Жер бедері түрлерінің қалыптасуы және таралуы

Сабақтың тақырыбы:

  • Жер бедері түрлерінің қалыптасуы және таралуы заңдылықтарын зерттеу.

Мақсатқа жету үшін:

  • Жер қыртысының құрылымдық элементтері дегеннің не екенін;
  • Жер бедері түрлерінің жер қыртысының құрылымдық элементтерімен сәйкестігін;
  • Жер бедері түрлерін жіктеуді білуіміз керек.

   Жер қыртысының құрылымдық элементтері

   Көршілес жер телімдерінен қосылыстарының құрамы, орналасу жағдайы және параметрлеріне қарай ерекшеленетін жер қыртысының оқшауланған бөлігі құрылымдық элемент (тектоникалық құрылым) деп аталады.
   ​Литосфералық тақталар шегіндегі жер қыртысында геосинклинальдар және платформалар деген құрылымдық элементтер ерекшеленеді.
   ​Геосинклинальдар және таулар. Ондаған, жүздеген және мыңдаған километрге созылған, жер қыртысының енсіз, тектоникалық қозғалмалы бөліктері геосинклиналь деп аталады. Олардың бәрі литосфералық тақталар шегарасын бойлай орналасқан. Жер дамуының күрделі тарихы барысында жер қыртысының бір бөлігі иіледі және иілу аймағында шөгінді жыныстар қабаты жинала бастайды. Литосфералық тақталардың одан әрі қозғалуы кезінде иілу аймағы қатты сығылады, тау жыныстарының қабаты қатпарланып мыжылады. Жаншылған қатпарлар жер үстінен қатты көтеріліп тұрады, сондықтан жер бедерінде таулар геосинклин облыстарға сәйкес келеді (21-сурет).

   21-сурет. Геосинклиналь
   Субдукция
Коллизия
Спредирнг
   Литосфералық тақталар жер қыртысының неғұрлым ірі құрылымдық элементтері болып табылатындығын 7-сыныптың география курсынан білесіңдер.
   ​Тақталар жоғары мантияның иілмелі қабатында жатады және жылына 1–6 см жылдамдықпен, материктерді өзінің соңынан тарта отырып, бір-біріне қарай баяу жылжиды. Құрлықтық және мұхиттық тақталардың соғылысуы субдукция, ал екі құрлықтық соғылысу коллизия деп аталады. Жарылған жерлер арқылы аққан магма есебінен мұхит түбінің өсу үдерісі спрединг деп аталады. Литосфералық тақталардың шегаралары қозғалмалы облыстар болып саналады. Оларға: жанартаулар, жер сілкіну зоналары, таулы аймақтар, орталық-мұхиттық жоталар, тереңсулы шұңғымалар және науалар кіреді.

   Таулар, тау жоталары, тау алабы

   Етегін (табанын), баурайын (беткейін) және шыңын салыстырмалы түрде жеңіл ажыратуға болатын, жер бедерінің оқшау көтеріліп тұрған бөліктері таулар деп аталады. Таулардың айқын көрінетін шыңы, беткейі және етегі болады (22-сурет).

   22-сурет. Тау құрылымының элементтері

   Жеке тұрған таулар өте сирек кездеседі. Көбінесе таулар топтарға бірігеді, олардың негізі, көршілес жазық аймақтардан оқшауланып көтеріліп, таулардың ортақ тұғырын құрып тұтасып жатады. Тауларды жеке тұрған таулар, тау жоталары және тау алабы деп ажыратуға болады.

  • Жеке тұрған таулар өте сирек кездеседі және олар – жанартау немесе ежелгі қираған тау қалдықтары.
  • Тау жоталары – таулы аймақтардың неғұрлым кең тараған типтері. Тау жоталары көбінесе бір-біріне жақын, тығыз орналасқан көптеген тау қатарларынан тұрады. Мысалы, Солтүстік Тянь-Шань тауы Кетмен, Іле Алатауы, Күнгей және Қырғыз Алатауы жоталарынан тұрады. Бір бағытта созылған тау жоталарының жүйесі тау тізбегін құрайды.
  • Тау тізбектері – ұзындығы мен ені бірдей дамыған ауқымды тау көтерілімдері. Үлкен көлемді тау тізбектері сирек кездеседі. Көбінесе олар тау жоталарының жекелеген бөліктерін құрайды. Хан Тәңірі тау тізбегі – күшті бөлшектелген ірі сілемдердің мысалы бола алады.

   Таулар биіктігі бойынша жіктеледі

   Таулардың биіктігі етегінен шыңына немесе мұхит деңгейінен шыңына дейін тік сызық бойымен, вертикаль бағытта өлшенеді. Етегінен шыңына дейінгі биіктік салыстырмалы, ал мұхит деңгейінен шыңына дейінгі биіктік абсолюттік биіктік деп аталады. Абсолюттік биіктік таулардың орналасқан жеріне қарамастан, олардың биіктігін салыстыруға мүмкіндік береді. Географияда әрқашан дерлік абсолюттік биіктік мысал ретінде алынады.

   Биіктіктеріне қарай таулар аласа, орташа және биік болып бөлінеді. Тау жоталары немесе таулы аймақтар туралы сөз болған кезде, оларды аласа таулы, орта таулы және биік таулы деп ажыратады (23-сурет).

23-сурет. Тауларды биіктігі бойынша жіктеу

   Таулар биіктігі бойынша жіктеледі

   Теңіз деңгейінен 1000 метрге дейінгі таулар аласа таулар деп аталады. Олардың шыңдары доғал, тегіс болып келеді. Беткейлері орман алқаптарымен көмкерілген, еңістеу, онша тік емес. Таулардың арасын да өзен аңғарлары орналасқан. Солтүстік Орал, Мұғалжар және Орталық Еуропаның жекелеген таулары аласа таулардың қатарына жатады.

   Теңіз деңгейінен 1000 метрден 2000 метрге дейінгі биіктіктегі таулар – орта биіктікті таулар (орташа немесе биіктігі орташа таулар) деп аталады. Ол таулар үшін биіктіктік белдеу тән, яғни биіктіктің өзгеруіне қарай ландшафт та өзгереді. Оларға Еуропаның солтүстігіндегі Скандинавия таулары, Солтүстік Америкадағы Аппалач таулары жатады.

   Биік таулардың (биік таулар) биіктігі теңіз деңгейінен 2000 метрден жоғары болады. Бұлар жас таулар, олардың жер бедері сыртқы және ішкі үдерістердің әсерінен қарқынды қалыптасады. Жас таулардың беткейлері тік жарлы және биік болып келеді. Таулардың шыңдары үшкір, найзаша тәрізді және өзіне тән «карлингтер» деген атауға ие. Таулардың жоталары енсіз, кетілген болып келеді. Тау етегіндегі ормандардан шыңдарындағы мұзды шөлдерге дейін биіктік белдеулілік сипатта болады. Памир, Тянь-Шань, Кавказ, Гималай, Кордильера, Анд, Альпі, Қарақорым, Сеңгір таулары және басқалар – биік таулар.

Солтүстік Орал
Скандинавия таулары
Гималай таулары

   500 м

  • аласа
  • орташа
  • биік

1000 м

  • аласа
  • орташа
  • биік

2000 м

  • аласа
  • орташа
  • биік

3000 м

  • аласа
  • орташа
  • биік

   Оларды қандай белгілері биіктігі бойынша ерекшеленген топқа жатқызуға мүмкіндік береді?

   Таулар тектоникалық, жанартаулық және эрозиялық

   Пайда болуы бойынша таулар тектоникалық, жанартаулық және эрозиялық болып бөлінеді.

   Тектоникалық таулар литосфералық тақталардың соқтығысуының нәтижесінде пайда болады. Бұл соқтығысулар жер бетінде қатпарлардың шығуына әсер етеді. Қатпарлы таулар осылайша пайда болады. Қазіргі кезде қатпарлы таулар өзінің алғашқы табиғи түрінде жас – Гималай тауларының жекелеген бөліктерінде ғана сақталған. Жер қыртысы қозғалыстарының қайталануы жағдайында тау жынысының қатып қалған қатпарлары ірі кесектерге (үйінділерге) бөлінеді, олар тектоникалық күштердің әсерінен көтеріледі немесе төмен түседі. Осылайша қатпарлы-тасжақпарлы таулар пайда болады. Алтай және Тянь-Шань таулары осындай тауларға жатады.
   ​Жанартаулық таулар жанартаулардың атқылауы үдерісінде пайда болған. Жер қыртысының жарылған жерлеріндегі сызық бойында немесе литосфералық тақталардың шегарасында орналасады.
   ​Эрозиялық (денудациялық) таулар. Эрозиялық таулар ағын сулардың жазықтарды, қыраттарды және үстірттерді бұза бастағандығынан пайда болған. Көптеген таулардың бұл түріне төрткүл форма және араларында қорап тәрізді аңғарлар мен шатқалдардың болуы тән. Оларға Оңтүстік Африкадағы Столовая тауын жатқызуға болады. Жеке орналасқан эрозиялық таулар сирек, олар, негізінен, тау өзендері тау жыныстарының қабаттарын қақ айырған жерлерінде кездеседі.

Тектоникалық таулар
Жанартаулық таулар
Эрозиялық таулар
Ключевская төбесі
  • тектоникалық таулар
  • жанартаулық таулар
  • эрозиялық таулар
Гималаи
  • тектоникалық таулар
  • жанартаулық таулар
  • эрозиялық таулар
Юта штатындағы таулар
  • тектоникалық таулар
  • жанартаулық таулар
  • эрозиялық таулар

Ойлан!

  • Таулардың сыртқы белгілеріне қарап пайда болуын анықтауға бола ма? Тектоникалық, жанартаулық және эрозиялық тауларға қандай сыртқы белгілер тән болады?

   Жас және ескі таулар

   Жасына қарай таулар шартты түрде жас және ескі деп бөлінеді. Қалыптасу үдерісі аяқталмаған тауларды жас таулар деп атайды. Олардың жасы әдетте 60 млн жылдан аспайды. Бұл мерзімнен бұрын пайда болған таулар – ескі таулар болып саналады. Олардың жасы 600 млн жыл болуы мүмкін. Жас таулар негізінен биік болады. Памир, Гималай, Альпі таулары жас таулар қатарына жатады. Уақыт себебінен бұзылған ескі таулардың кейбіреулері кейінгі тектоникалық үдерістердің әсерінен қайтадан көтерілген.
   ​Оларға Қазақстандағы Тянь-Шань тауларын жатқызуға болады.

Альпі
Тянь-Шань

   Ойлан!

   1. Көрнекті ғалым-географ, саяхатшы П.П.Семенов-Тянь-Шанский 1857 жылы Сырдария өзенінің жоғары ағысына жасаған екінші саяхаты барысында: «Гипсометриялық өлшеу маған Заукинский асуының абсолюттік биіктігі үшін 3380 метр берді», – деп жазды. Ғалым тау­дың биіктігін анықтау үшін қандай әдістер және құралдар/аспаптар қолданғанын болжаңдар.
   ​2. Егер таулардың абсолюттік биіктігі тура 1000, 2000 және 3000 м болса, онда оларды тау бедерінің сәйкесінше (аласа, орташа немесе биік) қандай формаларына жатқызуға болады? Оларды қандай белгілері биіктігі бойынша ерекшеленген топқа жатқызуға мүмкіндік береді?
   ​3. Жағдаятты анықтаңдар. Қазақстанның ең биік нүктесінің етегінде орналасқан Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауылдың жергілікті тұрғыны, көпжылдық тәжірибесі бар жылқы өсіруші: «Хан Тәңірі сілемінің биіктігі 1685 метрді құрайды», – деп мәлімдейді. Ол тау сілемінің биіктігін мектепте және арнайы орта оқу орнында жастық шағында үйренген тәсілдер және құралдармен өлшеуге тырысты. Бірақ сол ауылдың география пәнінің мұғалімі оған қарсы шықты, мұғалім: «Шыңның биіктігі 6995 м-ге тең», – деп дәлелдеді. Ол ғылыми басылымдардың деректерін басшылыққа алады. Екеуінің қайсысы дұрыс айтты және неліктен? Екеуінің де айтқаны дұрыс болуы мүмкін бе? Кез келген жауапты дәлелмен негіздеңдер.
   ​4. Халықаралық тәжірибеде неліктен жергілікті жердің абсолюттік биіктігіне бағдарлану қабылданған?
   5. Таулардың сыртқы белгілеріне қарап пайда болуын анықтауға бола ма? Тектоникалық, жанартаулық және эрозиялық тауларға қандай сыртқы белгілер тән болады?​
   ​6. Таулардың сыртқы белгілерінен олардың жасын анықтауға бола ма? Аласа, орташа және биік тауларға қандай сыртқы белгілер тән болады?

   Геосергiту

   Ауа, жер, от, су

   Оқушылардың біреуі немесе мұғалім ауа, жер, от немесе су күшіне қатысы бар географиялық нысанды, үдерісті немесе құбылысты атайды. Мысалы, жел – ауа, Мұғалжар тауы – жер, лава – от, Сырдария – су. «Жел» деп айтқан кезде терең тыныс алу және дем шығаруды қайталау, «жерді» еске алғанда – бір орында тұрып жүру. Егер от күші еске алынса, қолдың кез келген қарқынды қозғалыстарымен жалынды бейнелеу. Егер «су» сөзі айтылса, онда жүзгіштің қимылын келтіру.

   Платформалар және жазықтар

   Уақыт өте келе, литосфералық тақталардың дүркін-дүркін соқтығысуы геосинклинальдардың негізін сығымдайды, Жердің ішкі энергиясы геосинклин аймақтардың негізінде жатқан жыныс тардың тығыздалуына ықпал етеді. Ол көлемді және аз қозғалмалы болады. Экзогендік күштер аймақтың бетін тегістейді және уақыт өте көптеген геосинклинальдар платформаға айналады (25-сурет).
   ​Жер қыртысының ауқымды, аз қозғалатын, неғұрлым тұрақты бөліктері (тек баяу тік қозғалыстар жасайды) платформа деп аталады. Ежелгі платформалар материктердің ядроларын құрайды. Ондай платформалардың саны тоғыз: Орыс, Сібір, Солтүстік-Америка, Оңтүстік Америка (Бразилия), Қытай, Үндіқытай, Африка-Арабия, Аустралия, Антарктика.
   ​Платформалар қос қабатты құрылымнан тұрады. Жоғарғы қабат (шөгінді тыс) тыныш жататын шөгінді жыныстардан құрылған. Тыстың қалыңдығы кішігірім ғана, небәрі 3–4 км болады.
   ​Тыстың астында іргетас деп аталатын, платформаның астыңғы қабаты орналасқан. Ол бұрынғы геологиялық кезеңдерде қатпарларға күшті жаншылған, магманың түрлі дақтары бар және қатпарланған метаморфтық жыныстардан тұрады (26-сурет). Платформаның іргетас тары – геосинклин аймақтарының қалдықтары.
   ​Қос қабатты құрылымы бар платформаның аумағы тақта деп аталады (литосфералық тақтамен шатастырмаңдар).
   ​Кейде платформа іргетасының бөлігі тектоникалық қозғалыстардың әсерінен платформа тысының деңгейіне дейін немесе осы борпылдақ шөгінділерден жоғары көтеріледі. Платформаның бұндай құрылымы қалқан деп аталады (Шығыс Еуропа жазығындағы Украин және Балтық қалқандары, Канададағы Канада қалқаны) (26-сурет).

25-сурет. Геосинклинальдың платформаға ауысуы
  • ауқымды
  • платформа
  • деп аталады
  • аз қозғалатын
  • неғұрлым
  • тұрақты бөліктері
  • Жер қыртысының
26-сурет. Платформаның құрылымы

   Жазықтар

   Жер бедерінде платформалар жазықтар арқылы көрсетілген. Жазықтар – биіктіктердің шамалы өзгерістерімен сипатталатын, құрлық бетінің, мұхиттар мен теңіздер түбінің ұлан-байтақ бөліктері (200 м-ге дейін, еңістер 5° кем).
   ​Бетінің сипаты бойынша жазықтар тегіс және төбелі болып бөлінеді. Тегіс жазықтардың беті түзу болады (Батыс Сібір ойпатының жекелеген бөліктері). Жер шарында тегіс жазықтар аз.
   ​Төбелі жазықтар жиі (Шығыс Еуропа жазығы) кездеседі. Олардың бетінде дөңдер мен ойпаңдар, төбелер, жыралар мен сайлар және т.б. кездестіруге болады.
   ​Абсолюттік биіктігі бойынша ойпат, қырат және таулы үстірттерді бөліп айтуға болады (28-сурет).
   ​Егер жазық мұхит деңгейінен 200 м жоғары орналасса, онда ол ойпат деп аталады. Кейбір ойпаттардың беті теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Мысалы, Каспий маңы ойпаты теңіз деңгейінен 26–28 м төмен, ал Амазонка ойпаты теңіз деңгейінен 200 м шамасында.
   ​Теңіз деңгейінен 200 м-ден 500 м-ге дейінгі биіктіктегі жазықтар қыраттар деп аталады. Орта Орыс қыратының теңіз деңгейінен биіктігі 200 м-ден жоғары.
   ​Беті мұхит деңгейінен 500 м-ден астам биіктікте орналасқан жазықтар таулы үстiрттер деп аталады. Үндістан түбегіндегі Декан таулы үстіртінің биіктігі теңіз деңгейінен 300 м-ден 900 м-ге дейін жетеді. Азияның оңтүстігінде, Африкада және Аустралияда таулы үстірттер көп кездеседі.
   ​Қырат тәрізді ғажайып құрылымдар құрамында таулы және жазық жер бедерінің элементтерін қамтиды. Қыраттар – жер бетінің кең аумағы, олардың құрамында биік көтерілген ортақ іргетаста жатқан тау жоталары, сілемдер, тегістелген жерлер, қазан шұңқырлар және т.б. (мысалы, Эфиопия таулы қыраты, 29-сурет) орналасқан.

Батыс Сібір ойпаты
Шығыс Еуропа жазығы
28-сурет. Жазықтардың биіктігі бойынша жіктелуі
29-сурет. Эфиопия таулы қыраты

   Ойлан!

  • 25-сурет бойынша таулардың бұзылуынан пайда болатын өнімдердің қайда кететінін анықтаңдар.
  • 26 және 28-суреттерді салыстырыңдар, биіктігіне қарай белгіленген жазықтардың қайсысы платформаның қалқанына және қайсысы тақталарға сәйкес келетінін анықтаңдар. Қосымша ақпарат құралдарын қолдануларыңа болады.

   Геодерек

   Үндістер күннің көзін бейнелейтін жоғарғы құдайлары Вишнуға табынумен байланысты, күннің шығатын жағына –шығысқа қарап бағдарлайды. Сондықтан үндістер үшін оң жақ – оңтүстік, сол жақ – солтүстік. Ертеде қазақ халқы да бағытты шығыс арқылы анықтаған және киіз үйдің есігі әрқашан шығысқа қараған. Сол себепті оң жақ оңтүстік, ал сол жақ солтүстік деп аталады.

Негізгі түсініктер

  • Көршілес жер телімдерінен қосылыстарының құрамы, орналасу жағдайы және параметрлеріне қарай ерекшеленетін жер қыртысының оқшауланған бөлігі құрылымдық элемент (тектоникалық құрылым) деп аталады.
  • Ондаған, жүздеген және мыңдаған километрге созылған, жер қыртысының енсіз, тектоникалық қозғалмалы бөліктері геосинклиналь деп аталады.
  • Жер қыртысының ауқымды, аз қозғалатын, неғұрлым тұрақты бөліктері (тек баяу тік қозғалыстар жасайды) платформа деп аталады.
  • Жазықтар – биіктіктердің шамалы өзгерістерімен сипатталатын, құрлық бетінің, мұхиттар мен теңіздер түбінің ұлан-байтақ бөліктері (200 м-гедейін, еңістер 5° кем).
  • Егер жазық мұхит деңгейінен 200 м жоғары орналасса, онда ол ойпат деп аталады.
  • Теңіз деңгейінен 200 м-ден 500 м-ге дейінгі биіктіктегі жазықтар қыраттар деп аталады.
  • Беті мұхит деңгейінен 500 м-ден астам биіктікте орналасқан жазықтар таулы устiрттер деп аталады.

   Ойыңды тұжырымда

  1. Кескін картаға геосинклинальдардың шегараларын түсіріңдер. Картада олар «қатпарлы облыстар» деген ұғыммен белгіленеді. Дүниежүзінің ірі тау жүйелерінің атауларын жазыңдар. Кескін картаны қосымша сипаттау элементтерімен толықтырыңдар (екеуден кем емес).
  2. Осы кескін картада сапалы фон әдісімен, платформалардың шартты түстеріне сәйкес, тақталар мен қалқандарды белгілеңдер. Дүниежүзінің ірі жазықтарының атауларын жазыңдар. Кескін картаны қосымша сипаттау элементтерімен толықтырыңдар (екеуден кем емес).
  3. Картада нысандарды көрсету ережелерін сақтай отырып, параграф мәтінінде айтылған барлық нысандар бойынша түсініктеме әзірлеңдер. Оларды картадан көрсетіңдер.
  4. Параграф мәтінінде келесі пайымдау бар: «...уақыт өте көптеген геосинклинальдар платформаға айналады». Осыған байланысты, таулардың және жазықтардың биіктігі бойынша жіктелуін негізге алып, жер бедері түрлерінің геосинклиналь сатысынан тақта қалыптасқанға дейінгі аралықтағы өзгеру ретін анықтаңдар. Геосинклинальдың өзі қандай реттілікпен өзгереді?
  5. Жер бедері түрлерінің (биіктігі бойынша таулар мен жазықтар) тектоникалық құрылымға (геосинклинальдарға, платформалардың қалқандарына және тақталарына) сәйкестігінің панорамалық (көріністік) моделін ұсыныңдар. Модельдің формасын өз қалауларыңмен анықтауларыңа болады (еліктемелі, графикалық және т.б.).
Өтінемін күте тұрыңыз