Материктер мен мұхиттардың ірі орографиялық нысандары

Cабақтың мақсаты:

  • Материктер мен мұхиттарда орналасқан ұқсас орографиялық бірліктерді салыстыру.

Мақсатқа жету үшін:

  • Орография және морфометрияның не екенін;
  • Құрлық және мұхит түбінің ірі орографиялық бірліктерін;
  • Орографиялық бірліктерді сипаттау және салыстыруды білуіміз керек.

   Орография

   Жер бедері түрлерін сыртқы белгілері мен өзара орналасуы бойынша сипаттау орография, ал жер бедері түрлерінің сандық сипаттамасы морфометрия деп аталады. Морфометриялық сипаттамалар – орографиялық суреттеудің бөлігі. Жота, үстірт, жазық, аңғар, ойпат, шұңғыма және басқа да сол сияқтыларды сипаттау барысында орналасқан жері, көкжиек тұстарына қатысты бағыты, өлшемдері (ұзындығы, ауданы, биіктігі, тереңдігі, өзен жүйесімен тілімдену жиілігі және басқалар), бетінің және беткейлерінің тіктігімен қоса алғандағы формалары көрсетіледі (30-сурет). Орографиялық зерттеусіз бірде-бір өнеркәсіптік, жол салу, қорғаныстық және басқа да мақсатта пайдалануды жобалау жүзеге асырылмайды.

   Жер бедері түрлерін сыртқы белгілері мен өзара орналасуы бойынша сипаттау  деп аталады.

   Жер бедері түрлерінің сандық сипаттамасы   деп аталады.

   Қазақтың ұсақ шоқысы (Ұлытау аймағы)

   Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы) Орталық Қазақстан аумағының үлкен бөлігін алып жатыр. Ол батысында Торғай үстіртімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстігінде Солтүстік Қазақ жазығымен, оңтүстік-батысында Тұран ойпатымен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 1200 км-ге созылған, шығыс бөлігінің ені 400 км, батыс бөлігінде 900 км жуық болып келеді.
   ​Сарыарқа – өте ежелгі, қатты өзгеріске ұшырап бұзылған таулы аймақ. Негізінен тегістелген қыраттардан және ұсақ шоқылы аласа таулардан тұрады. Олардың арасында геологиялық құрылысы мен жер бедеріне қарай ерекшеленетін тегістелген жер телімдері, үлкенді-кішілі ойпаңдар, қазаншұңқырлар кездеседі. Ұсақ шоқының шығыс бөлігі батысына қарағанда көтеріңкі. Сарыарқа шөгінді және магмалық жыныстардан (гранит, порфирит, кварцит) құрылған. Жыныстардың жату бағыты және үгілу үдерісі аумақтың жер бедерінің қалыптасуында басты рөл атқарған. Сондықтан бұл аласа таулардың көбіне жуығы жазыққа айналған. Кей жерлерде таулардың қалдықтары жатық дөңді жазыққа ұласады.
   ​Ұсақ шоқының шығысында неғұрлым биік таулар орналасқан. Оларға гранитті таулы-төбелі Қызыл арай сілемі (ең биік нүктесі Ақсораң, биіктігі – 1565 м), Қарқаралы тауы (1403 м), Кент (1460 м), Шыңғыстау (1300 м), Баянауыл таулары (950 м) жатады. Таулардың етегінде тау жыныстары сынықтарының шоғырлары (қорымдар) кездеседі.
   ​Сарыарқаның батыс бөлігінде тегістелген және төмендеген жер телімдері көп, ал қалдық таулар мен шоқылар аз кездеседі. Бұл аумақтарда ежелгі шөгінді және магмалық жы ныстар биік жартасты қырқаларда ғана көрінеді. Ал жазықтарда және ойпаңдарда олар көлдер мен теңіздердің шөгінділерінің астында көмілген.
   ​Ірі ойыс – Теңіз-Қорғалжың қазаншұңқыры (304 м), ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөледі. Солтүстік-батыс бөлігінде Көкшетау тау лары, оңтүстік-батысында Ұлытау орналасқан. Көкшетау таулары онша биік емес (900 м шамасында). Олардың беткейлері ағын сулармен тілімденген. Тауаралық аңғарларда көлдер орналасқан.
   ​Ұлытау (1133 м) – бұл меридиандық бағытта жатқан, ірі антиклинальдардың қалдықтары (жоғарыдағы фотосуретті қараңдар). Тау бөктері күшті тілімденген. Ұлытаудың төңірегі – төбелі жазық.

   Сарыарқаның орографиялық сипаттамасында қандай сапалық және сандық сипаттамалар берілген?

   Орографиялық нысандар

   8-сабақта сендер жер бедері түрлерін білдіретін: тау, жазық, жанартау және т.б. терминдермен таныстыңдар. Орографиялық нысандар (бірліктер) – бұлар географиялық орны, атауы, өздеріне тән сипаттамасы бар, нақты жер бедерінің түрлері. Бейнелі түрде келесідей үйлестікті келтіруге болады: адам, ерлер, әйелдер, ересектер, балалар – бұлар терминдер, яғни есімі және өзіне қатысты мінездемесі бар жеке адам – тұлға. Орографиялық бірлік – жер бедері түрлері «өрнектерінің» ішіндегі «тұлға».
   ​Жер бедері түрлерінің жалпылама анықтамаларымен және сипаттамаларымен танысқаннан кейін сендер материктер мен мұхиттарды, олардың бөліктерін салыстыру арқылы ғаламшарлық масштабтағы нақты орографиялық бірліктерді зерделейсіңдер.

  • Ғаламшардың ірі орографиялық бірліктерінің және олардың жекелеген бөліктерінің тізімімен танысыңдар.

ЕЖЕЛГІ ПЛАТФОРМАЛАР

  1. Шығыс Еуропа (Орыс)
  2. Сібір
  3. Үндістан
  4. Қытай-Корей
  5. Аустралия
  6. Африка-Арабия
  7. Солтүстік Америка
  8. Оңтүстік Америка
  9. Антарктика

СЕЙСМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУЛЕР

  1. Альпі-Гималай
  2. «Тынық мұхиттық отты шеңбер»

АФРИКА

Жазықтар:

  1. Ливия ойпаты
  2. Сомали ойпаты
  3. Мозамбик ойпаты
  4. Гвинея маңы ойпаты
  5. Ахаггар таулы қыраты
  6. Тибести таулы қыраты
  7. Дарфур үстірті
  8. Эфиопия үстірті
  9. Шығыс Африка таулы қыраты

Таулар:

  1. ​Атлас
  2. Айдаһар таулары
  3. Кап таулары
  4. Рувензори сілемі
  5. Килиманджаро жанартауы
  6. Карисимби жанартауы
  7. Камерун жанартауы

АУСТРАЛИЯ ЖӘНЕ
​МҰХИТТЫҚ АРАЛДАР

Жазықтар:

  1. Батыс Аустралия таулы үстірті
  2. Орталық ойпат

Таулар:

  1. Үлкен Суайрық жотасы
    • Косцюшко тауы

ЕУРАЗИЯ

Жазықтар:

  1. Шығыс Еуропа
  2. Батыс Сібір
  3. Орта Сібір таулы үстірті
  4. Ұлы Қытай
  5. Үнді-Ганг ойпаты
  6. Декан таулы үстірті
  7. Месопотамия ойпаты
  8. Тұран ойпаты
  9. Каспий маңы ойпаты

Таулар:

  1. Пиреней тауы
  2. Альпі
    • Монблан тауы
  3. Карпат
  4. Скандинавия таулары
  5. Орал таулары
    • Народная тауы
  6. Верхоян жотасы
  7. Кавказ
    • Эльбрус тауы
  8. Алтай
    • Мұзтау (Ақсүмбі) тауы
  9. Саян
  10. Тянь-Шань
  11. Памир
  12. Тибет таулы қыраты
  13. Гималай
    • Джомолунгма (Эверест) тауы
  14. Иран таулы қыраты
  15. Этна жанартауы
  16. Везувий жанартауы
  17. Ключи шоқысы жанартауы
  18. Фудзияма жанартауы
  19. Кракатау жанартауы

ОҢТҮСТІК АМЕРИКА

Жазықтар:

  1. Бразилия таулы үстірті
    • Бандейра тауы
  2. Гвиана таулы үстірті
    • Рорайма тауы
  3. Ориноко ойпаты
  4. Амазонка ойпаты
  5. Ла-Плата ойпаты

Таулар:

  1. Анд
    • Аконкагуа тауы
  2. Руис жанартауы
  3. Котопахи жанартауы
  4. Сан-Педро жанартауы

СОЛТҮСТІК АМЕРИКА

Жазықтар:

  1. Ұлы жазықтар
  2. Мексика маңы ойпаты
  3. Орталық жазықтар
  4. Атлант маңы ойпаты
  5. Миссисипи ойпаты

Таулар:

  1. Кордильера
    • Мак-Кинли тауы
  2. Сеңгір
  3. Жағалаулық жоталар
  4. Аппалач
    • Митчелл тауы
  5. Каскад таулары
  6. Сьерра-Невада
  7. Орисаба жанартауы
  8. Колорадо үстірті
  9. Мексика таулы қыраты

АНТАРКТИДА

Таулар:

Трансантарктикалық, Советское үстірті, Полярлық үстірт, Эребус жанартауы, биіктігі – 3794 метр, Керклатрик тауы, биіктігі – 4528 метр

  • Джомолунгма
  • Эльбрус тауы
  • Везувий жанартауы
  • Алтай таулары
  • Алматы
  • Шығыс Еуропа (жазықтар)

   1. Жер қыртысы құрылысы картасын жер шарының физикалық картасымен салыстырыңдар және орографиялық бірліктердің жер қыр­тысының құрылымдық элементтеріне сәйкестігін (платформаларға – қалқандар мен тақталарға, геосинклинальдарға) анықтаңдар. Салыстыру нәтижелерін кесте түрінде толтырыңдар. Кестені толтырудың үлгісі төменде берілген.
   ​Ұсыныстар: кестені толтыру барысында, ең алдымен, платформаларда орналасқан (бірінші кезекте қалқандарда, одан кейін – тақталарда), содан соң геосинклин аймақтарда орналасқан орографиялық бірліктерді кіргізіңдер.
   ​Мектеп атластары карталарында барлық тақталар жазылмаған, сондықтан келесідей ретпен кіргізіп жазуға болады – «Африка платформасының тақтасы». Негізінен қалқандар жазулы болады. Олардың атауларын енгізу барысында платформаға тиістілігін көрсету қажет, мысалы – «Солтүстік Америка платформасының Канада қалқаны».
   ​Жер бедері түрін сипаттау кезінде жазықтардың және таулардың биіктігі бойынша жіктелуін негізге алыңдар (23 және 28-сурет).

   Мұхит типіндегі құрылымдар

   Мұхиттық платформалар, мұхиттық-орталық жоталар мұхиттық тип құрылымына жатады.
   ​Мұхиттық платформалар су түбінің жер бедерінде терең сулы кең тегіс немесе суасты шамалы төбелі жазықтар немесе шұңғымалар (биіктігі 1000 метрге дейінгі жеке жоталар және жайпақ шыңды сөнген жанартаулар) болады. Олар 2600–6000 м тереңдіктерде орналасқан. Платформалар бір жағынан мұхиттық-орталық жоталармен, екінші жағынан – терең сулы науалармен немесе құрлықтардың шеттерімен шектеседі. Кей жерлерінде жарықтар кездеседі. Олардың кейбіреулерінің ұзындықтары едәуір ұзын болады. Жер бедерінде олар ойықтар, шатқалдар және науалар түрінде көрінеді.
   ​Терең суасты науалары мен мұхиттық-орталық жоталар мұхиттардың қозғалмалы аймақтарына жатады.
   ​Терең суасты наулары – бұлар құрлықтардың және аралдық доғалардың белсенді таулы-қатпарлардың етектерінде орналасқан. Олар – мұхиттар түбінің терең майысқан созылыңқы (бірнеше жүздеген км-ден 3–4 мың км-ге дейін) салыстырмалы түрде енсіз (100–200 км) жерлері.
   ​Мұхиттық-орталық жоталарды мұхиттық таулы белдеулерге жатқызуға болады. Себебі олар маңайындағы жазық платформалардан 3–4 км дейін биік болады. Жоталар мұхитішілік жағдайға ие және өзара жалғаса отырып, жалпы ұзындығы 60 мың км-ден асатын дүниежүзілік жүйені құрайды. Жоталардың ені 1–2 мың км, кейде одан да үлкен болады. Бұл жоталардың осі бойында 3–5 км тереңдікте, ені 12–45 км болатын жарықтар зонасы байқалады. Жоталар үшін: жоғары сейсмикалылық, Жер қойнауынан өте жоғары ыстық ағындылық, жоғары мантияның төмен тығыздылығы (аз тығызданған мантия) және қарқынды жанартаулылық тән болып келеді.

  • Мұхит түбінің ірі орографиялық бірліктерінің тізімімен танысыңдар.

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

Қазаншұңқырлар
​Амундсен
Бофорт
​​Канада
Нансен​

Суасты жоталары
Ломоносов​
​Менделеев

ТЫНЫҚ МҰХИТ

Қазаншұңқырлар
​Перуан
​Солтүстік-Шығыс
​Солтүстік-Батыс
​Оңтүстік

​Суасты жоталары, көтерілімдер
​Шығыс-Тынықмұхиттық
​Палау
​Наска
Солтүстік-Батыс
​​Оңтүстік-Тынықмұхиттық

Науалар
​Алеут
​Курил-Камчатка
​Филиппин
​Мариан
​Тонга
​Чили
​Перуан
​Орталық Америка

АТЛАНТ МҰХИТЫ

Қазаншұңқырлар
​Ангола
​Аргентина
​Африка-Антарктика
​Бразилия
​Солтүстік Америка

Суасты жоталары
​Орталық Атлант

Науалар, жарықтар
​Атлантис
​Буве
​Вима
​Кайман
​Ландсортс шұңғымасы
​Пуэрто-Рико
​Романш
​Чейн
​Оңтүстік-Сандвичев

ҮНДІ МҰХИТЫ

Қазаншұңқырлар
​Крозе
​Орталық
​Батыс Аустралия
​Яван науасы

Суасты жоталары, көтерілімдер
​Аустралия-Антарктика
​Арабия-Үнді
​Шығыс Үнді
​Батыс Үнді

   Картамен жұмыс

   Мұхит түбінің орографиялық бірліктерін кескін картаға түсіріңдер.

   Графикалық мәліметтерді ұсыну

   Орографиялық бірліктердің қайсысы мұхит платформаларына, қайсысы субдукция зоналарына және қайсылары спрединг зоналарына сәйкес келеді? Жауаптарыңды кесте түрінде ресімдеңдер. Кестенің түрін өз қалауларыңмен анықтаңдар.

   Геосергiту

   «Дирижёр және оркестр»

   Дирижёр сайлаңдар. 4–5 топқа бөлініңдер. Әр топ өзіне географиялық атау таңдай алады. Өз топтарыңды сипаттайтын дыбыс және қозғалыс ойлап табыңдар және олар туралы дирижёрмен келісіңдер. Дирижёр әр топқа арналған қимылдар ойлап табады. Содан кейін ол кез келген топ үшін өзі ойлап тапқан қимылдарды көрсетеді. Топ өз кезегінде дыбыстарын шығарып және қимыл көрсетуі тиіс.

   Түрлі материктер мен мұхиттарда орналасқан орографиялық бірліктерді салыстыру.

   Салыстыру – екі немесе одан да көп нысандардың түрлі қасиеттерін сандық немесе сапалық салыстыру үдерісі.

   Салыстырмалы-географиялық әдіс 2-сабақтың мазмұнында сипатталған.

   Ортақ белгілері бар нысандарды салыстыру қажет. Нысандар маңызды ерекшеліктері бойынша алдымен сапалық, содан соң сандық қасиеттерімен салыстырылады. Солардан кейін басқа қосымша белгілерін салыстыруға болады.
   ​Бұдан тауларды таулармен, жазықтарды жазықтармен салыстыру қажет деген қорытынды шығаруға болады. Биіктік класы және пайда болу жағдайына қатысты сипаттамаларды да ескерген дұрыс, яғни қыратты жазықты қыратты жазықпен, морфоқұрылымдарды морфоқұрылымдармен және с.с. салыстырады.
   ​Жер бедерін зерделейтін географияның геоморфология бөлімінде жер бедерін сипаттаудың жалпы қабылданған жоспары әзірленген. Жоспардың тармақтары – екі немесе одан да көп орографиялық бірліктерді салыстыру критерийлері. Осы сабақтың мазмұнында тақырыптан-тақырыпқа, сыныптан-сыныпқа қарай жер бедері туралы білімнің жинақталуына байланысты толықтырып отыруға болатын, келесі жоспар беріледі. Сол жоспармен танысыңдар.

Орографиялық бірлікті
​сипаттау жоспары

  1. Орографиялық бірліктің географиялық орны.
  2. Жер бедерінің түрі қандай тектоникалық құрылымда орналасқан?
  3. Қандай биіктіктер басым (минималды, орташа және максималды)?
  4. Жер бедерінің сипаты (тегіс, төбелі, таулы).
  5. Жер бедері қалай қалыптасқан (таулардың бұзылуы, теңіз шөгінділерінің жинақталуы және т.б.)?
  6. Адам үшін қандай қолайсыз құбылыстар аумақтың жер бедерімен байланысты?
  7. Аумақтың жер бедері адам өміріне және тіршілігіне қалайша (құрылыс жұмыстарын жүргізуді жеңілдетеді немесе қиындатады және т.б.) әсер етеді?

   Орографиялық бірліктерді сипаттау кезінде олардың сипаттамасы, физикалық және тектоникалық карталар пайдаланылады.

   Дәптермен жұмыс

   Орографиялық бірлікті сипаттау жоспарына, жер шарының физикалық және тектоникалық, материктердің жеке карталарының деректеріне, географиялық сипаттамаларға сүйене отырып: 1) түрлі материктерде және 2) түрлі мұхиттарда орналасқан екі орографиялық бірлікті салыстырыңдар. Бірліктерді өз қалауларың бойынша таңдаңдар. Қайталауларды болдырмау үшін салыстырылатын нысандар бойынша сыныптастарыңмен келісіңдер. Зерттеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:

Жоспар

1-орография­лық бірлік

2-орография­лық бірлік

Ұқсастығы

Айырмашылығы

Географиялық жағдайы

Тектоникалық құрылымы

Басым биіктігі

Бедер сипаты

Бедердің түзілу тәсілі

Бедерге байланысты қолайсыз құбылыстар

Жер бедерінің тіршілік пен адам іс-әрекетіне ықпал етуі

Қорытынды

   Аумақтың жер бедерінің айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңдар:

  1. Қай бірлік неғұрлым жас?
  2. Қай бірлік неғұрлым биік?
  3. Жер бедерінің биіктігі және сипаты, сонымен қатар қолайсыз табиғи құбылыстар адамның өмірі мен іс-әрекетіне қалай әсер етеді?
  4. Адамның өмір сүруі және шаруашылық іс-әрекетпен айналысуы үшін қандай аумақ неғұрлым қолайлы?

   Геодерек

   Қазақстанның елді мекендерінде ғимараттарға (құрылыстарға) реттік нөмір беру оңтүстіктен солтүстікке (батыстан шығысқа) қарай сол жағында тақ және оң жағында жұп нөмірлермен жүргізіледі.

   Негізгі түсініктер

  • Орографиялық нысандар (бірліктер) – бұлар географиялық орны, атауы, өздеріне тән сипаттамасы бар, нақты жер бедерінің түрлері.
  • Мұхиттық платформалар су түбінің жер бедерінде терең сулы кең тегіс немесе суасты шамалы төбелі жазықтар немесе шұңғымалар (биіктігі 1000 метрге дейінгі жеке жоталар және жайпақ шыңды сөнген жанартаулар) болады.
  • Терең суасты наулары – бұлар құрлықтардың және аралдық доғалардың белсенді таулы-қатпарлардың етектерінде орналасқан.

   Ойыңды тұжырымда

  1. Географиялық нысандарды көрсету ережесіне сәйкес, параграф мәтінінде тізім түрінде берілген материктер мен мұхиттардың орографиялық бірліктерін суреттейтін түсіндірмелі көрсетілім дайындаңдар. Географиялық номенклатурамен жұмыс істеу ережелерімен 7-сыныптан таныссыңдар.
  2. Туған өлкелерің орналасқан аймақтағы ұқсас екі макроформаны немесе екі мезоформаны салыстырыңдар.
Өтінемін күте тұрыңыз