3.4-бөлімге шолу

   3.4-бөлім. «Биосфера» сабақтары бойынша

   Сендер білесіңдер:

  • Климат белдеулері өз ішінде – табиғат зоналарына бөлінеді, олардың атауы ондағы басым болатын өсімдік типі бойынша анықталады. Экватордан полюстерге қарай және жағалаудан континенттердің ішіне қарай өсімдік жабынының ауысуы байқалады.
  • Экваторлық белдеуде тұрақты ылғалды орман таралады. Субэкваторлық және тропиктік белдеулерде ауыспалы-ылғалды орман, саванналар мен сирек ормандар кездеседі. Тропиктік шөлдер мен шөлейттер тропиктік белдеулерге тән. Қоңыржай белдеу жалпақ жапырақты және аралас орманды, тайганы, дала мен орманды даланы, шөлдер мен шөлейттерді қамтиды. Субарктикалық және субантарктикалық белдеулерде тундра мен орманды тундра, ал арктикалық және антарктикалық белдеулерде – арктикалық және антарктикалық шөлдер мен шөлейттер таралған.
  • Зоналылық Дүниежүзілік мұхитқа да тән. Экватордан полюстерге қарай жерүсті суларының қасиеті, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер әлемінің құрамы да өзгереді. Тереңдігіне қарай зоналылығы белгіленеді.
  • Биіктік белдеулігі – тау етегінен бастап төбесіне қарай көтерілген сайын табиғи ортаның заңды ауысуы. Таудағы белдеулердің ауысуы да дәл жазықтағы экватордан полюске қарай қозғалған кездегі сияқты ретпен жүзеге асады. Тауда жоғары белдеулілік тау орналасқан шектегі көлденең зонамен үйлесетін зонадан басталады.
  • Өсімдік және жануарлар әлемі адамның іс-әрекетінен қорғауды қажет етеді. Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар: ұлттық саябақтар, қорықтар, қорықшалар, табиғат ескерткіштері және т.б. құрылады.

   Сендердің қолдарыңнан келеді:

  • табиғат зоналарының климат жағдайларына немесе мұхиттың ендік және тереңдік зоналарының жағдайларына өсімдіктер мен жануарлардың бейімделу механизмдерін анықтау;
  • ылғалдылық коэффициентін есептеу және нәтижесін талдау;
  • берілген көрсеткіштер бойынша жартышарлардың, материктердің, тау жүйелерінің рейтингісін жасау; 
  • табиғат зоналарын, биіктік белдеулерін сипаттау және салыстыру;
  • табиғат қорғау іс-шараларының тиімділігін бағалау;
  • табиғатты қорғау жолдарын ұсыну;
  • айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың төлқұжаты мен кадастрын жасау;
  • Summary жазу.
Өтінемін күте тұрыңыз