Өзен аңғарының құрылымы

Сабақтың мақсаты:

  • Өзен аңғарының құрылымын түсіндіру.

Мақсатқа жету үшін:

  • Өзен суының ағысы өзіне жолды қалай қалыптастыратынын;
  • Өзен суы ағысының нәтижесінде жер бедерінің қандай пішіні түзілетінін;
  • Өзен аңғарының түрлерін білуіміз керек.

   Өзен жүйесі және өзен бассейні

   Басты өзен өзінің барлық тармақтарымен бірге өзен жүйесін қалыптастырады. Өзен жерасты және жерүсті суларын өзіне қосып алатын аумақ бассейн деп аталады (өзен бассейнінің 78-суретте – сызбасы, 79-суретте – картасының көрінісі). Ірі бассейні бар өзендерге Амазонка (7 млн км2-ден астам), Конго (шамамен 4 млн км2) жатады. Өзен бассейндерінің арасындағы шегара су айрығы деп аталады.
   ​Қазақстанның негізгі өзен бассейндері
   ​
Қазақстан аумағын шартты түрде сегіз сушаруашылық бассейніне бөлуге болады: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Орал-Каспий, Есіл, Нұра-Сарысу, Шу-Талас және Тобыл-Торғай бассейндері.

78-сурет. Өзен бассейні
79-сурет. Өзен бассейнінің картасы

   Ойлан!

  • Неліктен Конго мен Амазонка ең үлкен өзен бассейндері болып есептеледі? Өзен бассейнінің ауданына қандай түрткіжайттар әсер етеді?
  • Өзен жүйесі - басты өзен өзінің барлық тармақтарымен бірге суын жинайтын аймақ. Бассейн - басты өзен мен оның барлық тармақтары.
  • Өзен жүйесі - басты өзен мен оның барлық тармақтары. Бассейн - өзен жерасты және жерүсті суларын өзіне қосып алатын аумақ.

   Өзен эрозиясы

   Өзендер – құрлықтағы ең көп таралған экзогендік бедертүзуші түрткіжайт. Ағын судың әрекеті іс жүзінде барлық жерде байқалады.
   ​Өзен ағысының өз арнасын тереңдету үдерісі мен оның жан-жағына қарай жайылуы эрозия деп аталады. Эрозия үдерісі, өзен аңғарында су ағысы бойымен ағатын қатты кесек материалдың су түбі мен жақтауын сырып, сол арқылы топырақты аршуынан тұрады.
   ​Эрозия сонымен бір мезетте су ағысы жыныстың қалың қабатын тігінен кірекесуін (терең эрозия) және жағалауын шаю арқылы өзен аңғары қиылысуларын (жақтаулық эрозия) жүзеге асырады. Терең эрозия негізінен су ағысы тереңдігінің төмендеу (еңістігі) шамасына байланысты болады. Еңістігі төмен жерлерге қарағанда еңістігі жоғары жерлерінде терең эрозия қарқынды жүреді.
   ​Өзен өзінің арнасын одан әрі тереңдете алмайтын деңгейді эрозия базисi деп атайды.

  • су ағысы тереңдігінің төмендеу (еңістігі) шамасы
  • судың тоқтаусыз ағысы
  • экзогендік фактор

   Ойлан!

  • Заттық құрамы мен жер бедері эрозияның қарқындылығына әсер етеді ме?

   Геосергiту

   Көзге арналған жаттығу

   Шарты: солтүстік – жоғары, оңтүстік – төмен, батыс – солға, шығыс – оңға қарау, «жер шарын айналу» көз қарашығын айналдыру, күн-түн – жыпылықтату. Көз қарашығын ең жоғары амплитудамен айналдырыңдар: 1) солтүстік-оңтүстік (8 рет); 2) сағат тілі бағытымен айналдыра (4 рет) және сағат тіліне қарама-қарсы бағытта (4 рет); 3) шығыс-батыс және батыс-шығыс (3 рет); 4) күн-түн (8 рет).

   Өзен аңғарының құрылымы

   Ағын судың эрозия әрекетінің нәтижесінде жер бедерінің пішіні пайда болады, ол өзен аңғары деп аталады. Өзен аңғарының элементтеріне арнасы, жайылмасы, өзен террасасы, сағасы жатады (80-сурет).
   ​Өзен арнасы – бұл өзен аңғарының барынша терең бөлігі, ол арқылы өзен сағасында ағып өтеді (өзеннің аз сулылық фазасы, су тасқындарының арасындағы аралықта). Әрбір өзеннің арнасында қайраңдар мен иірімдер кезектесіп отырады. Қайраң өзен суының таяз жерлерінде, ал иірімдер су арнасының терең жерлерінде болады.
   ​Өзен арналары иректеліп ағады. Жекелеген бұрылыстары айналма немесе ирелең деп аталады (81-сурет).
   ​Жайылма – бұл өзен аңғары түбінің бір бөлігі, ол өзен арнасынан көтеріңкі болады және суы тасыған кезде үнемі су басады.
   ​Өзен террасалары – бұл өзен ағысы барысында қалыптасқан аңғар бөктеріндегі жер бедерінің баспалдақ тәрізді пішіні. Өзен террасалары – жалпы алғанда, өзеннің бұрынғы жайылмалары.
   ​Сағасы – өзеннің төменгі жағында өзен тасындыларынан түзілген, өзен тарамдары мен тармақтарының тарамдалған желісімен жырылған ойпаң (82-сурет).

Өзен аңғары
Өзен аңғарының фотосуреті мен көрінісі
81-сурет. Өзен арнасының ирелеңдері
82-сурет. Өзен сағасы

  • шабындық шалғын жайылым жасап, үй жануарларын өсіреді
  • егін егіп, әртүрлі дақылдарды өсірумен айналысады

  • өйткені өзеннің сағасы өзендегі сорғылардың көмегімен қойылған
  • өйткені өзеннің сағасында өзеннің арналарының жүйесі қалыптасқан
  • өйткені өзен сағасы төменгі жазықта орналасқан

   Аңғарлардын жіктелімі

   Көлденең кескін пішіні бойынша өзен аңғарлары мынадай типтерге ажыратылады: саңылау (каньон), шатқал, аңғар (сай), U-пішінді аңғар, астау тәрізді аңғар, трапециалды аңғар, жәшік тәрізді аңғар, айқын көрінбейтін аңғар (83-сурет).
   ​«Шатқал» мен «сай» терминдері кейде синоним ретінде қолданылады, алайда көбінесе оларды бөледі. Шатқал деп бөктері жарқабақты немесе жарқабақтары жаңа түзілген, терең ойылған аңғарлар аталады. Егер аңғар беткейі тік болса да жарқабақты, ал аңғардың көлденең көрінісі U-пішінді болса, сай деп аталады. Осы екі түрі де терең эрозия басым болғанда, өзен үлкен ылдилықпен қарқынды түрде тау жыныстарымен түйіскенде түзіледі. Шатқал мен сайдың түбін толықтай өзен арнасы алып жатады, көбінесе қазылып болмаған өзеннің бойлық пішініне сәйкес босаға тастар мен сарқырамалары болады. Каньондар (испанның «құбыр» сөзінен) – жіңішке тік жақтаулы терең ойылған аңғарлар. Ұзақ уақыт мұздықтардың өңдеуіне тау өзендерінің аңғары U-пішініне ие болады.
   ​Жәшік тәрізді аңғарлардың түбі кең террасаланбаған, төменде орналасқан және өте тік беткейлі келеді. Мұндай аңғарлар таулы ландшафттан жазық ландшафтқа ауысатын аймақтарға тән.
   ​Астау тәрізді аңғарлар – террасалы кешені жақсы дамыған жазық өзендерге лайықты.

83-сурет. Өзен аңғарларының көлденең көрінісінің типтері: а – саңылау (каньон); ә – шатқал, сай; б – U-пішінді аңғар; в – астау тәрізді аңғар; г – трапециалды аңғар; ғ – жәшік тәрізді аңғар; д – айқын көрінбейтін аңғар

   а) Өзендердің басты сипаттамалары – оның түсуі, еңістігі, ағыс жылдамдығы, су шығыны мен суағары. Өзеннің түсуі – оның бастауының сағанасынан биік болуы (екі жердің биіктіктерінің айырмасы). Арнасының еңістігі – өзеннің ұзындығына түсуінің қатынасы. Мысалы, Волга өзені бастауының биіктігі – 226 м, сағасының биіктігі – 28 м, ұзындығы – 3530 км. Онда оның еңістігі 226 (–28) / 3530 = 7,2 см/км-ге тең болады. Сондай-ақ егер олардың биіктігі мен ұзындығы белгілі болса, өзеннің жекелеген бөліктерінің түсуі мен еңістігі есептеледі. Түсуі мен еңістігі бастауынан бастап сағасына қарай кішірейеді, ағыс жылдамдығы олардың өлшеміне байланысты болады, олар ағын энергиясын сипаттайды.

   ә) Көптеген өзендерде жоғарғы ағысында – таулы, ортаңғы және төменгі ағысында – жазық өзендері болады. Олар қалай бір өзеннің түрлі жерлеріндегі аңғарының пішінін түсіндіруге мүмкіндік береді?

   Картамен жұмыс

  • Материктердің физикалық картасының көмегімен өз таңдауыңмен бір өзенді мысалға ала отырып, өзен ағысындағы аңғарының пішіні басқа жерлеріндегіден төмен немесе жоғарылығымен ерекшеленетін бөлігін көрсетіңдер.
  • Осы мақсатта биіктік пен масштаб шәкілінің көмегімен өзің таңдап алған жердің еңістігін есептеулерің қажет.

   Геодерек

   Қазақстан халқының көрнекті қайраткерлеріне Қазақстаннан тыс алыс жерлерде де ескерткіш орнатылған. Абайға ескерткіш Мәскеуде, Будапештте, Пекинде, Ташкентте, Тегеранда қойылған. «Бүркіт ұстаған қазақ» мүсіні Ментон (Франция) қаласында тұрғызылған. Құрманғазының ескерткіші Астрахань қаласында, Шоқан Уәлиханов ескерткіші Омбыда, Жамбыл ескерткіші Санкт-Петербургте (Ресей) болса, Мұстафа Шоқайдікі Нюжан-сюр-Марнда (Франция), Нұрсұлтан Назарбаевтікі Анкарада орнатылған.

   Ойыңды тұжырымда

  1. Өзен эрозиясы үдерісін көрсететін тәжірибе жасаңдар. Тәжірибе барысын бейнетүсірілімге түсіріңдер. Негізгі тұжырымды қорытыңдар. Нәтижесін сыныптың алдында таныстырыңдар. Тәжірибе тәсілдерімен сендер 7-сыныпта таныстыңдар.
  2. Ермексаздан немесе басқа материалдан өз қалауың бойынша өзен аңғарының моделін жасаңдар, сосын оның көмегімен өзен аңғары құрылымының ерекшелігін түсіндіріңдер.
Өтінемін күте тұрыңыз