3.2-бөлімге шолу

   3.2-бөлім. «Атмосфера» сабақтары бойынша

   Сендер білесіңдер:

  • Климат – белгілі бір жерге тән көпжылдық күн райы режімі. Климат түрткіжайттары экватордан полюстерге қарай өзгереді.
  • Басты климаттүзуші түрткіжайттар: жердің географиялық ендігі, атмосфера айналымы, төсеніш беттің сипаты.
  • Климат белдеулері – температура режимі мен ауа ылғалдылығы біркелкі болатын жер бетінің ендік алқаптары. Олар ауа массаларының режімі бойынша бөлінеді.
  • Ауа массасы – бірыңғай қасиеттерге ие тропосфера ауасының үлкен көлемі.
  • Экваторлық ауа массаларының температурасы мен ылғалдылығы жоғары болады.
  • Тропиктік ауа массалары температурасының жоғары болуымен және құрғақшылықпен сипатталады.
  • Қоңыржай ауа массаларының температурасы мен ылғалдылығы жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады.
  • Арктикалық массаға жыл бойы төмен температура мен төмен ылғалдылық тән.
  • Негізгі климаттық белдеулер: бір экваторлық белдеу, екі тропиктік белдеу, екі қоңыржай және екі полярлық белдеулер.
  • Олардың арасында сәйкесінше өтпелі белдеулер орналасқан: екі субэкваторлық, екі субтропиктік, екі қоңыржай, екі субполярлық.
  • Климаттық белдеулер әр материктің үстінде әртүрлі байқалады, ұқсастықтары да, айырмашылықтары да болады.
  • Климаттың ерекшеліктері адамның денсаулығына, өмірі мен шаруашылық қызметіне тікелей және жанама әсер береді. Сондай-ақ адамның іс-әрекеті де атмосфера мен климатқа ықпалын тигізеді. Қазіргі заманның бас ты мәселесі – климаттық жаһандық жылынуы.

   Сендердің қолдарыңнан келеді:

  • Түрлі ендіктерге күн сәулесінің түсу бұрышын анықтау;
  • Өзің тұратын өлкені мысалға ала отырып, әрбір климат түзуші түрткіжайттың рөлін ашу;
  • Компоненттер бойынша климаттық картамен жұмыс істеу;
  • Интеллект-карта жасау;
  • Әрбір климаттық белдеудің ерекшеліктерін сипаттау;
  • Материктердің шегінде климаттық белдеулерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
  • Мәтінді кестеге және кестені мәтінге айналдыру;
  • Температура мен ылғалдылықтың қолайлылық шәкілін әзірлеу, климаттық қолайлылық дәрежесі бойынша климаттық белдеулерді жіктеу;
  • Адам іс-әрекетінің атмосфера мен климатқа әсерін түсіндіру;
  • Графиктік модель, түсіндірме және «Лифт ішіндегі тұсаукесер» құру;
  • Адамның тіршілік әрекетіне әсерінің сипаты бойынша климат компоненттерін жіктеу.
Экваторлық белдеу
Субэкваторлық белдеу
Тропиктік белдеу
Субтропиктік белдеу
Қоңыржай белдеу
Субарктикалық және субантарктикалық белдеулер
Арктикалық және антарктикалық белдеулер
Өтінемін күте тұрыңыз