары мен биоценоздарының үйлесімі бірдей болатын нақты бір аумақты алып жатқан табиғи кешен. Ландшафт құрылымы күрделі және әлдеқайда төмен дәрежедегі табиғи-аумақтық кешендерден тұрады: аймақ – мекен – фация. Ландшафтың ең қарапайым элементі – фация. Ол табиғи жағдайларының біртектілігімен сипатталады. Оның шегінде жерүсті жыныстары құрамының, ылғалдандыру шарттарының, топырақтарының біркелкілігі мен бір өсімдіктер қауымдастығы сақталады. Бұл сайдың түбі, ескі арна, арна маңы белесі, кішігірім өзен баурайының бір бөлігі немесе аңғары болуы мүмкін. Мекен бірнеше фациядан (сай, жыра, жылғаның аңғары, жайылма, терраса) тұрады. Бірнеше мекен аймақты құрайды.
   ​Табиғи-аумақтық кешендер (ландшафтарға) уақыт өте өзгеріп отыруы мүмкін. Оларға адамның шаруашылық іс-әрекеті көп әсер етеді. Соңғы кездері (Жердің дамуы шеңберінде) ғаламшарда адамзат баласы қалыптастырған кешендер пайда бола бастады, антропогендік (грек. anthropos – адам, genes – пайда болу, туылу) ландшафтар (2-сурет). Өзгеру дәрежесі бойынша олар:

  • аздап өзгерген – аң аулайтын алқаптар;
  • өзгерген – егістік, ұсақ елді мекендер;
  • қатты өзгерген – қалалық жерлер, пайдалы қазбалардың игерілген ірі орындары, ауқымды жыртылған жер, ормандарды кесу;
  • жақсартылған – ормандарды санитарлық тазалау, саябақ зонасы, ірі қалалардың айналасындағы «жасыл зона» (2-сурет) болып жіктеледі.

   Ландшафтарға адамдардың әсері қазіргі кезде өзгертуші табиғат негізгі түрткіжайт ретінде алынады. Әрине, біздің заманымызда адамзат баласының іс-әрекеті табиғатты өзгертпей тұра алмайды, бірақ ландшафтардың түрленуі табиғи-аумақтық кешеннің барлық компоненттерінің өзара байланысын есепке ала отырып жүргізілуі қажет. Тек сонда ғана табиғи тепе-теңдіктің бұзылуының алдын алуға болады.

Антропогендік ландшафтар

Аң аулайтын алқаптар
Егістік
Орманды кесу
Саябақ зонасы

Өзгеру дәрежесі

Аумақтың жергілікті атауы

Өзгеру себебі

Табиғи

Аздап өзгерген

Өзгерген

Қатты өзгерген

Жақсартылған

   Дәптермен жұмыс

  •    Өздерің тұратын жердің табиғи ландшафтарының бірінің құрылымын «иерархия» сызбасында көрсетіңдер. Ландшафтың әрбір компонентінің жергілікті атауын жазыңдар. Сенің ойыңша, неліктен осы аумақтар ландшафт, аймақ, мекен және фация болып табылады?
  • Өздерің тұратын жердің бір фациясының типологиялық тәсіл бойынша аймақ, мекен, ландшафтысынан бастап географиялық қабық деңгейіне дейінгі жоғары дәрежелі табиғи кешендерге қатыстылығын көрсететін сызба жасаңдар.
  • Өздерің тұратын жердің бір фациясының жекелеген тәсіл бойынша аймақ, мекен, ландшафтысынан бастап географиялық қабық деңгейіне дейінгі жоғары дәрежелі табиғи кешендерге қатыстылығын көр- сететін сызба жасаңдар.

   Геодерек

   Егер жауын-шашын мөлшері буға айналмаған, топыраққа сіңбеген және ағып кетпеген болса, миллиметрмен жауған жауын-шашыннан түзілген су қабатын көрсетеді. Сан тұрғысынан 1 миллиметр жауын-шашын – бұл 1 м2 жерге түсетін бір кг суға тең.

   Негізгі түсініктер

  • Географиялық қабық – Жердің қабығы, оның шегінде атмосфераның төменгі қабаттары, литосфераның жоғарғы бөлігі, бүкіл гидросфера мен биосфера бір-біріне өзара еніп және бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынаста болады.
  • Табиғи кешен – бұл табиғи жағдайлары: климаты, жер бедері, топырақтары, сулары, өсімдіктер мен жануарлар әлемі біршама біркелкі болатын жер бетінің бір бөлігі.
  • Ландшафт – бұл біркелкі, бірыңғай жер бедері, ортақ климаты бар, гидротермиялық шарттарының, топырақтары мен биоценоздарының үйлесімі бірдей болатын нақты бір аумақты алып жатқан табиғи кешен.

   Ойыңды тұжырымда

  1. Географиялық қабық дегеніміз не? Оның төменгі және жоғарғы шегарасы қалай өтеді? Оның енін километрмен және биіктігін метрмен шамалаңдар, өз жауаптарыңа дәлел келтіріңдер.
  2. Географиялық қабықтың тік және көлденең әртектілігі қалай байқалады?
  3. «Географиялық қабық», «географиялық орта» және «биосфера» түсініктерінің арасындағы айырмашылықты анықтаңдар. Нәтижесін «Эйлер шеңберінде» көрсетіңдер.
  4. Қосымша дереккөздерінің көмегімен географиялық қабықтың қасиеттері мен функцияларын биосфераның қасиеттері және функцияларымен салыстырыңдар. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар. Түсіндіріңдер. Оларды график түрінде бейнелеп, түсінік- теме беріңдер.
  5. Егер Жер бетінде биосфера болмаса, географиялық қабық болар ма еді? Егер Жер бетінде географиялық қабық болмаса, биосфера болар ма еді?
  6. Қазақстанда байқалған табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы жер шарының түрлі бөліктерінде қалай көрініс беруі мүмкін?
  7. Жер шарының түрлі бөліктерінде байқалған табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы Қазақстан аумағында қалай көрініс беруі мүмкін?
Өтінемін күте тұрыңыз