Мұхиттардың органикалық әлемі

Сабақтың мақсаты:

  • Мұхиттағы тіршіліктің таралуын анықтау.

Мақсатқа жету үшін:

  • Мұхиттарда тірі тіршілік иелерінің таралу заңдылығы қандай екенін;
  • Теңіз организмдері тіршілік жағдайларына қалай бейімделетінін білуіміз керек.

   Мұхит тіршілік ортасы ретінде

   Дүниежүзілік мұхит суында тіршілікке арналған барлық қажетті жағдайлар бар. Су – мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлар үшін мінсіз өмір сүру ортасы. Ол жарықты өткізеді, құрамында оттегі және көптеген қажетті химиялық заттар мен қосындылар бар. Мұндағы тіршілік ету жағдайы құрлықта тіршілік ететіндерге қарағанда әлдеқайда қолайлы: температураның күрт ауытқуы болмайды, мұхит суының жоғары тығыздығы кеңістікте ағзаның денесін жақсы көтеріп тұрады және оған құрлықта тіршілік ететіндер тәрізді күтпеген ауа апатының әсеріне қарсы тұра алатындай мықты қаңқа немесе тамыр керек емес. Сондықтан мұнда Жердегі ең ірі жануарлар мекен ете алады.

Жердегі ең ірі жануарлар

   Дүниежүзілік мұхитта өсімдіктер мен жануарларға тіршілік үшін не қажет?

  • тұрақты температура
  • температураның жиі өзгеріп тұруы
  • мұхит суының жоғары тығыздығы
  • оттек
  • күн сәулесінің таралуы
  • жоғары қысым

Киттің әнін тыңда

   Әлемдегі ең ірі сүтқоректі жануар-көгілдір кит 188 децибелге жететін әнінің көмегімен басқа қандастарымен сөйлеседі. Иіс сезу мүшелері болмағандықтан және тіптен көрмейтіндіктен, дыбыс арқылы қоршаған ортаны қадағалап отырады.

   Геосергiту

   «Өткен тақырыптар» викторинасы

   Топтарға бірігіңдер. Өткен тақырыптарға қатысы бар үш тұжырымды табуды ұсыныңдар. Анықтау өте оңайға түспес үшін, бұл тұжырымдардың құрамында тақырыптың түйін сөздері болмауы қажет. Қалған топтар тақырыпты табуы тиіс. Тұжырым ретінде оқулықтағы мәтіннің сөйлемдерін, мұғалім немесе оқушылардың бірі айтқан қызықты, есте қаларлық сөйлемдерді алуға болады.

   Мұхиттағы ағза түрі

   Осыған орай мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлардың түр құрамы айтарлықтай көп. Мұхитта тіршілік ететін тірі тіршілік иелері төмендегідей түрлерге бөлінеді (100-сурет):

Планктон

   Планктон – тірі, еркін жүзетін кішігірім тіршілік иесі, олар судың ағысына қарсы тұруға қабілетсіз. Планктондарға фитоплактон мен зоопланктон жатады, әдетте олар – кішкентай шаяндар мен балдырлар.

фитоплактон
зоопланктон

Нектон

   Нектон – белсенді жүзетін организмдер. Нектондарға тірі ағзалардың ең көп тобы жатады. Олар – шын мәнінде балықтардың, сүтқоректілердің және басқа да тіршілік иелерінің барлық түрлері.

Бентос

   Бентос – мұхиттың терең түбінде тіршілік ететін тірі ағзалардың жиынтығы.

100-сурет. Мұхиттағы ағза түрі

   Дүниежүзілік мұхитта тіршілік ететіндердің таралуында тек өзіне ғана тән бірқатар айрықша ерекшеліктері бар. Мұхиттардағы тіршілік ететіндердің түрлері мен саны күн сәулесінің таралу тереңдігімен, ерітілген оттектің шоғыр лануымен, биогендік заттардың қолжетімділігімен, температурамен тікелей байланысты.

      – судың ағысына қарсы тұруға қабілетсіз, еркін жүзетін кішігірім тіршілік иесі.

       – мұхиттың терең түбінде тіршілік ететін тірі ағзалардың жиынтығы.

      – тірі организмдердің ең көп тобы. Балықтардың, сүтқоректілердің және басқа тіршілік иелерінің барлық түрлері. 

        • бактериялар
        • медуза
        • голотуриялар
        • акула
        • теңіз тасбақасы
        • құрттар
        • теңіз жұлдызы
        • устрица
        • дельфин

           Ақпарат көздерімен жұмыс

        • Қосымша ақпарат көздерінің көмегімен «планктон», «нектон», «бентос» атауларының шығу тегін анықтаңдар.

           Мұхитта тіршіліктің таралуы

           Дүниежүзілік мұхитта тіршіліктің таралуына климат, тереңдігі мен жағалаудан қашықтығы әсер етеді. Зоналылық Дүниежүзілік мұхитқа да тән. Мұнда ол тік және көлденең бағытта байқалады.
           ​Ендік зоналылық. Экватордан полюске қарай жерүсті суының қасиеттері (температура, тұздылығы, тығыздығы мен мөлдірлігі, толқындау қарқындылығы және т.б.), сонымен қатар өсімдік және жануарлар әлемінің құрамы да өзгереді.
           ​Арктикалық және антарктикалық белдеулерде тіршілік өте жұтаң. Мұнда тірі ағзалардың түрлері де, олардың саны да аз. Планктон тек қысқа уақытқа ғана созылатын жаз мезгілінде және мұздан арылған жерлерде ғана дамиды. Планктоннан кейін балықтар және олармен қоректенетін морждар мен итбалықтар пайда болады.
           ​Қоңыржай белдеулерде су температурасы жыл бойы 0°С-тан жоғары болады. Судағы еріген оттегінің молдығы тіршіліктің қарқынды түрде дамуына әкеледі. Қоңыржай белдеулерде ағзалардың түрлері өте көп емес, бірақ әр түрдің саны көбірек. Қоңыржай ендіктер балыққа бай және мұнда балық аулау кәсіби түрде жүргізіледі.
           ​Тропиктік белдеулерде судың температурасы мен тұздылығы жыл бойы жоғары болады. Суда еріген оттегі мен қоректік заттар аз, сол себепті қоңыржай белдеулерде планктон да, балықтар да азырақ. Алайда ыстық белдеулерде алуан түрлі жылусүйгіш балықтар мен теңіз түбі ағзалары (маржандар, ұлулар, тікен терілілер, шаян тәрізділер) мол.
           ​Экваторлық белдеуде су температурасы жыл бойы жоғары. Тіршіліктің қайнаған көрінісі мұхитқа қоректік заттар әкелетін ірі өзендердің сағасына жақын жерлерде байқалады. Мұхиттардың түбінде маржан тізбелері көп. Экваторлық суларда мұхит тасбақалары, ұлулар, тунец, сардина, макрель ауланады.

        Итбалық – полярлық белдеулердің жануары.
        Дельфиндер қоңыржай белдеулерде де, тропиктік белдеулерде де кездеседі.
        Теңіз тасбақалары – тропиктердің жануарлары.
        Теңіз тасбақалары – тропиктердің жануарлары.
        Акула – экваторлық белдеудегі теңіз жануары.

             белдеулерде тіршілік өте жұтаң. Мұнда тірі ағзалардың түрлері де, олардың саны да аз. 

            белдеуде судың температурасы мен тұздылығы жыл бойы жоғары болады. Теңіз түбі ағзалары мол. 

             белдеуде су температурасы жыл бойы жоғары. Мұхиттардың түбінде маржан тізбелері көп. Мұхит тасбақалары, ұлулар, тунец және сардина ауланады. 

             белдеулерде су температурасы жыл бойы  0°С-тан жоғары болады. Ағзалардың түрлері аз, бірақ әр түрдің саны көп. Бұл белдеулер балыққа бай және мұнда балық аулау кәсіби түрде жүргізіледі.

        • белгілі бір организмдердің таралуына климат әсер етпейді.
        • белгілі бір организмдердің таралуына климат тікелей әсер етеді.

           Ақпарат көздерімен жұмыс

        • Қосымша ақпарат көздерінің көмегімен мұхит суы қасиеттерінің сапалық сипаттамасын сандық деректермен толықтырыңдар.

           Тік зоналылық

           Дүниежүзілік мұхит құрылымы үш негізгі бөліктерге бөлінеді:

        1. Жағалаудағы таяз сулылық (материктік саяз жер, материктік үстірт, континенттік қайраң). Құрлықтың тереңдігі 200–500 м-ге дейінгі ойпаңымен сипатталады.
        2. Жағалаудағы саяз жерден үлкен тереңдікке қарай өтетін өтпелі зона (материк бөктері, континенттік бөктер), 3–4 км тереңдікте мұхиттың арнасына ауысады.
        3. Терең су (мұхиттың арнасы).

           Бұл зоналардың әрқайсысы күн сәулесімен түрліше жарықтандырылады (101-сурет). Мұхит суының беткі қабаты 100 м тереңдікке дейін күн сәулесінің жарығы мен жылуының ең көп мөлшерін алады, оның құрамында оттегі көбірек болады. Сонымен бірге судың беткі 50-метрлік тереңдігінде тіршілік неғұрлым жанданған. Осыған орай дәл осы судың жоғарғы қабаттарында тіршілік үшін әлдеқайда тиімді жағдайлар түзіледі. Мұнда өсімдіктердің көпшілігі және іс жүзінде мұхиттың барлық планктоны шоғырланған. 1000 м тереңдікке дейін жарықтануы бұлыңғыр судың ортаңғы қабаты созылады. Одан тереңде, ең түбінде – мүлде жарық түспейтін төменгі қабат орналасады. Бұл қабатта өсімдіктер кездеспейді, тек жануарлар мен бактериялар бар.
           ​Жоғары қысым, жарықтың жоқтығы, төмен температура (шамамен 2–4°c), азықтың жетіспеуі, әдеттегідей түбінің лай тұнбамен көмкерілуі үлкен тереңдіктердегі тіршілікті қолайсыз етеді.
           ​Жағалаудан қашықтығы. Таяз сулардағы жағдай өсімдіктер үшін де, жануарлар үшін де неғұрлым қолайлы болады. Бұл – мұхиттар мен теңіздердің қайраңдары. Олардың таяз жерлерінде жарық, жылу, қоректік заттар көп. Белсенді түрде араласып отырғандықтың арқасында су оттекпен байытылып отырады. Ашық мұхитқа қараған жақта тіршілік қарқындылығы жүздеген есе азаяды.

        101-сурет. Мұхиттағы жарықтану зонасы

           Картамен жұмыс

        • Физикалық картаның көмегімен қараңғылық зонасы ең төмен болатын Дүниежүзілік мұхиттағы теңізді анықтаңдар.
        • Жағадан алыстаған сайын және су тереңдеген сайын тіршілік қарқындылығы жүздеген есе азаяды.
        • Жағадан алыстаған сайын және су тереңдеген сайын тіршілік қарқындылығы жүздеген есе артады.

           Тіршілік иелерінің мұхиттағы тіршілікке бейімделу түрі

           Түрлі тереңдіктердегі тіршілік иелеріне өздерінің қоршаған ортаға бейімделу ерекшеліктерін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Олардың қысқаша сипаттамасы 15-кестеде берілген.

        Ағзалардың мұхиттағы тіршілікке бейімделуі

        15-кесте

        Планктонның бейімделуі

        1. Газ камераларының түзілуі.
        2. Көпіршікті қалтқылардың бөлініп шығуы.
        3. Судың беткі қаймағының тірек ретінде қолданылуы.
        4. Ауа толтырылған көпіршіктердің болуы.
        5. Меншікті салмағының азаюы есебінен жүзгіштіктің артуы.
        6. Өлшемінің кішіреюі, жаншылуы, ұзаруы, көптеген өсінділер мен қылтандардың дамуы есебінен дененің салыстырмалы бетінің жалпы ұлғаюы, бұл суға үйкелісін арттырады.
        7. Қаңқаның ықшамдалуы, денеде майдың, газ көпіршіктерінің және т.б. жинақталуы есебінен тығыздықтың төмендеуі.
        8. Су жұқпайтын беттердің түзілуі.

        Нектонның бейімделуі

        1. Үлкен қашықтық пен судың қатты ағысын жеңуге мүмкіндік беретін жануарлардың ірі өлшемдері.
        2. Денесінің сүйір пішіні.
        3. Жүзгіш типті аяқ-қолдары.
        4. Аяқ-қолдарының мықты бұлшық еттері.
        5. Кейде шырышпен көмкерілген жылтыр жабыны. 
        6. Үлкен жылдамдықпен жүзуге қабілеттілігі: 
          • 45–50 км/сағ дейін – кальмарлар, 
          • 100–150 км/сағ дейін – желкенді балық, 
          • 130 км/сағ дейін – қылышбалық.

        Бентостың бейімделуі

        1. Денесінің пішіні:
          • арқа-құрсақ бағытында қабысқан;
          • жіңішке және ұзын;
          • қысқа және қалың.
        2. Ауыздарының ерекшелігі:
          • төменгі жағында орналасқан (су түбінен азық жинайтын балықтарда);
          • үстіңгі жағында орналасқан (топыраққа көміліп жататындар);
          • үлкен тісті ауыздарының өлшемі үлкен (терең суда жүзетін балықтар).
        3. Топыраққа бекитін органдары:
          • табаны; 
          • аяқтары;
          • қармауыштарды және басқа.
        4. Денесінің меншікті салмағының артуы есебінен жүзгіштігінің төмендеуі:
          • ауыр қабыршақтары;
          • денесінің үлкен көлемі;
          • ауыр қаңқалар.
        5. Аулау аппараттары:
          • кірпікшелері;
          • күйдіргіш жасушалары бар қармауыштары;
          • қысқаштары;
          • өсінділері – қармақ жемдері.
        6. Биолюминесценция – органикалық қосылыстардың тотығуы кезінде жарық энергиясын бөлу қабілеті.

           Ойлан!

        • 15-кестеде келтірілген бейімделу механизмдері бойынша неліктен бентос пен плантон алдыңғы орында?
        • Кестеде келтірілген әрбір бейімделу механизмі қалыптасқан жағдайды тіршілік ету ортасының сандық және сапалық сипаттамаларын келтіре отырып түсіндіріңдер.
        • Осы бейімделу механизміне ие болатын жануарды көрсетіңдер.

           Геодерек

           1991 жылы бекітілген халықаралық Вотрен Люд сыйлығы география саласында қол жеткізген жоғары жетістіктер үшін беріледі. Ол – «география бойынша Нобель сыйлығының» аналогі. Жыл сайын Вотрен Людтің отаны Сен-Дье-де-Вожде (Франция) күзгі Халықаралық географиялық фестиваль кезінде беріледі.

        Вотрен Люд – француз географы. Ол Жаңа әлемді Америко Веспучидің құрметіне Америка деп атауды ұсынды.

           Негізгі түсініктер

        • Планктон – тірі, еркін жүзетін кішігірім тіршілік иесі, олар судың ағысына қарсы тұруға қабілетсіз.
        • Нектон – белсенді жүзетін организмдер.
        • Бентос – мұхиттың терең түбінде тіршілік ететін тірі ағзалардың жиынтығы.

           Ойыңды тұжырымда

        1. Жануарлардың түрлерін, тереңдік зоналары мен жарықтандырылу белдеулерін өзара бір-бірімен салыстырыңдар. Салыстыру нәтижесін өз қалауларың бойынша иллюстрацияның кез келген үлгісімен көрсетіңдер.
        2. Дедукция және индукция тәсілдерімен мұхиттағы тіршілік бөлінуінің негізгі заңдылығын жасаңдар.
        3. Өсімдіктердің мұхиттық ортадағы тіршілікке бейімделу механизмдерін көрсетіңдер.
        Өтінемін күте тұрыңыз