Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері

Cабақтың мақсаты:

  • Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға беру.

Мақсатқа жету үшін:

  • Ғаламшар халқының жер бедеріне байланысты қалай орналасқанын;
  • Жер бедерінің адам өміріне қалай әсер ететінін;
  • Жер бедерінің адамның шаруашылық іс-әрекетіне қалай әсер ететінін білу қажет.

   Жер шарында халықты орналастыру

   Жергілікті жердің абсолют биіктігі және жер бедері – адамдардың орналасуына, тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылық іс-әрекетіне әсер ететін негізгі табиғи жағдайлардың бірі. Халықтың негізгі бөлігі теңіз деңгейінен 1000 метрге дейінгі биіктікте тұрады (сонымен бірге халықтың 56%-ы теңіз деңгейінен 200 метрге дейінгі, 24%-ы 500 метрге дейінгі биіктіктегі аумақтарда шоғырланған).
   ​Қазіргі кезде дүниежүзінде өте тығыз қоныстанған бірнеше аймақты бөліп айтуға болады, олар: Шығыс Азия (Қытайдың, Жапонияның шығыс жағалауы, Оңтүстік Корея, КХДР), Оңтүстік Азия (Үндістан, Бангладеш, Пәкістан), Шетелдік Еуропа, АҚШ – солтүстік шығысы (49-сурет).
   ​Таулы облыстар өте аз игерілген. Халқы теңіз деңгейінен 1000 метрден жоғарыда өмір сүретін мемлекеттер: Мексика, Эфиопия, Ауғанстан, ал Боливияда, Перуда, Қытайда (батысында) адамның өмір сүру шегарасы теңіз деңгейінен 5000 метрден де биік жерлерден асып отыр.

49-сурет. Дүниежүзі халықтарының орналасу тығыздығы картасы

   Олар қандай тектоникалық құрылымдарда орналасқан? 

   200 м-ге дейінгі – 

   500 м-ге дейінгі – 

   Картамен жұмыс 

   Физикалық карта және 49-суреттің деректері бойынша, ғаламшардың қандай орографиялық бірліктері неғұрлым тығыз қоныстанған болып саналатынын анықтаңдар. Оларды кескін картаға түсіріңдер.

   Мексиканың, Эфиопияның, Ауғанстанның тұрғындары 1000 м жоғары қандай орографиялық бірліктерде өмір сүреді? Оларды кескін картаға түсіріңдер. Бұл орографиялық бірліктер қандай тектоникалық құрылымдарға жатады?

   Боливияның, Перудің және Қытайдың батысының халқы 5000 м жоғары қандай орографиялық бірліктерде өмір сүреді? Оларды кескін картаға түсіріңдер. Бұл орографиялық бірліктер қандай тектоникалық құрылымдарға жатады?

  Жер бедерінің адам өміріне әсері

   Жергілікті жер биіктігінің жоғарылауына байланысты, халықтың денсаулығы мен көңіл күйіне әсер ететін метеорологиялық элементтердің мәні де өзгереді.

   1. Температура

   Биіктіктің жоғарылауымен ауаның жылдық орташа температурасы біртіндеп әр 100 метрде 0,6°c төмендейді. Бұдан басқа, жер бетінің көтеріңкі бөліктерінде желдің жылдамдығы жоғарылайды және төмен температуралардың әсері күшейеді.

   2. Ауаның ылғалдылығы

   Ауадағы су буының саны ылғалдылық деп аталады. Қаныққан су буының қысымы ауа температурасымен анықталады. Таулы аудандарда 2000 м биіктіктің өзінде-ақ теңіз деңгейіне қарағанда, ауаның ылғалдылығы екі есе кем, ал үлкен таулы биіктіктерде ауа «құрғақ» болады. Бұл организмнің тек тері арқылы ғана емес, сонымен қатар өкпенің аса желдетілуі арқылы да сұйықтықты жоғалтуын жоғарылатады.

   3. Күн радиациясы

   Таудың биіктіктерінде атмосфераның аса мөлдір және тығыздығының төмен болуына байланысты, күн радиациясының мөлшері жоғары болады. 3000 м биіктікке көтерілген кезде, жиынтық күн радиациясы әр 1000 м сайын орташа есеппен 10% жоғарылайды. Организмге көрінетін (жарық) де, сондай-ақ көрінбейтін де (инфрақызыл және ультракүлгін) күн сәулелері әсер етеді. Күн сәулелерінің қарқынды әсері қатты күйіп кетуге, күн тиюге, жүрек-қан тамырлары ауруларының болуына әкелуі мүмкін. Биіктеген сайын ультракүлгін радиацияның мәнінің артуы терінің қызаруын, кератитті (көздің мүйізгек қабығының қабынуы) болдыруы мүмкін.

   4. Атмосфералық қысым

   Атмосфера шегіндегі оттегінің шоғырлануы және басқа газдардың пайыздық құрамы тұрақты болып тұрғанда, биіктік жоғарылаған сайын атмосфералық қысым төмендейді. Теңіз деңгейімен салыстырғанда, атмосфералық қысым 3000 м биіктікте 31% және 4000 м биіктікте 39%-ға төмен болады. Тропосферада әрбір 100 м көтерілген сайын, қысым шамамен 10 мм-ге азаяды. Ауаның атмосфералық қысымының төмендеуі тыныс алуды қиындатады. 3000 м биіктікте тыныс алу ауасындағы О2 мөлшері үштен бірге, ал 4000 м биіктікте екі есеге азаяды. Бұның бәрі гипоксияға (оттегінің азаюы) – оттегінің жетіспеу шілігіне әкеледі. Атмосфералық қысымның өзгеруі артериялық қысымның мәніне ықпал етеді.

1000 м

°C

2000 м

°C

3000 м

°C

4000 м

°C

5500 м

°C

   Тұрақты өмір сүру үшін температура қандай биіктікке дейін оңтайлы болып саналады? 

   Медицина саласының зерттеушілері аумақтарды абсолюттік биіктік бойынша келесі топтарға бөледі:

   1500–2000 м – қалыпты биіктік. Бұл зонада болу барысында организмнің негізгі жүйелерінің қызмет етуінде айқын өзгерістер және субъективтік сезінулер байқалмайды. Аталған биіктікте болудың барлық уақытында еңбекке жарамдылық толығымен сақталады.

   2000–4000 м – улкен биіктік. Өкпенің ауа алмастыруы, қанның минуттық көлемі және қан ағымының қайта бөлінуі есебінен еңбекке қабілеттілік ұзақ уақыт бойы (бірнеше сағат) сақталады. Оттегін тұтынудың неғұрлым ұлғаюын талап ететін дене жұмысы қиындықпен орындалады.

   4000–5500 м – өте улкен биіктік. Адамның еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен қатар, хал-жайының нашарлауы да байқалады. Сонымен қатар масаттану және лайықсыз мінез көрсетуі де мүмкін. Мұндай биіктікте ұзақ уақыт болу бастың зеңуі, бас ауруы, ұйқышылдық, жүрек соғуының қиындауы, жұмысқа қабілеттіліктің жалпы төмендеуі тәрізді белгілермен айқындалады. Адам үшін ауқымды емес дене еңбегінің өзі қиындық тудырады.

   5500 метрден биік биіктік – экстремалды биіктік. Бұл биіктікте еңбекке қабілеттілік күрт төмендейді. Дене еңбегін жүзеге асыру мүмкіндігі азаяды. Жалпы жағдайдың нашарлауы байқалады. Бұл зонада талып қалу ықтималдығы жоғары, оның пайда болу уақыты негізінен гипоксияға жеке төзімділікке байланысты болады. 7000 м жоғары биіктікте адамның сана-сезімін сақтауы қысқа уақыт аралығында ғана мүмкін, оны резерв деп атау шешімі қабылданған. 8000 метрден биіктегенде резервті уақыт 2–3 минуттан 10–20 секундқа дейін қысқарады, одан кейін ұзақ уақытқа естен талып қалады. Шара қолданбаған жағдайда адам қайтыс болуы мүмкін.

   Көптеген ғасырлар бойында жергілікті тұрғын ағзасында өмір сүру биіктігіне бейімделу механизмі қалыптасады. Басқа аймақтардың тұрғындары климатқа бейімделуден өтулері тиіс.

   Картамен жұмыс

   Дүниежүзінің физикалық картасының, 10-параграф материалдарының көмегімен а) қалыпты биіктік; ә) үлкен биіктік; б) өте үлкен биіктік; в) экстремалды биіктік аумақ топтарына жататын орография лық бірліктерді немесе олардың бөліктерін анықтаңдар. Нәтижелерін кесте түрінде ресімдеңдер.

   Геосергiту

   «Бір әріптен басталатын сөздер жазу»

   Бұл ойын үшін «ел», «қала», «өзен», «жер бедері», «өсімдік», «жануар» және т.б. бағандары бар кесте сызыңдар, бағандар кез келген атаулардан болуы мүмкін. Бұдан кейін әріп таңдаңдар және уақытты белгілеңдер (бір минут). Қатысушылардың мақсаты – әр бағанға осы әріптен басталатын сөздер жазу. Содан соң жазылған сөздерді салыстырыңдар. Ұқсас сөздерді сызып тастаңдар. Сәйкес келмеген әр сөзге бір ұпай  беріледі.

   Жер бедерінің адамның шаруашылық қызметіне әсері

   Жер бедері табиғи жағдайлар санатына жатады және адамның шаруашылық қызметіне тікелей немесе жанама әсер ете алады. Мысалы, кез келген жұмыс түрін жүзеге асыру барысында таулы жер бедері жағдайына қарағанда, жазықтық жер бедері жағдайында (адам және материалдық) ресурстар азырақ талап етіледі.
   ​Адамдардың шаруашылық іс-әрекеті үшін жер бедерінің тіктігі және ұзындығы, көкжиек тұстарын бағдарлай алу, жер бедерін қалыптастырушы үдерістер тәрізді морфометриялық көрсеткіштері басты рөл атқарады.
   ​Елді мекендер мен көші-қонның сипаты, ғимараттар мен құрылыстардың, жолдардың салыну, пайдалы қазбаларды өндіру ерекшеліктері, ауылшаруашылығының бағыты және даму деңгейі аумақтың жер бедері және геологиялық құрылымына байланысты болады. Адамға және оның шаруашылық қызметі нысандарына елеулі зиян келтіретін жер бедерін қалыптастырушы қауіпті және қолайсыз үдерістердің үлкен маңызы бар. Оларға жер сілкінулер, жанартаулар, көшкін-опырылымдар жатады.
   ​Беткейлер – жер бетінің еңісті бөліктері. Барлық құрлықтың 80%-дан астам көшкіндері мен опырылымдары беткейлердің үлесіне тиесілі болады. Шаруашылық іс-әрекетте ең алдымен беткейлердің тіктігін ескеру керек. Тіктігі бойынша беткейлер: өте тік (а>35°), тік (а – 15–35°), орташа тік беткейлер (а – 8–15°), еңіс (а – 4–8°), өте еңіс (а – 2–4°) болып бөлінеді. Бөлудің бұл түрі беткейлерді шаруашылыққа қолдану жолдары туралы жорамал жасауға мүмкіндік береді. Тіпті жазықтардың өзінде де, жер өңдеу жұмысын тиімді жүргізу белгілі тіктік көрсеткіші жағдайында ғана мүмкін болады. Өңдеу тәсілі – бойлай жырту (онша тік емес беткейлерде) немесе көлденең жырту (оның артуы барысында) тіктік көрсеткішіне байланысты болады.
   ​Ерекше тік беткейлерде жер өңдеу жұмысын жүргізу қауіпті, себебі бұл топырақ пен жыралардың шайылу жерлерде қаупі бар. Ол беткейлерді террасалау жағдайында пайдалану мүмкін болады. Беткейлерді террасалау – беткейлерде сатылар (жасанды терраса) жасау дегенді білдіреді, яғни беткейлерді ауыл және орманшаруашылығына, сонымен қатар, су эрозиясымен күресу үшін пайдалануға болады (50-сурет).
   ​Террасаларды тіктігі 35°-қа дейінгі беткейлерде кеседі, олардың ені 3 метрден кем болмайды. Террасалардың арасындағы қашықтық беткейдің тіктігіне және оның бетінің жағдайына байланысты болып, негізінен ондаған метрлерді құрайды.
   ​Әлемнің көптеген таулы аймақтарында жер өңдеуді дамыту тиімді емес, өйткені жердің шағын көлемі көп өнім алуға мүмкіндік бермейді. Ондай жерден алынған өнім, негізінен, фермердің өз қажетіне жаратылады.
   ​Тік беткей жағдайында тауларда жол салу – еңбекті, жұмыстың көп ауқымын көп қажет ететін үдеріс. Ауыр геологиялық жағдайлар, көшкіндер, опырылымдар, қар көшкіндері қорғаныс құрылыстарын салуды талап етеді (51-сурет). Күн райының өзгермелілігі, қысымның ауытқуы, ұйытқымалы жел, кейбір бөліктердегі жыл бойғы минустық төмен температура тәрізді таулардың микроклиматтық ерекшеліктері де жұмысқа кедергі жасайды. Тау жолдары көптеген жағдайда жол инфрақұрылымы нашар дамыған жерлерде салынады. Автомобиль және теміржол жолдарының болмауы, құрылысты қажетті материалдармен және техникамен қамтамасыз етуді қиындатады. Жол құрылысында кейде туннельдер мен серпантиндер салу қажет болады. Таулы аудандарда жер сілкінуі ықтималдығына байланысты, ғимараттар сейсмикалық күшейтуді талап етеді.
   ​Жер бедері жылу мен ылғалды қайта бөлуге қатысатын болғандықтан, ол ауылшаруашылық және жемшөптік дақылдардың таралуына да әсер етеді. Олар белдеулік сипатқа ие болады. Күн экспозициясы беткейлерінде жылу сүйгіш, ал сыртқы жағында – көлеңкесүйгіш өсімдіктерді өсіреді. Бұның жемшөптік дақылдарға қатысы бар.

50-сурет. Қытайдағы күріш террасалары
51-сурет. Жолды тас құлауынан, көшкіндерден қорғау

   «қолайлы»

   «қолайсыз» 

   «тиімді» 

   «тиімсіз» 

   «қымбат» 

   «арзан» 

   «қауіпсіз» 

   «қауіпті» 

   «максималды» 

   «минималды»

   Геодерек

   Дүниежүзінде екі мемлекет – Өзбекстан және Лихтенштейн теңізге шыға алмайды, сонымен қатар олар Дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайтын мемлекеттермен шектеседі.

Негізгі түсініктер

  • Ауадағы су буының саны ылғалдылық деп аталады.
  • Беткейлер – жер бетінің еңісті бөліктері.

   Ойыңды тұжырымда

  1. Қазақстанның физикалық картасының және ақпараттың қосымша көздерінің көмегімен Өскемен қаласына баратындарға, Мұзтау (Белуха) тауының шыңына шығатындарға және «Рахманов қайнары» шипажайында демалатындарға арналған бейімделу ескертпесін құрастырыңдар. Бұл ескертпеде аса қатты тоңудың, ылғалды жоғалтудың, күнге күюдің, артериалды қысымның түсіп кетуінің алдын алуға арналған ұсыныстар беріңдер.
  2. Осы параграфта қолданылған негізгі ұғымдарды пайдалану арқылы туған өлке халқының өміріне және шаруашылық іс-әрекетіне жер бедерінің әсер ету деңгейіне баға беріңдер. 10-параграфтағы нақты территорияның жер бедерін сипаттау жоспарын негізге ала отырып 15-параграфтың мазмұны бойынша жаңа тармақтармен толықтыруға, сипаттау жоспарын сыныппен талқылауларыңа болады.
Өтінемін күте тұрыңыз