Геохронология

Сабақтың мақсаты:

  • Геологиялық жылсанау мен геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдерді және геологиялық оқиғаларды ажырату.

Мақсатқа жету үшін:

  • тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін түсіндіруді;
  • геохронологиялық шәкіл дегенімізді;
  • Жер дамуы тарихындағы маңызды геологиялық оқиғаларды білуіміз керек.

   Геологиялық жыл санаудың ерекшеліктері

   Жер қыртысының даму тарихын зерделеу барысында тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу уақытын, геологиялық оқиғалардың хронологиялық ретін білу маңызды.
   ​Қабаттар құрап жататын шөгінді тау жыныстарының басым көпшілігі сулы ортада қалыптасқандықтан, олар – жердің дамуы туралы ақпараттың көзі.
   ​Жыныстардың салыстырмалы жасы көлденең жатқан қабаттарды қарау кезінде жеңіл анықталады. 46-суретте жағалаулық жарқабақ түріндегі жалаңаштанған жер берілген. Ол тау жыныстарының анық көрінетін түрлі қабаттарын көрсетеді. Бәрінің астында жатқан қабат ең ежелгі, ал бетіндегі қабат – ең жасы болып саналады. Осы қарапайым пайымдаумен салыстырмалы геохронологияның негізіне алынған салыстырмалы жас ұғымы анықталады.
   ​Салыстырмалы жас жыныстардың құрамында сақталған өсімдіктер мен жануарлардың тасқа айналған қалдықтарының көмегімен неғұрлым дұрыс анықталады. Бір жастағы шөгінділер ұқсас немесе бірдей тасқа айналған құрамға ие болады. Бұндай әдіс палеонтологиялық деп аталады. Палеонтология – организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін және органикалық әлемнің өткенін жаңғыртатын ғылым. 47-суретте тасқа айналуды қамтитын, тау жыныстары қабаттарының фотосуреті берілген.

46-сурет. Тау жыныстары қабаттарының жатуы
47-сурет. Тасқа айналған тау жыныстары қабаттары

  • Бір қабат екінші қабаттан несімен ерекшеленеді?
  • Қандай қабаттар ертеректе қалыптасқан?
  • Қандай қабаттар кейінірек пайда болған? Өз жауаптарыңды дәлелдеңдер.

   Геосергiту

   «Ассоциация-ел»

   Жүргізуші таңдаңдар. Ол ассоциациялық нысанды атайды, оқушылар елді табулары тиіс. Жүргізуші елді атаса, оқушылар ассоциациялық нысандарды атайды.

   Абсолюттік геохронология

   Абсолюттік геохронология жыныстың пайда болғанынан бері неше жыл өткенін дәлме-дәл анықтайды. Бұл мақсат үшін жыныстардың құрамына кіретін радиоактивті химиялық элементтердің (уран, калий, рубидий) ыдырау үдерісін пайдалануға негізделген радиоактивті әдіс қолданылады. Бір жылда бір грамм ураннан қанша қорғасын қалыптасатынын білу, осы минералдың құрамында олардың болуын анықтау арқылы, минералдың немесе тау жынысының абсолюттік жасын есептеп шығаруға болады. Ыдырау үдерісі тұрақты жылдамдықпен жүзеге асады және сыртқы жағдайларға тәуелді болмайды. Бұл миллиондаған жылдарға созылған жасты анықтауға мүмкіндік береді.
   ​Геохронологиялық шәкіл. Жердің геологиялық тарихының және ондағы өмірдің дамуының негізгі кезеңдерінің ретін және бағыныштылығын көрсетеді. Ол даталарды және геологиялық оқиғалардың абсолюттік ұзақтығын дәлме-дәл көрсетпейді, ал Жер дамуы тарихындағы жаратылыс кезеңдерін ежелгіден бүгінгі күнге дейінгісін көрсетеді. Бұл шәкілге эралар, кезеңдер, дәуірлер т.б. жатады. Геохронологиялық шәкіл олардың реттілігін тәртіпке келтірді, оқиғалардың хронологиясын бағалауға мүмкіндік берді, бұның Жер туралы ғылымның барлық кешені үшін зор маңызы бар.
   ​Қазіргі кездегі жалпы қабылданған көзқарастарға сәйкес Жердің жасы 4,5–5 млрд жылға бағаланады. Бұл уақыт сол кездерде болған маңызды оқиғалар бойынша мерзімді аралықтарға эраларға, эралар кезеңдерге, кезеңдер дәуірлерге бөлінеді. Бұндай бөлу Жерде болған оқиғалармен байланысты болды.

   Біле жүр...

   Шәкіл қабылданғаннан бері мазмұны өзгеріп және анықталып отырды. 1881 жылы ІІ Халықаралық геологиялық конгресте оның ең алғашқы нұсқасы бекітілді, ал соңынан барлық геологиялық эралар мен дәуірлердің абсолюттік жасының анықтамаларымен толықтырылды. Геохронологиялық кестені төменнен жоғары қарай оқу керек.

   Геохронологиялық кесте

Кайнозой (KZ),

​шамамен 70 млн жыл

Тіршіліктің дамуының
​негізгі кезеңдері

Кезеңдер олардың ұзақтығы
млн жыл

Басты геологиялық оқиғалар.
​Жер бетінің көрінісі

Неғұрлым тиесілі пайдалы қазбалары

Жабықтұқымдылардың үстемдігі.

Сүтқоректілердің жандануы.

Шегаралары бірнеше рет жылжытылған, қазіргі кездегі зоналарға ұқсас табиғат зоналарының болуы

Төрттік (Q) немесе антропогендік 
2 млн жылдан астам

Кайнозой
(альпі)

Аумақтың жалпы жандануы: бірнеше рет мұз басу, адамның пайда болуы

Шымтезек, шашыранды алтын, алмаз, бағалы тастар кен орындары

Неогендік (N) шамамен 25 млн жыл

Кайнозой қатпарлығы аймағында жас таулардың пайда болуы (Кавказ, Камчатка, Курил аралдары), барлық ежелгі қатпарлылық аймақтарында таулардың жандануы. Жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктер патшалығы.

Қоңыр көмір, мұнай, кәріптас

Палеогендік (Р) шамамен 41 млн жыл

Мезозой тауларының  қирауы. Батыс Сібір және Шығыс Еуропа платформаларында теңіздердің пайда болуы. Гүлді өсімдіктердің кең таралуы. Құстар мен сүтқоректілердің дамуы.

Фосфориттер, қоңыр көмір, бокситтер, мұнай

Мезозой (МZ)

165 млн жылдан астам

Тіршіліктің дамуының
​негізгі кезеңдері

Кезеңдер олардың ұзақтығы
млн жыл

Басты геологиялық оқиғалар.
​Жер бетінің көрінісі

Неғұрлым тиесілі пайдалы қазбалары

Ашықтұқымдылар мен алып бауырымен жорғалаушылардың жандануы.

Жапырақты ағаш түрлерінің, құстардың және сүтқоректілердің пайда болуы

Бор (К) 70 млн жылдан астам

Мезозой

Байкал қатпарлығының қираған тауларының көтерілуі, мезозой қатпарлығы аймағында жас таулардың пайда болуы. Алып бауырымен жорғалаушылардың (рептилия) жойылуы. Құстар мен сүтқоректілердің дамуы. Жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктердің пайда болуы.

Мұнай, жанғыш тақтатастар, бор, көмір, фосфориттер

Юра (J) 50 млн жылдан астам

Қазіргі кездегі мұхиттардың пайда болуы. Тау түзілуі (Верхоян, Черск, Сихотэ-Алинь жоталары). Ыстық, ылғалды климат. Бауырымен жорғалаушылардың жандануы. Жалаңаштұқымды өсімдіктердің үстемдігі. Жабайы құстардың пайда болуы

Тас тұзы, мұнай, көмір

Триас (Т) шамамен 4о млн жыл

Жер пайда болған уақыттан бергі кезең ішінде мұхиттардың ең үлкен шегінуі және материктердің көтерілуі. Мезозойға дейінгі таулардың қирауы. Ауқымды шөлдер. Алғашқы сүтқоректілердің пайда болуы

Тас тұзы, мұнай, көмір

Палеозой (PZ)

шамамен 340 млн жыл

Тіршіліктің дамуының
​негізгі кезеңдері

Кезеңдер олардың ұзақтығы
млн жыл

Басты геологиялық оқиғалар.
​Жер бетінің көрінісі

Неғұрлым тиесілі пайдалы қазбалары

Қырыққұлақтар мен басқа да споралы өсімдіктердің гүлденуі. Балықтар мен қосмекенділердің уақыты

Пермь (Р) 45 млн жыл

Герцин

Герциндік қатпарлылық аймағында жас таулардың пайда болуы (Орал мен Батыс Сібір платформасының іргетасының түзілуі). Құрғақ климат. Жалаңаштұқымды өсімдіктердің пайда болуы

Тас және калий тұзы, гипс, көмір, мұнай, жанғыш газ

Таскөмір (карбон) (С) 65 млн жылдан астам

Батпақтанған ойпаттардың кеңінен таралуы. Ыстық, ылғал климат. Ағаш тәрізді қырыққұлақтар, қырықбуындар мен плаундар орманының дамуы. Қылқанжапырақты өсімдіктердің пайда болуы. Алғашқы бауырымен жорғалаушылардың пайда болуы. Қос мекенділердің жандануы

Көмір мен мұнайдың молдығы, мыс, полиметалл кендері

Жер бетінде жануарлар мен өсімдіктердің пайда болуы

Девон (D) шамамен 55 млн жыл астам​

Каледон

Теңіздер аумағының кішіреюі. Ыстық климат. Алғашқы шөлдер. Алғашқы қосмекенділер. Балықтар

Тұз, мұнай, жанғыш газ

Cилур шамамен 35 млн жыл​

Каледон қатпарлығы аймағында жас таулардың (Алтай, Саян) пайда болуы. Алғашқы жер бетіндегі өсімдіктер. Балықтардың пайда болуы

Темір және мыс кені, алтын

Ордовик (О) 60 млн жылдан астам

Теңіз бассейндері аумағының кішіреюі. Вулканизм. Жер бетінде алғашқы омыртқасыз жануарлардың пайда болуы

Жанғыш тақтатастар, фосфориттер, марганец пен темір кендері

Кембрий (C) шамамен 70 млн жыл​

Байкал

Байкал қатпарлығы аймағында жас таулардың пайда болуы. Ауқымды кеңістіктерді теңіз суының басуы. Теңіз омыртқасыз жануарларының жандануы

Бокситтер, марганец пен темірдің шөгінді кендері

Протерозой (PR),

2000 млн жылдан астам

Архей эрасы (АR),

1800 млн жылдан астам

Тіршіліктің дамуының
​негізгі кезеңдері

Кезеңдер олардың ұзақтығы
млн жыл

Басты геологиялық оқиғалар.
​Жер бетінің көрінісі

Неғұрлым тиесілі пайдалы қазбалары

Судағы тіршіліктің пайда болуы. Бактериялар мен балдырлар уақыты

Бөлінбейді

Байкал қатпарлығының басталуы. Қуатты вулканизм. Бактериялар мен балдырлар уақыты.

Ежелгі қатпарлылық. Қызу жанартаулық әрекет. Жабайы біржасушалы бактериялардың уақыты

Темір кендерінің үлкен қоры, слюда, графит

Темір кендері

   Эра

   Эра геологиялық тарихтың ірі кезеңдеріне және Жердегі тіршіліктің дамуына сәйкес келеді. Әр эраның ұзақтығы жүздеген немесе ондаған миллион жылдарды құрайды. Әр эраға қазіргі кездің жер бедеріне шешуші әсер еткен оқиғалар тән болады. Геологиялық кезең – геологиялық эраның бөлігі.

Архей

   Архей эрасы болашақ материктердің негізі болып табылған, құрамында граниті бар магмалық жыныстарды Жердің бетіне шығарған – қарқынды жанартаулық әрекетімен ерекшеленді. Бұл кезде Жерді оттегісіз тіршілік ете алатын микроорганизмдер ғана мекендеген. «Сол заманның шөгінділері құрлықтың жекелеген бөліктерін тұтас қалқанмен жауып жатты және ол жерлерде темір, алтын, күміс, платина және басқа металдардың рудалары көп түзілді» деген жорамал бар.

Протерозой

   Протерозой эрасында жанартаулық белсенділік сол қалпында жоғары болды, Байкал қатпарлығының таулары қалыптасты. Олар сақталмады деп айтуға болады және қазіргі кезде жазықтардағы кішігірім жекелеген көтерілімдер сақталған. Бұл кезеңде ғаламшарды көк жасыл балдырлар және қарапайым микроағзалар мекендеген, алғашқы біржасушалылар пайда бола бастаған. Тау жыныстарының протерозойлық қабаттары темір кені және түсті металдардың кендері, слюда тәрізді пайдалы қазбаларға бай.
   ​Архей мен протерозой эраларында органикалық тіршіліктің көріністері мардымсыз болып, іздері осы күнге дейін сақталмағанына байланысты, бұл эралардың кезеңдері мектеп географиясында қарастырылмайды. Палеозойдың бірінші кезеңі кебрий болғандықтан, оларды жалпылама бір атпен «кембрийге дейінгі» деп атайды.

Палеозой эрасы

   Палеозой эрасының басында каледон қатпарлығының таулары қалыптасқан, бұл теңіз алабының қысқаруына және құрлықтың үлкен бөліктерінің пайда болуына әкелді. Тау түрінде Оралдың, Арабияның, Оңтүстік Шығыс Қытайдың және Орталық Еуропаның жекелеген жоталары ғана сақталып қалған. Бұл таулардың бәрі – орташа биік таулар немесе «тозған» таулар. Палеозойдың екінші жартысында герцин қатпарлығының таулары қалыптасты. Бұл кездегі тау жасалуы аса күшті болды, Батыс Сібір мен Орал, Моңғолия мен Маньчжурия аумақтарында, Орталық Еуропаның басым бөлігінде, Солтүстік Америка және Аустралияның шығыс жағалауларында кең көлемді тау жоталары пайда болды. Қазіргі кезде олар онша биік емес үйінді таулар ретінде көрінеді. Палеозой эрасында Жерді балықтар, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар мекендей бастады, ал өсімдіктерден балдырлар басым болды. Мұнай мен таскөмірдің негізгі кен орындары дәл осы кезеңде пайда болды.
   ​Кезеңдері: кембрий, ордовик, силур, девон, карбон, пермь.

Мезозой эрасы

   Мезозой эрасы жердің ішкі күштерінің салыстырмалы түрде тыныш болуы, бұрын көтерілген тау жүйелерінің ақырындап бұзылуы және тегістелген жазық аумақтардың, мысалы, Батыс Сібірдің басым бөлігінің су астына кету кезеңінен басталды. Эраның екінші жартысында мезозой қатпарлығының таулары қалыптасты. Осы уақытта ұлан-байтақ таулы өлкелер пайда болды, олар қазіргі кезде де тау бейнесіне ие. Олар: Кордильера, Шығыс Сібір, Тибет пен Үндіқытайдың жекелеген бөліктері. Жерді қалың өсімдік жамылғысы басты, олар біртіндеп қурап, шіри бастады. Ыстық және ылғалды климат жағдайында батпақтар мен шымтезекті батпақтардың пайда болу белсенділігі артты. Бұл динозаврлар дәуірі болды. Алып, зор жыртқыштар және шөпқоректі жануарлар ғаламшардың көп жеріне тарады. Алғашқы сүтқоректілер де осы кезде пайда болды.
   ​Кезеңдері: триас, юра, бор.

Кайнозой эрасы

   Кайнозой эрасы осы күнге дейін созылып келеді. Оның басталуы Жердің ішкі күштері белсенділігі артуының салдарынан, жер бетінің жалпы көтерілуімен байланысты болды. Альпі қатпарлығы кезеңінде Альпі-Гималай белдеуі шегіндегі жас қатпарлы таулар қалыптасты және Еуразия қазіргі кездегі көрінісіне ие болды. Сонымен қатар Орал, Аппалач, Тянь-Шань, Алтай тәрізді ежелгі тау сілемдерінің жасаруы жүрді. Ғаламшардың климаты күрт өзгерді, орасан зор жабын мұз басу кезеңі басталды. Солтүстіктен ығысқан жабын мұздар сансыз көлдері бар төбелі жазықтар қалыптастырып, Солтүстік жартышар материктерінің жер бедерін өзгертті.
   ​Кезеңдері: палеоген, неоген, төрттік.

   Ағзалардың қаңқасы және қатты қабықшасы болмаған. Олардың тарихын және нақты болғанын анықтау мүмкін емес, тек тастардағы сирек кездесетін таңбалар арқылы білуге болады.

   Эрасы: 

   Кезеңдері: 

   Негізінен теңіздік тіршілік. Ең көп тараған көпжасушалылар тобы – триболиттер, алайда жануарлардың көптүрлілігі, олар енді тарихта ешқашан да болмайтындай («кембрий жарылысы» деп аталатын) болды. Экожүйенің көптеген бос қуыстарында бармақтарының, көздерінің санымен, дене симметриясымен және қозғалу мәнерінің ғажайып болуымен ерекшеленетін жануарлар тіршілік етті.

   Эрасы: 

   Кезеңдері: 

   Ағзалардың қаңқасы және қатты қабықшасы болмаған. Олардың тарихын және нақты болғанын анықтау мүмкін емес, тек тастардағы сирек кездесетін таңбалар арқылы білуге болады.

   Эрасы: 

   Кезеңдері: 

   Құрлық өсімдіктері алуан түрлілігімен сипатталады (алдыңғы кезеңдерде Жердің барлық аумағында өсімдік жамылғысы бірдей болған). Жерді алып ормандар басқан. Атмосферадағы оттегінің құрамы өте үлкен. Батпақтар көп, себебі бактериялар кеуіп қалған және жаңадан өскен өсімдік жамылғысын қайта өңдеп үлгере алмайды. Бауырымен жорғалаушылар, алып бунақаяқтылар (мысалы, инеліктер, сарышаяндар, көпаяқтылар) және қосмекенділердің өте көп түрлері пайда бола бастады. Жәндіктер ұшу қабілетін меңгерді. Теңіздер мен мұхиттарда акулалар және басқа да шеміршекті балықтар патшалық құрды.

   Эрасы: 

   Кезеңдері: 

   Жер жаһандық қырылудан өтті. Омыртқалылардың алуан түрлілігі азайды. Аса табысты жануарлар тобы – динозаврлардың тікелей ата-бабалары болып саналатын, шапшаң ұяшықтістілер. Олардың аяқтары бүйірлерінен жан-жаққа тарамай, денесінің тура астында өскен, бұл әсіресе екіаяқты түрлерге, жоғары жылдамдық пен ептілікті қамтамасыз етеді. Бақалар, қолтырауындар, тасбақалар, нағыз сүтқоректілер (мегазастродон) және ұшатын бірінші омыртқалылар – птерозаврлар пайда бола бастады.

   Эрасы: 

   Кезеңдері: 

   Динозаврлардың көптеген түрлері, сол кезден кейін жер бетіндегі жануарлардың арасында қайталанбаған, шектік өлшемдерге жетті. Гүлдейтін өсімдіктер және ұжымдасқан жәндіктер пайда болды. Жыландар, нағыз құстар (бапторнис, гесперорнис, иберомезорнис), балаларын сөмкеде алып жүретін ұрықжолдасты сүтқоректілер (заламбдалест, крузафонция, альфадон) пайда бола бастады. Әлі де болса кішкентай сүтқоректілердің арасында қазіргі кездегі көптеген түрлердің арғы тектері, мысалы: тұяқтылар, жәндікқоректілер, жыртқыштар, маймылдар ерекшеленеді.

   Эрасы: 

   Кезеңдері: 

   Ағзалардың қаңқасы және қатты қабығы бар. Оны тіршіліктің даму тарихын көрсететін тасқа айналған ағзалардың қаңқалары арқылы бақылауға болады. Жасырын тіршіліктен нақты өмірге ауысу атмосфераның көміртегімен қанығуына және ғаламшарды ғарыштық сәулелендіруден сақтайтын озон қабатының пайда болуына байланысты болды. Атмосферада бұл өлшеуіштер ағзалардың әрекетінен туындады. Бірақ бұл оттегі олар үшін у болып саналатын ағзалардың орасан зор санының жойылуына да әкелген сияқты.

   Эрасы: 

   Кезеңдері: 

   Саусаққанатты балықтар (жердегі омыртқалылардың көпшілігінің арғы тегі) және қостынысты балықтар құрлықта өмір сүруге бейімделді. Өрмекшілер, кенелер, жәндіктер пайда болды. Теңіздер мен мұхиттарда балықтар еркін тіршілік ете бастады. Топырақ қалыптасты.

   Эрасы: 

   Кезеңдері: 

   Жер бетіндегі өсімдіктер және алғашқы омыртқасыздар – балықтәріздес жақсыздар шықты. Моллюскілер мен маржандар таралды. Дәл осы кезеңде жыртқыштық пайда болуы ықтимал.

   Эрасы: 

   Кезеңдері: 

   Құрлықта динозаврлар, аспанда птерозаврлар, ал суда теңіз кесірткелері қожалық жасады. Динозаврлардың барлық әйгілі кластары – зауроподтар, рапторлар, тираннозаврлар, цератопсалар және басқалар пайда бола бастады, алайда олардың ең белгілі түрлері (мысалы, тираннозавр рекс, трицератопс) тек бор дәуірінде ғана шығады. Юра дәуірінің сүтқоректілерінің саны аз болды, керісінше бауырымен жорғалаушылар айрықша дамыды.

   Эрасы: 

   Кезеңдері: 

   Күннің жылуын жинақтау үшін «желкенді» пайдаланатын, диметродон тәрізді алып аң-кесірткелер пайда болды. Динозаврлардың арғы тегі – алғашқы архозаврлар және сүтқоректілердің тікелей арғы тегі болып табылатын  цинодонттар пайда болды.

   Эрасы: 

   Кезеңдері: 

   Мұз дәуірі, адамның дамуы.

   Эрасы: 

   Кезеңдері: 

   Геодерек

   Дүниежүзі елдері төлқұжаттарының мұқабасы қызыл, көк, жасыл және қара түстен тұрады. Қызыл түсті ЕО елдері және оның құрамына енуге ұмтылатын мемлекеттер таңдаған. Коммунистік елдерде де қызыл төлқұжат тараған. Көк түс «жаңа әлем» дегенді білдіреді, көбінесе Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде таралған. Қазақстанның ұлттық төлқұжаты көк түсті. Мұсылман елдерінің көпшілігі жасыл түсті таңдаған. Африканың кейбір елдерінің және Жаңа Зеландияның төлқұжаты – қара түсті.

   Ойыңды тұжырымда

   1. Әр эраның кезеңдерінің ретін есте дұрыс сақтау үшін сөйлем ойлап табыңдар, оның әр сөзінің бірінші әрпі кезең атауының алғашқы әрпіне сәйкес келуі тиіс.

   2. Әр кезеңнің өзіне тән әріптік және цифрлық белгісі болады. Геологиялық карталарда көрсетілген шартты белгілерге сүйене отырып, оларды кестеге кіргізіңдер.

Кезең

Белгі

Түс

Кембрий

Көгілдір жасыл

   3. «Жер қыртысы құрылысының картасы» негізінде жалпы қабылданған шартты белгілерді сақтаумен кескін картада жер қыртысының негізгі құрылымдарын көрсетіңдер. Осы картаны оқу ережелері туралы әңгімелеңдер.

   4. Өз өлкелеріңнің тектоникалық құрылымын және оның жасын анықтаңдар. Тақырыптық карталарда ол қандай түспен және әріптік индекспен белгіленуі мүмкін?

Өтінемін күте тұрыңыз