3.3-бөлімге шолу

   3.3-бөлім. «Гидросфера» сабақтары бойынша

   Сендер білесіңдер:

  • Құрлық сулары – көлдерде, өзендерде, мұздықтарда, сонымен қатар жерасты сулары мен батпақтарда шоғырланған тұщы сулар.
  • Жерасты сулары – тау жыныстары қабаттарының бос жерлерінде, қуыс тары мен жарықшақтарында орналасқан сулар. Барлық жерасты сулары жер бетіндегі еріген қар сулары мен жаңбыр суының терең бойлай іркіліп жинақталуы нәтижесінде пайда болады.
  • Өзендер – өздері қазып алған тереңдік (арна) бойымен ағатын және оның бассейнінің жерасты және жерүсті ағыны есебінен қоректенетін табиғи су ағыны.
  • Көл – жер үстіндегі тұйық табиғи суқоймасы. Көлдердің Дүниежүзілік мұхитпен байланысы жоқ.
  • Мұздықтар – қатқыл атмосфералық жауын-шашын есебінен түзілетін мұздардың жылжымалы шоғыры. Мұздықтардың екі түрі болады: жамылғы және тау мұздықтары.
  • Батпақ – ылғалсүйгіш өсімдіктері мен қалыңдығы 0,3 м-ден кем емес шымтезек қабаты бар (қалыңдығы одан төмен болса – батпақтанған жерлер) артық мөлшерде ылғалданған құрлық телімдері. Көлдердің балдырлануы немесе құрлықтың батпақтануы салдарынан пайда болады.
  • Құрлық суларының гидрологиялық режимінің ерекшеліктері салдарынан кейде жағымсыз және қауіпті жағдайлар туындайды. Адамзат баласы олардың алдын алуға тырысып, ал орын алғанда – зардаптарын жоюға кіріседі.
  • Құрлық сулары экономиканың барлық салаларында қолданылады, бұл олардың сарқылуына және ластануына әкеліп соқтырады.
  • Сендердің қолдарыңнан келеді:
  • Құрлық суларының түзілу шарттары мен түрткіжайттарын анықтау;
  • Құрлық суларының гидрологиялық режимін, негізгі қасиеттерін талдау;
  • Тақырып бойынша аудиобейне әңгімелер жазу;
  • Құрлық суларының шаруашылық маңызын анықтау;
  • Тақырып бойынша материалдарға иллюстрация беру;
  • Өзен арнасының тартылуы мен еңістігін есептеу;
  • Су объектілерінің моделін жасау және эксперимент жүргізу;
  • Гидрографтар әзірлеу және оқу, талдау;
  • Құрлық сулары объектілерін жоспар бойынша сипаттау;
  • Тақырып бойынша кітаптың айқара бетінің макетін құрастыру;
  • Деректердің жиынтығы негізінде құрлық суларының экологиялық жағдайын талдау;
  • Мәтіндерді талдау, картасызба жасау, тақырып бойынша карталарды оқу 
Өтінемін күте тұрыңыз