Құрлық суларының экологиялық мәселелері

Сабақтың мақсаты:

  • Жергілікті компоненттерді қосымша қамти отырып, құрлық суларының экологиялық мәселелерін олардың жіктелімі негізінде шешу жолдарын ұсыну.

Мақсатқа жету үшін:

  • Экологиялық мәселелер дегеніміздің не екенін;
  • Экологиялық мәселелердің қалай жіктелетінін;
  • Құрлық суларының экологиялық мәселелері қалай шешілетінін білуіміз керек.

   Құрлық сулары экологиялық мәселелерінің жіктелімі

Құрлық суларының экология лық мәселелері – олардың су нысандарының құрылымы мен жұмысының бұзылуына және жағымсыз зардаптарға әкелетін адам іс-әрекетінің нәтижесінде өзгеруі.
   Құрлық суларына ықпал етудің негізгі түрлері.​ Құрлық суларына ықпал етудің екі түрі бар:

  • құрлықтың су нысандарынан ресурстар алу (су, минералдық, биологиялық ресурстар және т.б.);
  • құрлықтың су нысандарын ластау мен бөгде элементтерді әкеліп қосу.

   Аумақтық қамту бойынша экологиялық мәселелер келесі түрлерге бөлінеді: а) аймақаралық (кейде – жаһандық), ә) аймақтық, б) жергілікті.
   ​Экологиялық мәселелер барлық геосфералардың экологиялық мәселелері үшін әр жақты болатын басқа өлшемдер бойынша да жіктелуі мүмкін:

  • шешілуі бойынша: шешілетін, шешілуі қиын, іс жүзінде шешілмейтін;
  • уақыт бойынша: қысқамерзімді, ұзаққа созылатын, шын мәнінде жойылмайтын.

   Экологиялық зардаптары бойынша төмендегідей экологиялық мәселелер мен жағдайларға бөлінеді:

  • антропоэкологиялық, халықтың өмір сүру жағдайы мен денсаулығының өзгеруі бойынша;
  • табиғи-ресурстық, табиғи ресурстардың сарқылуы және жоғалуына байланысты болады, аумақтағы шаруашылық әрекетті төмендетуші;
  • ландшафтық-генетикалық, оған ландшафтардың бүтіндігінің бұзылуы, тектік қордың жоғалуы, бірегей табиғи нысандардың жойылуы себепші болады.

   Ел экологиясы

Арал теңізінің қасіреті

   Арал теңізі таязданғанға дейін әлемдегі көлдердің ішінде көлемі бо йынша төртінші орында болатын. ХХ ға сырдың 60-жылдарынан бастап Арал теңізінің деңгейі Әмудария мен Сырдария өзендерінен мақта өсімдігі мен күріш егістіктерін суландыруға алу салдарынан (барлық судың 92%-ы) жылдам төмендейді. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, жерасты су көздері Арал теңізіне, оның суының булануына қарағанда әлдеқайда аз су береді, нәтижесінде Арал теңіз-көлінің су көлемі азайып, тұздылық деңгейі артады.
   ​Арал теңізі өзінің жағалау сызығынан 100 км-ге шегініп кетті және тұз жапқан 54 мың км2 құрғақ теңіз арнасының орны бос қалды. Сырдария мен Әмударияның арнасына егіс алқаптарынан келіп түсетін коллекторлық-кәріздік сулар теңіздің бұрынғы табанында пестицидтер мен басқа да ауылшаруашылық улы химикаттарының шөгінділерінің түзілуіне себепші болды.
   ​Шаңды дауыл тұзды, шаңды және улы химикаттарды 500 км-ге дейін таратады. Олар табиғи өсімдіктер мен ауылшаруашылық дақылдарын жояды немесе жетілуін тежейді. Жергілікті тұрғындар тыныс алу органдары ауруларының, қаназдықтың, көмей мен өңеш обырының, ас қорытудың бұзылуының, бауыр мен бүйрек ауруларының, көз ауруларының кеңінен таралуынан зардап шегіп отыр.
   ​Су деңгейінің төмендегені соншалық, теңіз солтүстік Кіші Арал және оңтүстік Үлкен Арал болып екі бөлікке бөлінді: Үлкен аралдың көлемі 708-ден 75 км3-ге қысқарып, суының тұздылығы 14-тен 100 г/л-ге артты.
   ​Арал теңізін толықтай қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Ол үшін қазіргі орташа көрсеткіші 13 км3-мен салыстыр ғанда, Әмудария мен Сырдария өзендерінің жылдық су түсімін 4 есе көбейту қажет болар еді. Теңіз бассейніндегі бес елдің төртеуі (Қазақстанды қоспағанда), негізінен, халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлерді суғару көлемін арттыруға ниетті.
   ​Басқа да зардаптардың қатарында жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің жоғалуы да бар.
   ​Өзен суы ағысының күрт азаюынан Әмудария мен Сырдария ойпаңдарының салындыларын тұщысумен және құнарлы шөгінділермен жабдықтайтын көктемгі тасқын да тыйылды. Суда тіршілік ететін балықтардың түрлері 32-ден 6-ға кеміді. Ол судың тұздылық деңгейінің артуының, уылдырық шашатын орын мен қоректенетін жерлердің жойылуының нәтижесі (олар көбінесе тек өзен сағасында ғана сақталған).
   ​Егер 1960 жылдары балық аулау 40 мың тоннаға жетсе, қазіргі күні жергілікті кәсіптік балықшаруашылығы мүлде жойылған. Тіптен, 70-жылдары әкелінген тұзды теңіз суында тіршілік етуге қабілетті Қара теңіз камбаласыда, 70 г/л су тұздылығына төзе алмай, 2003 жылдарға қарай Үлкен Аралда жойылып кетті.
   ​Аралдағы кеме жүзу тоқтады. Теңіздегі су деңгейінің төмендеуіне орай ыза сулардың да деңгейі төмендеді, бұл жердің шөлге айналу үдерісін жылдамдатты.
   ​Бұрынғы теңіз жағалауындағы қау лай өскен ағаштардың, бұталар мен шөптесіндердің орнында тек галофиттер мен ксерофиттердің – тұзды топырақ пен құрғақшылыққа бейімделген өсімдіктердің сирек шоғыры өседі. Сүтқоректілер мен құстардың жергілікті түрлерінің тек жартысы ғана сақталған. Жазда ыстық және қыс суық болатын болды, ауа ылғалдылығының деңгейі төмендеді, атмосфералық жауын-шашын көлемі азайды. Вегетациялық кезең қысқарды, жиі құрғақшылық байқалатын болды.

Мұздықтар еруде

   Қазақстан ғалымдарының мәлімдеуінше, мұздықтар ХХІ ғасырдың 80-жыл дары еріп бітуі мүмкін. Қазақстанда қазіргі сәтте 2724 мұздық бар. 1955 жылдан бері Іле Алатауы мұздықтарының ауданы 500 км2-ден 300-ге дейін, ал Жетісу Алатауында 800-ден 500-ге дейін кеміді. Жетісу (Жоңғар) мұздықтарының жүйесі 2080 жылы, Солтүстік-Іле және Алтайдікі – 2085 жылдарға қарай жойылуы мүмкін. Мұздық ағынының болмауы жерүсті суы көлемінің азаюына әкеледі, оның салдарынан құрғақшылық орын алады.
   ​Орталық Азия елдері едәуір мөлшерде Памир, Тянь-Шань, Алтай аумағында биік тауларда түзілетін су ресурстарына сүйенеді. Аймақ тұрғындары қазіргі уақытта 65 миллион адамды құрайды, ал ғасыр соңына қарай екі есе өсуі мүмкін және суға деген қажеттілік те артады. Атап айта кету қажет, бұл елдердің жерүсті суларының барлық су ресурстарының 85–97%-ы суар малы егіншілікке жұмсалады.
   ​Орталық Азияда таза су ресурстары тауларда түзіледі, өйткені жазықта түсетін жауын-шашын булануға жұмсалады, олардың тек аздаған бөлігі ғана жерасты суларын толықтыруға кетеді.
   ​Негізгі көзі: қар жамылғысы, көшкін, қар, мұздықтар мен жерасты мұзы, сонымен қатар тау басындағы көшкін мұздар (глетчерлер) – мұз бен тау жынысының конгломераты, ол қар суының бір бөлігін береді және өзен ағынын түзеді.
   ​Тұйықсу мұздығына 1956 жылдан бастап жүргізілген көпжылдық бақылаулар көрсеткендей, оның массасының теңгерімі жағымсыз болған, жауын-шашын түрінде түсетін судан гөрі су шығыны көбірек болған. Осы уақыт ішінде мұздық беті орташа алғанда 24 метрге төмендеген, ал еріген қардың көлемі шамамен 58 миллион м3-ді құраған.
   ​Мұздықтардың еруі аймақтың бас ты екі өзеніне – Әмудария мен Сырда рияға әсер етуде. Сырдарияда су ағыны соңғы жылдары 7%-ға азайды. Мұздықтардың еру үдерісіне шешімін таппаған Арал мәселесі де жағымсыз әсерін тигізуде. Бір кездері шарасы суға толған теңіздің суы тартылған орнынан соққан шаң одан алыс жерлерге таралып, мұздықтарға жетіп жатыр, бұл да оның еруіне мүмкіндік туғызуда.
   ​Мұздықтардың еруіне қатысты жағдай басқа бір апаттың төнуімен – сел жүруімен тікелей байланысты. Сел жүру дәл сол мұздықтардың еруінің белсенділігі күрт артқан жылдары орын алған.

Ертіс өзенінің ластануы

   Ертіс өзені Қытайдан басталады. Өзеннің ұзындығы 4248 км-ді құрайды. Ертіс Обь өзенімен бірге – ұзындығы бойынша Азиядағы екінші және дүниежүзіндегі алтыншы өзен. Ертістің Қазақстандағы бөлігінде Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі СЭС-тары салынған және жұмыс істеп тұр.
   ​Ертістің су экожүйесіне түсетін жиынтық жүктеме оның барлық су ресурстарынан үш есе асып кетеді.
   ​Қытай тарапы үнемі өзеннен алатын судың көлемін арттыруда, бұл жақын арада Ертістің жылдық ағынының 35%-ына дейін өсуі мүмкін. «Қара Ертіс-Қарамай» жаңа каналының іске қосылуына орай Қытай тарапы суды пайдалануда өзеннен жыл сайын 450 млн м3-ден астам көлемде су алуды жүзеге асыра бастады. Егер де су алу көлемі жоқ дегенде 1,5 м3-ге артатын болса, онда Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінің одан арғы тіршілігіне қауіп төнеді. Ертістің су ресурстарының жалпы көлемі шамамен 9 млрд м3-ге жететінін ескерсек, онда өзен апатқа ұшырайды.
   ​Тіптен, су алу көлемі ұлғаймаған күннің өзінде де, Ертісті «сырқат өзен» деп санауға болады. Өзенге берилий, қорғасын, селен, сынап, мышьяк, кобальт, кадмий, теллур, хром, цианид және басқа да улы заттар түседі. Өндірістік аймақтардағы өзен суының құрамындағы ауыр металдар мен басқа да ластаушы заттардың мөлшері мерзімді түрде еселей артып отырады, ал олардың шоғырланымы шекті нормадан ондаған есе асып кетеді.

   Мәтіндегі сөйлемдердің саны бойынша кему ретімен бағаналық диаграмма түрінде құрлық суы мәселелерінің еркін рейтингісін құрыңдар.

Топтастыру белгісі

Мәтіннен сөйлемдер

1

Әсер ету түрі

2

Көріну дәрежесі

3

Аумақты қамтуы

4

Экологиялық зардабы антропоэкологиялық

Табиғи-ресурстық

Ландшафты-генетикалық

5

Әсер ету ұзақтығы

6

Шешімділігі

   Геосергiту

   «Жұбыңды тап!»

   Жүргізуші бір географиялық нысанды атайды, қалғандары осы аталған нысанға қатысы бар кез келген басқа нысанды, үдерісті, құбылысты, қасиетін атайды. Мысалы, Париж – Франция, Париж – астана, Париж – қала және т.б.

   Экологиялық мәселелердің

   Экологиялық мәселелердің шешілуі қарапайым логикалық шешімдерге негізделген. Қиындығы тек мәселенің техникалық шешімінде болуы мүмкін.
   ​Су тұтынуды азайту үшін негізгі тұтынушылардың су шығынын азайту қажет. Су тұтынушылар – суды өзеннен, көлден, жерасты көздерінен алатын салалар. Оларға ауылшаруашылық, өнеркәсіп орындары, коммуналдық шаруашылық, суқоймалары жатады.
   ​Судың ластануын төмендету үшін ластаушылардың әрекетіне шектеу қою, пайдаланған суды қайтадан құятын кәсіпорындарға су тазалайтын сүзгілер орнату, алынған суды толықтай пайдалануға қол жеткізу, тазалау іс-шаралары жүргізілгеннен кейін оны қайта пайдалану қажет. Негізгі су ластаушылар мыналар:

  • өзен транспорты;
  • өзен бойымен ағаш ағызу;
  • өнеркәсіптік тұрмыстық ақпа су;
  • малшаруашылығы кешендерінен келетін ақпа су;
  • суармалы жерлерден келетін сорғыту суы;
  • өнеркәсіптік алаң аумақтарынан, елді мекен аумақтарынан және ауылшаруашылығы егістіктерінен келетін ақпа су;
  • нөсер жауын канализациясы;
  • жаһандық тасымалдау;
  • құнарлы қабатын жоғалтқан жерлерден келетін қатты зат ағындысы.

   Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша судың тұтынылуын қалай төмендетуге болады?

   Оларға су көздерінің ластануын төмендету үшін қандай техникалық шешімдер ұсынар едің? 

   Геодерек

   Штрих-код – бұл цифрлардың штрих және аралық түрінде графиктік өрнектелуі, оған енгізілген ақпараттарды автоматты қондырғылардың оқуына арналған. Ондағы сол жақта бірінші орналасқан 2 немесе 3 цифр тауар өндіруші елді білдіреді. Елдерге кодты ЕAN Халықаралық қауымдастығы береді. Штрих-кодтағы елдердің префикстары: 000-139 – АҚШ, 400-440 – Германия, 460-469 – Ресей, 487 – Қазақстан, 690-699 – Қытай, 869 – Түркия.

   Ойыңды тұжырымда

  1. Экологиялық жағдайын бағалаған кезде:
    • өзендердің;
    • көлдердің;
    • мұздықтардың қандай сандық және сапалық сипаттамалары есепке алынады?
  2. Құрлықтағы су нысанының (өз қалауың бойынша) бір қасиетінің өзгеруі оның басқа да қасиеттерінің өзгеруіне қалай әкелетінін сызбада көрсетіңдер. Құрлықтағы бір су нысанының қасиетінің өзгеруі басқа су нысандары сипаттамаларының өзгеруіне қалай әкелетінін сызбада көрсетіңдер.
  3. Параграфта әдейі сурет берілген жоқ. Ақпараттардың қосымша көздерінің көмегімен параграфтың әрбір ішкі тақырыбына иллюстрация болатын көрнекі материалдардың топтамасын ұсыныңдар. Өз таңдауларыңды түсіндіріңдер.
  4. Параграфта жерасты суларының экологиялық мәселелері сипатталған жоқ. Өздерің осы мәселеге қатысты 200–300 сөзден тұратын сипаттама беріңдер.
  5. Қосымша көздердің негізінде су тұтынудың әрбір бағыты бойынша су шығынын қысқартудың жолын ұсыныңдар. Осы мәселені шешуге өздеріңнің қосқан үлестерің туралы жеке айтыңдар.
  6. Құрлық суының ластану деңгейін төмендету бойынша барынша кеңінен таралған техникалық шешімдердің топтамасын ұсыныңдар.
  7. Параграф мәтінінде келтірілген кестенің көмегімен өздерің тұратын аймақтағы бір су нысанының экологиялық жағдайына бағалау жүргізіңдер. Мәселенің шешілу жолдарын ұсыныңдар.
Өтінемін күте тұрыңыз